Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық конкурс
тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi ашу
38. Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдердi ашуды хатшы веб-портал арқылы жүргiзедi.
Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерiн ашуға қолжетiмдiлiктi веб-портал конкурстық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен өтiнiмдердi берудiң соңғы күнi мен уақыты басталғаннан конкурстық комиссия хатшысына автоматты түрде бередi.
39. Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерiн осы Қағидаларға сәйкес егер электрондық конкурсқа (лотқа) қатысуға бiр ғана өтiнiм электрондық конкурсқа (лотқа) берiлген жағдайда да ашылады және қаралады.
40. Электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдердi ашу хаттамасын хатшы веб-порталда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ашылған күнi жариялайды. Бұл ретте веб-порталда автоматты түрде тiркелген конкурстық комиссия мүшелерiне, әлеуеттi өнiм берушiлерге веб-портал хабарламаларды автоматты түрде жiбередi.
Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi
қарау, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру
41. Конкурстық комиссия веб-порталды пайдалана отырып, электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдердi қарайды және электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерiн ашқан күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды (конкурсқа қатысушы деп таниды).
42. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда конкурстық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және оны конкурстық комиссияның хатшысы веб-порталда автоматты түрде тiркелген барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта арқылы хабарлама жiбере отырып, веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi жариялайды.
Электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға олар болған кезде конкурстық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптау комиссия мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса берiледi.
43. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашқан күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей конкурстық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.
44. Конкурстық комиссия:
1) әлеуеттi өнiм берушiлердiң электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдерiн құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуiн қарайды;
2) құжаттардың толық тiзбесiн бермеген және (немесе) тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды берген әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды;
3) электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлерден электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратады;
4) электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдерiнде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында конкурстық комиссия тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда сұратып алады.
Конкурстық комиссияның сұрауларына және электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi. Электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, электрондық конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде берiлген құжаттарды ауыстыруға, ресiмделген құжаттарды тиiсiнше түзету жолымен сәйкес келтiруге бағытталған конкурстық комиссияның iс-әрекеттерi электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi электрондық конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру деп түсiндiрiледi;
5) бiлiктiлiк және өзге конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды және электрондық конкурсқа қатысушы деп таниды.
Банкроттық не тарату рәсiмiне қатысының болмауы бөлiгiнде әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн нақтылау мақсатында конкурстық комиссия банкроттық не тарату рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
45. Конкурстық комиссия мынадай:
1) банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
2) конкурстық комиссияға:
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қамтамасыз етуiн берген тұлғаны;
оған қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi электрондық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын;
банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз етудiң сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету оның пайдасына енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауынан көрiнiс табатын электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
3) электрондық конкурсқа (лотқа) бөлiнген соманың кемiнде бiр пайызы мөлшерiнде конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзген жағдайда енгiзiлген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi электрондық конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
46. Заңды тұлға болып табылатын (электрондық конкурсқа қатысушы болып танылған) әлеуеттi өнiм берушi егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушысы мынадай:
әлеуеттi өнiм берушi өз қызметiн Үлгiлiк жарғының негiзiнде жүзеге асыруын қоспағанда, қазақ және (немесе) орыс тiл(дер)iне аудармасымен заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының не сауда-саттық тiркелiмiнен заңдастырылған үзiндi көшiрменiң электрондық көшiрмесiн бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын (жарғыда құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) құрылтай құжаттарынан үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн не электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндiнiң қол қойылған және белгiленген тәртiппен мөрмен расталған электрондық көшiрмесiн бермеу;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде берiлген конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
тиiстi салық органының үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не электрондық конкурс жарияланған күннен кейiн берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң болуы туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәлiметтердiң болуы;
конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты оңалту рәсiмi жүргiзiлу жағдайын қоспағанда, банкроттық не тарату рәсiмiне жату негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) оның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi мынадай:
техникалық ерекшелiгiн бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi;
электрондық конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерлiкке (бiрлесiп орындауға) беруi;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi бермеу негiздемелерi бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берiлмейдi.
47. Жеке тұлға болып табылатын (электрондық конкурсқа қатысушы болып танылған), кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушi егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушысы мынадай:
әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы күнтiзбелiк жиырма күн iшiнде берiлген конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
электрондық конкурс жарияланған күннен кейiн берiлген тиiстi салық органының үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң болуы туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәлiметтердiң болуы;
конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес оларға қатысты оңалту рәсiмi жүргiзiлу жағдайын қоспағанда, банкроттау не тарату рәсiмiне жату негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) оның электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмi мынадай:
техникалық ерекшелiгiн бермеу;
әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру жағдайларын қоспағанда, конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi;
электрондық конкурста сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерге (бiрлесiп орындауға) беруi;
электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалар талаптарына сәйкес бермеу негiздемелерi бойынша конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
3) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса, электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берiлмейдi.
48. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгiлеген мерзiмде, бiрақ электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмдердi қарау мерзiмiнен кешiктiрмей:
1) өз құзыретiнiң шегiнде әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуi тұрғысынан қарайды және зерделейдi;
2) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi немесе сәйкес келмеуi туралы сараптама қорытындысын ресiмдейдi және оған қол қояды;
3) тиiсiнше ресiмделген сараптама қорытындысын конкурстық комиссия хатшысына бередi.
49. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пiкiрiн бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
50. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейiн конкурстық комиссияның хатшысы сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын веб-порталда жариялайды және веб-портал арқылы хабарламаларды конкурстық комиссияның барлық мүшелерiне таратады. Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып қарайды.
51. Конкурстық комиссия, электрондық конкурсқа қатысуға бiр өтiнiм берiлген жағдайларды қоспағанда, Заңның 17-бабының 4-тармағына және осы Қағидаларға сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм берген әрбiр әлеуеттi өнiм берушiге қолданылатын, конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдерге сәйкес шартты жеңiлдiктердi анықтайды.
Конкурстық комиссия, электрондық конкурсқа қатысуға бiр өтiнiм берiлген жағдайларды қоспағанда, электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмдердi бағалау және салыстыру үшiн конкурстық құжаттамада айтылған өлшемдердi ескередi және оларды электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдерге тең мөлшерде қолданады.
Әлеуеттi өнiм берушi осы өлшемдердi растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiге тиiстi шартты жеңiлдiктi қолданбайды. Шартты жеңiлдiктердi қолдану үшiн әлеуеттi өнiм берушi ұсынған талаптар мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа енгiзiледi.
52. Егер онда электрондық конкурсқа қатысуға берiлген өтiнiмнiң мәнiне нұқсан келтiрмей түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, электрондық конкурсқа қатысу өтiнiм конкурстық құжаттама талаптарына жауап бередi деп танылады.
53. Егер неғұрлым үздiк функционалдық және басқа сипаттамалары бар тауарлар ұсынылса, сондай-ақ неғұрлым үздiк технологиялық шешiмдер және (немесе) жұмыстар үздiк материалдардан жасалса, әлеуеттi өнiм берушiнiң техникалық ерекшелiгiнiң конкурстық құжаттамада көрсетiлген техникалық ерекшелiкке сәйкес келмеуiне жол берiледi.
54. Конкурсқа қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушi Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген негiздер бойынша электрондық конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (электрондық конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
55. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi электрондық конкурсқа қатысатын әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыс тәжiрибесiнiң болуы мәселесiн қараған кезде конкурстық комиссия осы электрондық конкурста сатып алынатын тауарларды беру, жұмыстарды орындау және қызметтердi көрсету нарығында ғана жұмыс тәжiрибесiн қарайды. Бұл ретте конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын әлеуеттi өнiм берушiнiң бiр жылдан бастап, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң нарықтағы жұмыс тәжiрибесiнiң әрбiр жылына нөл бүтiн оннан бес пайызы (0,5%), бiрақ бес пайыздан аспайтын мөлшерде шартты жеңiлдiк бередi. Жұмыс тәжiрибесi бiр жылға дейiн болған немесе ол болмаған жағдайда мұндай пайыз белгiленбейдi. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң шартты бағасына осы өлшемнiң жиынтық пайыздық әсерi бес пайыздан аспауы тиiс.
56. Конкурстық комиссия электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң сатып алынатын тауарларды пайдалану шығыстарының, техникалық қызмет көрсету мен жөндеудiң құны ең төменiн анықтайды және мүндай өтiнiмнiң бағасын екi пайызға шартты түрде азайтады. Электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң шартты бағасына осы өлшемнiң жиынтық пайыздық әсерi екi пайыздан аспауы тиiс.
57. Ұсынылатын тауарларды ерiктi сертификаттауды жүргiзудi растайтын құжат болған кезде отандық тауар өндiрушi үшiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес конкурстық комиссия екi пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
58. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер жөнiндегi мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментi жүйесiн сертификаттауды растайтын құжаты болған кезде конкурстық комиссия үш пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
59. Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер жөнiндегi мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес қоршаған орта басқармасының сапа менеджментi жүйесiн сертификаттауды растайтын құжаты болған кезде және (немесе) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес экологиялық таза өнiм стандартына сәйкестiгiн растайтын құжаты болған кезде конкурстық комиссия мұндай өтiнiмнiң бағасын екi пайызға шартты түрде азайтады.
60. Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарлардың ең үздiк функционалдық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм айқындалған кезде электрондық конкурсқа қатысуға мұндай өтiнiмнiң бағасын жарты пайызға (0,5%) шартты түрде азайтады.
61. Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарлардың ең үздiк техникалық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм айқындалған кезде электрондық конкурсқа қатысуға мұндай өтiнiмнiң бағасын жарты пайызға (0,5%) шартты түрде азайтады.
62. Конкурстық комиссия жеткiзiлетiн тауарлардың ең үздiк сапалық сипаттамалары бар электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм айқындалған кезде электрондық конкурсқа қатысуға мұндай өтiнiмнiң бағасын үш пайызға шартты түрде азайтады.
63. Жергiлiктi мазмұнның болуын қарау кезiнде конкурстық комиссия жергiлiктi мазмұнның әрбiр бiр пайызы үшiн электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмнiң шартты бағасын оннан бiр (0,1) пайызға азайтады.
Тауарда жергiлiктi мазмұнның болуы СТ-КZ нысанды тауардың шығуы туралы сертификатпен расталады.
Егер тауарлардың әлеуеттi өнiм берушiсi сатып алынатын тауардың отандық тауар өндiрушiсi болып табылған жағдайда, конкурстық комиссия мұндай әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа қатысу өтiнiмнiң бағасын жергiлiктi мазмұн болғаны үшiн он пайызға шартты түрде азайтады.
Жұмыстардың, қызметтердiң әлеуеттi өнiм берушiсiнiң жергiлiктi қамтуы жалпы еңбекақы қорынан және осы электрондық конкурс (лот) бойынша жұмыстарды, қызметтердi тiкелей де, сондай-ақ қосалқы мердiгерлiк шартын жасасу арқылы да мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау үшiн әлеуеттi өнiм берушi сатып алатын тауардың (тауарлардың) жалпы құнынан Қазақстан Республикасының резиденттерi жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу немесе толығымен өндiру өлшемдерiне сәйкес тауардың (тауарлардың) белгiленген қазақстандық шығу тегi үлесiнiң (үлестерiнiң) құнынан мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауға жұмылдырылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына еңбекақы төлеу құнының пайыздық мазмұны ретiнде анықталады.
64. Конкурстық комиссия отандық тауар өндiрушiге он пайыз мөлшерiнде, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушiге бес пайыз мөлшерiнде шартты жеңiлдiк бередi.
Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
65. Электрондық конкурсқа қатысуға рұқсат берiлген әлеуеттi өнiм берушi (электрондық конкурсқа қатысушы) конкурстық құжаттаманың электрондық нысанының 10-қосымшасына сәйкес конкурстық баға ұсынысын веб-порталға рұқсат беру туралы хаттама жарияланған сәттен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
66. Веб-портал конкурстық баға ұсынысын берген әлеуеттi өнiм берушiге тиiстi хабарлама жiбергеннен кейiн конкурстық баға ұсынысы қабылданған болып есептеледi.
67. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген конкурстық баға ұсыныстары туралы мәлiметтер мемлекеттiк сатып алу веб-порталында автоматты түрде тiркеледi.
68. Әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысы мынадай жағдайларда:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтiк болса;
2) ол осы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан асып түссе;
3) конкурс қатысушысы бұдан бұрын осы конкурс бойынша баға ұсынысын берсе;
4) конкурстық баға ұсынысы осы Қағидалардың 65-тармағында белгiленген мерзiмнен кеш түссе веб-портал әлеуеттi өнiм берушiнiң конкурстық баға ұсынысын автоматты түрде керi қайтарады.
69. Электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада белгiленген күнi және уақытта веб-портал электрондық конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын автоматты түрде бағалау мен салыстыруды жүргiзедi:
осы Қағидаларға сәйкес анықталатын демпингтiк баға есептеледi және электрондық конкурсқа қатысушының демпингтiк болып табылатын баға ұсынысы қабылданбайды;
егер демпингтiк бағасы бар конкурстық баға ұсыныстары қабылданбағаннан кейiн электрондық конкурсқа қатысушылардың екi және одан асатын конкурстық баға ұсыныстары электрондық конкурсқа қатысқан жағдайда, оларға электрондық конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада көрсетiлген шартты жеңiлдiктердi қолдану арқылы электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары анықталады;
электрондық конкурсқа қатысушылардың шартты бағалары салыстырылады, неғұрлым аз шартты баға негiзiнде электрондық конкурс жеңiмпазы анықталады;
конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушi жеңiмпаз деп танылады. Отандық тауар өндiрушiлердiң, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушiлердiң конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болған кезде электрондық конкурс мәнi болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжiрибесi мол отандық тауар өндiрушi, жұмыстарды, қызметтердi отандық жеткiзушi жеңiмпаз деп танылады.
70. Электрондық конкурс қорытындысы туралы хаттама веб-порталда автоматты түрде тiркелген конкурстық комиссияның барлық мүшелерiне және барлық әлеуеттi өнiм берушiлерге электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-портал осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырады және жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |