4-Бөлiм. Біртұтас электр энергетикалық жүйенің жұмысын басқару
169. Осы бөлiмде электр станцияларының агрегаттары мен желiлiк жабдықтарын бірдейлендіру тәртiбi анықталған, ол теңгерімдік тиесiлiк бөлiгiнiң шекарасын қоса алғандағы орындарда пайдаланылады. Бұл жаңа учаскелерге, сондай-ақ қолданыстағыларға да қатысты.
170. Бұл тарау:
1) барлық қосалқы станцияларды, электр станциялардың агрегаттарын және қосылым нүктелерiн оларға жөнсiз түсiндiрiлуi мүмкiн емес атаулар мен қысқартылған атаулар беру жолымен бірдейлендіруді қамтамасыз етедi;
2) талаптарды анықтайды, оларға сәйкес Электр желiсiне кiру шартына (ЭЖКШ) қол қойылғаннан кейiн барлық электр станциялары мен теңгерімдік тиесiлiк бөлiгi шекараларындағы қосалқы станцияларда желiлiк компания қабылдаған электр станциялары мен желiлiк жабдықтарды бірдейлендіру жүйесi болуы қажет. Электр желiлiк компания мен пайдаланушы электр станциялары мен желілік жабдықтарды бірдейлендірудің жалпы жүйесiн пайдаланады, бұл жүйенi қауiпсiз және тиiмдi пайдалануға және диспетчердің қателiктер жiберіп алмау тәуекелiн болдырмауға мүмкiндiк бередi.
3) теңгерімдік тиесiлiк бөлiгi шекарларында қолданылатын электр станцияларының жаңа агрегаттарын, қосалқы станциялар және/немесе жабдықтарды бірдейлендіру туралы, сондай-ақ, электр станцияларының қолданыстағы агрегаттарын, қосалқы станциялар мен жабдықтарды бірдейлендіру жөнiндегi өзгерiстер туралы хабарландыру тәртiбiн анықтайды.
171. Электр станциялардың, қосалқы станциялар мен жабдықтарды қосу нүктелерiнде бірдейлендіруде осы Ереженің 3-бөлiмiнiң 3-тарауында сипатталған желiге рұқсат тәртiбiне сәйкес теңгерімдік тиесілік бөлiгi шекарасынан өз тарабындағы әрбiр учаске үшiн дайындалған жұмыс схемасы болуы қажет.
172. Бұл тараудың талаптары мынадай қатысушыларға қолданылады:
1) ЖО-ға;
2) электр желiлiк компанияларға;
3) өңірлік электр желісіне қосылған ЭӨҰ-ны қоса алғанда, ЭӨҰ-ға;
4) тiкелей қосылған тұтынушыларға.
Ол төмен кернеулi желілерге қосылған пайдаланушыларға қолданылмайды.
1-параграф. Бірдейлендіру тәртiбi. Объектiлердiң,
учаскелердің атаулары мен олардың қысқартулары
173. Қауiпсiз және тиiмдi жұмыс үшiн учаскелердің - қосылған немесе электр желiсiнiң бөлiгi болып табылатын қосалқы станциялардың, электр станциялары мен электр желiлерiнiң қосылым нүктелерiнiң атаулары жөнсіз талқыланбауы өте маңызды.
174. 35 kV және одан жоғары кернеулi барлық учаскелер жөнiндегi негiзгi мәліметтер деректер қорының тiркелiмiнде болуы тиiс. ЖО деректер қоры тiркелiмiн жүргiзу мен оған өзгерiстер енгiзу үшін жауапты болады.
175. Егер электр желiлiк компания немесе пайдаланушы жаңа учаскені электр желiсiне қосқылары келсе, шатасуларды болдырмау үшiн қысқа мерзiмде бұл учаскенің атауы ЖО-мен келiсiлуi қажет. Атауы келiсiлгеннен кейiн ЖО оған атау бередi.
2-параграф. Жаңа жабдық
176. Егер электр желiлiк компания немесе пайдаланушы жаңа жабдықты теңгерімдік тиесілік бөлігінің шекарасында орнатқысы келсе, олар өздерiмен шектесетін басқа субъектiлердi орнатылатын агрегаттар мен жабдықтарды бірдейлендіру туралы хабарландыруы тиiс.
177. Тиiстi субъектiлердi хабарландыру жазбаша нысанда жасалуы қажет және онда жаңа жабдық пен оның бірдейлендірілуі көрсетiлген жұмыс схемасы болуы тиiс.
178. Тиiстi субъектiлердi хабарландыру болжанып отырған жабдықты орнатудан бұрын сегiз айдан кешiктiрiлмей жасалуы тиiс.
179. Хабарламаны алушылар оны алғаннан кейiн бiр айдың iшiнде өзiнiң ұсынылып отырған бірдейлендірумен келiсетiндiгiн немесе келiспейтiндiгiн көрсете отырып жазбаша нысанда жауап қайтаруы керек, сондай-ақ, оның бұрынғы қолданыстағы агрегаттары мен жабдықтардың бірдейлендірілуіне шатасулар енгiзбейтiнiн растауы тиiс. Егер ұсынылып отырған бірдейлендіру қолайсыз болса, жауапта ыңғайлы бірдейлендіруді көрсету қажет.
180. Егер электр желiлiк компания және басқа субъектiлер келiсiмге келе алмаса, электр желiлiк компанияның мұндай учаскеде қолданылатын агрегаттар мен жабдықтарды дербес бірдейлендіруге құқығы бар.
181. Тұтынушылар теңгерімдік тиесілік бөлігінің шекарасынан өз тарабында өзінің жабдықтары мен агрегаттарын бірдейлендіруді жоспарлау үшiн агрегаттар мен жабдықтарды бірдейлендіру жүйесі жөнiндегi толық ақпаратты сұрастыруға құқығы бар.
182. Агрегаттар мен жабдықтардың келiсiлген толық бірдейлендірілуі деректер қорының тiркелiмiне қосу үшiн ЖО-ға тапсырылуы қажет.
183. Электр желiлiк компания және әрбiр пайдаланушы кестелердiң жасалуы мен жабдыққа бірдейлендірілуі анық көрсетiлген жазбалардың жазылуын жүзеге асырады.
3-параграф. Қолданыстағы жабдық
184. Электр желiлiк компанияны қоса алғанда, учаскенің әрбiр субъектiсi басқа субъектiнiң сұрау салуы бойынша теңгерімдік тиесілік бөлігінің шекарасынан өз тарабында агрегаттар мен жабдықтардың толық бірдейлендірілуін ұсынуға мiндеттi.
185. Электржелiлiк компания мен әрбiр пайдаланушы теңгерімдік тиесілік бөлігінің шекарасынан өзнің тарабында орнатылған жабдықтарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес бірдейлендіру талаптарын сақтауды қамтамасыз етедi.
186. Қолданыстағы жабдықтарға өзгерiстер енгiзу. Теңгерімдік тиесілік бөлігінің шекарасында орнатылған қолданыстағы электр станцияларының агрегаттары мен желiлiк жабдықтарды бірдейлендіруді өзгерту үшiн электр желiлiк компания немесе пайдаланушы жоғарыда көрсетiлген ережелердi енгiзiлген өзгерiстерді көрсететін қажеттi түзетулерді енгiзе отырып қолданатын болады.
187. Өздерiнiң агрегаттары мен жабдықтарының бірдейлендірілуін өзгертетiн пайдаланушы мен электр желiлiк компания осы агрегаттар мен жабдықтарға жаңа кестешелер мен жазбалар жасайды.
5-тарау. Қауiпсiздiктi үйлестiру
188. Осы тарау басқа компаниялардың электрлiк құрылғыларымен электр желiлерi байланысқан жоғары кернеулi электр қондырғыларында жұмыстарды және/немесе сынақтарды жүргізу кезiнде қауiпсiздiк шараларын қолдану мен үйлестiру талаптарын белгiлейдi.
189. Тарау электр станцияларында немесе жоғары кернеулi электр қондырғыларында жұмыстарды және/немесе сынақтарды жүргізу кезiнде басқа электр қондырғыларынан қосылым нүктесiне дейiнгі қауiпсiздiк шараларын қабылдау талап етiлетiн қауiптi өндiрiстiк факторлардан қызметкерлердi қорғаудың негiзгi қағидаларын анықтайды.
190. Қауiпсiздiк жөнiндегi шаралар электр қондырғыларын бөлу және/немесе жерге ұштау талап етiлетiн жағдайда электр станцияларында және/немесе электр компаниялардың немесе тұтынушылардың жабдықтарында жұмыстарды және/немесе сынақтарды жүргізу кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн қажет.
191. Тараудың талаптары мынадай қатысушыларға қолданылады:
1) ЖО-ға;
2) электр желiлiк компанияларға;
3) 110 кВ-дан төмен кернеулi электр желiлерiне қосылған генераторлары бар ЭӨҰ-ға;
4) 6 кВ және одан жоғары желiге тiкелей қосылған электр энергиясын тұтынушыларға;
5) өлшеу аспаптарын жеткiзушiлерге;
6) осы бөлiмнiң тиiстi параграфтарына сай төмен вольтты желiлерге қосылғандарды қоса алғанда, егер бұл қажет болса, электр желiлiк компаниялар анықтайтын кез-келген басқа қатысушыларға қатысты.
192. Жоғары кернеулi жұмыстарға және/немесе сынақтарға қатысушы және Қазақстан БЭЖ-ге кiретiн барлық электр желілiк компаниялар мен тұтынушыларда жұмысшыларды қауiптi өндiрiстiк факторлардан қорғауға бағытталған сақтық шараларының жүйесi мен қауiпсiздiк ережелерi әзiрленуi тиіс. Барлық қолданылатын шаралар Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құжаттарының талаптарына сәйкес болуы тиiс.
193. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi электр желiлерi жабдығының немесе оған жалғанған электр қондырғыларындағы жұмысқа немесе сынақтарға қатысушылардың барлығының денсаулығы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қолданылатын тиiстi ұйымдастырушылық және техникалық iс-шараларды анықтауы керек. Бұл электр желiлiк компанияларға, сондай-ақ, осы бөлiмде анықталған тұтынушыларға қатысты.
194. Қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң бұл жүйесiне қажеттi жұмыс көлемi мен сынақтарды және қосылым нүктелерiндегi тиiстi сақтық шараларын сұрау және тiркеу ережелерi, сондай-ақ, қалыпты жұмыс жағдайларында талап етiлетiн хабарламалар мерзiмдерi кіруі тиіс.
195. Электр желiлерiне кiру шартына қол қойылғаннан кейiн алты айдың iшiнде, сондай-ақ, жаңа қосылым іске қосылғанға дейiн үш айдан кешiктiрілмей, әрбiр тұтынушы және әрбiр электр желiлiк компания өзiнiң қауiпсiздiк жөнiндегi iс-шараларының көшiрмесiн өздерімен қосылу нүктесi бар субъектiлерге беруi тиiс. Қосылымнан бұрын электр желiлiк компания ажырату мен жермен қосуға қатысты тұтынушылардың қауiпсiздiгi жөнiндегi бiрқатар iс-шараларды қарастырып, келiсiмге келуi керек. Көрсетiлген iс-шараларға тараптардың бiреуiнiң енгiзген кез-келген өзгерiсi мүдделi субъектiлерге тез арада хабарлануы тиiс. Бұл өзгерiс электр желiлiк компаниямен қаралып, келiсiлуi керек.
196. Егер қосылым нүктелерiнде байланысқан барлы мүдделi тараптар қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етудiң бiрдей рәсімін қолданса және бiрдей техника қауiпсiздiгi ережелерiн қолданса, құжаттар алмасу талап етiлмейді.
197. Пайдаланушылық шекарасы бар қосылым нүктелерiнде қандай қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету жүйесiн қолдануды мүдделi тұлғалар бiрлесiп шешедi. Кез келген жағдайда, қабылданған қауiпсiздiк жүйесi ұйымдастырушылық және техникалық iс шараларды қамтамасыз етедi:
1) жабдықтардағы немесе жоғары кернеулi электр қондырғыларындағы жұмыс және/немесе сынақ пайдаланушы шекараның екi тарабы бойынша да жүргiзiлуi керек;
2) егер басқа тараптың жүйесiн бөлу және/немесе жермен ұштау талап етiлетiн жағдайда.
198. Әрбiр электр желiлiк компания және әрбiр тұтынушы жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуi мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы кезiндегi үйлестiруге жауап беретін тұлғаларды тағайындауы тиiс. Олар басқа тұтынушыларды қозғайтын дер кезiндегi жөндеудi жүргiзу үшiн ауыстырып қосу, ажырату, жерге ұштау және желiге кiру шартына сәйкес құжаттарды шығару үдерістері кіретін тиiстi қауiпсiздiк шараларының қолданылуын қамтамасыз етуi тиiс. Тұтынушылар жауапты тұлғалар келгенге дейiн ауыстырып қосуды орындау үшiн жедел қызметкерлердi пайдалана алады. Жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуi үшiн жауапты тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершiлiкте болады.
199. Қазақстан БЭЖ-нің объектiлерiнде тек тиiстi түрде дайындалған және оқытылған тұлғалар ғана жұмыс қауiпсiздiгi үшiн жауаптылар болып тағайындалуға құқылы. Техника қауiпсiздiгi бойынша оқыту және жаттықтыру үзiлiссiз және көп деңгейлi болуы тиiс. Әрбiр электр желiлiк компания және тұтынушы аталған қызметкерлердiң дайындығын және оның техника қауiпсiздiгi бойынша бiлiмiнiң тексерiлуiн қамтамасыз етуi тиіс.
200. Қазақстан БЭЖ-нің объектiлерiндегi жоғары кернеулi электр қондырғыларында жұмыстар мен сынақтардың қауiпсiз жүргiзiлуiн ұйымдастыру қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
201. Қолданыстағы заңнаманың талаптарында белгіленген қауiпсiздiк шаралары әрбiр тұтынушы мен электр компаниялары iшiндегi жұмысты және/немесе сынақты, сондай-ақ, көп тарап әрекет ететiн жердегi қосу нүктелерiнiң екi жағы бойынша жұмысты және/немесе сынақты қамтуы тиiс.
202. Қауiпсiздiк шаралары ауыстырып қосу, бөлу, жермен қосу және жұмыстарды жүргізу жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ, жұмыстарға және/немесе сынақтарға жiберу мәселелерiн нақтылайды. Олар, сонымен қатар, жұмыстардың және/немесе сынақтардың аяқталуынан кейiнгi және жұмысқа дайындалғаннан соң жабдықты қосу операцияларын да нақтылайды.
203. Қосылым нүктелерiнде жұмыстарды және/немесе сынақтарды орындау үшiн тоқтатулар туралы келiсу үшiн екiншi тарапқа жазбаша өтiнiм қажеттi ажыратылудан кем дегенде екi апта бұрын берiлуi тиiс. Тоқтатудың жүзеге асуы үшiн өтiнiм екiншi тараптың техникалық жетекшiсiмен келiсiлуi қажет. Өтiнiм алынған соң бiр апта iшiнде оны алған тарап тоқтауға келiсуi немесе басқа мерзiм ұсынуы тиіс.
204. Жоғарыда көрсетiлген сақтық шараларын талап ететiн жоспардан тыс жұмыстар және/немесе сынақтар жағдайында қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету бойынша үйлестiрулер телефон арқылы одан ары қарай расталумен және мүдделi тараптардың барлығымен келiсiлген жағдайда қажеттi стандартты үлгi құжаттармен жүзеге асырылуы мүмкiн.
205. Әрбiр қосылым объектiлерi үшiн қауiпсiздiк жөнiндегi сұратушы жауапты тұлға дайындаған тиiстi құжаттар жасалуы мүмкiн. Онда жабдықтарды жөндеуге шығаруды қамтамасыз ететiн ауыстырып қосу, ажырату, жерге ұштау жұмыстары және жұмыстар мен/немесе сынақтар аяқталғаннан кейiнгі іс-әрекеттер кіретін қажеттi іс-әрекеттердің жүйелiлiгi көрсетiлуi тиiс.
206. Қауiпсiздiк жөнiндегi құжаттар жұмыстардың қауiпсiз өткiзiлуiне жауапты тұлғалар мен жұмыстардың қауiпсiз өткiзiлуiне жауапты орындаушы тұлғалар арасында келiсiлуi тиiс.
207. Барлық ауыстырып қосу жөнiндегi жұмыстар бөлу нүктелерi мен жерге қосу туралы келiсулер кіретін ауыстырып қосу бағдарламаларында немесе бланкiлерiнде көрсетiлген жүйелiлiкке сай жүргiзiлуi тиiс. Тиiстi жабдықтардың бастапқы схемасын қалпына келтiру үшiн жоғарыда көрсетiлген іс-әрекеттердің жүйелiлiгi керi тәртiпте жүргiзiледi.
208. Қосылым нүктелерiнiң екi жағында жұмыстарды және/немесе сынақтарды жүргізу үшiн қосымша қауіпсіздік шаралары қажет. Тараптар тиісті келісімді жасасуы және белгіленген тәртіппен қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстарды жүргізуі тиіс.
209. Тiзбекті немесе электр қондырғысын ажырату үшiн жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты тұлғалар ажыратуды қай жерде жүзеге асыру қажеттiгi туралы екi тараптан келiсiмге келедi. Бұл келiсiмге жазбаша түрде екi тараптан қол қойылады.
Ажыратуды жүзеге асыру орны туралы келiсiмге қол жеткiзiлмесе, жұмыстар атқарылмауы тиіс.
210. Ажыратуды жүзеге асыруды тараптар 209-тармаққа сәйкес сақтық шаралары туралы келiсiмге сәйкес жүргiзуге мiндеттi.
Тараптар бiр-бiрiне келiсiмдер бойынша ажыратудың орындалғанын және жоғары вольтты аппаратураның бірдейлендірілуін, ажырату тағайындалған қосылым нүктелерiне дейiн растауы тиiс. Растау мыналардан тұрады:
1) жоғары вольтты аппаратураны, әрбiр ажырату нүктелерi орындарының номенклатурасы мен нөмiрленуiн бірдейлендіру;
2) ажырату айырғыштармен немесе ажыратумен жүргiзiлдi ме;
3) айырғыштарды қолданған кезде коммутациялық аппаратураның жай-күйiн анықтау:
ажыратылған және бұғаттауға қойылған;
тиiстi тараптың қауiпсiздiк шараларына сәйкес келетiн сенiмдi тәсiлі қолдау табады және/немесе қамтамасыз етiледi.
4) көрiнер үзiк құрылған кезде ол қажеттiлiгiне қарай электр желiлiк компаниясымен немесе тұтынушылармен белгiленген әдiске сәйкес болуы және сүйемелденуi тиiс.
Ажыртудың орындалғаны туралы растауды екi тарап жазбаша түрде жүргiзедi.
211. Екi тараппен ажырату факторы расталғаннан кейiн жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты тұлғалар жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты жедел қызметкерлерге жерге ұштау орны туралы сұрау салады. Қажет боған жағдайда жерге ұштау алдын-ала келiсiлген орында орындалғанына растау берiледi. Растауды екi тарап жазбаша нысанда орындайды.
Егер жерге ұштау орны туралы келiсiмге қол жеткiзiлмесе, жұмыстар одан әрі жүргiзiлмейдi.
212. Жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты тұлғалар екi тараптан оны iске асыруы және оның табыспен орындалуын растауы тиiс.
Растау мыналардан тұрады:
1) жоғары вольтты аппаратураларды атау жолымен бірдейлендіру, оның номенклатурасы мен әрбiр жерге қосу нүктелерi және жерге қосу түрі бойынша нөмiрлеу немесе орындарын тағайындау;
пайдаланылатын құрылғыларға қатысты жерге қосу, бұл:
бұғаттау құрылғысымен қамтамасыз етiлген стационарлық жерге ұштау
құрылғысы;
тиiстi тараптың қауiпсiздiк ережелерiне сәйкес келетiн сенiмдi әдiспен расталады және/немесе қамтамасыз етiледi.
213. Жерге ұштау туралы растау туралы жазбаны екi тарап жүргізеді.
214. Жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуi үшiн жауапты тұлғалар қабылдайтын барлық іс-әрекеттер өзара келiсiлуi, бiр-бiрiне баяндалуы, ауызша расталуы тиiс және олар туралы тиiстi жазба жедел журналдарда жүргiзiлуi тиiс.
215. Екi тарап қауiпсiздiк жөнiндегi шаралар өткiзiлген қондырғыларды бірдейлендіруді келiсіп алулары қажет. Жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты тұлға толтыратын жүктелiм мына негiзгi талаптарға сәйкес болуы тиiс:
1) жазбалар анық болуы тиiс. Жүктелiмде қаламсаппен жазуға және түзетулер жасауға тыйым салынады;
2) нөмiрлеу электр желiлiк компанияның немесе тұтынушының қалауы бойынша;
3) күнін белгiлеу күнi-айы-жылы стандартты нысанда болуы тиiс;
4) жұмыс жүргізушінің фамилияларынан басқа электр қауiпсiздiгi жөніндегі қызметкердің фамилиясы және тобы жазылуы керек;
5) жүктелiмде электр қондырғысының диспетчерлік атауы көрсетiледi.
216. Тиiстi жұмысқа рұқсат беру жүктелiміне қол қойылғаннан кейiн, ауыстырып қосулар мен жұмыс орнын дайындау аяқталғаннан соң жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты уәкiлеттi тұлға жұмысты жүргізуге рұқсат етедi.
217. Жұмысты орындау жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты уәкiлеттi тұлға тарапының оның жоспары бойынша жүргiзiледi.
218. Жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты тұлға жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ететiн іс-шараларды орындаған кезде сынақтарды өткiзуге рұқсат бередi. Бұл ретте орындаушы тұлғалардан растау алынуы тиiс. Осы сынақтың қауiпсiз орындалуы жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыруды үйлестiрушi орындаушы тұлғалардан ешкiм жұмыс iстемейдi және басқа сынақтар жүргiзбейдi немесе сынақ өткiзуге келiсiлген электр қондырғысында немесе оқшауландырған учаске iшiндегi жабдықтарға берiлетiн сынақтарға кiрiсуге рұқсат алғандығын растау және сынақ аяқталғанша немесе тоқтатылғанша қандай да бiр рұқсат ала алмайды, ал сынақтардың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты уәкiлеттi тұлғалар жұмыстардың қауiпсiз орындалуына жауапты орындаушы тұлғаны аяқталғаны немесе тоқтатылғаны туралы және осымен талаптарды өзгерту туралы хабарландырмайды.
219. Сынақтың аяқталуы немесе тоқтатылуы бойынша оның қауiпсiз жүргiзiлуге жауапты уәкiлеттi тұлғалар жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты орындаушы тұлғаларға басқару құқығын қайтарады. Егер сынақ алдында жерге қосуды алып тастау және сосын жерге қосу тиiстi түрде қалпына келтiрiлмесе, бұны екi тарап жазбаша тiркейді.
220. Жұмыстар және/немесе сынақтар аяқталғаннан кейiн олардың орындалуына жауапты сұратушы тұлғалар олардың орындалуы үшiн жауапты орындаушы тұлғаларға тиiстi қауiпсiздiк шаралары бұдан былай талап етiлмейтiндiгi туралы хабарлайды.
221. Бұдан кейiн әрбiр жұмыстардың қауiпсiз орындалуына жауапты тұлға бұл фактiнi тiркелген сақтық шараларын қамтамасыз ету қажеттiлiгiн тоқтатуды растай отырып жазбаша белгiлеуi тиiс және осыған сәйкес оларды тоқтату бекiтiледi.
222. Коммутация жүйелiлiгi мен сақтық шараларын тоқтату жоғарыда көрсетiлгендей келiсiлген жоспарға сәйкес орындалады, ал әрбiр сатыны хабарлау және белгiлеу оларды қолдану кезiндегiдей орындалады.
223. Жұмыстардың қауiпсiз орындалуы үшiн жауапты тараптардың бiрде-бiрi жерге қосудың толық алынып тасталғаны туралы бiр-бiрiн сендiргенше сақтық шаралары бөлiгiн құраушы ажыратуды алып тастау туралы өкім бере алмайды.
224. Жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты орындаушы тұлғалардан жерге қосудың алынып тасталғаны туралы растау алынғаннан бастап тараптардың жұмыстардың қауiпсiз орындалуы үшiн жауапты орындаушы тұлға беретiн тараптың iшкi рәсімдерінің негiзiнде ажыратуларды алып тастауға кiрiсуге құқығы болады.
225. Қабылданған сақтық шаралары кез-келген себеппен тиiмсiз болған сәтте қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз етуге жауапты орындаушы тұлға бұл жайлы және болған жағдайдың себептерi туралы жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiне жауапты уәкiлеттi тұлғаны хабарландыруы қажет.
226. Қабылданған сақтық шаралары стандартты талаптарға сәйкес болуы және жұмыс орнының қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруi қажет.
Барлық тараптар жұмыс басталар алдында қызметкерлерге осы объектiдегi жұмыстардың ерекшелiгi туралы және болуы мүмкiн қауiптер туралы нұсқаунама жүргiзуi тиiс. Қажет кезде жеке қорғану құралдарын қарастырған жөн.
227. Жалғаным учаскелерінде жұмыстарды қауiпсiз орындау жөнiндегi тараптар басшылары мен бақылаушы ұйымдар өкiлдерiнің тексерулер жүргізуі үшiн барлық жағдайлар жасалуы қажет.
228. Электр желiлiк компания және тұтынушылар қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес жабдықтардың алдын ала сынақтарын қауiпсiз жүргiзудi қамтамасыз ететiн ұйымдастыру және техникалық шараларды орындау кестелерiн келiсуi және жазбаша түрде белгiлеуi қажет.
229. Электр желiлiк компаниялар мен тұтынушылар электр желiлерiнде немесе оған қосылған кез-келген басқа жүйеде болған барлық тиiстi пайдалану оқиғалары тiркелетiн, сондай-ақ, жұмыстар және/немесе сынақтар жүргiзу бойынша тиiстi сақтық шараларын үйлестiрін тиiстi құжаттар жүйесi болуы тиiс.
230. Электр желiлiк компаниялар мен тұтынушылар осы бөлiмге сәйкес қауiпсiздiк мәселелерiн үйлестiру үшiн қажеттi барлық құжаттарды оларға қатысты барлық хабарлаулардың хронологиялық жазбасын және жұмыстар/сынақтар өткiзу жөнiндегi қабылданған сақтық шараларының егжей-тегжейлі бөліктерін қоса алғанда, жүргiзуi қажет және оларды кем дегенде бес жыл сақтауы тиiс.
231. Электр желiлiк компаниялар мен тиiстi тұтынушылар бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлері үшін оларға жүктелген мiндеттердi орындау үшiн жеткiлiктi ақпаратпен қамтылған схемалармен алмасулары қажет.
232. Электр желiлiк компания қажет деп тапқан жерде қауiпсiз шаралардың жүзеге асырылуын сенiмдi бақылау жасау үшiн электр желiлiк компания мен тұтынушылар арасында тиiстi байланыс жүйесi орнатылуы қажет.
233. Электр желiлiк компания қауiпсiз шаралардың орындалуын қамтамасыз ету үшiн резервтiк немесе баламалық байланыс арнасы қажет деп шешкен жерде тиiстi тұтынушылармен қосымша байланыс құралдары келiсiлуi тиiс.
234. Электр желiлiк компания мен тиiстi тұтынушылар арасында тиiмдi үйлестiрудi қамтамасыз ету үшiн телефон нөмiрлерiн және шақыратындар тiзiмiн алмастыру жүргiзiлуi тиiс.
235. Қажет болған жағдайда электр желiлiк компания және тиiстi тұтынушы жедел қызметкерлердiң тиiстi өкілеттігіне сәйкес тәулiк бойы жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi тиiс.
6-тарау. Тоқтатулар мен техникалық қызмет көрсетуді үйлестiру
276. Бұл тарау мыналарды анықтайды:
-
өндiрушi қондырғыларды тоқтатуды үйлестiру мен шешу;
2) электр жеткізу желілері мен көліктік желінің электр жабдықтарының, өңірлік электр желілерінің, электр станцияларының, ҰЭТ-ке қосылған қосылған жабдықтар мен аппаратуралардың ажыратуларын үйлестіру және рұқсат беру;
3) көлiк желiсiне арналған электр жеткiзу желiсi мен электр жабдығын ажырату кестесiн әзiрлеу үшiн ЖО мен пайдаланушылар арасындағы ақпарат алмасу қажеттiлiгi;
4) өңірлік электр желісінің ажырату кестесiн әзiрлеу үшiн таратушы электр желiлiк компаниялар мен өңірлік электр желісін пайдаланушылар арасындағы ақпарат алмасу.
237. Тоқтатулар мен техникалық қызмет көрсетудi үйлестiрудің осы тарауы өндiрушi қондырғылардың, электр жеткiзу желiсi мен желiлiк жабдықтардың тоқтатуларын үйлестiру мен шешiм қабылдауды қамтамасыз ету үшiн арналған. Тоқтатуларды үйлестiру электр желісіне электр энергиясын жеткiзудiң сенiмдiлiгi мен сапасы жөнiндегi талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, қаншалықты электр желісіндегі шектеулердің саны мен оның салдарларын ең төменгi деңгейге жеткізу үшiн қажет.
238. Осы тараудың талаптары төмендегiдей қатысушыларға қолданылады:
1) ЖО;
2) ЭӨҰ
3) ӨЭК;
4) басқа да электр желiлiк компаниялар;
5) 110 кВ және одан жоғары кернеулi электр торабына тiкелей қосылған тағы басқа пайдаланушылар.
239. Тоқтатулар мен техникалық қызмет көрсетуді үйлестiру жөнiндегi осы тараудың мақсаттарының бiрi пайдаланушыларды электр желiсiн қауiпсiз және сенiмдi түрде пайдалану үшiн қажет ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы ақпараттың көлемi пайдаланушы объектiсiнiң мөлшерi, орналасуы мен сипатына және кез-келген кезеңде берiлген ақпарат бұрын берiлген мәлiметтердi қаншалықты растайтындығына байланысты.
240. Электр желiлiк компаниялар электр желiсiне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын техникалық қызмет көрсету, энергия өндіруші және бөлу жабдықтарын тексеру, жөндеу және ауыстыру жөнiндегi осы заманғы стандарттарға сәйкес жүргiзуi тиiс. Бұл стандарттар жоғары сапалы, сенiмдi және қауiпсiз пайдалануды қарастырады және электр энергиясын жеткізудің сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін оның құнын, жергiлiктi жағрафиялық және ауа райы жағдайларын, қолайлы нормативтерді, орындай алатын техникалық шешiмдерді қабылдау мен энергетиканың көп жылғы жинақталған жұмыс тәжiрибесiн есепке алады.
241. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесi оңтайлы еңбек пен материал шығындары бар электр желісі жабдығының сенiмдi және қауiпсiз жұмысын қолдауға арналған нормативтiк кезеңде және белгiлi бiр тәртiптi пайдалана отырып жұмысты орындауды қарастырады.
242. Орындалатын жұмыстарға мыналар кіруі тиiс:
1) жабдыққа техникалық қызмет көрсету;
2) жабдықтың жоспарлы алдын ала жөндеулерi.
243. Техникалық қызмет көрсету және электр желісі жабдығының жоспарлы алдын алу жөндеулерiнiң жүйесi әрбiр электр желiлiк компания мен пайдаланушы нормативтiк құжаттарға сәйкес және жергiлiктi жердің ерекшелiк жағдайларын есепке ала отырып ұйымдастырылуы тиiс.
244. 238-тармақта келтірілген қатысушылар техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ, электр желісінің жабдығын жаңғырту мен жаңартуды жүзеге асырады.
1-параграф. Энергия жеткiзу желiлерiне арналған жөндеу кезіндегі ажыратулар тәртiбi
245. ЖО ұлттық электр торабының электр жеткiзу желiсiнің жоспарлы ажыратуларын, ұлттық маңызы бар электр станциялардағы өндіруші қондырғыларды, ӨЭК пен электр жеткiзу торабына тiкелей жалғанған басқа пайдаланушыларды диспетчерлiк басқару тәсiлi бойынша ИВЛ жабдықтарын үлестiруге сәйкес келіседі. Өңірлік электр желісіне жалғанған өндiруші қондырғыларлардағы ЭӨҰ өзінің деректерін арнайы ӨЭК-ге ұсынады. Барлық электр энергетикалық жүйені пайдаланудың сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында барлық электр станциялары мен электр желiлiк компаниялары тоқтатуларының жылдық кестесiн үйлестiрудi жүзеге асыру аса маңызды.
Осындай жалпы мақсатқа қол жеткізу үшін ЖО мыналарды орындауы тиіс:
1) ұлттық және өңірлік желілік компанияларының электр жеткiзу желiлерін ажыратудың алдын-ала мерзiмiн, өндiретiн қондырғылар мен басқа пайдаланушыларға арнап жоспарланған тоқтатуларды қайта қарау және үйлестiру;
2) жұмыста болжамды шектеулердi ең төменгі деңгейге жеткiзуге көмек көрсету мақсатында өтiнiм берген тараптармен байланыс жасау;
3) тоқтатулардың жоспарланған кестелерін орындаудың неғұрлым оңтайлы режимдерін сақтау мақсатында жыл ішінде жоспарланған тоқтатулардың кестелерiне түзету енгізу жөнінде ұсыныс беру.
2-параграф. Мерзiмдер
246. Тоқтатулар мен техникалық қызмет көрсетудiң жылдық бағдарламасы тиісті пайдаланушыларды, жабдықтар пен аппаратураларды тоқтатудың жекелеген жылдық кестелерiнен тұрады. Оған сондай-ақ электр жеткiзу желiлері мен өңірлік электр желілерін ажырату кестесi кіреді.
Тиісті кестелердің ұсынылуы тиiс мерзiмдері төмендегi кестеде келтiрiлген:
Іс-қимыл
|
Күні
|
Кім орындайды
|
|
|
|
Электр жеткізу желілері мен желi жабдықтарын ажырату кестесiн ұсыну
|
(20 шілдеге дейін)
|
Диспетчерлік басқару тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын беруге сәйкес
|
Өндіруші қондырғылар мен электр станциялар жабдықтарын жөндеу кестесін ұсыну
|
(1 қазанға дейін
|
Диспетчерлік басқару тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын беруге сәйкес
|
Шекаралас мемлекеттердің диспетчерлік орталықтарымен ажыратуларды келісу
|
(15 желтоқсанға дейін
|
Диспетчерлік басқару тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын беруге сәйкес
|
Соңғы кестені бекіту
|
( 25 желтоқсанға дейін)
|
Диспетчерлік басқару тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын беруге сәйкес
|
Соңғы бекітілген кестені беру
|
(30 желтоқсанға дейін)
|
Диспетчерлік басқару тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын беруге сәйкес
|
Тоқтатылулардың бекітілген кестесін жүзеге асыруды бастау
|
(келесі жылдың 2 қаңтарынан бастап)
|
Диспетчерлік басқару тәсілі бойынша ИВЛ жабдықтарын беруге сәйкес
|
247. Жоспарланған жөндеудің жылдық кестесі электр желілік компаниялар ақпаратты бергеннен кейін екі кезең ішінде жасалады. Ең алдымен ЖО электр желісінің орнықты жұмысына әсерін тигізуі мүмкін электр жеткізу желілері мен электр желілік жабдықтарды ажыратудың қоса берілген кестесін қарайды. ЖО осындай ажыратуларды өткізуге арналған ұсыныстарды 30 маусымға дейін алуы тиіс.
248. Электр станцияларының негізгі жабдығын жөндеу кестесіне қатысты энергия көздерінен ақпаратты 1 қазанға жинап алғаннан кейін ЖО болжанылған жөндеулерді режимдік пысықтауды жүзеге асырады және ЖО ҰДО диспетчерінің жедел иелігіндегі Қазақстан БЭЖ-і электр станцияларының негізгі жабдығын жөндеудің жиынтықты жылдық кестесін жасайды. Осы кестені жасаудағы мақсат алдағы кезеңдегі электр станцияларының жұмыс қуатын есепке ала отырып, энергия жүйесіндегі электр энергиясы мен қуатының болжамдық теңгерімін жасау болып табылады. Кестеде электр станциялардағы негізгі жабдықтың күрделі және орташа жөндеулері ескеріледі. Осы кестені бекіту және беру электр желілері мен электр желілік жабдықты ажырату кестесіндегі мерзімде жүргізіледі.
249. ЖО кестенiң алғашқы бастаулық нұсқасын дайындау кезiнде қатысушы тараптардың арасында туындайтын кез-келген келіспеушіліктерді талдайды. Екiншi кезең электр станциясының өндiрушi қондырғылары мен электр станцияларының электр жабдықтарын тоқтатуға қатысты барлық ақпарат 1-қазанға дейiн жиналған соң өткiзiледi.
250. Аталған үдерiстiң соңғы кезеңi шектес мемлекеттермен келiсiлген ажыратуларының сәйкестендiрiлуi болып табылады. Бұдан кейін олар 15-желтоқсанға дейiн дейiн келiсіледі, ЖО ажыратудың түпкiлiктi бекiтiлген кестесiн 30-желтоқсанға дейiн бередi.
251. ЖО осы аталған кестені дайындау кезiнде барлық тараптардың талаптарын, сондай-ақ, ҰЭТ-ты дамыту жоспарының (ҰЭТДЖ) талаптарын қанағаттандыруы тиіс. ЖО ҰЭТ-ке техникалық қызмет көрсетуді және ажырату кестесiн жасау кезiнде алғашқы басымдылық болып табылатын электр энергиясы жеткiзiлiмiнiң сапалы және сенiмдi нормативiн сақтауды қамтамасыз етедi. Егер ЖО өзінің негіздемелі қорытындысының негізінде болжамды тоқтату электр энергиясының сенiмдi және/немесе сапалы жеткiзiлiмі нормативтерiнiң бұзылуына әкеп соғатынын анықтай алса, онда ЖО жағдайды түзету мақсатында ажыратудың ұсынылған кестесiне қажеттi өзгерiстердi енгiзедi. ЖО өзінің шешiмін қабылдау кезiнде барлық факторларды қарауға және Қазақстан Республикасы БЭЖ-нің басқа қатысушыларына кемсiтушілік танытпай, әдiл қызмет етуге мiндеттi.
252. Екінші, ЖО сенiмдiлiк пен сапа өлшемдерiн қамтамасыз еткеннен кейін - ажыратулар кезiнде болатын электр желiлерiндегi шектеулермен байланысты ең төменгі шығынға дейiнгi мәлiметке қол жеткізу болып табылады, ЭӨҰ, электр желiлерi компаниялары немесе басқа пайдаланушылар осы себептi тоқтатуларға деген олардың өтiнiмдерiндегi өзгерiстермен келiспеуi тиiс. Бiрақ олар Қазақстан БЭЖ-нің үнемді жұмысының мүдделігіне сүйене отырып, осы себептер бойынша ЖО-ға ұсынған ұсыныстарды қарауы тиiс.
253. Тоқтатуға ұсыныстарды беру кезiнде электр желiк компания немесе пайдаланушы мынадай ақпараттар негiзiнде өз кестелерiн ұсынады:
1) электр желiсi жабдығы мен аппаратураларды жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету талаптары;
2) пайдаланушының жабдығы мен аппаратураларын жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету талаптары, сондай-ақ электр желiсiне қосу үшiн пайдаланатын жабдықтар;
3) жабдық пен аппаратуралардың, өзара байланысты жабдық пен бұрынғы жөндеу жұмыстарының ақауларын тексерудің нақтылы техникалық жай-күйін талдау.
254. Мұндай өтiнiмге ең аз дегенде, мынадай ақпарат кіреді:
1) қарастырылып отырған жабдық пен электр жеткiзу желiсi құрылғысының диспетчерлiк атауы;
-
қарастырылып отырған өндіруші қондырғы және/немесе электр станциясы жабдығының атауы мен станциялық нөмiрi;
-
қарастырылып отырған таратушы жабдық пен аппаратуралардың диспетчерлiк атауы;
-
қарастырылып отырған энергия тұтынушының тікелей қосылған жабдығы мен аппаратураларының диспетчерлiк атауы;
-
қарастырылған қуат (МВт);
-
тоқтатудың талап етiлген ұзақтығы;
7) тоқтатудың басталуының артықшылық уақыты мен мерзiмi немесе, тоқтатудың басталу уақыты мен мерзiмiнiң шегi.
255. ЖО диспетчерлiк басқару тәсiлi бойынша ИВЛ жабдықтарын беруге сәйкес 31 тамызға дейiн электр жеткiзу желiсi мен желілік жабдықты ажырату ғана кіретін жөндеу жұмыстарының алдын ала жылдық жиынтық кестесiн жасайды. Алдын ала жасалған келiсiмге қол жеткізгеннен кейін ЖО диспетчерлiк басқару тәсiлi бойынша ИВЛ жабдықтарын үлестіруге сәйкес өндіруші қондырғылар мен электр станцияларды ажыратуды тоқтатулар кестесiне енгізгеннен кейiн және алдағы күнтiзбелiк жылға арналған мемлекетаралық желiнi ажыратуды келiскен соң тоқтатулардың алдын ала кестесiн жасау үшін оны одан әрі пысықтауды жүргiзедi. ЖО тоқтатудың алдын ала жылдық кестесiнiң тиісті бөлiгін ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 20 қазанынан кешiктiрмей, барлық электр желiсiн пайдаланушыларға ұсынуы тиiс. Алдын ала жасалған жылдық кесте мынадай кестелерге негiзделуi шарт:
1) пайдаланушылар мен электр желiсi компаниялары тоқтатуларының жылдық кестесi;
2) мемлекетаралық желіні ажыратудың жылдық кестесi;
3) осы Ережеге сәйкес жүктеменiң жылдық болжамы;
4) Қазақстан БЭЖ-не арналған сапа мен сенiмдiлiк нормативтерiнiң орындалуы;
5) шектеулердiң ең төменгі деңгейіне дейінгі мәліметі.
256. ЖО барлық электр желілік пайдаланушыларға алдағы күнтізбелік жылға арналған тоқтатудың қорытынды жиынтық кестесiнiң тиісті бөлiмiн ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 30-желтоқсанынан кешiктiрмей ұсынуы тиiс. Осы уақыт тәрiздi, тоқтатулардың қорытынды кестесінде көрсетiлген тоқтату уақыты барлық пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады және мынадай ерекше жағдайларда өзгертiле алады:
1) электр станцияларының қауiпсiздiгi мен өмір тіршілігіне төзiмдiлiгiне қатысты пайдаланудың қауiптi жағдайларында (өндірудің болжамды теңгерімсіздігі немесе басқа техникалық, экономикалық себептер және т.б.);
2) Қазақстан БЭЖ-і үшін болжамды жүктеме мен сенiмдiлiк пен сапа нормативтерiнiң орындалуын қанағаттандыру үшiн өндірудің жеткіліксіз қуаты болған жағдайда;
3) ЖО мен басқа тараптың арасында жеткiзiлетін өзара түсiнiктiк жағдайында;
4) Форс-мажор.
257. Жөндеу жұмыстарының бекiтiлген жылдық кестесiнiң үздiксiздiгi мен пәрмендiлiгiн қамтамасыз ету үшiн барлық тараптар алдағы айдың 5-нен кешіктірмей ЖО диспетчерінің басқаруындағы және иелігіндегі ӘЖ мен 1150-500 кВ желісінің электр желілік жабдықтарын, сондай-ақ іргелес мемлекеттердің диспетчерлік орталықтарының иелігіндегі 220 кВ ӘЖ желісі бойынша жөндеуге арналған өтінімді және алдағы жылдың ішінде кез келген уақытта басталуы жоспарланған қалған электр станцияларының ӘЖ-сын, электр желілік жабдығы мен жабдықтарын жөндеуге өтінімді алдағы айдың 15-нен кешіктірмей ұсынуы тиіс. Мұндай өтiнiмдерде тоқтату кезеңіндегі қуат теңгерімі аймақ бойынша көрсетiледi.
258. Өтiнiм мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс:
1) жүзеге асырылуы жоспарланатын жұмыстың және/немесе сынақтардың көлемi;
2) қажеттi алдын ала жұмыс;
3) барлық шарт бар деген растаулар және т.б.;
4) аталған жұмыстың және басқа тәуекелдердің орындалуы бойынша жобаның жоспары;
5) авариялар кезiнде қайта қалпына келтiру уақыты және жоспардың бар екендігін растау, егер бұл қолданылатын болса;
6) сапа мен қауiпсiздiк бақылауының барлық рәсімдерінің болғанын және болатындығын растау.
259. Бұдан кейін барлық тараптар жоспарлы тоқтатудың басталу уақытына ең аз дегенде жетi күн қалғанда тоқтату жөніндегі талаптарды растауы тиіс.
260. Жоспарланбаған тоқтату жағдайында ЖО мынадай басымдықты пайдалануы тиiс:
1) мәжбүрлi және авариялық тоқтатулар;
2) жоспарлы тоқтатулар;
3) жоспарлы жыл сайынғы тоқтатулардың кестесiне енбеген тоқтатулар, бiрақ олардың хабарлама мерзiмi 258-259-тармақтардың талаптарына сәйкес келедi;
4) жоспарлы жыл сайын тоқтатулардың кестесiне енбеген тоқтатулар, олардың хабарлама мерзiмi 258-259-тармақтардың талаптарына сәйкес келмейдi.
261. ЖО шешімінің жабдықтарды тоқтатуларға арналған өтінімдер бойыншаң мынадай басымдылығы болады:
-
жедел өтінімдер;
-
айлық өтінімдер;
-
жылдық кесте.
262. ЖО белгiлi бiр жағдайларда жүйедегi іркілістің салдарлары ретінде артық жүктемені туғызатын пайдаланушылармен тоқтатуларды келiсе алады. Тиісінше, ЖО-ға жүйенi басқару мүмкiндiгiн беру үшiн пайдаланушы жүйенiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi авариядан кейiнгi iс-әрекеттi келiсуі тиiс. Мұндай ережелер болмаған жағдайда ЖО тоқтатуларды жүргiзе алмайды.
263. ЖО тоқтатуды бұзу кезiнде түрлi тараптар әкелетiн едәуiр шығындардың мүмкін болатынын есепке ала отырып, жоспарлы тоқтатудың рұқсат етiлуiне арналған барлық шараларды алдын ала қабылдауы тиiс. ЖО тоқтатуды бұзу туралы шешiм қабылдау кезiнде аталған жағдайларды есепке ала отырып, электр желiлік компаниялар мен өзге пайдаланушылармен қаралатын басымдылықты талқылауы, олармен оңтайлы шешiмге келуi тиiс. Барлық жағдайларда түпкiлiктi шешiмдi ЖО қабылдайды.
264. Нақты немесе болжамды жүйе режимі ЖО жоспарлы тоқтатулар кестесiн экономикалық тұрғыдан мақсатты түрде өзгертудi дұрыс деп тапса, онда ЖО қалыптасқан жағдай туралы екiншi тарапты хабардар ету керек. Олар тоқтатудың ұзаққа созылуынан болатын салдарларды және тоқтатуды одан әрі жалғастыру немесе кейiнге қалдыру мәселелерін қарауы тиіс.
265. Жыл сайынғы тоқтатулардың түпкiлiктi кестесi шыққаннан соң кестенi өзгертуге ЭӨҰ, электр желілік компаниялары мен басқа пайдаланушылар сұрау салады. Мұндай сұрау салуларды ЖО қарайды, бiрақ егер ол шектеулермен байланысты электрмен жабдықтау сенiмдiлiгі мен (немесе) сапасының бұзылуына әкеп соқса, рұқсат берiлмейдi.
266. Мұндай сұрауларды қарау кезiнде ЖО қатысушы тараптармен реконфигурация жүйесi немесе басқа тоқтатулар бойынша жаңа келiссөздер өткiзу жолымен тоқтатуларды жүзеге асыруға тырысуы тиiс. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес ЖО төмендегілерді негізге ала отырып, электр желілерін, өндіруші және желілік жабдықты ажыратуға рұқсат етiлуiн немесе одан бас тартуын жүзеге асыруы тиiс:
1) ЖО жүйенің сенiмдi, қауiпсiз және үнемді пайдаланылуына сәйкес тоқтатуларға барлық сұрау салуды бекiту үшiн барлық күштi үйлестiреді және барлық күш-жігерін жұмсайды және электрмен жабдықтау стандарттарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық іс-әрекеттерді үйлестіруі тиіс;
2) ЖО кез келген жоспарланбаған тоқтатуларды немесе тоқтату режимінің өзгерiсiн қабылдамауы мүмкін, егер олар электрмен жабдықтаудың қауіпсіздігі мен стандарттарының сапасына және/немесе шектеу салдарының шығыстарына әсерін тигізбесе, егер мұндай тоқтаудан күтiлетін ұзақтық бiр жұмыс күнiнен асса.
3) ЖО кез келген жоспарланбаған тоқтатуларды немесе тоқтату режимінің өзгерісін қабылдамауы мүмкін, егер ЖО аталған тоқтату бойынша келiсiмнің шектеу салдарынан болатын шығыстарғаа әкелiп соғатынын анықтаса.
267. Бiрнеше айлар кезеңіне арналған тоқтатулардың бiрiктiрiлген кестесiн әзірлеу кешендi үдерiс болып табылады және бұдан кейін қандай да бiр кейінгі өзгерiстердi енгiзу қиын болады. Бұл, әсiресе, ең жоғарғы деңгейдегi тоқтатулар уақытында анық байқалады. Барлық тарап, мүмкiндiгiне қарай осы жылдық кестелер бекiтiлгеннен кейін тоқтатулар кестесiне өзгерiстер енгiзу талабын болдырмауы тиiс.
268. Энергия жүйесi қалыпты жеделдi режимдердің бұзылу мүмкiндiктерiне және өңірлік электр жеткiзу мен ҰЭТ жабдықтарының, сондай-ақ өндіруші қондырғылардың форс-мажорлық тоқтатуларының туындауына үнемi ұшырап отырады. Мұндай жағдайларда өте қысқа уақыт iшiндегi хабарлау кезiнде тоқтатуды бұзу немесе оның мерзiмдi ұзарту қажеттiлiгi туындауы мүмкiн, сонымен қатар элекрмен жабдықтау стандарттарының сапасы мен қауiпсiздiгi бойынша қандай да бiр ымыраға қол жеткізе алады.
269. Орын алған төтенше жағдайларда ЖО мынадай шараларды алдын ала қабылдайды:
1) жеткiзу жүйесiндегi кез келген тоқтатудың мерзiмін ұзарту немесе күшiн жою, егер, ЖО-ның пiкiрiнше, талап етiлген стандарттар бойынша Қазақстан БЭЖ-і жұмыс iстеуге тәуекел етсе. ЖО тоқтатуға тартылған барлық тарапты тез арада хабардар етiп, барлық тарапты қанағаттандыратын қысқа уақыт iшiнде кезектен тыс тоқтатулар бойынша шаралар қабылдауы тиiс;
2) жұмысты тоқтатуға және бiрлiктер немесе кәсiпорын жабдығының бiрлiгi бойынша жұмыстың қалыпты режиміне оралуға нұсқау беру, егер ЖО жөндеу жұмысының жалғасуы энергиямен жабдықтау сапасы мен қауіпсіздігі стандарттарының бұзылуына әкелiп соғады деп есептесе. Егер уақыт болса, ЖО барлық тартылған тараптармен осындай шешімдерді және мүмкiн болатын баламаларды талқылайды.
270. Барлық пайдаланушылар ЖО-ны электр желiсiнің кез келген элементiн мәжбүрлi тоқтатуы жөніндегі өзiнiң кез келген талабымен хабардар етуi тиiс.
271. ӨЭК-ның өздерінің өңірлік электр желiсiне әсерін тигізетін тоқтатулар жөнiндегі ұстанатын үдерiсі уақыт көлемі, ақпараттандыру мен жоспарлануы бойынша талаптарға салыстырмалы түрде ҰЭТ-ке әсер ететiн тоқтаулар жөнiндегi үдерiспен бірдей. 254-270-тармақтардағы қағидаттар өңірлік электр желілеріндегі тоқтатулар кестесiн жасауға тең жағдайда қолданылады.
7-тарау. Жүйелiк сынақтар
272. Бұл тарау тұтастай алғанда, Қазақстан БЭЖ-нiң, жекелеген электр желiлiк компаниялар мен желiнi пайдаланушылардың жұмысына әсер ететiн немесе әсер етуге қабiлеттi жүйелiк сынақтарды ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.
273. Егер электр желiлiк компания ұсынған жүйелiк сынақ басқа электр желiлiк компанияның электр желiсiне әсер етуге қабiлеттi деп саналса, осы компаниямен сынақтарды бiрлесе жүргiзу жөнiндегi шараларды келiсу қажет.
274. Осы тараудың мiндетi жүйелiк сынақтарды ұйымдастыру мен жүргiзу рәсімдерін қамтамасыз ету болып табылады, олар:
1) электр желiлiк компаниялардың қызметкерлерi мен пайдаланушылардың қауiпсiздiгiне қатер төндірмейді;
2) станциялардың және/немесе жабдықтардың жұмыс сенiмдiлiгiн төмендетпейді;
3) электр желiлiк компаниялар мен пайдаланушыларға зиян тигiзбейдi.
275. Бұл тарау сондай-ақ жүйелiк сынақтарды жүргiзу бағдарламаларын әзiрлеу, келiсу және бекiту кезiнде орындалуы қажеттi рәсімдерді белгiлейдi.
276. Бұл тарау мынадай қатысушыларға қатысты:
1) ЖО;
2) ӨЭК;
3) Өңірлік электр желісіне қосылған ЭӨҰ қоса алғанда, ЭӨҰ;
4) электр желiлiк компанияға қосылған жүйелiк сынақты орындайтын басқа электр желiлiк компаниялар;
5) 35 кВ және одан жоғары кернеулi желiге тiкелей қосылған тұтынушылар.
277. Жүйелiк сынақтар - Қазақстан БЭЖ-не немесе оның бөлiгiне үлгiленген немесе басқарылатын стандартсыз немесе төтенше әсерлердiң құрылуы жолымен жүргiзiлетiн сынақтар.
278. Жүйелiк сынақтарға мыналар кіреді, бiрақ төмендегілермен шектелмейдi:
1) энергия жүйелерін бiрiктiру нәтижесi;
2) жиiлiктiк сынақтарды жүргiзу кезiнде желiден пайдаланушылар жүктемесiн өшiру;
3) серпінді орнықтылық;
4) электр станциясын толық өшiрiлген күйiнен iске қосу.
279. Жүйелiк сынақтарға қабылдау-өткiзу тексерулерi немесе басқа шағын көлемдегі сынақтар кірмейді.
280. Жүйелiк сынақтар екi санатқа бөлiнедi:
1) электрмен жабдықтаудың сенiмдiлiгiне, қауiпсiздiгi мен сапасына әсер ете алатын немесе әсер етушi және ЖО-ның қатысуын талап ететiн жүйелiк сынақтар. Жүйелiк сынақтың осы түрiнiң рәсімі 282-305-тармақтарда белгiленген;
2) ӨЭК мен пайдаланушы немесе ӨЭК мен басқа ӨЭК орындайтын жүйелiк сынақтар, яғни, жергiлiктi таратушы жүйелерге жүйелiк сынақтардың әсерi шектелетiн болады. Сынақтардың осындай түрiне арналған рәсім 306-318-тармақтарда белгiленген.
281. Жүйелiк сынақтардың санаттарын анықтау.
Жүйелiк болып табылатын сынақты жүргiзудi талап етушi кез келген тарап тиiстi электр желiлiк компаниямен алдын ала келiссөздер жүргiзедi. Электр желiлiк компания ЖО-мен болған келiссөздерден соң оның сынақтарға қатысу қажеттiлігiн және жүйелiк сынақтың санатын анықтайды.
282. ЖО-ның, электр желiлiк компанияның және желiнi пайдаланушының қатысуы кіретін жүйелi сынақтар 283-305-тармақтарда көрсетiлген тәртiппен жүргiзiледi.
283. Сынақтарды жүргiзуге арналған ұйымдастыру іс-шараларының мерзiмдерi, мұнда Д-бұл жүйелiк сынақтың жүргiзiлетiн уақыты:
№
|
Іс-қимыл
|
Хабарлама кезеңі
|
Кіммен
|
1
|
ЖО-мен сынақ санатын келісу
|
Д –
6 ай
|
Пайдаланушымен/ Электржелілік компаниямен
|
2
|
Сынақ тобының үйлестірушісін тағайындау
|
Д –
1+2 апта
|
ЖО
|
3
|
Болжанылатын сынақ туралы хабарламаны жариялау
|
Д - 1+1 ай
|
ЖО
|
4
|
Хабарлама туралы толық ақпарат
|
Д - 3+2 апта
|
Пайдаланушылар
|
5
|
Сынау тобын жинақтау
|
Д - 4 ай
|
ЖО
|
6
|
Хабарлама дайындау
|
Д - 3 ай
|
Сынақ тобы
|
7
|
Жүйелі сынақтардың соңғы бекітілуі
|
Д – 2 ай
|
ЖО
|
8
|
Сынақ бағдарламасын дайындау
|
Д - 6 ай
|
Сынақ тобы
|
9
|
ЖО сынақ бағдарламасын бекітуі
|
Д - 1 ай
|
ЖО
|
10
|
Жүйелі сынақты орындау
|
Д
|
Барлығы
|
11
|
Есепті дайындау
|
Д+1 ай
|
ЖО/сынаққа бастама көтеруші
|
12
|
Есепті бекіту
|
Д+2 ай
|
ЖО
|
|
|
|
|
284. ЖО сынақты жүргiзудi өзi немесе пайдаланушы ұсынғанына қарамастан, жүйелiк сынақтардың ортақ үйлестiрушiсi болып табылады. ЖО осы аталған бөлiм ұсынған ақпаратты пайдаланады және ұсынылған жүйелiк сынаққа әсер ете алатын пайдаланушыларды анықтайды.
285. Сынақты үйлестiрушi - уәкiлеттi тұлға, ЖО-ны бастаманы көтерушімен сынақ жөнінде талқылағаннан кейін тағайындайды.
286. ЖО сынақтың болжамды мерзiмiне дейiн ары кеткенде бес ай iшiнде жүйелiк сынақты жүргiзу жайлы хабарлайды. Бұл хабарлама осы жүйелiк сынақпен қозғалған пайдаланушыларға ұсынылуы тиiс.
287. Хабарлама жазбаша түрде берiледi, онда ұсынылған жүйелiк сынақтың мәнi мен мақсаты және мынадай ақпарат қамтылуы тиiс:
1) сынақты үйлестiрушiсiнiң фамилиясы мен лауазымы;
2) жүйелiк сынақты ұсынушы ұйым (сынақ жөнінде бастама көтеруші);
3) ұсынылған жүйелiк сынақтың тақырыбы мен мақсаттары, сынақтарды жүргiзген кезде ЖО анықтаған пайдаланушылар жабдықтарының құрамы мен оның жай-күйi;
4) сынақ тобының құрамына кiру үшiн, тиiстi бiлiктiлiгi бар өкiлдi екi апта iшiнде анықтау үшiн әрбiр пайдаланушыға және уәкiлеттi органға шақыру жiберу.
288. Егер алушы үшін ұсынылған хабарламадағы қамтылған ақпарат жеткiлiксiз болса, олар қысқа уақыт аралығында ұсынылуы тиiс қосымша ақпарат жайында жазбаша өтiнiшпен ЖО-ға өтiніш білдіре алады.
289. Пайдаланушылар ұсынылған жүйелiк сынақ пен оның өткiзiлу уақыты жөнiндегі сұрақтарын немесе қарсылықтарын жазбаша түрде жiбере алады.
Қарсылықтар туындаған жағдайда ЖО мәселелер мен қарсылықтарды шешу жөнінде шаралар қабылдайды. Бұл ретте жүйелiк сынаққа дайындық жасауды жалғастырады. Егер пайдаланушының көтерген мәселесi қанағаттандыра алмаса, онда ЖО бұл жағдайда пайдаланушы оны жүйелiк сынақ бекiтiлгенге дейiн уәкiлеттi органмен шеше алады.
290. Егер сынақ жөнінде бастама көтеруші (ЖО немесе пайдаланушы) жүйелiк сынақты өткізу немесе бұзу мерзiмiн кейінге қалдыру туралы сұраса, жүйелiк сынақтың ортақ үйлестiрушiсi бұл жөнiнде тез арада хабардар болуы тиіс. Ол жүйелiк сынақтың белгiленген уақытта болмайтындығын растауы тиiс.
291. Сынақ тобын жасақтау үшiн ЖО-ға жөнелтiлген хабарламалардағы шақыруға жауаптар ЖО-ға оларды жөнелткен сәттен бастап екi апта уақыт iшiнде алынуы тиiс. Үмiткерлер тiзiмiн алған кезде ЖО сынақ тобын құруы және барлық мүдделi пайдаланушылар мен сынақ жөнінде бастама көтерушіге сынақ тобының тiзiмiн жариялауы тиiс.
292. Сынақ тобы оларды тағайындаған сәттен бастап екi апта уақыт iшiнде мынадай мәселелердi талқылауды жүргiзуi керек:
1) ұсынылатын жүйелiк сынақты өткізудің бағдарламасы мен мерзiмдерi;
2) ұсынылатын жүйелiк сынақты басқа сынақтармен және жүйелiк сынаққа байланысты туындауы мүмкiн схемалық-режимдік шаралармен бiрлестiру мүмкiндiгi;
3) ұсынылатын жүйелiк сынақты ЭӨҰ мен тұтынушылардың тәулiк кестесiне енгiзу;
4) сынақтың экономикалық және техникалық салдары.
293. ЖО сынақ тобына олардың жазбаша өтiнiшi бойынша сынақты өткізу кезiнде қаралуы қажеттi мүмкiн болатын салдарлар туралы деректер ұсынады.
294. Сынақ тобын үйлестiрушi қажеттiлiк бойынша шақырады.
295. Ұсынылатын жүйелiк сынаққа дейiнгi үш ай iшiнде сынақ тобы сынақ өткізуге тартылған ұйымдарға төмендегiдей мәлiметтермен хабарлама тапсырады:
1) жүйелiк сынақты өткізудің техникалық бағдарламасы;
2) шығындарды анықтау (күтпеген шығындарды қоса алғанда) және оларды тартылған тараптар арасына үлестiру;
3) сынақ тобы көрсету қажет деп есептейтiн басқа да мәселелер.
296. Сынақты жүргiзу туралы хабарламаға жүйелiк сынақты өткізуден туындаған залалды өтеу жөнiндегi талаптар кіреді. Жүйелiк сынақтың техникалық бағдарламасының барлық шаралары қолданыстағы құжаттарға сәйкес болуы қажет.
297. Жүйелiк сынақты өткізудің техникалық бағдарламасын уәкiлеттi ұйым бекiтедi. Бекiту үдерiсiне көмек көрсету мақсатында жоғарыда көрсетілген ақпарат ұсынылатын сынақ жайлы хабарлама мен сынақты өткізу жайлы хабарламаны қоса алғанда, жүйелік сынақты бастар алдында үш айдан кем емес уақыт iшiнде уәкілетті органға бекiту үшiн ұсынылуы қажет. Уәкілетті орган сұратып алатын кез келген қосымша ақпарат белгiленген тәртiппен ұсынылады. Ұсынылатын жүйелiк сынаққа дейiнгi екi ай iшiнде уәкiлеттi орган сынақты өткiзу не өткiзбеу жайлы шешiм шығаруы тиiс.
298. Уәкiлеттi орган техникалық бағдарламаны бекiткеннен кейін сынақ тобы жүйелiк сынақты өткізудің жұмыс бағдарламасын әзiрлеуi тиiс. Өткізу бағдарламасы сынақты өткізу жайлы хабарламада белгiленген факторларды ескеруi тиiс, сонымен қатар мыналарды қамтуы керек:
1) жабдықтарды ажырату жиiлiгi мен ұзақтығын қоса алғанда, жүйелiк сынақтарды өткізуге арналған операциялар;
2) қауiпсiздiк пен сенiмдiлiк шаралары;
3) жүйелiк сынақты өткізуді бақылау тәсiлi;
4) жүйелiк сынақты өткізуге қатысушы тұлғалар тiзiмi.
Жұмыс бағдарламасы сынақ өткіз жөнінде барлық тартылғандармен сынақ жүргiзiлетiн күнге дейiн 6 аптадан кешiктiрiлмей келiсiледi.
299. Барлық пайдаланушылардың сынақты өткiзудiң жұмыс бағдарламасын келiсу үшiн 1 апта уақыты бар.
300. Егер ұсынылатын жүйелiк сынақты өткiзетiн күнi жұмыс ахуалы қолайсыз болса, онда сынақ тобының кез келген мүшесi жүйелiк сынақтың басталуын бұзуға немесе үзуге ұсыныс бере алады.
Мынадай факторлар кейінге қалдыру немесе ауыстыру себептеріболып табылады, бірақ осымен шектелмейді:
1) қолайсыз ауа райы жағдайлары;
2) қуат тапшылығы;
3) энергиямен жабдықтауды бұзудың елеулі тәуекелi.
301. Ешбiр тараптың коммерциялық себептер бойынша бiр өзi жүйелiк сынақты кейiнге қалдыруға немесе болдырмауға құқығы жоқ.
Егер жүйелiк сынақ кейiнге қалдырылған жағдайда осы тарауға сәйкес басқа ыңғайлы уақыт пен мерзiм тағайындалуы тиіс.
Барлық жағдайларда жүйелiк сынақтар бекiтiлген жұмыс бағдарламасына сәйкес өткізілуі тиiс.
302. Жүйелiк сынақтың нәтижелерi бойынша ЖО сынақ жөнінде бастама көтерушімен бiрге сынақ аяқталғаннан кейін бiр айдың iшiнде жазбаша есептi дайындайды. Сынақтар тобы есепті бекiту үшiн оны уәкiлеттi ұйымға тапсырмас бұрын жүйелiк сынақ нәтижелерi туралы есепке қол қояды.
303. Осы есеп сынақ жүргізілетін энергия объектiсінiң сипаттамасын, сынақ нәтижелерiн, қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.
304. Бекiтiлген есеп iс-қимыл жасаушы тараптарға - сынақ тобының мүшелерiне ұсынылады. Есептi басқа субъектiлерге тапсыру, сондай-ақ оны кеңінен қолдану уәкiлеттi органның және мүдделi жақтардың келiсімі бойынша жүргiзiледi.
305. Жүйелiк сынақ жөніндегі есеп бекiтiлгеннен кейін сынақтар тобы таратылады.
306. Жүйелiк сынақтар ӨЭК мен пайдаланушы немесе ӨЭК мен басқа ӨЭК арасында және ЖО қатысуын талап етпестен, таратушы жүйелер үшін өткiзiледi. Тәртiбi төменде келтiрiлген.
307. Сынақтарды өткiзу мерзiмдерi, мұнда Д болатын жүйелiк сынақтың күнін бiлдiредi:
N
|
Іс-қимыл
|
Хабарлама кезеңі
|
Кіммен
|
1
|
Жүйелі сына санатын ЖО-мен келісу
|
Д - 6 апта
|
Пайдаланушымен/
ӨЭК
|
2
|
Сынақтарды үйлестірушілері мен топтың мүшелерін тағайындау
|
Д - 1+2 апта
|
Пайдаланушымен/
ӨЭК
|
3
|
Болжанылатын сынақты өткізу туралы хабарламаны шығару
|
Д - 1+1 ай
|
Сынақ үйлестірушісі
|
4
|
Жүйелі сынақты өткізу
|
Д
|
Пайдаланушымен/
ӨЭК
|
5
|
Есепті дайындау
|
Д+1 ай
|
Сынақ үйлестірушісі
|
6
|
Есепті бекіту
|
Д+2 ай
|
Пайдаланушымен/
ӨЭК
|
Достарыңызбен бөлісу: |