2 Электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша мамандарға талаптар
АЭжБУ түлегі өндірісте электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әр түрлі мәселелерді шешу үшін керекті білімді игеруі керек; еңбектің электрден қауіпсіз жағдайын ұйымдастыру әдістерін білуі керек; өндірісте электр қауіпсіздігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін саналы түрде есептеулерді орындау; электрмен зақымданудың алдын алу бойынша іс-шараларды іске асыруы керек.
3 ҚР электр қауіпсіздігі туралы заңнамасы, нормативтік құжаттар
Жалпы еңбекті қорғаудың және электр қауіпсіздігі бойынша барлық құқықтық мәселелері ҚР Коституциясымен шешіледі. ҚР Конституциясында (1995ж., 24 - бап, 31 - бап) еңбек жағдайларының қауіпсіздік талаптарына жауап беретін біздің еліміздің азаматтарының құқығы бекітілген. Еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне Мемлекет басшылары, Заң ұйымдары үлкен көңіл бөледі. ҚР еңбекті қорғау бойынша заңнаманы регламенттейтін негізгі құжат болып 2007ж. «ҚР Еңбек кодексі» табылады.
Электр қауіпсіздігі бойынша бірыңғай ережелер болып әдетте «Электр қондырғылардың құрылысының ережелері» (ЭҚЕ), «Тұтынушылардың электр қондырғыларды техникалық пайдалану ережелері» (ТПЕ), «Тұтынушылардың электр қондырғыларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері (ҚТЕ). Бұл - іс жүзінде электр қауіпсіздігі бойынша Мемлекеттік стандарттар.
Электр қауіпсіздігінің нормалары МСТ 12.1.038-88 ЕҚСЖ «Электр қауіпсіздігі. Жанасу және токтар кернеулерінің шекті рұқсатты деңгейлері» стандартымен ұсынылады.
4 Терминдер мен анықтамалар
Электр қауіпсіздігі – электр тогының, электр доғасының, электрлік магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық, ұйымдастырушылық техникалық шаралар мен құралдар жүйесі.
Электрлік жарақат – электр тогының немесе электр доғасының әсер етуінен болған жарақат.
Аз кернеу – 42 В аспайтын электр тогының соғу қаупін азайту мақсатында қолданылатын аз кернеу.
Кернеу қадамы – бір– бірінің үстінде қадам қашықтығы 80 см болатын, оларда бір мезгілде адам тұрған, ток тізбегінің екі нүкте арасындағы кернеу Жерлендіру – өткізгіш (электрод) немесе жермен түйістірілген бір-бірімен өзара металмен қосылған өткізгіштер (электродтар).
Қорғағыш жерлендіру – жермен немесе оның эквивалентімен кернеуде болуы мүмкін ток алып жүрмейтін металл бөліктерімен әдейі электрлік қосу.
Табиғи жерлендіру – жерлендіру үшін пайдаланылатын (ғимараттардың металл құрастырмалары, темір-бетон құрастырмаларының арматурасы, электр кабельдерінің қорғасын қабығы) өндірістік немесе басқа мақсатқа арналған коммуникациялар, ғимараттар және құрылыстардың электр өткізгіш бөліктерінің жермен жанасып жатуы.
Жасанды жерлендіру – жерлендіру үшін арнайы орындалатын жерлендіргіш (жерге тік қойылған қабырғаларының қалыңдығы 3,5 мм аз емес, диаметрі 25-60 мм бұрышты болат, металл стерженьдер, горизонталь қойылған болат жолақтар).
Бір фазалы жанасу – кернеуде болатын электр қондырғысының бір фазасына жанасу.
Достарыңызбен бөлісу: |