Экотоксикология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені №1 басылым 050608-«Экология» мамандығына арналған



бет5/17
Дата25.02.2016
өлшемі0.76 Mb.
#19600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Пайдаланған әдебиет


    1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997

    2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.

    3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

    4. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.

    5. ISBN 9965-472-27-0

    6. Қазақ энциклопедиясы


Биогеохимия және экотоксикология пәні


Дәріс тақырыбы № 5 Суда еритін Витаминдер
Мақсаты - 050608-«Экология» мамандығындағы студенттерге биосферада организмдердің қатысуымен жүретін геохимиялық процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау.

Суда еритін Витаминдер

  • В-тобындағы витаминдер

Барлық Витаминдер екі топқа бөлінеді:



1) Суда еритін Витаминдер. Бұған жататындар: Ві витамині (тиамин) — нерв ауруларын, В2 витамині (рибо-флавин) — тотығу процесін жақсартуда, В6 витамині (пиридрксин) — тері ауруларын, Ві2 витамині (цианкобаламин) — анемияны, РР витамині (никотин қышқылы) — пеллагра ауруын емдеуге қолданылады. Витамин қатарына жататын пантатен қышқылы тері ауруларын, фолий қышқылы қан ауруларын емдеуге қолданылады. Парааминбензой қышқылы — бактерияның өсуіне қажет. С витамині (аскорбин қышқылы) құрқұлаң ауруын емдеуге қолданылады. Р витамині (биофлавоноид) — клеткаға зат өткізгіш витамин. Ві5 витамині (пангама қышқылы) — оттек жеткіліксіз болған кезде тыныс алуды жеңілдетеді.

B тобының  витаминдері  табиғи ортада әрдайым бірге болатындықтан, осындай жиынтықталған атқа ие болған.
В тобының витаминдері бірігіп, өзінің басты қызметін – ұлпаның тыныс алуына және энергия қуатының шығарылуына қатысады. Ойлау және эмоциялық жүктеме көп түсірілетін, созылмалы аурулармен ауратын қазіргі заманғы адамға В тобының витаминдері көп мөлшерде қажет.

В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет: 


Иммунитет жүйесін күшейту
Тұмау және жіті вирустық аурулар

Созылмалы шаршау синдромы  


Жүйке жүйесін нығайту
Депрессия
Мазасыздық
Ұйқысыздық

Зейіннің нашарлауы және/немесе гипербелсенділік


Бас ауру (бас сақинасының ұстауы)
Бас ауру
Ұмытшақтық
Жүрек-қан тамыр жүйесін нығайту
Кардиомиопатия және іркілген жүрек жетіспеушілігі

Гепатиттер


Остеопороз
Қант диабеті
Гипогликемия
Гипотиреоз
Алкоголизм
Анемия
Семіру
Жіті фарингит
Бронхиттер мен пневмониялар
Синусит
Отит
Тері денсаулығын жақсарту
Қызғылт бездер 
Себорея дерматиті
Афтозды стоматит 
Көру қызметінің жақсаруы 

Мұнымен қоса В тобының витаминдері мына жағдайларда қажет: ойлау және дене күшіне көп түсетін жүктеме; психоэмоционалдық стресстер; созылмалы және жіті инфекциялық аурулар; екінші рет қайталанған  иммунитет тапшылығы, аллергиялық және аутоиммундық аурулар, монотерапия кезінде В тобы витаминдерінің жекелеген түрлерімен емдеу.




B тобының  витаминдерін  ағзаға жинап алу мүмкін емес, сол себепті оны күн сайын арттырып отыру қажет. Осы витаминдердің күші бәрі алкогольмен, рафинад қантпен, никотинмен және кофеинмен жойылады, сол себепті көптеген адамдардың ағзасы осы топтағы  витаминдерге тапшы болатыны таң емес.

Витамин – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 ж. орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 ж. поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.

ВИТАМИНДЕР (латын тілінде — тіршілік) — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың денсаулығын сақтауға, өсіп-өнуіне қажетті, химиялық табиғаты жағынан әр түрлі органикалық қосылыстар тобы. Бүкіл органикалық дүние тіршілігінде, әсіресе мал шаруашылығын өркендетуде, оның сапасы мен өнімділігін арттыруда Витаминіндердің маңызы аса зор. Витамин тағам мен жемшөп құрамында өте аз мөлшерде болғанымен де маңызды қызмет атқарады. Олар клеткадағы зат алмасу процестеріне, әр түрлі ферменттер молекуласының синтезделуіне, құрылуына ңатысады, көптеген ферменттердің молекула құрамына кіреді. Организмде үздіксіз жүріп жататын көптеген химиялық реакциялар, мыс, ішкен тамақтың немесе мал азығының ыдырап, қорытылуы ферменттердің қызметіне байланысты. Ішер астың құрамында Витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Мұны медицинада авитаминоз деп атайды. Витамин туралы ілімнің негізін салушы орыс дәрігері Н. И. Лунин 1880 ж. тышқандарды май, тұз, казеин және сүт қантынан құралған қолдан жасаған сүтпен асырап байқағанда, олар қырылып қалған. Осы эксперимент нәтижесінде ол табиғи сүттің құрамында бұлардан басқа да организмге өте қажетті ңоректік заттар бар деген қорытындыға келеді. 1912 ж. поляк дәрігері К. Функ сол кезге дейін жасалған эксперименттер нәтижесін қорытындылап, ғылымға «В» терминін енгізген. Құрқұлаң, пеллагра, бери-бери, мешел сияқты аурулар тамақта Витаминдердің жеткіліксіздігінен болады деп тұжырымдаған.
Ертеректе Витаминдердің химиялық табиғаты мәлім болмаған кезде, олардың аты латын алфавитінің әріптерімен аталатын болған. Қазір көптеген Витамин химиялық әдіспен синтездеу арңылы өндірілетін болғандықтан, олардың жаңа атаулары да бар.

Пайдаланған әдебиет


    1. Қ. К. Қайырханов. Жануарлар биохимиясы. Алматы-1997

    2.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.

    3. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2

    4. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.

    5. ISBN 9965-472-27-0

    6. Қазақ энциклопедиясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет