Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған



бет3/17
Дата25.02.2016
өлшемі0.76 Mb.
#19600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Жердегі химиялық элементтер


Жердегі хим. элементтер 4 топқа бөлінеді:

  1. Сидерофильдер [темірге жақындар (Fe, Nі, Co, т.б.)], көбінесе, орталық ядрода орналасқан;

  2. Халькофильдер [күкіртке жақындар (Cu, Zn, Sb, т.б.)] оксидті және сульфидті қабатта кездеседі;

  3. Литофильдер [тас құраушылар (Sі, Mg, Ca, Ba, т.б.)] — силикатты қабатта;

  4. Атмофильдер [ауа құраушылар (Не, Ar, Ne, т.б.)] ауа қабатында жиналады.

Ауа қабатында элементтер газ немесе жеке элемент түрінде кездеседі. Атомның газ түрінде болуы оның кеңістікте еркін таралуын немесе су мен тас қабаттардағы атомдармен жылдам алмасуын жеңілдетеді. Геохимиялық процестер, көбінесе, тропосфера қабатында өтеді. Су қабатында элементтер ерітінді түрінде, ал Жер қыртысында — минералмолекулаатомерітіндібу түрінде кездеседі. Геохимияфизикагеология, минерология ғылымдарының әдістеріне сүйенеді. Геохимияның магмалық жыныстар геохимиясы (петрохимия), гидротермальдік процестер геохимиясыизотоптар геохимиясыбиогеохимияшөгінді жыныстар геохимиясыгидрохимиягидрогеохимиясы, сондай-ақ, метаморфтық процестер геохимиясымұхит геохимиясымұнай геохимиясыкен байлықтарын іздеудің геохимиясы әдістері сияқты бөлімдері дамып келеді. Аймақтық геохимиялық зерттеулер Қазақстанның көптеген кендерінің түзілу заңдылықтарын ашуға мүмкіндік берді. Табиғи шикізатты кешенді пайдалану қажеттігіне байланысты кентастағы қоспа элементтердің таралу ерекшеліктерін және қандай күйде кездесетінін зерттеу кеңінен дамыды. Қорғасын-мырыш кендеріндегі талийдіңиндийдіңфтордың, т.б. серіктес элементтердің Геохимиясы жөніндегі алғашқы зерттеулер Қазақстанның кен байлықтарын жете білудегі жаңа бағыттың бастамасы болды. Сирек және шашыранды элементтерді зерттеу нәтижесінде көптеген кендердің кешенді екендігі анықталды. Түсті металдарды іздеуге байланысты шашыраудың бастапқы ореолдары бойынша іздеудің геохим. тәсілдері кеңінен дамыды. Түсті металдардың көптеген кендеріндегі бастапқы геохим. ореолдардың түзілу ерекшеліктері айқындалды.[2]

Биогеохимияны зерттеушілер


Қазақстанда геохим. зерттеулерге елеулі үлес қосқандар: Р.Б. Әубәкірова, Х.А. Беспаев, Қ. Жәмінов, С.К. Калинин, Н.Г. Сыромятников, Б.Ә. Досанова, Ә.Е. Ермекбаев, Н.И. Замятин, К. Мұқанов, И.П. Новохатский, Г.Б. Жилинский, т.б.[3]

Пайдаланған әдебиет


    1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997

    2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.

    3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

    4. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.

    5. ISBN 9965-472-27-0

    6. Қазақ энциклопедиясы


Биогеохимия және экотоксикология пәні


Дәріс тақырыбы №3 Витаминдер.
Мақсаты - 050608-«Экология» мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Витаминдер

  1. Витаминдерге жалпы сипаттама, аталуы және жіктелуі

Витаминдер химиялық табиғаты әр түрлі, организмдерде аз мөлшерде кездесетін, өмір сүруге өте қажетті, жеке, немесе құры­лымы күрделі заттардың құрамына еніп, каталитикалық және реттеушілік қызмет атқаратын төменгі молекулалы органикалық қосылыс­тар.

Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. Ол тышқандарға тәжірибе жүргізу арқылы тағамның құрамында бе­локтар, майлар, көмірсулар және тұздар мен судан басқа, тағы бір қосылыстардың бар екендігін анықтады.

1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен сондай зат­тардың бірін кристалды түрде бөліп алып, оның құрамында азот бар екендігін анықтаған соң, оны витамин (лат. vіta – тіршілік, amіn – амин) деп атауды ұсынады.

Кейінгі ашылған витаминдердің көпшілігінің құрамында азот болмаса да, бұл термин қазіргі кезге дейін биология мен медици­нада қолданылады.

Витаминдерді зерттейтін ілім витаминология XІІІ ғасырдың 80 жылдарында қалыптасты. Витаминология – витаминдердің ашылу тарихын, құрылымын, құрамы мен қасиеттерін, олардың алу жол­дарын және организмге керекті мөлшерін анықтайтын ғылым.

Витаминдер өсімдіктерде, бактерияларда, балдырларда син­тезделеді, ал адамдар мен жануарларда өте аз мөлшерде, ал кейбіреуі мүлдем синтезделмейді. Адам мен жануарлар организ­міне витаминдер тағам арқылы түседі, кейбір витаминдер ішек микроорганизмдері әрекеті арқылы түзіледі. Астың құрамында витаминдер жеткілікті болған кезде ғана тағам құрамы құнарлы, толық деп есептеледі. Ересек адамның тәулігіне пайдаланатын әр түрлі тағамдағы витаминдердің орташа мөлшері микрограммен есептеледі. Олар тек белгілі бір мөлшерде ғана зат алмасу про­цесін реттейді: аурудан қорғайды, терінің, органдардың қалыпты жағдайда қызмет істеуіне әсер етеді. Сондықтан, витаминдердің ас физиологиясында атқаратын маңызы өте жоғары. Егер орга­низмге витаминнің қалыпты түсуі бұзылса, онда зат алмасу про­цесінде авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, поливита­миноз сияқты әр түрлі өзгерістер пайда болып, адам ауруға шалдығады.

Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің организмде өте аз мөлшерде, немесе жоқ болуынан туатын зат алмасу проце­сінің қалыптан тыс өзгерістері. Мұндай өзгерістер денсаулыққа өте зиянды, кейде өлімге әкеліп соғуы ықтимал.

Гиповитаминоз – кейбір витаминдердің организмде көп мөлшерде жетіспеуінен болатын зат алмасудағы өзгерістер.

Поливитаминозорганизмде көптеген витаминдердің аз мөлшерде болуының нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер.

Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, неме­се физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады.

Адам организміне ас арқылы түсетін витаминдердің фер­менттер коферменттеріне құрылымдық ұқсастығы бар. Сондық­тан, витаминдер жоғарғы организмдерде коферменттік қызмет атқарады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет