Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


Аукционға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге



бет8/10
Дата29.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#32699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Аукционға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге
қойылатын талаптар және әлеуеттi өнiм берушiлердiң
аукционға қатысуға өтiнiмдердi беруi

Аукционға қатысуға өтiнiм

      7. Аукционға қатысуға өтiнiм екi бөлiктен тұрады және осы АҚ-да көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды берудi жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) аукционға қатысуға үмiткер әлеуеттi өнiм берушiнiң келiсiм бiлдiру нысаны болып табылады.


      8. Аукционға қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiнiң ұйымдастырушыға беретiн өтiнiмiнiң бiрiншi бөлiгi мыналарды:
      1) тауарды мемлекеттiк сатып алу кезiнде тауардың (тауар белгiсiне, қызмет көрсету белгiсiне, фирмалық атауларын, тауардың шыққан жерiнiң атауы мен өндiрушiнiң атауын, сондай-ақ егер аукциондық құжаттамада сатып алынатын тауардың сұлбаларын, суреттерiн, сызбаларын, фотосуреттерiн және басқа да бейнелеулерiн беру туралы талап көзделген болса, онда аукционда қатысуға өтiнiм мұндай ақпаратты қамтуы тиiс) техникалық, сапалық және пайдалану, тауарды жеткiзу мерзiмiн және (немесе) оның көлемдерiн, тауарға қызмет көрсетуге сапа кепiлдiктерiнiң берiлуiн, тауарды пайдалануға шығатын шығыстарға сипаттамаларын сипаттай отырып, техникалық ерекшелiктi;
      2) аукционда қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету заңнамада белгiленген мөлшерде, мынадай:
      - банктiк кепiлдiк түрiнде, бұл ретте оның түпнұсқасы ұйымдастырушыға аукционда қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiне дейiн осы АҚ-ның 6-қосымшасына сәйкес ұсынады;
      - ұйымдастырушының банктiк шотында орналасқан кепiлдiк ақшалай жарнаны растайтын қағаз төлем құжатының электрондық көшiрмесi түрiнде;
      3) әлеуеттi өнiм берушiнiң жарғысына сәйкес электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмге қол қоюға сенiмхатсыз қол қою құқығы бар әлеуеттi өнiм берушiнiң бiрiншi басшысын қоспағанда, әлеуеттi өнiм берушiнiң мүдделерiн бiлдiретiн адамға (адамдарға) берiлетiн қағаз сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн қамтуы тиiс.
      9. Аукционға қатысуға ниет бiлдiрген әлеуеттi өнiм берушiнiң ұйымдастырушыға беретiн өтiнiмiнiң екiншi бөлiгi мыналарды:
      1) әлеуеттi өнiм берушi оның жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау ретiнде ұсынатын құжаттардың электрондық сандық қолтаңбамен расталған мынадай қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн:
      құқықтық қабiлеттiлiгiн (заңды тұлғалар үшiн), жеке тұлғалар үшiн азаматтық қабiлеттiлiгiн (кәсiпкерлiк субъектiсi ретiнде тiркелгенi туралы құжат, жеке басының куәлiгi) растайтын мынадай құжаттарды:
      заңды тұлғалар үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғыны;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, беруге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын лицензиялар және/немесе патенттер, куәлiктер, сертификаттар, дипломдар, басқа да құжаттар;
      заңды тұлғалар үшiн аукцион жарияланған күннен кейiн берiлген, акция ұстаушылар тiзiлiмiнен құрылтайшы құжаттардың (егер жарғыда құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтер қамтылмаған жағдайда) құрылтайшы немесе құрылтайшылар құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын үзiндi;
      төлем қабiлетiн растайтын құжаттарды:
      осы АҚ-ның 7-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсететiн банктiң немесе банк филиалының қолы мен мөрi бар әлеуеттi берушiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердегi, кредиттiк серiктестiктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгi жоспарына сәйкес банктiң немесе банк филиалының алдындағы мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша анықтама берiлген күннiң алдындағы үш айдан астам созылған мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы анықтама (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осы анықтама осындай банктердiң әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама аукцион жарияланған күннен кейiн берiлген болуы тиiс;
      аукциондық өтiнiмдердi ашу күнiнiң алдындағы бiр айдың iшiнде берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болуы туралы, үш айдан астам уақыттағы салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған кездегi жағдайларды қоспағанда) жоқтығы немесе бар екендiгi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасын;
      Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiммен бiрге жүргiзiлетiн мемлекеттiк сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрнеше резидент банктердiң банктiк кепiлдiктерi түрiнде шартты орындауды қамтамасыз ету беру арқылы төлем қабiлеттiлiгi туралы жалпы бiлiктiлiк талабына сәйкестiгiн растайды. Мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету әлеуеттi өнiм берушiлерге мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде АҚ-да белгiленген мерзiмге берiледi, оның түпнұсқасы электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiне дейiн берiледi.
      Әлеуеттi өнiм берушi қажет болған кезде өзiнiң, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн құжаттардың электрондық қағаз көшiрмелерiнiң бiреуiн:
      а) әлеуеттi өнiм берушiге (қосалқы мердiгерге, бiрлесiп орындаушыға) халықаралық рейтингтiк ұйымның рейтингi берiлгенiн растайтын құжатты;
      б) әлеуеттi өнiм берушiнiң (қосалқы мердiгердiң, бiрлесiп орындаушының) биржаның ресми листингiне енгiзiлгенi туралы қор не тауар биржасынан үзiндiнi;
      2) әлеуеттi өнiм берушiнiң және (немесе) оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушыларының) арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң және оның қосалқы мердiгерлерiнiң (бiрлесiп орындаушылардың) осы талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды көрсете отырып, арнайы бiлiктiлiк және өзге де талаптардың толық тiзбесiн қамтитын осы АҚ-ның 4, 5-қосымшаларына сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысу бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi;
      осы АҚ-ның 8-қосымшасына сәйкес аукционда сатып алудың мәнi болып табылатын жұмыстарды орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiнде бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi және әлеуеттi өнiм берушiнiң жұмыстар (құрылыстың құны), қызметтер көлемiнiң үштен екiсiнен астам жиынтығында қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) қосалқы мердiгерлiкке беруге тыйым салу шартын беру арқылы растайды.
      Егер әлеуеттi өнiм берушi жұмыстардың не көрсетiлетiн қызметтердiң қосалқы мердiгерлерiн (бiрлесiп орындаушыларды) тартуды көздеген жағдайда әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға тартылатын қосалқы мердiгерлердiң (бiрлесiп орындаушылардың) жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерiн ұсынуы тиiс.
      Аукциондық өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аукциондық өтiнiмдердi ашу күнiнен бастап, кемiнде күнтiзбелiк _____ күндi құрауы тиiс.

Аукционға қатысуға өтiнiмдi ресiмдеуге
қойылатын талаптар

      10. Аукционға қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында бередi.


      11. Аукционға қатысуға өтiнiмде қамтылатын қағаз құжаттардың электрондық көшiрмелерi дәл және анық болуы тиiс.
      12. Әлеуеттi өнiм берушi дайындаған электрондық конкурсқа қатысуға өтiнiм, сондай-ақ аукционға қатысуға өтiнiмге қатысты бүкiл хат-хабарлар мен құжаттар осы АҚ жасалған тiлде жасалады және берiледi. Әлеуеттi өнiм берушi беретiн сүйемелдеушi құжаттама мен баспа әдебиетi, егер оларға тиiстi бөлiмдерiнiң дәл (нотариалдық расталған) аудармасы аукционға қатысуға өтiнiмнiң тiлiнде қоса берiлу шартымен басқа тiлде жасалуы мүмкiн және бұл жағдайда аукционға қатысуға өтiнiмдi түсiндiру мақсатында мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жасалған құжаттар басымдыққа ие болады.

Аукционға қатысуға өтiнiмдi беру тәртiбi

      13. Аукционға қатысуға өтiнiмдi әлеуеттi өнiм берушi веб-порталды пайдалана отырып, ұйымдастырушыға электрондық құжат нысанында бередi.


      14. Әлеуеттi өнiм берушiлер берген аукционға қатысуға өтiнiмдер автоматты түрде веб-порталда электрондық өтiнiмдер журналында тiркеледi.
      15. Аукционға қатысуға өтiнiм берген өнiм берушiге тиiстi хабарламаны веб-порталмен автоматты түрде жiберген сәтте аукционға қатысуға берiлген өтiнiм қабылданған болып есептеледi.
      16. Әлеуеттi өнiм берушiнiң аукционға қатысуға берген өтiнiмi мынадай:
      1) егер әлеуеттi өнiм берушi бұрын осы аукционға қатысуға өтiнiм берген;
      2) аукционға қатысуға берiлген өтiнiм аукционға қатысуға берiлетiн өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен;
      3) Заңның 6-бабының 1-тармағының 3), 3-1), 3-2) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларында веб-порталдан автоматты түрде керi қайтарылады.

Аукционға қатысуға өтiнiмдердi өзгерту және
оларды керi қайтарып алу

      17. Әлеуеттi өнiм берушi өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi бiткенге дейiн өзi енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпастан, өзiнiң аукционға қатысуға өтiнiмiн кез келген уақытта веб-порталды пайдалана отырып, өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн.


      18. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қайтарып алу сияқты, оған өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
      19. Ұйымдастырушы қажет болған кезде, КҚ-мен белгiленген аукционға қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлерге олардың өтiнiмдерiнiң қолданылу мерзiмiн нақты уақыт кезеңiне ұзарту туралы сұрау салады. Әлеуеттi өнiм берушi аукционға қатысуға өтiнiмдердiң қолданылу мерзiмiн ұзартудан аукционға қатысуға оның өтiнiмдi қамтамасыз етуiн қайтару құқығын жоғалтпай, аукционға қатысуға берген өзiнiң өтiнiмiн керi қайтарып, бас тартуға құқылы.
      20. Әлеуеттi өнiм берушi, оның аукционға қатысуымен
байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптау комиссиясы (сарапшы) аукционның қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi көтермейдi.

4. Аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн ашу
және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру

      21. Аукциондық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiнiң күнi мен уақыты келген кезде аукциондық комиссияның хатшысына мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукционда қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн:


      1) өтiнiмдi қамтамасыз етудi;
      2) қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн ашуға рұқсатты құпиялылық сақтамастан автоматты түрде бередi.
      22. Аукциондық комиссияның өтiнiмдi қамтамасыз ету мен қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн олардың аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi тұрғысынан қарауы және анықтауы.
      23. Аукциондық комиссия мынадай:
      1) аукционға қатысуға өтiнiмдi банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
      2) аукциондық комиссияға:
      аукционға қатысуға өтiнiмдi берген тұлғаны;
      оған қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарлар, жұмыстар, қызметтердi аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауы;
      аукционға қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
      пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
      3) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
      4) аукционға қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудi және/немесе қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудi және/немесе қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
      24. Аукциондық комиссия өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз ету мен қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiнiң аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi туралы шешiм қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылық сақтай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн ашуға рұқсатты автоматты түрде бередi.
      25. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi ашқан күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей аукциондық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) осы Қағидалардың 126-тармағында көрсетiлген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.
      26. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгiлеген мерзiмде, бiрақ аукционға қатысу өтiнiмдердi қарау мерзiмiнен кешiктiрмей:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуi тұрғысынан қарайды және зерделейдi;
      2) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi немесе сәйкес келмеуi туралы сараптама қорытындысын ресiмдейдi және оған қол қояды;
      3) тиiсiнше ресiмделген сараптама қорытындысын аукциондық комиссия хатшысына бередi.
      27. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пiкiрiн бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
      28. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейiн аукциондық комиссия хабарламаларды аукциондық комиссия төрағасына және мүшелерiне автоматты түрде тарата отырып, веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды.
      Аукциондық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн қарастырады.
      29. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң бiрiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      30. Аукциондық комиссия мынадай:
      1) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
      2) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
      3) аукциондық комиссияға:
      аукционға қатысуға өтiнiмдi берген тұлғаны;
      оған қатысу үшiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн аукционның атауы;
      аукционға қатысу өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
      пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
      4) егер аукцион мәнi тауар болып табылатын болса, техникалық ерекшелiктердiң ұсынылмауы;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру, сондай-ақ неғұрлым үздiк технологиялық шешiмдер және (немесе) егер аукцион мәнi тауар болып табылатын болса жұмыстардың үздiк материалдардан орындалуы жағдайларын қоспағанда, аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi жағдайларында өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiн аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес деп таниды.
      31. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн қарайды және мемлекеттiк сатып алу кезiнде аукционға қатысуға өтiнiмдер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешiмдi қабылдайды.
      Егер аукцион мәнi тауар, қызмет болып табылатын болса, онда аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiн қарайды және аукционға қатысуға өтiнiмдер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешiмдi қабылдайды.
      32. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тiркелген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi жариялайды.
      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға олар болған кезде аукциондық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса берiледi.
      33. Аукционға қатысуға бiр өтiнiм ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес, аукционға қатысуға өтiнiмнiң екi бөлiгi де ашылады және қаралады.

5. Аукционды өткiзу

      34. Аукционға қатысуға рұқсат берiлген әлеуеттi өнiм берушiлер (электрондық конкурсқа қатысушылар) аукциондық баға ұсыныстарын (АБҰ) веб-порталды пайдалана отырып, бередi.


      35. Отандық әлеуеттi өнiм берушiлердiң АБҰ теңгемен берiлуге тиiс.
      36. Ұлттық валютада берiлмеген АБҰ-н Қазақстан Республикасының валютасына – аукциондық сауда-саттық өткiзiлген күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша теңгеге веб-портал автоматты түрде қайта есептейдi.
      37. Аукцион мемлекеттiк сатып алу веб-порталында, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетiлген күнi және мерзiмде өткiзiледi.
      38. Аукцион басталатын уақыт жұмыс уақытында белгiленедi және Астана уақыты бойынша сағат 18-00–ден кеш болуы мүмкiн емес.
      39. Аукцион өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргiзiледi.
      Аукцион адымы өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейiнгiнi құрайды.
      40. Аукционды өткiзу кезiнде аукционға қатысушылар баға туралы ағымдағы ең төменгi ұсынысты аукцион адымы шегiндегi шамаға төмендетудi көздейтiн АБҰ бередi.
      41. Аукционды өткiзу кезiнде аукционның кез келген қатысушысы, қажет болған кезде, ағымдағы ең төмен ұсыныс болмауы шартымен, аукцион адымына қарамастан, өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан төмендетiлген, АБҰ туралы ұсыныс бередi.
      42. Егер мұндай АБҰ-ны аукционның осы қатысушысы берген болса, аукцион қатысушысы өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсыныстан төмен болатын АБҰ беруге құқығы жоқ.
      43. Аукционға қатысушылардың АБҰ-ны қабылдау уақыты аукционды өткiзу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы соңғы ұсыныс келiп түскеннен кейiнгi он минутты құрайды. Егер көрсетiлген уақыт iшiнде өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң неғұрлым төмен бағасы туралы бiр де бiр ұсыныс келiп түспесе, аукцион аяқталады.
      44. Егер өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң аукционның басқа бiр қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келiп түскен ұсыныс үздiк болып танылады.
      45. Автоматты сауданы аукционның екi және одан да көп қатысушысы пайдаланған жағдайда кезектi ең төмен баға ұсынысын беруден алдыңғы мiндеттi уақыт аралығы 1 минутты құрайды.
      46. Егер аукционды өткiзу басталғаннан кейiнгi отыз минут iшiнде аукционға қатысушылардың бiр де бiреуi АБҰ бермеген болса, осы АҚ-ның 4-тармағына сәйкес, аукцион өтпедi деп танылады.
      47. Аукционды өткiзудiң нәтижелерi туралы хаттама аукционды өткiзу аяқталған күнi Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысанда автоматты түрде қалыптастырылады және мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.

6. Аукциондық комиссияның аукционға қатысуға арналған
өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн олардың бiлiктiлiк талаптарына
сәйкестiгi тұрғысынан қарауы және аукцион жеңiмпазын анықтауы

      48. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдерiнiң екiншi бөлiгiн қарауға рұқсатты, Қағидалардың 114-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күнi автоматты түрде бередi.


      49. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы шешiм қабылдайды.
      50. Аукциондық комиссия:
      1) әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдерiнiң екiншi бөлiгiн құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуi тұрғысынан қарайды;
      2) құжаттардың толық тiзбесiн бермеген және (немесе) тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды берген әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды;
      3) аукционға қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлерден аукционға қатысу өтiнiмдердi қарастыруды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда сұратады;
      4) аукционға қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратып алады.
      Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi. Аукционға қатысуға өтiнiмдi жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысу өтiнiмде берiлген құжаттарды ауыстыруға, ресiмделген құжаттарды тиiсiнше түзету жолымен сәйкес келтiруге бағытталған аукциондық комиссияның iс-әрекеттерi аукционға қатысуға өтiнiмдi аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру деп түсiндiрiледi;
      5) аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау нәтижелерi бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан аукцион жеңiмпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлердi айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпедi деп таниды.
      Әлеуеттi өнiм берушiлердiң жалпы бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттық рәсiмiне қатысы болмауы бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық рәсiмдерiнiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарастырады.
      51. Заңды тұлға болып табылатын аукционға қатысушы:
      1) мынадай:
      мемлекеттiк және (немесе) орыс тiл(дер)iне аудармасымен заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының не сауда-саттық тiркелiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрменiң электрондық көшiрмесiн бермеу;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтымаған жағдайда) не аукцион хабары күнiне дейiнгi бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен көшiрме бермеу;
      аукцион жарияланған күннен кейiн берiлген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
      банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
      аукцион жарияланған күннен кейiн берiлген тиiстi салық органының үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң болуы туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
      тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәлiметтердiң болуы;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң АҚ-да көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
      аукционда сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
      қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерлiкке (бiрлесiп орындауға) беруi;
      бiлiктiлiк талаптары бойынша жалған ақпарат беру фактiсi айқындалған;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтiнiмнiң екiншi бөлiгiн қарау кезiнде керi қайтарылады.
      52. Жеке тұлға болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушi, мынадай:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi немесе бiрлесiп орындаушысы мынадай:
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
      аукцион жарияланған күннен кейiн берiлген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
      банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
      аукцион жарияланған күннен кейiн берiлген тиiстi салық органының үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң болуы туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
      тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәлiметтердiң болуы;
      аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
      бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтiнiмнiң екiншi бөлiгiн қарау кезiнде керi қайтарылады.
      53. Аукциондық комиссияның аукционға қатысу өтiнiмiнiң екiншi бөлiгiн аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұрау салу жiберуiне және өзге де iс-қимылдарына жол берiлмейдi.
      54. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      55. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау нәтижелерi бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан аукцион жеңiмпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлердi айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпедi деп таниды.
      56. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы және барлық мүшелерi қол қояды және хатшы аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнi аукционның барлық қатысушыларын электрондық почта арқылы автоматты түрде хабардар ете отырып, веб-порталда жариялайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет