Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған


Биогеохимия және экотоксикология пәні



бет2/17
Дата25.02.2016
өлшемі0.76 Mb.
#19600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Биогеохимия және экотоксикология пәні


Дәріс тақырыбы №1: Биогеохимия пәні.
Мақсаты - 050608-«Экология» мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Биогеохимия пәні




Жоспар:


  1. Биогеохимия пәні

  2. Оның міндеттері


Биогеохимия — биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялықпроцестерді зерттейтін ғылым саласы, геохимияның бір бөлімі. Тірі организм өз тіршілігінде түрлі химиялық элементтерді бойына сіңіреді, ал ол өлген соң бұл элементтер ыдырайды, шашырайды немесе белгілі бір орынға шоғырланады. Жербетінде тірі организмдер біркелкі тарамаған, кейбір тіршілік ортасында олардың белгілі бір тобы көп жиылады. Бұған мұхиттар мен теңіздердегі планктонқұрлықтағы қалың орман мен шалғындар, ылғалы мол қара топырақты жерлердегі шірінді мен шымтезек, халықтың бір жерде тығыз, бір жерде сирек орналасуы мысал болады.

Тірі заттың негізгі массасы — өсімдіктерде. Олар жерге түсетін күн энергиясының 1%-ке жуығын сіңіреді. Биогеохимиялық процестердің қарқыны организмдердің шапшаң көбеюіне байланысты. Тірі дене құрамының негізгі массасы химиялық элементтердің аз ғана тобынан құралады. Бұларға биосфера жағдайында оңай қозғалып, тез қосылыстар түзуші: CO2, NH3 сияқты газдар, су, H+, OH-, NО3- — SО32-, PО43-, Na+, K+ иондары, т.б. жатады. Организмдер тіршілік ортасында белгілі бір элементтер тобының химиялық қосылыстарын ғана сұрыптап сіңіру арқылы геохимиялық функция атқарады. Олардың қаңқасын құруға кальций оксиді қатысады. Организмдердің тікелей қатысуымен диатомит,әктаскөмірмұнай пайда болады. Жасыл өсімдіктер фотосинтезінен оттек бөлінеді. Микроорганизмдер темірмарганец, т.б. элементтер қосылыстарының тотығуына да қатысып, оларды тұндырады, сульфаттарды тотықсыздандырып, күкірттің биогендік кендерін түзеді. Тірі организм геохимиялық процестердің сипатын, элементтердің шоғырлану ортасын өзгертіп отырады. Тіршілік ортасы организмдер құрамына да әсер етеді, ал организмдер химиялық элементтердің биогендік шашырауына (миграциясына) себепші болады, олардың (көміртектің, оттектің) изотоптық құрамын да өзгертеді. Адамның атмосферабиосфера және жер қыртысының изотоптық құрамына тигізетін әсері ұдайы артып келеді. [1][2]


Пайдаланылған әдебиет


  1.  Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. - 430 б. 

  2. ISBN 9965-808-78-3

  3.  “Қазақ Энциклопедиясы”


Биогеохимия және экотоксикология пәні


Дәріс тақырыбы №2: Биогеохимияның ғылым ретінде қалыптасуы.
Мақсаты - 050608-«Экология» мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау



Жоспар:

  1. Биогеохимия шығу тарихы

Биогеохимия — Жердің химиялық құрамын, элементтердің көшу не таралу заңдылықтарын, атомдардың табиғи процестер кезіндегі орналасу мен көшу тәсілдерін зерттейтін ғылым.[1] Геохимия терминін 1838 ж. неміс химигі Х.Ф. Шенбейненгізді. Геохимия жөніндегі алғашқы деректер М.В. Ломоносов пен Д.И. Менделеевтің еңбектерімен байланысты. Геохимия негізін В.И. Вернадский қалады. Ол 1910 ж. Г-ның атом туралы ғылым екенін дәлелдеді. Геохимиядағы кристаллохим. бағыт норвег ғалымы М.В. Гольдшмидтің, энергетикалық және теориялық бағыт А.Е. Ферсманның есімімен байланысты. Американ ғалымы Ф. Кларк 20 ғ-дың басына дейінгі Геохимияның көптеген деректерін жинақтап қорытты. Қазақстанда Геохимия саласындағы зерттеулер 1950 жылдары басталды.


Мазмұны


  • 1 Геохимияның міндеттері

  • 2 Геохимияның салалары

  • 3 Жердегі химиялық элементтер

  • 4 Геохимияны зерттеушілер

  • 5 Пайдаланған әдебиет

Геохимияның міндеттері


Геохимияның міндеттері:

  1. элементтердің таралу заңдылығы, олардың Жердегі, басқа планеталардағы таралу мөлшерінің (кларкінің) элементтердің периодты жүйесіндегі атомдар құрылысымен байланысы;

  2. геохимиялық және геологиялық процестердегі атомдар қозғалысының заңдылықтары, жеке элементтердің, элементтер тобы мен кіші топтарының ауыспалы заңдылықтары;

  3. радиоактивті элементтердің геохим. процестердегі ерекшеліктері;

  4. геохимиялық процестердегі энергия заңдылықтары;

  5. кен іздеу мен барлау жұмыстарына қажет индикаторларды табу, оларды геохим. тұрғыдан дәлелдеу;

  6. геохимиялық карталар жасау;

  7. геохимиялық заңдылықтарды түсіндіруге математикалық тәсілдерді қолдану.

Геохимияның салалары


Геохимияның теориялық геохимиякристаллохимия, жеке элементтер геохимиясы, радиогеологияфизикалық геохимиятопогеохимиябиогеохимия сияқты салалары бар. Жердегіғарыштағы (Ай, Күн, т.б.) денелер Менделеев жүйесіндегі элементтер мен изотоптардың қосындысынан құралған. Жер беті мен оның 1200 км тереңдігіндегі, Юпитер атмосферасында, Күн сәулесінде, МарстаАйдаШолпанда және метеоритте кездесетін хим. элементтердің кларкі (таралу мөлшері) белгілі деуге болады. Егер олардың таралу заңдылығына қарасақМенделеев жүйесіндегі ат. н. кіші элементтер Ғарыш құрамында басымырақ кездеседі. Тек литий (Lі), берилий (Be), бор (B) ғана аз тараған. Үшеуінің жеткіліксіздігі олардағы атом ядросының тұрақсыздығына байланысты. Элементтердің қатар саны жоғарылаған сайын таралуы да азаяды. Ауыр элементтердің ішінде көп таралғандары — Ас, Ra, Po, Pа. Бұл олардың радиоактивтік ыдырауына байланысты. Жерде тараған хим. элементтердің жұп нөмірлісі — 86,4%, ал тақ нөмірлісі 13,6%. Мұның себебі жұп элементтердің атом ядросының масса саны да жұп болғандықтан, ядр. реакцияларда тұрақты болуына сәйкес, Жер мен ғарыш денелерінде тараған элементтердің мөлшерінде көп айырмашылықтар бар. Жерді ауа қабаты (атмосфера) қоршап тұр. Одан төм. су қабаты (гидросфера), Жер қыртысы (литосфера), тірі организмдер мекендеген биосфера орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет