Электр желілер қағидалары



бет6/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.89 Mb.
#124734
1   2   3   4   5   6   7   8   9

308. ӨЭК немесе пайдаланушы өткiзген, яғни жергiлiктi өңірлік электр желісіне әсер ете алатын, бiрақ ҰЭТ-ке әсерін тигізбейтін жүйелiк сынақтар үшiн ӨЭЖ немесе пайдаланушы өзара сынақтар үйлестiрушiсi мен сынақтар тобының мүшелерiн тағайындауды өзара келіседі. 

309. ӨЭК сынақ жөнінде бастама көтерушісі болып өзi немесе пайдаланушы табылатындығына қарамастан, жүйелiк сынаққа жалпы басшылықты жүзге асырады. 

310. Сынақ үйлестiрушiсi мынадай ақпаратты қамтитын ұсыныс пен хабарламаны дайындауы тиiс: 

1) сынақ үйлестiрушiсiнiң фамилиясы мен лауазымы; 

2) сынақ жөнінде бастама көтерген ұйымның атауы

3) ұсынылатын жүйелiк сынақтың тақырыбы мен мақсаттары, сынақтарды жүргiзген кездегi пайдаланушылар жабдығының құрамы мен жай-күйi;

4) ұсынылатын жүйелiк сынақтың экономикалық және технологиялық салдарлары;

5) сынақтың жұмыс бағдарламасын қоса алғанда, жүйелiк сынақты өткізу жөнiндегi ұсыныстар;

6) iс-қимыл жасаушы тараптар арасындағы шығындарды тарату (күтпеген шығындарды қоса алғанда);

7) сынақ үйлестiрушiсi қажет деп есептейтiн басқа да мәселелер.

311. ӨЭК-ға жүйелiк сынақты өткізуге келiседi.

      Жүйелiк сынақтың кiдiрiсi мен бұзылуы жағдайын ӨЭК оның себептерін жазбаша түрде түсiндiре отырып ұсынады.

312. Егер ұсынылатын жүйелiк сынақты өткiзу күнi тораптағы жедел жұмыс ахуалы қолайсыз болса, онда сынақ тобының кез келген мүшесi жүйелiк сынақтың басталуын бұзуға немесе үзуге ұсыныс бере алады. ӨЭК жүйелiк сынақты кейінге қалдыру туралы шешiм шығарады және сынақтың уақыты мен жалғасатын күнін анықтайды. Кейінге қалдырудың немесе бұзылудың себептерi мынадай баптармен шектелмейдi:

      1) қолайсыз ауа-райы жағдайлары;

      2) энергиямен жабдықтаудың тәуекелi.

      313. Ешбiр тараптың коммерциялық себептер бойынша бiр өзi жүйелiк сынақты өткізуді болдырмауға құқығы жоқ.

      314. Егер жүйелiк сынақ кейiнге қалдырылған жағдайда оны өткізудің басқа уақыты мен күні осы бөлiмге сәйкес тағайындалуы тиiс.

      315. Барлық жағдайларда жүйелiк сынақтар сынақтардың бекiтiлген бағдарламасы бойынша жүргiзiлуi тиiс.

      316. Сынақты үйлестiрушi жүйелiк сынақ аяқталғаннан кейін бiр айдың iшiнде жазбаша есептi жасайды. ӨЭК мен пайдаланушы жүйелiк сынақ бойынша есептi бiрлесе бекiтедi.

      317. Есепке сынақ өткізілетін энергия объектiсінiң сипаттамасы, қорытындылары мен ұсыныстары кіруі тиiс.

      318. Бекiтiлген есеп ЖО-ға және уәкiлеттi органға жiберiледi. Есептi басқа субъектiлерге тапсыру ӨЭК-мен, пайдаланушы және уәкiлеттi органмен келiсiлген кейін жүзеге асырылуы мүмкiн.

319. 282-305 немесе 306-318-тармақтардың талаптарына сәйкес келетiн жүйелiк сынақтарды өткізу қажет болған жағдайда хабарлауды шұғыл негізде жүргізу қажет болса немесе талап етілетін кезең дәл келмесе, бұл жағдайда төмендегідей жүргiзiледi: 

1) сынақтың өткізілуін талап етушi тарап ӨЭК мен ЖО-ға мынадай деректермен ауызша немесе жазбаша түрде өтiнiм беруі керек; 

  болатын жүйелiк сынақтың тақырыбы мен мақсаты; 

  сыналатын энергия объекті жабдықтарының құрамы

  сынақты өткізудің болатын уақыты мен күні; 

  жедел түрде сынақ өткізудің себебi; 

2) ӨЭК электрмен жабдықтау сенімділігі жүйелiк сынақты өткізуге тәуелдi болатын барлық пайдаланушыларды анықтайды, және хабарлайды, сондай-ақ ЖО мен уәкiлеттi органды хабардар етеі

3) ӨЭК мен сынақ өткізуді талап етушi тарап қысқа мерзiмде болатын сынақ жайлы хабарламаны дайындайды және сынақтың бағдарламасын әзірлейді; 

4) сынақтың өткізілуіне ЖО-ның қатысу қажеттілігі болған жағдайда олар ЖО сынақтың жұмыс бағдарламасын бекіткеннен кейін басталуы мүмкін; 

5) сынақ бағдарламасын қарау кезіндее ЖО қажеттілігіне қарай уәкiлеттi органды хабардар етедi; 

   6) 338-343-тармақтардың талаптары орындалуы тиiс. 

      320. Жүйелiк сынақтар жалпы жағдайда жекелеген тараптар өздерiнiң шығындарын жабуы тиiс басқа жүйелiк сынақтарға тартылған жағдайларды қоспағанда, барлық тараптардың есебiнен жүргiзiледi. Кез келген жағдайда шығындар шартпен бөлінуі тиiс. Осы тармақ тек тiкелей шығындарға ғана қолданылады. Жоспарланбаған және кездейсоқ соңғы шығындары бар кез келген тарап осыларға қатысы бар басқа тараптармен келiссөз жүргiзуге құқығы бар. Егер осы мәселе бойынша келiсiмге қол жеткізілмесе, Ереженің бiрiншi бөлiмiнде көрсетiлген даулы мәселелердi шешу рәсіміне жүгінуге болады.

                  
1-параграф. Кернеу сыныбы 500 кВ және одан да жоғары желілерге қосу
327. Торапқа әр қосылу үшін өзара есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында 15 минутқа тең әр уақыт кезеңі үшін электр энергиясын өлшеуді былайша жүргізу қажет:


  1. импорт (қабылдау) кВт/сағ.

  2. экспорт (беру) кВт/сағ.

  3. импорт (қабылдау) кВар/сағ.

  4. экспорт (беру) кВар/сағ.

Электр энергиясын беру – энергия объектісінің шиналарынан шектес энергия объектілерінің шиналарына электр жеткізу желісі бойынша орны ауыстырылған электр энергиясы (электр энергиясын беретін энергия объектілері үшін «минус» белгісімен қабылданады).

Электр энергиясын қабылдау – электр жеткізу желісі бойынша шектес энергия объектісінің шиналарынан энергия объектісінің шиналарына орны ауыстырылған электр энергиясы (электр энергиясын қабылдайтын энергия объектісі үшін «плюс» белгісімен қабылданады).

5) квадранттар бойынша реактивтік электр энергиясы (Q1 – Q4). Кернеуі төмен желілер үшін ұсынылған өлшем талап етілмейді.

329. Күштік трансформатордың жоғары кернеуі жағынан коммерциялық ЭЕӨК орнату мүмкін болмаған жағдайда коммерциялық ЭЕӨК трансформатордың жоғарғы кернеуіне сәйкес келетін дәлдік сыныбымен төменгі кернеу жағынан орнатылуы мүмкін. Жаңа құрылыс кезінде қолданылмайды. Осындай ЭЕӨК пайдаланушы нарық субъектісі жабдықты жаңғырту кезінде оларды жоғары кернеу жағына ауыстыруды қарастыруы тиіс. ЭЕӨК-ны жаңғырту бағдарламасын ЖО ұсынуы тиіс.


3-параграф. Коммерциялық есепке алудың дәлдігі
332. Коммерциялық есепке алу жабдығы осы тарауда белгіленген, осындай жабдық үшін ұйғарылған шектегі дәлдікті қамтамасыз етуі тиіс.

Электр энергиясын есепке алудың барлық санауыштары мына талаптарға сәйкес болуы тиіс:

ГОСТ 30206-94 (МЭК 687-92) (0,2S және 0,5S сыныбы)

ГОСТ 30207-94 (МЭК 1036-90) (1,0 және 2,0 сыныбы)

ГОСТ 26035-83 (реактивтік энергия бойынша санауыш сипаттамаларына қолдануға болады).

Токтың барлық өлшеу трансформаторлары МЕМСТ 7746-2001 талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Кернеудің барлық өлшеу трансформаторлары МЕМСТ 1983-2001 талаптарына сәйкес болуы тиіс.

     


4-параграф. Коммерциялық есепке алу жабдығының дәлдік сыныбы
333. Барлық жағдайда ЭКН субъектілері ЖО-ға Өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің сертификаттарын, ЭЕӨК-нің Электр желілік ереже талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті, ЭЕӨК төлқұжат-хаттамаларын, кернеу трансформаторларын (КТ), ток трансформаторларын (ТТ) және электр энергиясын санауыштарды тексеру туралы қолданыстағы куәліктерді береді.

334. Коммерциялық есепке алу жабдығының дәлдік сыныбы барлық тараптар үшін мынадай болуы тиіс:




Түрі

Қосылыстар дәлдігінің сыныбы


500кВ және одан жоғары, 200МВт және одан жоғары генераторлар

220-6 кВ, 200МВт дейінгі генераторлар

төменгі кернеулі

ТТ

0,2

0,5

0,5

КТ

0,2

0,5

-

Активті

энергия санауышы



0,2

0,5

1,0

Реактивті энергия санауышы

1,0

2,0

4,0


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет