7-бөлiм. Жүйелi реттеу
$4. Жиiлiк пен электр энергиясының ағындарын реттеу
511. Бұл тарау Қазақстанның БЭЖ-де жиiлiк пен активтi қуатты реттеу рәсімдерін айқындайды.
512. БЭЖ-дегi жиiлiк ЖО мен көршiлес мемлекеттердiң операторлары арасында жасалған қатарлас жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi халықаралық шарттарға сәйкес сақталады.
513. Жиiлiктi реттеу кезiнде турбиналардың жылдамдық реттегiштерiнiң тез қимылы /30 сек./ есебiнен жүзеге асырылатын және негiзiнен жиiлiктiң авариялық ауытқуларына арналған бастапқы реттеу мен өндiрудiң қалыпты немесе авариядан кейінгі режимдерде автоматты түрде немесе қолымен баяу өзгерту есебiнен қайталама реттеу болып бөлінеді. Қазақстанның БЭЖ-нiң Ресейдің БЭЖ-мен бірге және Орталық Азияның БЭЖ-нен бөлек жұмыс істеуі кезiнде Қазақстан БЭЖ-дегi жиiлiк бiр немесе одан көп тәсiлмен реттеледi, атап айтқанда:
1) жиiлiк ауытқыған кезде екi бағытқа да қарай әрекет ететін генераторлардың автоматтық реттегiштерi;
2) орталықтандырылған диспетчерлендiруге жататын өндiрушi қондырғылардағы өндiрудi автоматтық басқару;
3) жүктеменi реттеу.
514. Осы бөлiмнiң мақсаты ЖО-ға мыналарды орындау бойынша ең жоғары мүмкiндік беру болып табылады:
1) жүйе жиiлiгiн осы ЭЖЕ-нің аталған тарауында келтiрiлген жиiлiк жөнiндегi стандарттарда талап етiлген деңгейiнде ұстап тұру.
2) күнделікті тәулiктiк кестеде жиiлiктi реттейтiн басқа мемлекеттiң энергетикалық компаниясымен келiсiлген қуаттың келiсiм-шарттық ағындарын ұстау.
515 (620). Осы бөлiм мыналарға қолданылады:
1) ТО
2) кернеуi 10кВ және 35кВ электр желiсiне қосылған, өндiрушi қондырғылары бар ЭӨҰ-ны қоса алғанда ЭӨҰ;
3) кернеуi 110кВ және одан жоғары электр желiсiне тiкелей қосылған жүктеме тұтынушыларына.
516. Қазақстанның БЭЖ жиiлiктi реттеу жөнiндегi стандарттарда белгiленген талаптар шеңберiнде жүйенiң жиiлiгiн қолдау үшiн жұмыс iстейдi. Осы талаптар жиiлiк пен қуат ағындарын реттеу жөнiндегi 3-қосымшада қоса берілген. Барлық стандарттарды сақтауға бағытталған бүкiл шаралардың қабылдануын ЖО қамтамасыз етедi. Сонымен бiрге Қазақстанның БЭЖ-де жұмыс iстейтiн барлық тараптар қойылған мiндетке қол жеткiзу мақсатында ЖО-ның берген өкiмдерiн орындайды.
Қазақстанның БЭЖ-нiң Ресейдің БЭЖ-мен бірге және Орталық Азияның БЭЖ-нен бөлек жұмыс режимінде осы Ереженің 3-қосымшасында келтiрiлген жиiлiктi реттеу стандарттары тек қана Қазақстанның БЭЖ-не жатады.
Ресейдің БЭЖ-мен және/немесе Орталық Азия БЭЖ-мен қатарлас жұмыс режимінде жиiлiк жиiлiктi реттеу шарттарына сәйкес сақталады.
517. Қазақстанның БЭЖ-нiң көтерме сауда нарығының әр қатысушысы тұтынудың (жиілік бойынша түзетумен), өндiрудің, сальдо-ағындарының берiлген диспетчерлiк тәулiктiк кестесiн орындауы тиiс және олардың сақталуын өз күшiмен және өз қаражаты есебiнен iске жүзеге асырады. Қалыпты режимде жиiлiктi немесе келiсiм-шарттық мемлекетаралық сальдо-ағынды қолдау ЭКС қатысушыларының сальдо-ағынының бекітілген тәулiктiк кестесін сақтауы арқылы жүзеге асырылады.
518. ЖО қалыпты режимде Қазақстанның БЭЖ-де немесе басқа мемлекеттердiң жиiлiкті реттейтін бiрлестiктерімен жиiлiктi немесе сальдо-ағынды реттеу жөнiнде қажеттi үйлестiрудi жүзеге асырады.
519. ЖО технологиялық бұзылыстар туындаған кезде олардың алдын алу мен жою жөнiндегi осы ережеге сәйкес барлық қажеттi шараларды қолдануы тиiс. ЖО-ның жиiлiк пен қуат ағындарын реттеу жөнiндегi осы бөлiмiне сәйкес ЭКС қатысушыларына берген нұсқаулықтары орындауға мiндеттi болып табылады.
520. ЖО техникалық талаптардың орындалуын бақылау үшiн ЭКС субъектiлерiне жүйелiк сынақты жүргiзуге құқылы. Жүйелiк сынақ пен тексеру осы Ереженің 4-бөлiмiне сәйкес ұйымдастырылады және жүргiзiледi.
521. Қазақстанның БЭЖ-дегi өндiрушi қуатты авариялық азайтқан кезде өндiрушi қондырғылары бар өндірушілерді, кернеуi 10кВ және 35кВ желiге қосылған жүктемені пайдаланушыларды қоса алғанда ЭӨҰ-ның жедел қызметкерлері кернеуi 35кВ және одан жоғары желiге тікелей қосумен Жо-ның үйлестіруімен мыналарды жүзеге асыруы тиіс:
1) ЖЭС-тегi айналмалы резервті және ГЭС-тегi резервтi жұмылдыру есебiнен оқшау жұмыс істеген кезде жиілікті немесе қатарлас жұмыс істеу шарттарына сай берілген сальдо-ағындарын қалпына келтiруi (соның iшiнде ЭҚР ПУЛы арқылы);
2) өндiрудi авариялық азайтқан электр стансасында станциясында немесе өзара резервтеу шарттары бар электр станцияларында салқын резервтi өрiстету (соның iшiнде ЭҚР ПУЛы арқылы);
3) өндiрудi авариялық азайтқан өндiрушi жүктемесiнiң тұтынушылары үшiн шектеу енгiзу. Шектеудi енгiзу шамасына қарай реттеуге тартылған ЖЭС пен ГЭС-тiң жүктемесiн босатуды жүргiзу.
Жиiлiкті немесе қуатты реттеу жөнiндегi қызметке жасалған шарты жоқ ЭКС қатысушыларының жұмыс режимі нормативтiк құжаттарда баяндалған талаптарға сәйкес айқындалады;
4) шектелген пайдаланушыларды электрмен жабдықтауды резервтiң өрiстеуi бойынша қалпына келтiру.
522. Жүйелiк сипаттамалар мен резервтерді электр энергиясын өндiрушiлер және басқа пайдаланушылар қамтамасыз етедi. Бұл қызметтi орталықтан ЖО үйлестiредi, ол жиілікті реттеу жөніндегі осы тарауда айқындалғандай Қазақстанның БЭЖ-інің жиiлiгiн реттеу жөнiндегi стандарттарға сәйкес жүйедегі жиiлiкті кез-келген уақытта қолдауды қамтамасыз ету үшiн қол жетімді резервтiң дәл мөлшерiнiң болуын қамтамасыз етеді.
523. Жүйелiк сипаттамалар мен резервтер:
1) жүктеменiң және/немесе өндiрушi қондырғының көлемiндегi өзгерiстердің салдарынан жүйедегi жиiлiктiң шамалы тұрақты өзгерiстерiне әрекет ету;
2) Электр энергиясын жалпы көлемде өндiру мен тұтынудың күрт өзгеруі салдарынан туындаған жүйедегi жиiлiктiң терең өзгерiстерiне қарай әрекет ету.
524. Жиiлiк сипаттамасы - жүйедегi жиiлiк өзгерiстерiне автоматты түрде әрекет ету. Ол бастапқы және қайталама болып бөлiнедi.
525. Жиiлiк сипаттамасы өндiру мен тұтынудың біртұтастығы қағидасына негiзделедi және барлық энергия жүйесінде қамтамасыз етiледi. Өндiрiлген және тұтынылған активтi қуат арасында теңгерім бұзылған кезде ортақ жүйеде қатарлас жұмыс iстейтiн, жиiлiктiң реттелуiн қамтамасыз ететiн бүкiл электр энергия өндiрушiлерi жаңа тепе-теңдiк теңгерімін жасауға қатысады.
526. Жиiлiк сипаттамасы жүйе жиiлiгiнiң азаюы немесе ұлғаюын тоқтату және оны берiлген деңгейде қалпына келтiру үшiн ортақ жүйедегi активтi қуат өндiрiмiнiң артуын немесе азаюын тез айқындайды. Жүйенiң берiлген деңгейi номиналды түрде 50 Гц-тi құруы тиіс, не болмаса ерекше жағдайларда бұл жиiлiк реттейтiн энергия жүйесі немесе ЖО жиiлiктi қалпына келтiруге өкiм беретiн өзге деңгей болады.
527. Жиiлiктi бастапқы реттеу электр станциясы турбиналарының айналу жылдамдығы реттегiштерiнiң әрекетi есебiнен атқарылады. Электр станциясының жиiлiктi бастапқы реттеуге қатысуы көп жағдайларда турбинаның айналу жылдамдығының реттегiшiн баптау режиміне байланысты. Электр станциялары турбинаның айналу жылдамдығын реттегiштiң жұмыс режимін ЖО-мен келiседі.
528. Бастапқы реттеу диапазоны - бұл қуаттың реттеу саласы, мұнда бастапқы реттегiштер жиiлiк ауытқыған кезде екi бағытқа қарай автоматты түрде шұғыл әрекет етеді. Бұл диапазон бастапқы реттеуге қатысатын турбиналардың номиналды қуатының 5%-нен кем болмауы тиiс.
529. Бастапқы реттеу үшiн арналған қуат резервi Қазақстанның БЭЖ электр станцияларының жалпы иелiк қуатының кем дегенде 2,5% құруы және мүмкіндігінше көп генераторлардың арасына таратылуы тиiс.
530. Бастапқы резервтiң жұмылдыру уақыты ЖО белгілеген, уәкiлеттi орган бекiткен талаптарға сәйкес болуы тиіс.
531. Турбиналардың айналу жылдамдығын реттеуіштердің статизмi 5%-дан аспауы, ал сезбеу дәрежесi ең төмен болуы және 0.2 Гц-тен аспауы тиiс.
532. Жиiлiк не қуат ағындарының сальдосын қайталама реттеу Қазақстанның БЭЖ-нiң шамалас-ықпалдасу қағидасы бойынша немесе қолмен жұмыс істейтін жиілік пен қуатты автоматты реттеуіштердің көмегімен асырылады.
533. Қайталама реттеу диапазоны - қайталама реттеуіш қуаттың реттеу диапазоны. Онда қайтарма реттеуіш (немесе диспетчер) автоматты түрде (не қолмен) қарастырылатын уақыт сәтінде жұмыс нүктесiнен екi бағытқа қарай әрекет ете алады.
Қайталама резерв - бұл жұмыс нүктесi мен қайталама реттеу диапазонының ең жоғары мәнi арасында орналасқан қайталама реттеу диапазонының оң бөлiгi.
Қазақстанның БЭЖ-дегi бұл резервтiң жиынтық көлемі ең iрi агрегаттың қуатынан немесе БЭЖ-дiң ағымдық тұтынуының 8%-на дейiн ауытқуынан төмен болмауы тиiс.
534. Қайталама реттеу белгіленген қуаттың толық жинағын (азаюын) 15 минутқа дейiн қамтамасыз етуi тиiс.
535. Қазақстанның БЭЖ-нiң жиiлiк сипаттамасы сынақ арқылы анықталады және мұндай деректер жоқ кезде статизм 4%-ға тең деп қабылданады.
536. Тұрақты резерв - жиiлiктi бастапқы және қайталама реттеу үшiн активтi қуаттың жеткiлiктi резервiн қалпына келтiруге кепілдік беретін генератор. Тұрақты резервтi қамтамасыз ететiн генераторды ЖО жасалған шарттарға сәйкес айқындайды. Тұрақты резервтi iске қосу мына жағдайларда автоматты түрде немесе қолмен жүзеге асырылады:
-
төтенше оқиға болып өткеннен кейiн бастапқы жиiлiк сипаттамасы және/немесе қайталама жиiлiк сипаттамасы өзгерген кезде, бұл қажетті жиiлiк сипаттамасын қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi;
-
күтпеген оқиға болған жағдайда қосалқы резерв ретiнде;
3) электр энергиясының үдемелi ысыраптары болатын жағдайға қосымша резервтi ұсыну.
537. Резерв резерв уақтында енгізілетіндей және бастапқы жиiлiк сипаттамасы мен/немесе қайталама жиiлiк сипаттамасын қалпына келтiру мүмкiндiгi болатындай белсендендірілген болуы тиiс.
538. Тұрақты резервте мыналар болады:
1) үндестірілген қондырғы;
2) тоқтап тұрған қондырғы;
3) үзiк жүктеме.
539. Үндестірілген қондырғы мына жағдайларда тұрақты резервтi қамтамасыз ете алады:
1) жүйеге үндестірілген, бiрақ бос жұмыс iстейтiн өндiрушi қондырғылар;
2) ең жоғары өндiрiлуiнен төмен қуатты өндіре отырып, жұмыс iстейтiн өндiрушi қондырғылар.
540. Тоқтап тұрған қондырғы резерв енгiзу талап етiлген уақыт шегiнде қамтамасыз етілетін жағдайда тұрақты резервтi қамтамасыз ете алады.
541. Тұтынушылардың қосымша жүктемелерін ажырату (үзiк жүктеме) тұрақты резервтi енгiзу жөнiндегi іс-шаралар ретiнде қолданылуы мүмкiн.
542. Резервтi қолдану мүмкiндiгi кем дегенде 4 сағат ішінде қамтамасыз етiлуi тиiс.
543. Орнын басу резервi - жұмысқа қосылған соң тұрақты резерв көлемін сақтау мақсатында үздiксiз жұмыс iстейтiн генераторлар. Орнын басу резервiн қамтамасыз ететiн электр станциялары ЖО-мен келiсiлген резервтi жұмылдыру мерзiмiнде жұмысқа дайын болуы мақсатында алдын ала анықталады. ЖО осы функцияны орындайтын электр станцияларында орнын басу резервiн уақтылы енгiзудi қамтамасыз етедi. ЭӨҰ ЖО-ны орнын басу резервтерiнiң көлемдерi туралы ақпаратпен қамтамасыз етуi тиiс.
544. Орнын басу резервiн енгiзу тез арада жүргiзiледi және мына жағдайларда қажет етiледi:
1) өндiрушi қондырғының iстен шығуы секiлдi ерекше жағдайлар;
2) бастапқы көзден қалпына келе алмайтын өндiрудiң ұзақ уақыт болмауы.
545. Орнын басатын резерв ұзақ мерзімді кезеңде талап етілетін жиілік сипаттамаларын қамтамасыз ететіндей тұрақты резервті сақтауға мүмкіндік береді.
546. Талап етілетін уақыт шегінде резервті енгізу қамтамасыз етілетін жағдайда орнын басатын резервте мыналар болуы мүмкін:
1) қызу резерв режиміндегі жылу электр станцияларындағы генераторлар;
2) су генераторлары.
547. Орнын басатын резерв 60 минту шегінде жұмысқа кірсуі және ең аз мерзімде толық қуатқа шығуы тиіс. Резервті ендіру себептерін жойғанға дейін айқындалмаған мерзімге орнын ауыстыру резервінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілеуі тиіс.
548. ЖО жиіліктің арту жағына қарай ауытқуы кезінде жиілікті қолдау үшін резервтің жеткіліктілігіне кепілдік беруі тиіс.
549. Жиілікті 50,5 Гц деңгейіне дейін артқан жағдайда барлық электр станциялары технологиялық шектеулер шегінде өндіруді азайтуға қатысуы тиіс.
550. Жоғары жиілік бойынша реттеуді қамтамасыз ететін электр станцияларын ЖО анықтайды.
551. Барлық гидроөндіру құрылғылары автоматты жиілікті-сезгіштік режимде жұмыс күйінде барлық уақытта және жылу электр станцияларының барлық өндіруші құрылғылары рұқсат етілетін шекте жүктемені өзгертуді қамтамасыз етуі тиіс. Ерекше жағдайларда ЖО жабдықтың техникалық ақаулықтары болған немесе орнықсыз жұмыс істеуі жағдайында өндіруші құрылғылардың жиілікті реттеуге қатыспауына уақытша рұқсат бере алады.
552. Өндіруші құрылғылардың қуатын өндірудегі өзгерістердің салдарынан жүйеде жиілік өзгерген жағдайда жиілікті реттеуге қатысатын электр станциясының операторы адамдардың өміріне немесе жабдықтың зақымдану қауіпін тудыратын жағдайларды қоспағанда, өндірудің артуына/төмендеуіне кедергі келтірмеуі тиіс.
553. Төменде келтірілген өндіруші құрылғыларға қойылатын талаптар, егер ЖО бұл талаптарды алып тастамаса, міндетті болып табылады және өз алдына ең аз деген талаптарды білдіреді.
Электр станциялары трубиналардың айналу жылдамдығының қалыпты енгізілген ретеуіштерімен жұмыс істеуі тиіс.
Электр станциялары трубиналардың айналу жылдамдығын реттеуіштердің жұмыс режимін ЖО-мен келісуі тиіс.
554. Трубиналардың айналу жылдамдығын реттеуіштердің статизмі 5%-дан аспауы тиіс.
555. Трубиналардың жылдамдығын реттеуіштердің сезбейтін аймағы - 0,2 Гц жоғары болмауы тиіс, бұл 0,04%-ды құрайды.
556. Жүктеме кестесін қадағалау жылдамдығы ЖО белгілеген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
557. Әр өндіретін құрылғының номиналды қуаттан 20% мөлшерінде шығуын үздіксіз өзгерте отырып, жиіліктегі адымдық өзгеріске қарай әрекет ету қабілеті болуы тиіс.
558. Қазақстанның БЭЖ-нің бөлігін оқшауланған жұмысқа бөлген жағдайда жоғарыда берілген талаптар энергия жүйесінің бөлінген бөлігі үшін күшін сақтайды. Алайда көп жағдайда барлық талаптардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Сол себепті осындай жағдайда ең бірінші кезектегі міндет БЭЖ бөлінген бөлігінің Қазқстанның БЭЖ-мен қатарлас жұмысын қалпына келтіру болып табылады.
559. Жиілік пен қуат ағындарын реттеу жөніндегі бөлімде сипатталған жиіліктерді реттеуге қойылатын барлық талаптар Қазқстанның БЭЖ-нің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Кейбір жағдайда аймақтар бойынша (аймақтық резерв) резервті орналастыруға деген қосымша қажеттіліктер болуы мүмкін. ЖО нарыққа қатысушы тарапынан негізделген талап қойылған жағдайда осы шешімді қабылдау жөнінде түсінік береді.
560. ЖО ЭКН қатысушыларынан олардың техникалық талаптарды орындауына қатысты ақпаратты сұратуға құқылы.
561. Жиілік пен қуатты реттеу жөніндегі қызметтің құны ЭКН қатысушылары арасындағы шарттар негізінде есептеледі.
12-тарау. Кернеуді бақылау
562. Кернеуді реттеу жөніндегі осы тарау кернеу мен реактивті қуатты реттеу бойынша техникалық жабдық пен кернеуді реттеуге қатысты талаптар мен өлшемдерді анықтайды.
563. Осы тараудың міндеттері мыналар болып табылады:
1) жеткізу уақытында ысыраптарды азайта отырып, кернеудің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ететіндей электр жеткізу желілеріндегі және пайдаланушылардың байланысқан жүйелеріндегі кернеу деңгейіне қол жеткізу жөніндегі қауымдастырылған талаптарды белгілеу;
2) электр желілік компаниялардың өздерінің өңірлік желілеріндегі тиісті кернеу деңгейлерін белгілеуі;
3) электр желісінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және тұтастығын сақтау;
4) электр желілерінің және пайдаланушының кәсіпорнына келген залалды жою;
5) пайдаланушылардың қосылу нүктелеріндегі кернеуді осы тарауда көрсетілген шеңберде қолдау.
564. Осы тарау мына тараптарға қолданылады:
1) ЖО;
2) электр желілік компаниялар;
3) ЭӨҰ;
4) тұтынушылар.
565. БЭЖ-дегі кернеуді бақылау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) тұтынушылардағы қажетті кернеу;
2) электр станциялары мен желілерінің жабдықтары үшін рұқсат етілетін мәндер шегіндегі кернеу деңгейі;
3) Қазақстанның БЭЖ электр станцияларының сенімді түрде қатарлас жұмыс істеуімен жүйенің орнықтылығы;
4) Қазақстанның БЭЖ жүйеаралық байланыстарының өткізу қабілеті;
5) Қазақстанның БЭЖ-дағы электр энергиясының ысырабын азайту.
566. ЖО электр жеткізудің ҰЭТ-дағы кернеудің оңтайлы деңгейін қолдауды қамтамасыз етуі, ал электр желілік компаниялар бұны өңірлік электр желілеріне қамтамасыз етуі тиіс.
567. БЭЖ-дегі кернеуді бақылау мына талаптарға сай болуы тиіс:
1) реактивтік қуат бойынша режим талаптарына сәйкестігі;
2) кернеуді қалыпты режимде реттеуді қамтамасыз ететіндей;
қысқаша тұйықталулар болған жағдайда кернеудің азайтылуын шектейтіндей
кернеуді серпінді реттеу үшін жеткілікті реактивті қуатты қамтамасыз ету;
3) статикалық және серпінді реактивті қуат резервтерін ұсыну.
568. Жабдықтың бүлінуін болдырмау және БЭЖ және пайдаланушылардың тұрақты түрде қатарлас жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кернеу деңгейлері БЭЖ қауіпсіздік және сапа стандарттарына сай болуы, сондай-ақ мына кестелерде көрсетілгендей рұқсат етілетін мәндер шеңберінде болуы тиіс.
Қазақстанның БЭЖ-ның анағұрлым көп жұмыс кернеулері
Номиналды кернеу
|
Анағұрлым жоғары жұмыс кернеуі
|
Кернеудің ең жоғарғы ауытқуы
|
1150кВ
|
1200кВ ең жоғ.
|
-
|
500кВ
|
525кВ ең жоғ.
|
-
|
220кВ
|
252кВ ең жоғ.
|
-
|
110кВ
|
126кВ ең жоғ.
|
-
|
35кВ
|
40,5кВ ең жоғ.
|
-
|
10кВ
|
12кВ Макс.
|
(- 10% + 10% дейін)
|
6кВ
|
7,2кВ ең жоғ.
|
(- 10% до + 10% дейін)
|
<1кВ
|
-
|
(- 10% до + 10% дейін)
|
Кестеде келтірілген кернеу деңгейлері Ресейдің БЭЖ РАҚ 1995ж.15.03. Ц-01-95(Э) және 1995ж.13.12. «Қазақстанэнерго» Ғылыми-техникалық кеңесі қабылдаған циркуляры негізде айқындалған.
Қалыпты және жөндеу режимдерінде Қазақстанның БЭЖ 500 кВ электр желілері жабдығындағы өнеркәсіптік жиілік кернеуін рұқсат етілетіндей арттыру
Кернеу амлитудасының ауытқу қысқалығы
|
1.0 мен 1.025 аралығ
|
1.025 пен 1.05 аралығы
|
1.05 пен 1.075 аралығы
|
U ең жоғ. қосымша
------------
U ең жоғ. жұмыс
|
(525кВ - 538кВ)
|
(538кВ - 551кВ)
|
(551кВ - 564кВ)
|
Көп емес бір жағдайдың рұқсат етілетін ұзақтығы
|
8 сағат
|
3 сағат
|
1 сағат
|
Бір жылда болатын жағдайлардың рұқсат етілетін саны
|
200 сл.
|
125 сл.
|
75 сл.
|
Екі, одан көп емес жағдайдың арасындағы интервал
|
|
12 сағат
|
|
БЭЖ-дегі 500-110кВ электр желілеріндегі жабдықтың өнеркәсіптік жиілігі кернеуін рұқсат етілетін деңгейге арттыру фаза-жер, ең кемі – фаза-фаза оқшаулау үшін) (мұнда екі көлем бар, авариялық режимдерде және ауыстырып-қосқан кезде Қазақстанды оқшаулау үшін арналған үлкен көлем)
Жабдық
|
Әрекет ету ұзақтығы кезінде кернеуді шектік арттыру, сек. (ең жоғары шектік жұмыс кернеуінен салыстырмалы бірлікте)
|
|
1200 сек
|
20 сек
|
1 сек
|
0.1 сек
|
Күштік трансформаторлар мен автотрансформаторлар
|
1.10
|
1.25
|
1.90
|
2.00
|
|
1.10
|
1.25
|
1.50
|
1.58
|
Шунтталатын реакторлар
|
1.15
|
1.35
|
2.00
|
2.08
|
электромагниттік
кернеу трансформаторлары
|
1.15
|
1.35
|
1.50
|
1.58
|
Коммутациялық
аппаратура,
сыйымдылықтық кернеу трансформаторлары,
|
1.15
|
1.60
|
2.20
|
2.40
|
Ток трансформаторлары, байланыс конденсатрлары мен шина тіректері
|
1.15
|
1.60
|
1.70
|
1.80
|
РВМГ түріндегі вентилдік разрядтауыштар
|
1.15
|
1.35
|
1.38
|
-
|
РВМГ түріндегі вентилдік разрядтауыштар
|
1.15
|
1.35
|
1.45
|
-
|
РВМГ-ІІ түріндегі вентилдік разрядтауыштар
|
1.15
|
1.35
|
1.70
|
-
|
вентилдік разрядтауыштар
|
1.15
|
1.35
|
1.38
|
-
|
569. Әр электр желілік компания өзінің қосалқы станцияларындағы кернеу деңгейін «Қазақстанның БЭЖ-нің анағұрлым көп жұмыс кернеуі» кестесі мен бекітілген кестеге сәйкес ұстап тұрады. Кернеу мына бірізділікпен кернеудің жоғары сыныбынан төменгі сыныбана дейінгі иерархиялық құрылым бойынша реттеледі: 1150, 500, 220, 110, 35, 10 кВ, 6 кВ и 0,4 кВ.
570. Ең жоғарғы мән негізгі жабдықтың техникалық сипаттамасы негізінде белгіленеді, ал ең төменгі мәндерді ЖО мен электр желілік компания БЭЖ-дің және барлық өндіруші құрылғылардың қатарлас орнықты жұмысын қамтамасыз ету шарттарына сүйене отырып, есептейді және белгілейді.
571. Энергия жүйелерінің бақылау нүктелеріндегі кернеуді кестеде берілген шектерде реттеуді диспетчерлік орталық энергия жүйесінде және оның жекелеген тораптарында реактивті қуаттың тиісті теңгерімдерін қолдау жолымен, электр желілеріндегі реактивті қуат ағындарын қайта бөлумен жүзеге асырады. Реактивті қуат ағындары электр станцияларының генераторларында және синхронды қарымталауыштарда белгіленген тез әрекет ететін автоматтық қоздыру реттеуіштерімен (АҚР), реакторлармен және АКР құрылғыларымен жабдықталған трансформаторлардағы және автотрансформаторлардағы автоматтық кернеу реттеуіштерімен реттеледі.
572. Кернеуді және реактивтік қуатты реттеудің негізгі мақсаттарының мынадай екі негізгі аспектілері бар:
1) активті қуаттың ең аз шығынына қол жеткізу үшін реактивті қуат ағынын шектеу;
2) жүйедегі кернеу деңгейін ұстап тұру және осылайша электр желісінің орнықты да қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін реактивті қуаттың қажетті теңгерімін қамтамасыз ету.
Өндірілген реактивті қуат пен тұтынылған реактивті қуат арасындағы теңгерім жүйенің техникалық және пайдалану сипаттамаларының шамасына қарай өңірлік деңгейде қамтамасыз етілуі тиіс.
573. ЖО қолдануы мүмкін кернеуді реттеу тәсілдеріне мыналар кіреді:
1) электр желісінің жабдығы:
трансформаторлардың анцапфтарын ауыстырып қосу;
желілерді коммутациялау;
реакторлар мен конденсаторларды коммутациялау;
реактивті қуаттың статикалық қарымталауышы (СҚ) синхронды қарымталауыштар (СҚ);
2) өндіретін жабдық: реактивті қуатты өндіру және тұтыну, өндіруші қондырғымен реактивті қуатты өндіру, өндіретін құрылғылардың трансформаторлары анцапфтарын ауыстырып қосу;
3) электр энергиясын тұтынушылардың жабдығы:
қуат коэфицентін түзету.
574. Кернеуді реттеу мақсаты реактивтік қуат ағындарын оңтайландыру болып табылады. Осы мақсатта кернеудің ұтымды деңгейі қамтамасыз етіледі. Бұған қол жеткізу стратегиясына мыналар кіреді:
1) қолмен реттеуді қолдана отырып, реттеуді үшінші реттеуге сәйкес оңтайландыру;
2) нақты уақыт режимінде операциялардан түскен деректер негізінде дербес зерттеулер мен шешімдер қабылдау.
575. Барлық өндіруші құрылғыларда автоматтық кернеу реттеуішімен (АКР) реттелетін, үндесіп жатқан кезде автоматтық режимде тұрақты жұмыс істейтін және пайдаланылатын қоздыру жүйесі болуы тиіс.
576. ЭӨҰ мынадай жағдайларда АКР істен шығара алады немесе оның әрекет етуін шектей алады:
1) қызметкердің және/немесе жабдықтың қауіпсіздігі үшін;
2) өндіретін құрылғының сенімділігін қамтамасыз ету үшін;
3) ЖО мен өндіруші арасында алдын ала келісілген электр энергиясын шектеу үшін.
577. Егер өндіруші құрылғы АКР-дың бақылауымен пайдаланылмайтын болса, ЖО өндіруші қондырғының жұмысына өндіруші құрылғыны ажыратқанға дейін нұсқалған стандарттар шеңберінде электр энергетикалық жүйелердің жұмысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті дәрежеде шектеу қоя алады.
578. Кернеуді және реактивті қуатты реттеу үш жеке түрге – бастапқы, қайталама және үшінші түрге бөлінуі мүмкін.
579. Кернеуді бастапқы реттеу – кернеу мен реактивті қуатты минутпен реттеу. Көп жағдайда реттеу арнаулы жабдықпен автоматты түрде жүзеге асырылады.
580. Кернеуді бастапқы реттеу АКЕ бар өндіруші қондырғымен, синхронды қарымталауыш ретінде әрекет ететін және статикалық реактивті қуат қарымталауышы (СРҚҚ), синхронды қарымталауыш (СҚ) сияқты қарымталаушы қондырғылармен басқарылатын өндіруші қондырғылар көмегімен жүзеге асырылады.
581. АКР бар өндіруші қондырғылардың кернеуді ажырату фактісі бойынша реактивті қуат өндірісін тез өзгерту мүмкіндігі бар.
582. Кернеуді бірлесе реттеу немесе реактивті қуаттты бөлу электр желілерінің арнаулы нүктелеріндегі кернеуді реттейтіндей кейбір электр станцияларында қолданылады. Бұл осы электр станциясының шеңберінде қатарлас жұмыс істейтін өндіруші қондырғылардың арасында реактивті қуатты оңтайлы жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл схемалар әдетте шиналардың тиісті жоғары вольттық жүйелеріндегі кернеу базасында жұмыс істейді.
583. ЭӨҰ-ға олардың өндіруші қондырғылары кернеуді бастапқы реттеу талаптарына сай болатындай, ал электр желілік компаниялардың басқарылатын қарымталаушы қондырғыларға қатысты ұқсас міндеттері болатындай талаптар қойылады.
584. Кернеуді қайталама реттеу бірнеше минут шегінде автоматты түрде іске асырылады. Кернеуді реттеу АКР баяу әрекет ететін қайталама кернеу реттеуішімен жүргізіледі.
585. Кернеуді үшінші рет реттеу кернеу мен реактивті қуатты реттеудің барлық құрылғыларының жұмысын үйлестіретіндей ЖО-ның нұсқаулығына сәйкес қолмен жұмыс істеу режимінде жүргізілуі мүмкін әрекеттерден тұрады. Кернеуді бастапқы реттеуді жүзеге асыру үшін қолданылатын тәсілдер шунттайтын реакторлармен, қарымталауыштармен және тармақтардың, трансформаторлар мен автотрансформаторлардың кернеуі бар ауыстырып-қосқыштармен бірге кернеуді қайталама реттеуді жүзеге асыру үшін қолданылады.
586. Үшінші рет реттеудің жалпы мақсаты бүкіл электр желісі бойынша реактивті қуат пен кернеудің қажетті деңгейлерін ұстап тұру болып табылады.
ЖО, ЭӨҰ және барлық электр желілік компаниялар олардың электр станцияларының кез-келген уақытта кернеуді үшінші рет реттеу туралы ереже талаптарына сай болуын қамтамасыз етуі тиіс.
587. Кернеу кестесін құруға нақты тұтыну мен өндіру бағасын қолданылатын ұзақ мерзімді оңтайландыру процесі кіреді. Бұл рәсім АКР кернеу реттеуіштерінің қауымдастырылған тетіктеріне қызмет көрсетумен, анцапфтардың, шунтталатын реакторлардың, конденсаторлардың ауыстырып-қосқыштарымен оңтайлы тағайыншама мен ережені анықтау үшін тұтастай да, жекелей де жүйені қамтиды.
588. Бұл рәсімнің нәтижесінде кернеуді қайталама реттеу мақсаты үшін реактивтік қуат резервін ұсынудың оңтайландырылған механизмі пайда болады.
589. ЖО ҰЭЖ-ға қатысты және электр желілік компания өңірлік электр желілеріне қатысты осы рәсімнің орындалуын қамтамасыз етеді.
590. Электр желісін электр желілік компаниялар мен ЖО оны үнемі ықтимал ысыраптардан қорғап тұратындай жоспарлайды және пайдаланады (төтенше жағдайларда электр желісі қуіпсіздіктің қалыпты стандарттарына жауап бермейтін режимде пайдаланыла алады. Бұған энергиямен жабдықтау жүйесінің барлық немесе бір бөлігінің ірі іркілісі болғаннан кейін қалпына келтіру уақытында туындаған оқиға кіреді).
591. Ықтимал оқиғалары бар жұмыстың негізгі элементі реактивтік қуат резервтері болып табылады.
592. ЖО қажетті көлемдегі кернеуді реттеу құралын пайдаланумен электр энергиясын тұтынудың ең көп және ең аз деңгейлері кезеңінде энергия жеткізу желісіндегі кернеудің рұқсат етілетін деңгейлерін қамтамасыз етеді.
593. ЖО электр желілік кәсіпорындар мен пайдаланушыларға нұсқаулықтар шығарады, онда мыналар регламенттеледі:
1) энергия өндіруші ұйымдар реактивті қуаттың реттелетін лимитіне қол жеткізбейінше реактивті қуатты өндіруге немесе тұтынуға арналған өндіргіш құрылғыны баптай отырып, кернеу деңгейін сақтап тұрады;
2) электр желісіне тікелей қосылған шунтталатын реакторлар мен қарымталауыштарды іске қосу;
3) трансформаторлар мен автотрансформаторлардың анцапфтарын ауыстыру;
4) синхронды және статикалық қарымталауыштар кернеуін пайдалану режимі мен деңгейінің өзгеруі.
594. ЖО әр 3 (үш) ай сайын мына ақпараттан тұратын кернеу кестесін жасайды:
1) бақылау пункттеріндегі кернеудің оңтайлы деңгейі;
2) кернеудің төмендеуінің авариялық шегі;
3) автотрансформаторлар мен трансформаторлар анцапфтарының орналасуы;
4) тұрақты іске қосылған реакторлардың саны;
5) коммутацияланатын реакторлардың саны;
6) БЭЖ-дің жұмыс режимі;
7) үндескен қарымталауыштар мен реактивті қуат қарымталауыштарының жұмыс режимі және кернеу тағайыншамасы;
8) сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерім үйлесімсіздігі болған жағдайда қолдану қажет болатын шаралар;
9) кернеу мен реактивті қуатты реттеуді жүзеге асыру жөніндегі басқа да кез-келген шаралар.
595. ЭӨҰ кернеу кестесіне сәйкес электр желілеріндегі өндіргіш қондырғылар мен электр станцияларының шиналарындағы кернеу деңгейін қолдауы тиіс. Бұл талап оның электр станцияларының техникалық мүмкіндіктері болатындай дәрежеде орындалуы тиіс.
596. Кернеудің рұқсат етілетін шектерінен кез-келген ауытқулар туралы жоғары тұрған диспетчерлік басқармаға хабарлау қажет.
597. Кернеуді реттеу үшін реактивті қуат беру туралы барлық ЭӨҰ-ға қойылатын талаптардан басқа қосымша реактивті қуатты ЖО қосымша қызмет көрсету шартының талаптарына сәйкес тұтынушыларға ұсынуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |