«Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»


Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру



бет3/15
Дата20.06.2016
өлшемі1.24 Mb.
#149650
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру

      125. Жұмыстар бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті ґнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 10-қосымшаға сәйкес конкурстық баға ұсынысын веб-порталға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.


      126. Тауарлар, қызметтер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті ґнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 10-қосымшаға сәйкес үздік техникалық ерекшелікке конкурстық баға ұсынысын веб-порталға конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      Егер бірнеше үздік техникалық ерекшеліктер анықталған жағдайда, тауарлар, қызметтер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті ґнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың электрондық нысанына 10-қосымшаға сәйкес осындай техникалық ерекшеліктердің біреуіне конкурстық баға ұсынысын веб-порталға береді.
      127. Егер тауарлардың, қызметтердің үздік техникалық ерекшелігі анықталмаған жағдайда, конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті ґнім беруші (конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың ажыратылмас бґлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке конкурстық баға ұсынысын береді.
      128. Техникалық ерекшелігі үздік деп танылмаған, конкурсқа қатысуға рұқсат берілген әлеуетті ґнім берушінің (конкурсқа қатысушының) Заңның 25-1-бабына сәйкес осы Қағидалардың 127-тармағында кґзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық баға ұсынысын беруге құқығы жоқ.
      129. Веб-портал конкурстық баға ұсынысын берген әлеуетті ґнім берушіге тиісті хабарлама жібергеннен кейін конкурстық баға ұсынысы қабылданған болып есептеледі.
      130. Әлеуетті ґнім берушілер берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәліметтер веб-порталда автоматты түрде тіркеледі.
      131. Әлеуетті ґнім берушінің конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда:
      1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болса;
      2) ол осы тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бґлінген сомадан асып түссе;
      3) конкурс қатысушысы бұдан бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берсе;
      4) конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 125 және 126-тармақтарында белгіленген мерзімнен кеш түссе, веб-портал әлеуетті ґнім берушінің конкурстық баға ұсынысын автоматты түрде кері қайтарады.
      132. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні және уақытта веб-портал конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалау мен салыстыруды жүргізеді:
      осы Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтік баға есептеледі және конкурсқа қатысушының демпингтік болып табылатын баға ұсынысы қабылданбайды;
      егер демпингтік бағасы бар конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейін конкурсқа қатысушылардың екі және одан асатын конкурстық баға ұсыныстары конкурсқа қатысқан жағдайда, оларға конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада кґрсетілген шартты жеңілдіктерді қолдану арқылы конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары анықталады;
      конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, неғұрлым аз шартты баға негізінде конкурс жеңімпазы анықталады;
      конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, кґрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі мол әлеуетті ґнім беруші жеңімпаз деп танылады. Шартты бағасы тең бірнеше әлеуетті ґнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған кезде конкурстық бағалық ұсыныстары басқа әлеуетті ґнім берушілерден ерте келіп түскен әлеуетті ґнім беруші жеңімпаз деп танылады.
      133. Конкурс қорытындысы туралы хаттама веб-порталда автоматты түрде тіркелген конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне және барлық әлеуетті ґнім берушілерге электрондық пошта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-портал осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады және жарияланады.

Конкурсқа қатысуға ґтінімнің демпингтік бағасын айқындау тәртібі

      134. Егер әлеуеттi ґнiм берушiнiң жұмыстарға арналған конкурсқа қатысу ґтiнiмiнiң бағасы техникалық-экономикалық негiздемеде (жобалау-сметалық құжаттаманы даярлау үшiн) және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк сараптамадан немесе Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық сараптамадан ґткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттамада кґрсетiлген бағадан бес пайыздан астам тґмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.


      Егер әлеуеттi ґнiм берушiнiң техникалық-экономикалық негiздемені және жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурсқа қатысу ґтiнiмiнiң бағасы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңнамасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік нормативтерге сәйкес тапсырыс беруші есептеген бағадан бес пайыздан астам тґмен болған жағдайда, ол демпингтiк болып танылады.
      135. Егер әлеуеттi ґнiм берушiнiң консультациялық қызметтерге арналған конкурсқа қатысу ґтiнiмiнiң бағасы конкурсқа қатысушылардың қабылданған конкурстық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан жетпiс пайыздан астам тґмен болған жағдайда, ол демпингтiк деп танылады.

Конкурсты ґтпеді деп тануға негiздемелер

      136. Конкурс мынадай жағдайларда:


      1) конкурсқа қатысуға берiлген ґтiнiмдер болмағанда;
      2) конкурсқа қатысуға екеуден кем ґтiнiм берiлгенде;
      3) конкурсқа қатысуға бiрде-бiр әлеуеттi ґнiм берушi жiберiлмесе;
      4) конкурсқа қатысуға бiр әлеуеттi ґнiм берушi жiберiлсе;
      5) конкурсқа қатысушылардың ұсынған конкурстық баға ұсыныстары болмағанда;
      6) конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары екеуден аз ұсынылса;
      7) Заңның 26-1-бабының 1-тармағында кґзделген жағдайларда конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары кері қайтарылғаннан кейін бағалауға және салыстыруға жататын конкурстық баға ұсыныстары екеуден кем болса;
      8) конкурстың жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса конкурс ґтпедi деп танылады.

3. Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен жүзеге асырылатын
тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтердi электрондық
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу

Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен жүзеге асырылатын
тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтердi электрондық
мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу туралы
хабарлау

      137. Ұйымдастырушы баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, веб-порталда баға ұсыныстарына сұрау салу тәсiлiмен ґткiзiлетiн электрондық мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтердi, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жариялайды.



Әлеуеттi ґнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын ұсынуы

      138. Әрбiр әлеуеттi ґнiм берушi бiр ғана баға ұсынысын бередi, ол мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасында кґзделген елеулі талаптарды сақтай отырып, оның тауарды жеткізу, жұмысты орындау, қызметті кґрсетуді жүзеге асыруға келісім беру нысаны болып табылады.


      139. Әлеуеттi ґнiм берушiнiң баға ұсынысында тауарларды жеткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi кґрсетуге байланысты барлық шығыстар кіреді.
      140. Әлеуеттi ґнiм берушi баға ұсынысын ұйымдастырушыға веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушының электрондық хабарландыруда кґрсеткен баға ұсыныстарын беру мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынады.
      141. Баға ұсыныстарын берген әлеуетті ґнiм берушiге веб-портал тиiстi хабарламаны автоматты түрде жiбергеннен кейiн баға ұсынысы қабылданды деп саналады.
      142. Әлеуеттi ґнiм берушiлер баға ұсыныстарын беру мерзімі біткенге дейін қажет болса берілген баға ұсынысын кері қайтарып алады және оларға ґзгерiстер енгiзеді.
      143. Мынадай жағдайларда:
      1) егер осы тауарларды (жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді) сатып алу үшiн бґлiнген сомадан артық болса;
      2) егер әлеуеттi ґнiм берушi бұрын осы лотқа баға ұсынысын берсе;
      3) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында кґзделген жағдайларда веб-порталдың әлеуеттi ґнiм берушiнiң баға ұсынысынан автоматты түрде бас тартуына жатады.
      144. Егер баға ұсыныстарын беру мерзімі ішінде әлеуетті ґнім берушілердің баға ұсынысы екеуден аз берілген болса, веб-портал мұндай мемлекеттік сатып алуды автоматты түрде ґтпеді деп таниды және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.

Баға ұсыныстарын салыстыру және баға ұсыныстарына сұрау салу
тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын
шығару

      145. Баға ұсыныстарын ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін веб-порталда баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу қорытындыларын автоматты түрде ашу және шығару жүргізіледі.


      146. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жеңімпазы деп ең тґмен баға ұсынысын берген әлеуетті ґнім беруші танылады.
      147. Бірнеше әлеуетті ґнім беруші ең тґмен баға ұсынысын берген жағдайда, ґзінің баға ұсынысы басқа әлеуетті ґнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын түскен әлеуетті ґнім беруші жеңімпаз деп танылады. Баға ұсыныстарын салыстыруды веб-порталда автоматты түрде жүргізіледі.
      148. Егер осы Қағидалардың 143-тармағында кґзделген негіздер бойынша баға ұсыныстарын веб-портал автоматты түрде қайтарғаннан кейін әлеуетті ґнім берушілердің баға ұсынысы екеуден аз қалған болса, онда мұндай мемлекеттік сатып алу ґтпеді деп танылады және ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды қайтадан жүзеге асырады.
      149. Баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шыққаннан кейін веб-портал оларды автоматты түрде жариялайды.
      150. Баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудың жарияланған қорытындыларында баға ұсыныстарына сұрату тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алудағы жеңiмпаз туралы, сондай-ақ жеңiмпаз ұсынғандай бағаны ұсынған әлеуеттi ґнiм берушi туралы не баға ұсынысы жеңiмпаз ұсынған бағадан кейiн ең тґменгi баға болып табылатын әлеуеттi ґнiм берушi туралы мәлiметтер қамтылады.

4. Бiр кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттiк сатып
алуды ґткiзу

      151. Бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру веб-порталда мынадай жүйелі шаралардың орындалуын қарастырады:


      1) мемлекеттік сатып алудың осы әдісін қолдану негіздемесімен бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы тапсырыс берушінің шешім қабылдауы;
      2) бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу мен ұйымдастыру үшін ұйымдастырушыны тапсырыс берушінің анықтауы;
      3) тауарларды жеткізу, жұмыстарлы орындау, қызметтерді кґрсету мерзімдері, орындары мен шарттарын, тґлеу мерзімі мен шарттарын анықтаумен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, кґрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктерін ұйымдастырушысы әзірлемесі Заңның 32-бабының 1) және 3) тармақтарында кґзделген жағдайда бір кґзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде;
      4) Ұйымдастырушының Заңның 33-бабының 1-тармағында кґзделген мәліметті қамтитын бір кґзден электрондық мемлекеттік сатып алу әдісімен қатысу туралы шақыруды веб-портал арқылы әлеуетті ґнім берушіге жіберуі;
      5) электрондық мемлекеттік сатып алулар бір кґзден сатып алу арқылы электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға оларға ұсынылатын баға негіздемесі, Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылған жағдайларды есепке алмағанда, ұйымдастырушының веб-портал арқылы ґнім берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарын қарастыру;
      6) веб порталда бір кґзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алу туралы хаттаманың жариялануы.
      152. Заңның 32-бабының 2) және 5) тармақшаларында кґзделген жағдайларда бір кґзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, ұйымдастырушының сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің әзірленуі және тапсырыс берушінің олардың техникалық ерекшеліктерін бекітуі талап етілмейді. Бұл жағдайда ґтілмеген деп танылған аукцион немесе конкурстың аукциондық немесе конкурстық құжаттамасының электрондық нысанында кґзделген оларды тґлеудің шарттары мен қызметтерді кґрсету, жұмыстарды орындау, тауарды жеткізудің мерзімі мен орны, және де шарттары, сатып алынатын тауарлар, жұмыстардың техникалық ерекшелігі қолданылады.
      153. Ұйымдастырушы, тапсырыс берушінің бiр кґзден алу тәсiлiмен электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруы туралы шешім қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күнi iшiнде веб-порталда тіркелген әлеуеттi ґнiм берушiге веб-портал арқылы бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді, сондай-ақ шақыруды осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес веб-порталда электрондық құжат түрінде орналастырады.
      Бiр кґзден алу (лоттар) тәсiлiмен электрондық мемлекеттік сатып алу осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес веб-порталда ресімделеді.
      Заңның 32-бабының 2) және 5) тармақтарында кґзделген жағдайларда бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде, Заңның 33-бабының 1-тармағында кґзделген шақыруда қамтылған мәліметтер, ґтпеген деп танылған аукцион немесе конкурстың аукциондық немесе конкурстық құжаттамасының электрондық нысанының шарттарына сәйкес болуға тиіс. Сонымен бірге, ґтпеген деп танылған аукцион немесе конкурстың аукциондық немесе конкурстық құжаттамасының электрондық нысанында кґзделген мерзімдердің тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету мерзімдерінен асуына жол беріледі, бірақ он бес күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
      154. Аукционға қатысуға ұсынылған ґтінімдер мен конкурсқа қатысуға ұсынылған ґтінімдер болмаған жағдайларда, ұйымдастырушы тапсырыс беруші айқындаған әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
      Бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және ґткізу кезінде аукционға қатысуға ұсынылған ґтінімдер мен конкурсқа қатысуға ұсынылған ґтінімдер болмаған жағдайларда ұйымдастырушы әлеуетті ґнім берушіні айқындайды және оған бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақыру жібереді.
      155. Заңның 35-9-бабының 1-тармақшасында және Заңның 16-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында кґзделген жағдайларда ұйымдастырушы аукцион немесе конкурсқа қатысқан әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ґткізетін және ұйымдастыратын кезде тапсырыс беруші Заңның 16-бабы 4-тармағының 2) тармақшасында және Заңның 35-9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында кґзделген жағдайларда аукционға немесе конкурсқа қатысқан әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      156. Заңның 16-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында кґзделген жағдайда, ұйымдастырушы Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны есептемегенде, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға сәйкес анағұрлым кґп шартты жеңілдігі бар әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      Заңның 16-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында кґзделген жағдайда, бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ґткізген және ұйымдастырған жағдайда тапсырыс беруші Заңның 6-бабының талаптарын бұзған тұлғаны есептемегенде, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамаға сәйкес анағұрлым кґп шартты жеңілдігі бар бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      157. Заңның 16-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында кґзделген жағдайларда, ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      Заңның 16-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында кґзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу кезінде тапсырыс беруші, конкурсқа жіберілген әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      158. Заңның 16-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында кґзделген жағдайларда, ұйымдастырушы конкурстық баға ұсынысы жалғыз болған конкурс қатысушысына бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      Заңның 16-бабы 4-тармағының 6) тармақшасында кґзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды ґткізу және ұйымдастыру кезінде тапсырыс беруші, конкурстық баға ұсынысы жалғыз болған конкурс қатысушысына бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      159. Заңның 16-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында кґзделген жағдайларда ұйымдастырушы, конкурстық баға ұсынысы жалғыз бас тартылмаған конкурс қатысушысына бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      Заңның 16-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында кґзделген жағдайларда бірыңғай ұйымдастырушымен мемлекеттік сатып алуды ґткізу және ұйымдастыру кезінде тапсырыс беруші, конкурстық баға ұсынысы жалғыз бас тартылмаған конкурс қатысушысына бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      160. Заңның 35-6-бабының 10-тармағында кґзделген жағдайларда, ұйымдастырушы аукционның қатысушысы деп танылған әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      Заңның 35-6-бабының 10-тармағында кґзделген жағдайларда тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ґткізу және ұйымдастыру кезінде аукционның қатысушысы деп танылған әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      161. Заңның 35-7-бабының 9-тармағында кґзделген жағдайларда ұйымдастырушы аукционның қатысушылары деп танылған әлеуетті ґнім берушілер арасынан айқындалған әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      Заңның 35-7-бабының 9-тармағында кґзделген жағдайларда тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ґткізу және ұйымдастыру кезінде, аукционның қатысушылары деп танылған әлеуетті ґнім берушілер арасынан әлеуетті ґнім берушіні анықтайды және оған бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      162. Заңның 35-8-бабының 6-тармағында кґзделген жағдайларда ұйымдастырушы баға туралы ұсынысы ең аз болып келетін әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алуларға қатысу туралы шақыру жібереді.
      Заңның 35-8-бабының 6-тармағында кґзделген жағдайларда тапсырыс беруші бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ґткізу және ұйымдастыру кезінде, баға туралы ұсынысы ең аз болып табылатын әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      163. Заңның 32-бабының 4) тармақшасында кґзделген жағдайларда ұйымдастырушы егер бірде бір әлеуетті ґнім беруші баға ұсыныстарын сұрату әдісімен мемлекеттік сатып алуға қатыспаған жағдайда, тапсырыс берушінің анықтаған әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      Екі әлеуетті ґнім берушіден кем емес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуды қабылдау кезінде ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысқан әлеуетті ґнім берушіге бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы шақыру жібереді.
      164. Шақыру жіберілген әлеуетті жабдықтаушы, ұйымдастырушымен белгіленген мерзімде, ал бірыңғай ұйымдастырушымен аукцион немесе конкурстық әдіспен мемлекеттік сатып алуды ґткізу және ұйымдастыру жағдайларында, қызметтерді кґрсету, жұмыстарды орындау, тауарларды жеткізу турады ұсынысты қабылдауға құқылы, немесе веб-портал арқылы бас тарта алады.
      165. Тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді кґрсету туралы ұсыныстарды қабылдаған жағдайда, әлеуетті ґнім беруші ұйымдастырушыға электронды құжатты веб-порталға жіберу арқылы сұратылған ақпаратты ұсынады.
      Әлеуетті ґнім беруші осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес бір кґзден сатып алу арқылы электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу туралы келісімді алады.
      Сонымен бірге бір кґзден сатып алу арқылы электрондық мемлекеттік сатып алулар бойынша әлеуетті ґнім берушінің баға ұсынысын әлеуетті ґнім беруші осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес ресімдейді.
      166. Үздік материалдар ішінен жұмыстарды орындау және (немесе) анағұрлым жақсы технологиялық шешімдер ұсынылған кезде, ждәне де анағұрлым функционалды және басқа ерекшеліктері бар тауарлар, жұмыстар мен қызметтер ұсынылса, ұйымдастырушымен ұсынылған техникалық ерекшелікке әлеуетті ґнім берушінің техникалық ерекшелігінің сәйкессіздігіне жол беріледі.
      167. Ұйымдастырушы әлеуетті ґнім берушінің сұратылған ақпаратты ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде веб-порталда бір кґзден сатып алу әдісімен осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес электрондық мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастарады және жариялайды.
      Бір кґзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды, егер болса сарапшының (сараптау комиссиясының мүшесі) ерекше пікірі қосылады.
      168. Бір кґзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алулар мына жағдайларда:
      1) егер әлеуетті ґнім беруші, электрондық мемлекеттік сатып алулар Заңның 32-бабы 4) тармақшасының негізінде жүзеге асырылған жағдайларды есепке алмағанда, біліктілік талаптарға сәйкес келмесе;
      2) егер әлеуетті ґнім беруші бір кґзден сатып алу әдісімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысудан бас тартса ґтпеді деп танылады.
      Егер бір кґзден алу тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу Қағидалардың осы тармағының негізінде ґткізілмеді деп танылған жағдайда, мемлекеттік сатып алу Заңда кґзделген тәсілдермен жүзеге асырылады.

5. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды,
кґрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу

Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын ұйымдастырушы мен тапсырыс
берушімен бір тұлға атынан шығатын, тауарларды, жұмыстарды,
кґрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастыру және жүргізу

      169. Аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді электрондық мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу веб-порталда мынадай дәйекті іс-шаралардың орындалуын кґздейді:


      1) осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында кґзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны, тапсырыс берушінің уәкілетті ґкілін айқындауы;
      2) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайды, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-тармағы 2) және 3) тармақшаларында кґзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің веб-портал арқылы веб-портал қатысушысы болып табылатын ұйымдастырушыға шақыру жіберуі;
      3) ұйымдастырушының аукциондық құжаттаманы қалыптастыруы, сондай-ақ қажет болғанда ұйымдастырушы сараптау комиссия тобының құрамын құруы не сарапшыны айқындауы және тапсырыс берушінің бекітуі;
      4) тапсырыс берушінің веб-портал арқылы аукциондық құжаттаманы бекітуі;
      5) ұйымдастырушының аукциондық комиссияның құрамын қалыптастыруы және веб-порталды пайдаланушылардың арасынан конкурстық аукциондық хатшысын айқындауы;
      6) ұйымдастырушының веб-порталда аукцион ґткізілетіні туралы хабарландыру жариялауы;
      7) веб-порталға қатысушы – әлеуетті ґнім берушілердің оны алу фактісін веб-порталда автоматты түрде тіркей отырып, аукциондық құжаттаманы алуы;
      8) ұйымдастырушының, осы Қағидалардың 205 және 206-тармақтарында кґзделген жағдайларда, оны алған әлеуетті ґнім берушілерге аукциондық құжаттаманың ережелерін веб-портал арқылы түсіндіруі;
      9) электрондық құжат нысанында берілетін аукционға қатысу ґтiнiмдердің бірінші және екінші бґліктерін веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
      10) ґтінімнің бірінші бґлігіндегі ґтінімді қамтамасыз етудің құпиялылығын сақтамастан веб-портал арқылы ашу;
      11) аукциондық комиссияның аукциондық құжаттама талаптарына сай әлеуеттi ґнiм берушiлердi анықтау, ал жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттiк сатып алған жағдайда, оларды аукционға қатысушы деп тану үшін ґтінімді қамтамасыз етуді қарауы;
      12) тауарды, жұмыстарды, кґрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, ґтiнiмiнің бірінші бґлігінде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшеліктерінің құпиялылығын сақтай отырып, веб-портал арқылы ашу;
      13) аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті ґнім берушілерді анықтау үшін тауарлардың техникалық ерекшелігін сараптау комиссиясының немесе сарапшының (егер болса) пікірін ескере отырып, аукциондық комиссияның веб-портал арқылы қарауы, және оларды аукцион қатысушысы деп тануы;
      14) вукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы қалыптастыру және веб-порталда жариялау;
      15) веб-портал арқылы аукцион ґткізу;
      16) аукционға қатысу ґтiнiмдерінің екінші бґлігінің құпиялылығын сақтай отырып, веб-портал арқылы аукциондық комиссияның қарауы;
      17) аукциондық құжаттамамен бекітілген біліктілік талаптарға сәйкес аукционға қатысуға әлеуетті ґнім берушілермен ґтінімді келтіру үшін жетіспейтін мәліметтер немесе құжаттар туралы ақпарат пен сәйкессіздік себебін кґрсете отырып аукциондық құжаттаманың талаптары мен біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті ґнім берушілер тізімін аукциондық комиссияның веб-портал арқылы анықтауы. Бұл анықтаманың нәтижелерін жариялау аукционға қатысуға ґтінімдердің екінші бґліктерін қараудың тиісті хаттамасында веб-порталда жүзеге асырылады;
      18) әлеуетті ґнім берушілер электрондық құжат нысанда беретін, аукциондық құжаттамада белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келтірілген аукционға қатысуға ґтінімдерді веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
      19) аукциондық комиссияның мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартты жасауға аукционның жеңімпазын анықтауы;
      20) веб-порталда қорытынды хаттамаларының қалыптастырылуы және жариялануы;
      21) тапсырыс беруші мен жеңімпаз арасында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу.
      Аукцион бір лотқа ґткізіледі, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша құндық мәндегі жылдық кґлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген тґрт мың еселенген айлық есептік кґрсеткіш мґлшерінен асатын тауарлар, жұмыстар, кґрсетілетін қызметтер аукционның мәні болып табылады.
      Егер тауарды (жұмысты, кґрсетілетін қызметті) жеткізудің (орындау, кґрсету) бірнеше орындары болса, лотта тауарды (жұмысты, кґрсетілетін қызметті) жеткізудің (орындау, кґрсету) бірнеше орындарын кґрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет