Электр желілер қағидалары



жүктеу 1.69 Mb.
бет9/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

13-тарау. Электр желілерін пайдалану
598. Бұл тарауда Қазақстанның БЭЖ электр желілерінің режимдері мен схемаларының сәйкестігін қамтамасыз ету үшін ЖО жүзеге асыруы тиісті нақты уақыт масштабында Қазақстанның БЭЖ-нің жұмысына байланысты рәсімдер баяндалуы тиіс.

599. Бұл тарау мына қатысушыларға қолданылады:

1) ЖО;

2) ЭӨҰ;


3) электр желілік компаниялар;

4) 110 кВ және одан да жоғары кернеуге тікелей қосылған электр энергиясын тұтынушылар.

600. ЖО ҰЭТ құрайтын, кернеуі 110 кВ және одан да жоғары электр жеткізу желілерін және онымен байланысты жабдықтар мен құрылғыларды пайдалану жөніндегі жұмысты үйлестіруі және бағыттауы тиіс.

ЖО ҰЭТ пайдалануды бақылау үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) нарықтың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ҰЭТ бойынша электр энергиясының тиімді жеткізілуін қамтамасыз ету;

2) Қазақстанның БЭЖ-нің нормативтік құжаттар мен осы Ережеде баяндалған сенімділік пен сапа стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;

3) электр желілеріндегі ең аз шектеулерге мәлімет;

4) Қазақстанның барлық БЭЖ-дегі қажетті кернеу деңгейін қолдау;

5) электр энергиясы жоспарлы және жоспардан тыс ажыратылған жағдайда жабдықтар мен/немесе қондырғыны ажыратуға рұқсат беру;

6) электр энергиясы ажыратылған жағдайда жабдықты тоқсыздандыру жөнінде рұқсат пен өкімдер беру;

7) желі үшін пайдалану жөнінде тексерулер және нақты уақыт режимінде жүйенің тұрақтылығына талдау жүргізу;

8) Қазақстанның БЭЖ-дегі істен шығулар бойынша тексерулер және істен шығуға талдау жүргізу;

9) қорғау жүйелерін дұрыс орнату және қолдану арқылы Қазақстанның БЭЖ-нің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қорғаныс жүйесінің істен шыққан элементтерін алып тастау, бұл жағдайларда жүйенің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

601. Желідегі ауыстырып-қосу мына жағдайларда ғана мүмкін болады:

1) ЖО-дан электр қондырғысындағы ауыстырып-қосулар бойынша операциялар жүргізу туралы айқын өкімдер келіп түскен жағдайда;

2) қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі жүйелік шараларға сәйкес жұмыстарды немесе сынақтарды жүргізу үшін жабдықтар және/немесе аппаратура ажыратылған жағдайда;

3) егер жабдықтар және/немесе аппаратура бөлектелген және қауіпсіздікке байланысты себептер бойынша желіден оқшауландырылған болса.

602. ҰЭТ-дағы оқшаулау және жерге қосу жөніндегі іс-шаралар тек қана мына жағдайларда ғана болуы мүмкін:

1) ЖО жеткізетін жабдықтың сәйкес бірлігі тоқсыздандырылған уақытта жабдық пен аппаратураны ҚЭТ-тан ажырату жөнінде өкім берді;

2) ЖО жеткізетін жабдық бірлігі тоқсыздандырылғанын растайтын, пайдаланушымен келісілген хабарлама берді.

603. Қорғау, басқару жүйелерінде немесе байланыстың жұмыс жүйелерінде ЖО-мен келіспей ешқандай да жұмыстар жүргізілмейді. Авариялық жұмыстар жүргізу қажет болған жағдайда ЖО бұл туралы ең қысқа мерзімде хабардар болуы тиіс.

604. ЖО нақты уақыт режимінде ҰЭТ-дағы жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті шарттардың мониторингі мен оны тексеруді жүзеге асыруы тиіс.

605. ЖО электр жеткізу желілерін мониторингтеу жөніндегі деректерді нақты уақыт масштабында бұл деректерді ЖО және желінің басқа да пайдаланушыларының басқа объектілерінен ЖО-ның электр энергиясын тұтынуды басқару жүйесіне (ЭТБЖ) беру арқылы алуы тиіс.

606. ЖО және барлық пайдаланушыларда қажетті жабдықтар – қашықтықтағы терминалдар (котроллерлар), олардың барлық объектілеріндегі басқа жабдықтардың концентраторлары болуы, сондай-ақ ЭТБЖ-ға деректерді дәл, уақтылы және сенімді беру үшін қажетті сенімді жүйе болуы тиіс.

607. ЖО ҰЭТ-да және оған қосылған тұтынушының жабдығы мен аппаратурасында ауыстырып-қосуларды жүзеге асыру жөнінде нұсқау береді. Аталған нұсқаулықтар санаттарға бөлінеді.

608. Электр қондырғыларын ажыратқан кезде ауыстырып-қосу ЖО немесе тұтынушы қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі шаралар жүйесін іске қосу үшін жүзеге асыруы тиіс бірінші кезеңді білдіреді.

609. ЖО осы Ережеге сай электр жеткізу жүйесіндегі кернеуді реттеу жөнінде нұсқаулық шығарады. Коммутациялау жөніндегі нұсқаулықтар электр энергиясын өндірушілерге өндіруші қондырғылар беретін реактивті қуатты басқару үшін берілетін кез-келген оралымды нұсқаулықтардың қосымшасы болып табылады.

610. Кернеуді реттеу үшін қажетті ауыстырып-қосу жөніндегі нұсқаулықтар мыналардан тұруы тиіс:

1) әуелік және жер астындағы электр жеткізу желілері үшін ауыстырып-қосу тәртібі;

2) статикалық реакторлар мен қарымталауыштарды қосу және ажырату;

3) реактивтік қуаттың статикалық көздерінде ауыстырып-қосу тәртібі;

4) трансформатор тармақтарының орналасуының өзгеруі.

611. Жабдықтың және/немесе аппаратураның қалыпты қауіпсіз жұмыс режимін бұзатын немесе бұзуы мүмкін авариялық сигнализация жұмыс істеп кеткен жағдайда ЖО қажетті іс-қимылдарды жүзеге асыруы және өндірістік ажыратулар бойынша тиісті өкім беруі тиіс.

Егер проблема немесе ықтимал проблема шешілген болса, ЖО жабдықты және/аппаратураны қалыпты жұмыс режиміне қайтару үшін қажетті нұсқаулар беруі тиіс.

612. Бүлінген жабдық және/немесе аппаратура электр желісінде істен шыққан жағдайда ажыратылғаннан кейін автоматты түрде қалыпты жұмыс режиміне қайтарылады. Ұзақ уақытқа бүлінген немесе жабдықтың автоматты іске қосылуы жұмыс істеп кетпеген болса, ЖО авариялық ажыратылғаннан кейін жабдықтың қорғанысы мен жай-күйін анықтаған жағдайда жабдықтың және/немесе аппаратураның қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіру үшін қолмен ауыстырып-қосуы тиіс.

613. Ауа райы жағдайына байланысты немесе қандай да бір басқа себептер бойынша тізбекте көптеген ауыспалы зақымданулар болған жағдайда ЖО жағдай өзгергенге дейін тізбекті еріксіз тоқсыздандыру туралы шешім қабылдай алады, осы Ережеген сай авариялық ажыратуларға рұқсат бере алады.

614. Жұмыстарды немесе сынақтарды жүргізу қажет болған кезде энергия жеткізетін жабдықты ажырату талап етілетін болса, онда бұл жағдайда қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі шаралар жүйесі ендірілген болуы тиіс.

615. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі шаралар жүйесі осы Ереженің қауіпсіздік шараларын үйлестіру жөніндегі тарауда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жоғарыда көрсетілген рәсімге қатысушы ЖО-ның немесе тұтынушының құзырына жатады. Бұл шаралар жүйесіне төрт кезеңнен тұратын және тоқсыздандыру, оқшаулау, жерге қосу және тиісті құжаттарды ресімдеу жататын процестер кіреді. Аталған рәсімді жүзеге асыру тәртібі мынандай:

1) электр қондырғысын ажыратуды электр желілік компания немесе тұтынушы осы Ереженің 6-тарауына сай ЖО-мен келіскен және ЖО бекітуі тиіс;

2) егер электр қондырғысын ажырату қажет болатын субъекті осы рәсімді бастауға дайын болса, ЖО өзінің соңғы шешімін және тиісті жабдықты және/немесе аппаратураны тоқсыздандыру үшін ауысытырп-қосу жөнінде тиісті өкім беруі тиіс;

3) егер ЖО және рәсімге қатысатын субъект жабдық пен аппаратура бірлігін тоқсыздандыруды келіскен болса, онда ЖО шығарылған жабдықты субъектіден тек ажыратылған, оқшауландырылған және жерге қосылған күйінде ғана қабылдайды;

4) ЖО жөндеуде тұрған жабдықтың және/немесе аппаратураның тиісті бірлігі басқа субъектінің теңгеріміне табыс етілгенін көрсету үшін электр жеткізу схемасында белгі жасауы тиіс.

Тиісті жабдық және/немесе аппаратура жұмыстарды орындау және/немесе сынақтар жүргізу үшін электр энергиясын ажырату қажет болатын және қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі өзінің шаралар жүйесін іске қосатын субъектінің жауапкершілігінде болады.

616. Жұмыстар және/немесе сынақтар аяқталғаннан кейін оларға қатысатын субъект ажыратылған жабдықтың және/немесе аппаратураның электр энергиясының көзіне қайтадан қосылу мүмкіндігі бар жағдайға қол жеткізілген сәтке дейін қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі шаралар жүйесінің іс-шараларын орындайды. Бұл жағдайда мына іс-қимылдар орындалуы тиіс:

1) қатысушы субъект ЖО-ны бұрын шығарылған жабдықтың және/немесе аппаратураның тоқсыздандырылғаны және қорек көзіне қайтадан қосуға дайын екені туралы хабарлауы тиіс;

2) ЖО мен субъект жабдықты жұмысқа кірістіруді келісуі тиіс;

3) ЖО тиісті жабдықты және/немесе аппаратураны қайтадан іске қосу үшін ауыстырып-қосуларды жүргізу жөнінде қажетті өкім беруі тиіс.

617. ЖО негізделген және ұтымды нұсқаулар беретін оператор ретінде әрекет етеді, ауыстырып-қосуды жүргізуге байланысты қауіпсіздік жөніндегі шаралардың түгелдей толық болуын электр желілік колмпания немесе тұтынушы қамтамасыз етеді. Электр желілік компания немесе тұтынушы адамдардың, жабдықтар мен/немесе аппаратуралардың (энергия жүйесінің) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық қажетті шараларды қабылдауы және қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді ұстануы тиіс.

618. Жабдық және/немесе аппаратура ЖО-ның анық нұсқауы болған жағдайда шығарылуы мүмкін. Алайда бұл жағдайда, егер желіден ажырату адамдардың, жабдықтар мен/немесе аппаратуралардың қауіпсіздігіне байланысты себептер бойынша немесе адамдардың қауіпсіздігіне немесе қоршаған ортаны қорғауға байланысты ықтимал себептер болғандықтан қажет болса, авариялық ажырату ЖО тарапынан анық нұсқау болмағанда жүргізілуі мүмкін.

619. Жоғарыда көрсетілген кез-келген себептер бойынша жабдықты және/немесе аппаратураны энергия жүйесінен алып тастау үшін авариялық ажырату қажет болған жағдайда субъект тез арада бұл туралы ЖО-ны хабардар ету қажет.

620. ЖО-ның рұқсатынсыз желіге авариялық қайталама қосуға қандай да бір себептер болмасын рұқсат етілмейді.

621. Егер ауыстырып-қосу кезінде қате жіберілген болса, қатысатын субъект бұл туралы ЖО-ны хабардар етеді және ЖО-дан бұдан әрі бұйрық алғанға дейін авариялық ажыратуды қоспағанда ешқандай шара қолданбайды. ЖО тез арада аталған жағдайда талап етілетін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

622. ЖО мына түрде ЖО-ға және ҰЭТ-ның басқа да пайдаланушыларына ауыстырып-қосу жөнінде өкім беруі тиіс:

1) ЖО қалыпты бекітілген нысанда басқа субъектіге ауыстырып-қосу жөнінде өкім береді;

2) егер ауыстырып-қосу жөніндегі өкім ауызша нысанда берілетін болса, онда оларды алатын субъект оларды ЖО үшін жазып алады және қайталайды;

3) өкімді алған субъект ауыстырып-қосу жөніндегі өкімнің орындалуы қауіпсіздіктің бұзылуына немесе қауіпсіздіктің ықтимал бұзылына әкеліп соқтырмауының растауы тиіс;

4) егер аталған жағдайда қауіпсіздік бұзылатын болса, өкімді алған субъект тез арада бұл туралы ЖО-ны хабардар етуі және оған берілген ауыстырып-қосу жөніндегі өкімдердің орындалуын тоқтатуы тиіс;

5) егер ауыстырып-қосу жөніндегі өкімді орындау қауіпсіздіктің бұзылуына немесе қауіпсіздіктің ықтимал бұзылуына әкеліп соқтармайтын болса, өкімді алған субъект өзіне берілген ауыстырып-қосу жөніндегі өкімді кідіртпестен орындауы тиіс;

6) Ауыстырып-қосу жөніндегі өкімді орындағаннан кейін өкімді алған субъект тез арада бұл туралы ЖО-ны хабардар етуі тиіс;

7) ЖО мен өкімді алған субъект бұл рәсімді уақытын көрсете отырып, тіркеуі және нақты сипаттауы тиіс.

623. ЖО персоналы немесе ҰЭТ электр энергиясын тұтынушы ЖО немесе тұтынушы арнайы тағайындайды және ЖО оны ЖО-дан коммутациялау жөнінде өкім алуға уәкілетті персонал ретінде тағайындалады. Аталған персонал үшін қолданылатын өкілеттіктерді беру рәсімін ЖО арнайы бекіткен болуы тиіс.
14-тарау. ЖБА, ЖАААН, САБ, ҚАША аварияға қарсы автоматиканы қолдану тәртібі
624. Энергетикалық жүйелердің жұмысының бұзылуын, авариялардың туындауы мен өршуін болдырмау, электр режимдері немесе қауіпті авариялық ұйытқулар параметрлерінің рұқсат етілмейтін ауытқуларын анықтау жолымен оларды оқшаулау және жою мақсатында өндірудің автоматты түрде азаюына немесе электр қуатын тұтынуға қарай аварияға қарсы әсер етуді жүзеге асыратын аварияға қарсы автоматика (АА) қолданылады.

625. Өндірудің азаюына қарай аварияға қарсы әсер ету блокты электр станцияларындағы немесе гидроэлектр станцияларындағы генераторларды ажыратуды (ГА) немесе олардағы турбиналарды автоматты түрде босатуды (ТБ) жүзеге асыратын электр станцияларын автоматты түрде босату (САБ) құрылғыларымен жүзеге асырылады.

626. Тұтынудың азаюына қарай аварияға қарсы әсер ету тұтынушыларды автоматты ажырату жолымен жиілік пен кернеуді азайту, орнықтылықтың бұзылуын болдырмау үшін қолданылады және олар жиілікті босату автоматикасының (ЖБА) құрылғыларымен, жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасымен (ЖААА) жүзеге асырылады.

627. Жиіліктің немесе қуат пен электр энергиясының мемлекетаралық сальдо-ағындарының нормаланған деңгейін сақтау бөлігінде Қазақстанның БЭЖ режимін бұзуға әкеліп соқтыратындай көтерме сауда нарығы субъектілерінің келісім-шартсыз тұтынуын болдырмау үшін тұтынушыларды ажырататын қуат ағындарын шектеу автоматикасын (ҚАША) енгізе отырып, мәжбүрлік шектеу схемасы қолданылады.

628. Жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасы (ЖААА) электр желілік жабдықтың асқын жүктемесіне немесе ажыратылуына байланысты авариялық режимдерде орнықтылықты сақтау, энергия бірлестіктерін бөліктерге бөлу кезінде болуы мүмкін тұтынушыларды ажыратудан болған залалдың көлемін азайту, энергия тораптарын оқшауландырылған жұмысқа бөлу үшін қолданылады. ЖААА қуаттың елеулі тапшылығы туындау мүмкіндігін сипаттайтын факторлар бойынша қуат тапшылығы 45% астам энергия тораптарында жиіліктің 45 Гц-тан күрт төмендеуін болдырмау үшін тұтынуды қосымша автоматты түрде төмендету үшін қолданылады.

629. ЖААА технологиялық процестің сипаты бойынша басқа тұтынушылардан резервтерді жұмылдыру немесе шектеулерді енгізу үшін жеткілікті уақытқа қоректенуді кенеттен үзілістің болуына жол беретін тапшылығы бар энергия тораптарындағы меншік нысандарына қарамастан тұтынушылардың объектілерінде орындалады. Аварияға қарсы автоматика жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету үшін ЖААА-ға ең алдымен ірі тұтынушылар қосылады, көлем жеткізілкісз болған жағдайда ЖААА-ға басқа тұтынушылар қосылады.

630. ЖААА қолдану мына жағдайларда мақсатқа сай болып саналады: тапшылығы бар энергия тораптарының Қазақстанның БЭЖ-нің қалған бөліктерімен немесе Қазақстанның БЭЖ көршілес мемлекеттердің энергия бірлестіктерімен авариядан кейінгі режимде қатарлас жұмысының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін (байланыстардың біреуін ажыратқаннан кейін); энергия тораптарының Қазақстанның БЭЖ-мен немесе көршілес мемлекеттердің энергия бірлестіктері бар Қазақстанның БЭЖ-мен байланысының электр жеткізу желілерін Қазақстанның БЭЖ-мен қатарлас жұмыстың орнықтылығын бұзуға әкеліп соқтыруға қабілетті қуат ағынының авариялық асқын жүктемесін болдырмау үшін; авариядан кейінгі режимде жауапкершілігі жолғары тұтынушылары бар жүктеме торабының (кернеу тасқыны) орнықтылығын қамтамасыз ету үшін; желінің өткізу қабілетінің толық қолданылуын қамтамасыз ету, электр энергиясын жеткізу шарттарын іске асыру мүмкіндіктерін авариядан кейінгі режимдерде орнықтылығын сақтай отырып, қамтамасыз ету үшін; ҚААШ әрекетімен тұтынушыны толығымен ажыратуды болдырмай, қуат ағынын шектеу автоматикасынан келетін жүктеменің бөлігін ЖААА әрекетімен ажыратуды қамтамасыз ететін тұтынудың келісім-шарттық көлемінің сақталуын қамтамасыз ету үшін.

631. ЖААА орнатқан кезде тағайындалуы мен нақты режимдерге дәл сәйкес жұмыс істеп кету талғаулығын қамтамасыз етуге басты назар аудару қажет. ЖААА құрылғыларын іске қосуды әр түрлі факторлар бойынша, сондай-ақ олардың үйлесуі бойынша қарастыру керек, мысалы:

1) алдыңғы ағындарды бақылай отырып, электр жеткізудің қатарлас желілерінің біреуін немесе қатарлас жұмыс істейтін күштік автотрансформаторлардың біреуі ажырату;

2) электр жеткізу бұрышын рұқсат етілетін мәннен артық өзгерту;

3) электр жеткізу желісінің (қимасының) рұқсат етілмейтін асқын жүктемесіне әкеліп соқтыратын активті қуатты толтыру;

4) рұқсат етілетін деңгейден тыс кернеуді төмендету (қайсыбір қосымша факторларымен);

5) аталған жабдық үшін рұқсат етілетін ток бойынша жабдықты 20 минуттан аз асқын жүктеу;

6) БЭЖ-ден қуат тапшылығы 45%-дан көп энергия торабын бөлу.

632. ЖААА-ны Қазақстанның БЭЖ-де қолдануды ЖО айқындайды және оның Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетпен келісілген шешіміне сәйкес рәсімделеді. ЖААА-ны қолдану туралы шешімнің қолданылу мерзімі шектелмейді. Шешімді қажет жағдайда ЖО қайта қарайды (жүктеме көлемінің, желі сұлбасының, режимдерінің және т.б. өзгеруі).

633. ЖААА әрекетімен тұтынушыларды ажырату уақыты 20 минуттан аспауы тиіс. ЖААА-ға қосылған жауапты тұтынушылар резервті автоматты ендіру (РАЕ), автоматты қайталама қосу (АҚҚ) құрылғыларымен жарақтандырылған болуы тиіс.

634. ЖААА-ның жай-күйіне және жұмыс қабілеттілігіне тұтынушы жауапты болады. ЖО ЖААА-ға қосылған жүктеме көлемін бақылауды жүзеге асырады. Тұтынушы энергия беретін ұйымдардың қызметкерлерін дербес түрде немесе Ғарышэнергияқадағалау өкілдерімен бірлесіп, тұтынушылардың объектілерінде ЖААА құрылғыларының жай-күйін және оларға қосылған жүктеме көлемдерін тексеруге жіберугі міндетті.

635. Активті қуаттың күрт тапшылығы кезінде жиілікті азайту салдарынан туындауы мүмкін жүйелік авариялардың алдын алу және оларды жою үшін меншік нысанына қарамастан барлық тұтынушылардың объектілерінде жиілікті босату автоматикасының (ЖБА) құрылғылары орнатылуы тиіс. ЖБА әрекетімен ажыратылған тұтынушыларды электрмен жабдықтауды автоматты түрде қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін жиілікті автоматты қайта қосу (ЖАҚҚ) құрылғысы көзделуі тиіс.

636. Тұтынушының объектілерінде тұрған ЖБА құрылғылары жиілігі аз және жұмыс істеп кету уақыты көп тағайыншамалары бар, тұтынушыларды электрмен жабдықтайтын энергия беретін объектілерде орнатылған ЖБА құрылғыларымен резервтелуі тиіс.

637. ЖБА көлемі мен тағайыншамасын ЖО айқындайды. Көлемдерді анықтаған кезде авариялық режимдер мен жөндеу сұлбаларын болжалды баптау қарастырылуы тиіс. ЖБА көлемдерін анықтаған кезде қуат тапшылығының мөлшері бойынша аса ауыр авариялық жағдайларға сүйену қажет. ЖБА қуаты және орналастыру энергия тораптарын талдаудан бастап өңірлерге және тұтастай алғанда энергия бірлестіктеріне ауыса отырып, анықталады. Бұл ретте мыналарға сүйену қажет:

1) энергия тораптары үшін жеткізілетін қуаттың өткізу қабелетінен тыс артуы салдарынан электр жеткізу желілерін бұдан әрі ажыратумен қоректендіру желілерін ажырату мүмкіндіктеріне немесе өндірілетін қуаттың ажыратылуына сүйену;

2) өңірлер мен энергия бірлестіктері үшін жеткізілетін қуаттың өткізу қабілетінен тыс артуы салдарынан аса қуатты электр станцияларының ажыратылуына және электр жеткізу желілерінің ажыратылуына сүйену. Өндірілетін қуатты ықтимал ажырата отырып жеткізілетін қуатты желілердің өткізу қабелтінен тыс арттыру нәтижесінде басқа желілердің каскадтық ажыратылуымен электр жеткізу желісін ықтимал авариялық ажырату.

638. Орталықтандырылған диспетчерлік басқару өңірлік диспетчерлік басқаруға ЖБА, ЖАҚҚ әрекет етуінің шектеулі шарттарын береді – қосылған жүктеменің ең аз рұқсат етілетін көлемі, ЖБА тағайыншамаларының диапазоны, кезектердің ең аз саны, ЖБА кезектерінің арасындағы жүктеме көлемін тарату. Өңірлік диспетчерлік басқару тұтынушыларды ЖБА сатылары бойынша айқындайды, бұл ретте аса жауапты тұтынушыларды жиілігі аз және жұмыс істеп кету уақыты көп тағайыншамасы бар ЖБА сатыларына қосу жүзеге асырылады.

639. ЖБА құрылғыларының жай-күйіне және жұмыс істеу қабілетіне жауапкершілікті тұтынушы өз объектілерінде көтереді. Тұтынушы энергия беретін ұйымдардың қызметкерлерін дербес түрде немесе Ғарышэнергоқадағалау өкілдерімен бірлесіп, тұтынушылардың объектілерінде ЖБА құрылғысының жай-күйін және оларға қосылған жүктеме көлемдерін тексеруге жіберуге міндетті.

640. Электр станцияларын автоматты түрде босату (САБ) электр желілік жабдық авариялық ажыратылған кезде, электр жеткізу желілерінің авариялық асқын жүктелуі кезінде немесе электр тогының жиілігі қауіпті артқан кезде қолданылады.

641. Блоктық жылу электр станцияларының электр станцияларын автоматты түрде босату мына тәсілдермен жүзеге асырылады:

1) электр гидравликалық түрлендіргішке және турбинаны басқару механизміне әсер етумен турбиналардың ішінара немесе толық босатылуы;

2) генератор ажыратқышын бұдан әрі ажыратумен турбинаның стопорлық клапанын жабу;

3) турбинаның стопорлық клапанын жабумен генератордың сөндіргішін ажырату.

642. Гидрогенераторларды босату бағдартқыш аппаратты бұдан кейін жаба отырып, генератордың сөндіргішін ажырату арқылы жүзеге асырылады.

643. Электр станцияларын автоматты түрде босату түрі мен көлемі электр энергетикалық жүйелерде немесе оның жекелеген тораптарында туындаған авариялық ажыратулар кезіндегі динамикалық және статикалық орнықтылықты қамтамасыз ету шарттары негізінде айқындалады.

644. Электр станциясын автоматты босату меншік нысанына қарамастан, Қазақстанның БЭЖ құрамында жұмыс істейтін барлық су электр станциялары мен блоктық электр станцияларында орындалуы тиіс.

645. ЖО ЖБА Қазақстанның БЭЖ-де қолдануды Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитетпен келісу бойынша айқындайды.

646. САБ-тың жай-күйі мен жұмыс істеуге қабілеттілігі үшін электр станцияларының иелері жауапты. ЖО электр станцияларындағы САБ-қа қосылған жүктеме көлемін бақылауды жүзеге асырады. Электр станцияларының иесі энергия беретін ұйымдардың қызметкерлерін дербес түрде немесе Ғарышэнергоқадағалау өкілдерімен бірлесіп, тұтынушылардың объектілерінде ЖБА құрылғысының жай-күйін және оларға қосылған жүктеме көлемдерін тексеруге жіберуге міндетті.

647. Қуат ағынын шектеу автоматикасы (ҚАША) тұтынушының тәуліктік кестемен белгіленген тұтыну режимін бұзуын, тұтынушының электр энергиясын жеткізу немесе жіберу үшін ақы төлеу бойынша шарт талаптарын бұзуын болдырмау үшін қолданылады.

648. ҚАША энергия беретін ұйымдардың объектілерінде және/немесе электр тарату ұйымдарының объектілерінде орнатылады. Бірнеше объектіден электрмен жабдықтау сұлбасы бар тұтынушыны ҚАША-мен шектеу еріксіз шектеу сұлбасын алдын ала құра отырып, жүзеге асырылады. Тұтынушыны шектеуге (ажыратуға) арналған ҚАША-ны іске қосуды ЖО тұтынушы ЖО жедел-диспетчерлік персоналының тұтынуды шектеу жөніндегі бұйрықтарын орындамаған кезде жүргізеді.

649. Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерін шектеу (ажырату) мына жағдайда жүргізіледі:

1) электр энергиясын жеткізу немесе жіберу шарты болмаған жағдайда олардың электр энергиясын алуы.

2) Қазақстан Республикасы көтерме сауда нарығы субъектілерінің мәлімделген қуаттың тәуліктік (диспетчерлік) кестесінен асуы және жоғары тұрған жедел-диспетчерлік персоналдың тұтыну іркілістерін болдырмау жөніндегі бұйрығын орындамауы.

3) ҚР Кедендік комитеті белгілеген мерзімде кедендік декларацияның төртінші данасын энергия беретін ұйымға ұсынбауы.

4) электр энергиясын жеткізу немесе оны жіберу үшін ақы төлемеу немесе уақтылы төлемеу.

650. Шектеулерді (ажыратуларды) Техникалық оператордың жедел-диспетчерлік персоналы тұтынушыны жазбаша түрде ескерте отырып, көрсетілген бұзушылықтарды анықтау фактісі бойынша енгізеді. Тұтынушы жүктемені тәуліктік (диспетчерлік) кестемен белгіленген деңгейге дейін төмендету туралы талапты орындамаған жағдайда ЖО тұтынушыны ЖО-ның диспетчері тарапынан оларды алдын ала ескерткеннен кейін 10 минут өткен соң желіден ажыратады.

651. ҚАША әрекеті бірнеше сатымен жүзеге асырылады. 5-10 секунд уақыт бойы тағайыншамасы бар бірінші сатысы ҚАША-ның жұмысқа кірскені туралы сигналға әрекет етеді. Уақыты бойынша 10-20 минут тағайыншамасы бар ҚАША-ның екінші сатысы тұтынушыны ажыратады. ҚАША-ның тұтынушыны ажыратуға әрекет етуі мына жолмен орындалады:

1) тұтынушының ҚАША іске қосу;

2) тұтынушының электрмен жабдықтау желілерін ажырату;

652. ҚАША-ның ЖААА-ға немесе тұтынушыны электрмен жабдықтау желілерінің ажыратылуына қарай әрекет етуі олардың теңгерімдік тиесілігіне немесе диспетчерлік персоналдың деңгейіне қарамастан орындалады.

653. Электр қуаты мен электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тұтынушылары үшін ҚАША орнатылатын жер мен оның құрылғыларының әрекетін таңдауды ЖО дербес түрде немесе тұтынушының ұсыныстары бойынша жүзеге асырады.

654. ЖБА, ЖААА, САБ аварияға қарсы автоматикасын қолдану ықтимал залалдың көлемін төмендетеді, шектеусіз энергия беретін ұйымдардың қуатты шектеусіз беруіне, жеткізетін желілердің мүмкіндіктері шектелген кезде тұтынушыларды электрмен жабдықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, энергия нарығының барлық қатысушылары үшін өзара пайдалы болып табылады. Энергия нарығы субъектілерінің объектілерінде АА құрылғыларының болуы олардың Қазақстанның БЭЖ құрамында қатарлас жұмыс істеуінің міндетті шарты болып табылады.



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет