4.2 Электр қауіпсіздігі бойынша ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілік
Қауіпсіздік ережелерін, соның ішінде электр қауіпсіздігі ережелерін бұзғанға еңбекті қорғау туралы заңнама жауапкершіліктердің келесі түрлерін қарастырады: әкімшілік, тәртіптік, материалдық және қылмыстық.
Бақылау сұрақтары.
1. Электр қондырғыларда қызмет көрсететін тұлғаларды дәрігерлік құжаттау кезеңі?
2. Кернеуде қалып қойған жұмыскерді босату ережелеріне үйретілмеген тұлғаға электр қондырғыларда қызмет көрсетуге рұқсат бермейді?
3. Жасанды дем алдыруға үйретілмеген тұлғаға электр қондырғыларда қызмет көрсетуге рұқсат бермейді?
4. Электрден зақымдану кезінде алғашқы көмек көрсету ережелеріне үйретілмеген тұлғаға электр қондырғыларда қызмет көрсетуге рұқсат бермейді?
7 дәріс. Статикалық электрдің қауіпті және зиянды байқалуының алдын алудың негізгі іс - шаралары
Жоспар:
1) Статикалық электрдің әсерінен пайда болатын жарылыс пен өрттің пайда болу себебін болдырмау.
2) Статикалық электрдің зиянды әсерін өндірістік технологияны жаңалау жолымен алдын алу.
3) Статикалық электрдің адамға әсері. Статикалық электрден адамды қорғау бойынша іс - шаралар.
1 Статикалық электр әсерінен пайда болатын жарылыс пен өрт себептерін болдырмау
Статикалық электрдің пайда болуына себеп болатын бір фактордың өзін шеттетудің өте тиімді болуын ескере отырып, статикалық электрдің зиянды және қауіпті байқалуынан профилактикалық жұмыс пен қорғауды мынандай факторларды болдырмау әдістерімен орындаған дұрыс. Бұл үшін, ең бірінші газдың, булардың, ауа мен шаңның жарылғыш қоспаларының пайда болу мүмкіндігінің бастапқы қаупін болдырмау шараларын қолдану керек.
Өңделетін немесе пайдаланылатын материалдарда, өнімдерде, бұйымдарда, адамдарда тікелей жұмыс үрдісі кезінде электрленетін электростатикалық зарядтардың жиналуын, жылжыйтын материалдарды, өнімдерді және олармен бірге, бір – бірімен салыстырмалы түрде жылжыйтын бөлшектерді сәйкес өңдеу электростатикалық жерлендіру құрылғысымен; түйісетін материалдар мен жабындарды таңдау әдісін қолдану арқылы; жалпы ауа ылғалдылығын жоғарылату арқылы; ауаны иондау арқылы алдын алады.
Жерлендіру. Электростатикалық зарядтарды бұру үшін жерлендіру жеткілікті деп саналады, егерде жерлендірілген зат пен жер арасындағы кедергі Ом аспайтын болса. Егерде жерлендіру кедергісі Ом аз болса, онда электростатикалық зарядтарды бұру бойынша ерекше шаралар қажет болмайды.
Егерде электр қондырғылар немесе олардың бөлшектері электрленетін материалдарды орнатуға байланысты 50 Гц өндірістік жиіліктегі кернеудің немесе найзағайдан қорғаудың қауіпті ауысуынан өздерінің қорғағыш жерлендірулері бар болса, онда статикалық зарядтарды бұру үшін арнайы жерлендіру қажет емес.
Ауаны ылғалдау. Ауаның салыстырмалы ылғалдығын 70% пайызға дейін жоғарылату әр түрлі денелердің бетінде сулы қабат жасайды, олар электростатикалық зарядтардың беткі өткізгіштігіне ие.
Ауаның ылғалдылығын жоғарылату үшін ауаны тазартқыш қондырғылар, шашыратқыш соплалар, ілінген ылғалды орамалдар бола алады. Ауаның электр өткізгіштігі төмендемейді, бірақ та оның ылғалдылығын күнделікті гигрометр көмегімен бақылау керек.
Ионизациялау. Электро өткізгіш материалдардан зарядтарды алуда тиімді тәсілдердің бірі ауаны иондау және электрленген материалға жақын жеткілікті электрлік өріс тудыру.
Иондаушылар болып: газ жалыны, ультракүлгін, рентген сәулелері және б. табылады, әр түрлі приборлар және қондырғылар қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |