5 Техникалық іс - шаралар
Істегі қондырғыларда жұмыс кезінде қызмет көрсететін қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық іс - шаралар болып: ажыратқышты жасау; ескертетін плакаттарды ілу; жұмыс орнын қоршау; кернеудің жоқтығын тексеру; жерлендіруді орнату табылады.
Ажыратқышты жасау. Толық және жартылай кернеуде жұмыс істегенде ток жүретін бөліктерді ажыратып тастайды.
Бұл үшін аппараттарды ажыратып, жұмыс орнына кернеу берілуі мүмкін сақтандырғыштарды барлық жағынан алады. Ажырату, электр қондырғыны барлық жағынан кернеуде болатын ток жүретін бөліктен бөлектендіру арқылы жүргізіледі.
Ескертетін плакаттарды ілу, жұмыс орнын қоршау. Плакаттарды қызмет көрсететін қызметкерлердің қате іс-қимылының алдын алу және жұмыс істеушілерге байқаусызда кернеу беруден сақтау мақсатында ілінеді. Жұмыс кезінде жөндеуші қызметкерлер ескерту плакаттарын ауыстырып қою немесе алып тастай алмайды, сонымен бірге қоршалған аймаққа кіре алмайды.
Кернеудің жоқтығын тексеру. Мұндай тексеру кернеуді ала отырып барлық жұмыс түрлерінің басталуы алдында жүргізіледі. Ажыратылған 110 кВ дейінгі электр қондырғыларда кернеудің жоқтығын жұмысқа жіберуші кернеу көрсеткішінің көмегімен анықтайды. Тексеруді диэлектрлік қолғаппен жүргізеді.
Жерлендіруді орнату. Уақытша ауыстырмалы жерлендіруді ток жүретін бөліктерге, тікелей олардағы кернеудің жоқтығын тексергеннен кейін орнату орындалады.
Бұл жерлендіргіштерді кернеудің қате қосылуы жағдайында электр тогымен зақымданудан жұмыс істеушілерді қорғау үшін қолданады.
6 Көліктік құрылыс машиналарының электр жабдықтарына қызмет көрсеткен кездегі техника қауіпсіздігі
Электр қондырғыға қызмет көрсеткен кезде қызмет көрсететін қызметкер электр сызбаны, машинаның электр қондырғысын пайдаланудың ережесін және осы жабдықтармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік техникасының ережесін жақсы білуі керек.
Электр қозғалтқыштарының сенімді құрылысы және оның жеке қорғанысы токтардың қысқа тұықталуынан және күш түсуден электр қозғалтқыштардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді. Ашық электр қозғалтқыштары мен олардың басқару аппараттарының ток жүретін бөліктеріне байқаусызда жанасуын болдырмау үшін қоршау керек. Барлық ток жүретін бөліктер жанасу мүмкіндігінен сенімді оқшаулануы немесе қорғалуы керек.
Ажыратылған қондырғыны жерлендіру адамды токпен соғу мүмкіндігін болдырмайды. Жұмыс алдында электр қондырғыларда ажыратқыштар мен үзгіштерді шатастырып қосылуына кедергі келтіретін шаралар (келтіргіштердің ұстағыштарын алу, оларды құлпылап қою және т.б.) қолданылуы керек.
Жөнді электр аспапты тексергеннен кейін, тек қана пайдалану ережесін және техника қауіпсіздігін білетін тұлғаға беру керек. Ток әсері сезілген жағдайда дереу токтатып бұл жайында басшыға хабарлау керек. Аспаппен жұмыс істеу тек ақауы жөнделгеннен және оқшаулағышы тексерілгеннен кейін рұқсат етіледі.
Барлық жұмыскерлер электр тогынан зардап шеккенге алғашқы көмек көрсету ережесін білулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: |