Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы


Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi аукцион



бет4/10
Дата29.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#32699
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi аукцион
тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу

Аукционға қатысуға арналған өтiнiмдердiң бiрiншi
бөлiгiн ашу және қарау, аукционға қатысуға рұқсат беру

      123. Аукциондық құжаттамада мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы көрсеткен аукционға қатысуға өтiнiмдердi табыс етудiң соңғы мерзiмiнiң күнi мен уақыты келген сәттен бастап, құпиялықты сақтамастан, аукциондық комиссияның хатшысына аукционда қатысуға өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн ашуға:


      өтiнiмдi қамтамасыз етудi;
      қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн ашуға мемлекеттiк сатып алу веб-порталы автоматты түрде рұқсат бередi.
      124. Аукциондық комиссияның өтiнiмдi қамтамасыз ету мен қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн олардың аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi тұрғысынан қарауы және анықтауы.
      125. Аукциондық комиссия мынадай:
      1) аукционға қатысуға өтiнiмдi банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
      2) аукциондық комиссияға:
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi берген тұлғаны;
      оған қатысу үшiн банктiк кепiлдiк түрiнде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтердi аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауы;
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
      пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң жоқтығынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
      3) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
      4) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi және (немесе) қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн аукциондық құжаттама мен осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынбаған жағдайда өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз етудi және/немесе қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiн аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.
      126. Аукциондық комиссия өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған өтiнiмдi қамтамасыз ету мен қағаз түрiндегi сенiмхаттың электрондық көшiрмесiнiң аукциондық құжаттамаға сәйкестiгi туралы шешiм қабылдау қорытындылары бойынша аукциондық комиссияның хатшысына құпиялылық сақтай отырып, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн ашуға рұқсатты автоматты түрде бередi.
      127. Аукционға қатысуға өтiнiмдердi ашқан күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей аукциондық комиссияның хатшысы оларды тартқан жағдайда сарапшыға (сараптау комиссиясына) осы Қағидалардың 126-тармағында көрсетiлген әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарды ұсынады.
      128. Сарапшы не сараптау комиссиясы төраға белгiлеген мерзiмде, бiрақ аукционға қатысу өтiнiмдердi қарау мерзiмiнен кешiктiрмей:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң аукциондық құжаттама талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуi тұрғысынан қарайды және зерделейдi;
      2) әлеуеттi өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердiң аукциондық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкестiгi немесе сәйкес келмеуi туралы сараптама қорытындысын ресiмдейдi және оған қол қояды;
      3) тиiсiнше ресiмделген сараптама қорытындысын аукциондық комиссия хатшысына бередi.
      129. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысына сарапшы ерекше пiкiрiн бiлдiретiн жағдайларды қоспағанда, барлық сарапшылар қол қояды және әр бетiне бұрыштама соғады.
      130. Сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын алғаннан кейiн аукциондық комиссия хабарламаларды аукциондық комиссия төрағасына және мүшелерiне автоматты түрде тарата отырып, веб-порталда сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын жариялайды.
      Аукциондық комиссия сарапшының (сараптау комиссиясының) қорытындысын ескере отырып, өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiнде қамтылған тауарлардың техникалық ерекшелiктерiн қарастырады.
      131. Аукциондық комиссия аукционға қатысу өтiнiмдерiнiң бiрiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң бiрiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса да, оны аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      132. Аукциондық комиссия мынадай:
      1) аукциондық өтiнiмдi қамтамасыз етудi аукционға бөлiнген соманың бiр пайызынан кем мөлшерде енгiзген;
      2) аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болған;
      3) аукциондық комиссияға:
      аукционға қатысуға өтiнiмдi берген тұлғаны;
      оған қатысу үшiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн аукционның атауы;
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны беру шартын;
      аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету берiлген тұлғаны;
      пайдасына аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлетiн тұлғаны анықтауға мүмкiндiк бермейтiн мәлiметтердiң болмауынан көрiнетiн аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету тиiсiнше ресiмделмеген;
      4) егер аукцион мәнi тауар болып табылатын болса, техникалық ерекшелiктердiң ұсынылмауы;
      5) әлеуеттi өнiм берушiнiң неғұрлым үздiк техникалық сапалық және пайдалану сипаттамалары бар техникалық ерекшелiктi беру, сондай-ақ неғұрлым үздiк технологиялық шешiмдер және (немесе) егер аукцион мәнi тауар болып табылатын болса жұмыстардың үздiк материалдардан орындалуы жағдайларын қоспағанда, аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелiгiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн техникалық ерекшелiктi беруi жағдайларында өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiн аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес деп таниды.
      133. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң бiрiншi бөлiгiн қарайды және мемлекеттiк сатып алу кезiнде аукционға қатысуға өтiнiмдер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешiмдi қабылдайды.
      Егер аукцион мәнi тауар, көрсетiлетiн қызмет болып табылатын болса, онда аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмнiң бiрiншi бөлiгiн қарайды және аукционға қатысуға өтiнiмдер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрмей әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуына рұқсат беру (аукцион қатысушылары деп таниды) туралы шешiмдi қабылдайды.
      134. Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға веб-порталда аукциондық комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және хатшы оны веб-порталда автоматты түрде тiркелген барлық әлеуеттi өнiм берушiлердi электрондық почтамен автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-порталда рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күнi жариялайды.
      Аукционға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға олар болған кезде аукциондық комиссия мүшесiнiң ерекше пiкiрi, сарапшының (сараптау комиссиясы мүшесiнiң) ерекше пiкiрi қоса берiледi.
      135. Аукционға қатысуға бiр өтiнiм ұсынылған жағдайда осы Қағидаларға сәйкес, аукционға қатысуға өтiнiмнiң екi бөлiгi де ашылады және қаралады.

Аукционды өткiзу

      136. Аукцион мемлекеттiк сатып алу веб-порталында, аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың жүзеге асырылатыны туралы хабарламада көрсетiлген күнi және мерзiмде өткiзiледi.


      Аукционды өткiзу күнi аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарау мерзiмi аяқталатын күннен бастап екi жұмыс күнi өткеннен кейiнгi келесi жұмыс күнi болып табылады.
      Аукцион басталатын уақыт жұмыс уақытында белгiленедi және Астана уақыты бойынша сағат 18-00–ден кеш болуы мүмкiн емес.
      137. Аукционда аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлер қатысады.
      138. Аукцион өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан бастап баға туралы ағымдағы ұсынысты аукцион адымына төмендету жолымен жүргiзiледi.
      Аукцион адымы өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген соманың жарты (0,5) пайызынан бес пайызына дейiнгiнi құрайды.
      139. Аукционды өткiзу кезiнде аукционға қатысушылар өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ұсыныстар бередi, ол баға туралы ағымдағы ең төменгi ұсынысты аукцион адымы шегiндегi шамаға төмендетудi көздейдi.
      140. Аукционды өткiзу кезiнде аукционның кез келген қатысушысы ағымдағы ең төмен ұсыныс болмауы шартымен, аукцион адымына қарамастан, өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауарды, жұмысты, қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан төмендетiлген, өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқылы.
      141. Егер аукционның осы қатысушысы өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ағымдағы ең төмен ұсынысты берген болса, аукционға қатысушының аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы осындай ұсыныстан төмен болатын, өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ұсыныс беруге құқығы жоқ.
      142. Аукционға қатысушылардың өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ұсыныстарын қабылдау уақыты аукционды өткiзу басталғаннан бастап отыз минутты, сондай-ақ өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы соңғы ұсыныс келiп түскеннен кейiнгi он минутты құрайды. Егер көрсетiлген уақыт iшiнде өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң неғұрлым төмен бағасы туралы бiр де бiр ұсыныс келiп түспесе, аукцион аяқталады.
      143. Егер өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң аукционның басқа бiр қатысушысы ұсынған бағасына тең бағасы ұсынылса, аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы басқа ұсыныстарға қарағанда бұрынырақ келiп түскен ұсыныс үздiк болып танылады.
      144. Егер аукционды өткiзу басталғаннан кейiнгi отыз минут iшiнде аукционға қатысушылардың бiр де бiреуi өткiзiлетiн аукционның мәнi болып табылатын тауардың, жұмыстың, қызметтiң бағасы туралы ұсыныс бермеген болса, осы Қағидалардың 139-тармағына сәйкес, аукцион өтпедi деп танылады және мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы аукцион тәсiлiмен қайталама мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
      145. Аукционды өткiзудiң нәтижелерi туралы хаттама аукционды өткiзу аяқталған күнi автоматты түрде қалыптастырылады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк сатып алу веб-порталында орналастырылады.

Аукционға қатысуға арналған өтiнiмдердiң
екiншi бөлiгiн қарау және аукцион жеңiмпазын айқындау

      146. Аукциондық комиссияға аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдерiнiң екiншi бөлiгiн қарауға рұқсатты, осы Қағидалардың 144-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу веб-порталы аукцион аяқталған және аукцион қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күнi автоматты түрде бередi.


      147. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн күнтiзбелiк жетi күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қарайды және аукционға қатысушылар деп танылған әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi немесе сәйкес еместiгi туралы шешiм қабылдайды.
      148. Аукциондық комиссия:
      1) әлеуеттi өнiм берушiлердiң аукционға қатысуға өтiнiмдерiнiң екiншi бөлiгiн құрайтын құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресiмделуiн қарайды;
      2) құжаттардың толық тiзбесiн бермеген және (немесе) тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды берген әлеуеттi өнiм берушiлердi анықтайды;
      3) аукционға қатысуға өтiнiм берген әлеуеттi өнiм берушiлерден аукционға қатысуға өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты материалдар мен түсiндiрулердi жазбаша нысанда сұратады;
      4) аукционға қатысуға өтiнiмдерде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпаратты жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында сұратып алады.
      Аукциондық комиссияның сұрауларына және аукционға қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты өзге де iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi. Аукционға қатысуға өтiнiмдi жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, аукционға қатысуға өтiнiмде берiлген құжаттарды ауыстыруға, ресiмделген құжаттарды тиiсiнше түзету жолымен сәйкес келтiруге бағытталған аукциондық комиссияның iс-әрекеттерi аукционға қатысуға өтiнiмдi аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiру деп түсiндiрiледi;
      5) аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау нәтижелерi бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан аукцион жеңiмпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлердi айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпедi деп таниды.
      Әлеуеттi өнiм берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына олардың банкроттық рәсiмiне қатысы болмауы бөлiгiнде сәйкес келуiн нақтылау мақсатында аукциондық комиссия банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты қарайды.
      149. Заңды тұлға болып табылатын аукционға қатысушы:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi немесе бiрлесiп орындаушысы мынадай:
      мемлекеттiк және (немесе) орыс тiл(дер)iне аудармасымен заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген жарғының не сауда-саттық тiркелiмiнен жария етiлген үзiндi көшiрменiң электрондық көшiрмесiн бермеу;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
      құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын құрылтай құжаттарынан үзiндiнiң электрондық көшiрмесiн (егер жарғы құрылтайшылар немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтердi қамтымаған жағдайда) не аукцион хабары күнiне дейiнгi бiр айдан кешiктiрiлмей берiлген акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмiнен көшiрме бермеу;
      аукцион хабары күнiнен кешiктiрiлмей берiлген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
      банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
      тиiстi салық органының үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не аукцион жарияланған күннен кейiн берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң бар екендiгi туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
      тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәлiметтердiң болуы;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
      аукционның сатып алу мәнi болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 8-қосымшасына сәйкес әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) беретiн жұмыстар мен қызметтердiң түрлерiн орындау жөнiндегi қосалқы мердiгерлер (қызметтер көрсету кезiндегi бiрлесiп орындаушылар) туралы мәлiметтердi бермеу (әлеуеттi өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
      қосалқы мердiгерлер туралы мәлiметтердi берген жағдайда әлеуеттi өнiм берушiнiң қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) жұмыстар көлемiнiң (құрылыс құнының) үштен екiден астам жиынтығын қосалқы мердiгерлiкке (бiрлесiп орындауға) беруi;
      бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтiнiмнiң екiншi бөлiгiн қарау кезiнде керi қайтарылады.
      150. Жеке тұлға болып табылатын, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын әлеуеттi өнiм берушi, егер:
      1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi немесе бiрлесiп орындаушысы мынадай:
      әлеуеттi өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өндiруге, қайта өңдеуге, жеткiзуге және өткiзуге құқығын растайтын лицензиялардың және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, дипломдардың, басқа да құжаттардың электрондық көшiрмелерiн бермеу;
      аукцион хабары күнiнен кешiктiрiлмей берiлген аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер мен ипотекалық компанияларда бухгалтерлiк есепке алу шоттарының үлгiлiк жоспарына сәйкес банк пен банк филиалының алдында анықтама беру күнiнiң алдында үш айдан астамға созылатын әлеуеттi өнiм берушi мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң жоқтығы туралы әлеуеттi өнiм берушiге қызмет көрсетiлетiн банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу (егер әлеуеттi өнiм берушi екiншi деңгейдегi бiрнеше банктiң немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдiк банктiң клиентi болып табылса, осындай банктердiң әрқайсысынан осындай анықтамаларды бермеу);
      банктiң немесе банк филиалының қол қойылған және мөр басылған анықтамасында осындай анықтаманы беру күнiнiң алдындағы үш айдан астам созылатын әлеуеттi өнiм берушiнiң мiндеттемелерiнiң барлық түрлерi бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болуы;
      тиiстi салық органының үш айдан астам салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) не аукцион жарияланған күннен кейiн берiлген бiр теңгеден кем салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң бар екендiгi туралы белгiленген нысандағы анықтамасының электрондық көшiрмесiн бермеу;
      тиiстi салық органының анықтамасында үш айдан астам бiр теңге және одан көп мөлшерде салық берешегi және мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi туралы (төлеу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұзартылған жағдайларды қоспағанда) мәлiметтердiң болуы;
      аукциондық құжаттаманың электрондық нысанының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес бiлiктiлiгi туралы мәлiметтердi бермеу;
      әлеуеттi өнiм берушiнiң аукциондық құжаттамада көрсетiлген арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуi;
      бiлiктiлiк талаптары бойынша дұрыс ақпараттың берiлмеу фактiсiнiң анықталуы негiздемелерi бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп анықталса;
      2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған жағдайларда өтiнiмнiң екiншi бөлiгiн қарау кезiнде керi қайтарылады.
      151. Аукциондық комиссияның аукционға қатысу өтiнiмiнiң екiншi бөлiгiн аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұрау салу жiберуiне және өзге де iс-қимылдарына жол берiлмейдi.
      152. Аукциондық комиссия аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн, егер онда ұсынылған өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiнiң мәнiн қозғамайтын грамматикалық немесе арифметикалық қателер бар болса, аукциондық құжаттаманың талаптарына сай келедi деп қарайды.
      153. Аукционға қатысуға өтiнiмдердiң екiншi бөлiгiн қарау нәтижелерi бойынша аукциондық комиссия аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада баға туралы ең төмен ұсыныс бойынша белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан аукцион жеңiмпазын айқындайды және аукционға қатысушылар деп танылған және аукциондық құжаттамада белгiленген бiлiктiлiк талаптары болған кезде, оларға сәйкес келетiн әлеуеттi өнiм берушiлер қатарынан мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға үмiткерлердi айқындайды не Заңның 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда аукционды өтпедi деп таниды.
      154. Аукционның қорытындылары туралы хаттамаға аукциондық комиссияның төрағасы мен барлық мүшелерi қол қояды және аукциондық комиссияның хатшысы веб-порталда аукционның қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнi электрондық почта арқылы аукционның барлық қатысушыларын автоматты түрде хабардар ете отырып, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жариялайды.

Аукционды өтпедi деп тану негiздерi

      155. Аукцион:


      1) егер аукцион тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуға қатысуға екеуден аз өтiнiм берiлген жағдайда;
      2) Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда;
      3) аукцион жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарса және тапсырыс берушi Заңның 35-8-бабының 10 және  11-тармақтарында көзделген құқықты пайдаланбаған жағдайларда өтпедi деп танылады.

6. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк
сатып алу туралы шарт жасасу

      156. Электрондық конкурстың немесе аукционның жеңiмпазы деп анықталған әлеуеттi өнiм берушi тапсырыс берушiге әлеуеттi өнiм берушiнiң электрондық конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтiнiмге электрондық көшiрме түрiнде қоса берiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариалдық расталған көшiрмелерiн және электрондық конкурста немесе аукционда қатысуға өтiнiмге қол қою құқығын беретiн сенiмхаттың түпнұсқасын веб-порталда электрондық конкурстың немесе аукционның қорытындыларының хаттамасын жариялаған күннен бастап, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде ұсынады.


      157. Осы Қағидалардың 156-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбаған не оларда олардың электрондық көшiрмелерiмен сәйкессiздiктер анықталған жағдайда Заңның 10 және 38-баптарында көзделген iс-қимылдарды орындау қажет.
      158. Тапсырыс берушi мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде "Мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен бекiтiлген үлгi шартқа сәйкес жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жобасының екi данасын өнiм берушiге жiбередi, оған тапсырыс берушi қол қояды және тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi тағайындалмаған жағдайды қоспағанда, тапсырыс берушiнiң уәкiлеттi өкiлi әр парағына қол қояды.
      159. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзедi.
      160. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы онымен жасалған шарт бойынша өз мiндеттемелерiн уақтылы, толық және тиiстi түрде орындауға кепiлдiк ретiнде енгiзедi.
      161. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерiн, мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төленуi көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жалпы сомасының үш пайызы мөлшерiнде белгiлейдi.
      Мемлекеттiк сатып алу туралы шартта аванс төленуi көзделген жағдайда шарттың орындалуын қамтамасыз етудi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы авансқа тең мөлшерде белгiлейдi, ол кемiнде үш пайыз болуы тиiс.
      162. Өнiм берушi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудiң мынадай түрлерiнiң бiрiн:
      1) тапсырыс берушiнiң банктiк шотына не мемлекеттiк органдар және мемлекеттiк мекемелер болып табылатын тапсырыс берушiлер үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгiзiлетiн кепiлдiк ақшалай жарнаны;
      2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес банк кепiлдiгiн таңдауға құқылы.
      163. Өнiм берушiнiң шарт бойынша мiндеттемелер толық орындалғанға дейiн үшiншi тұлғалардың енгiзiлген кепiлдiк ақша жарнасына тұтастай не бiр бөлiгiнде талап қою құқығының туындауына әкеп соғатын iс-қимыл жасауына жол берiлмейдi.
      164. Тапсырыс берушiнiң өнiм берушi енгiзген кепiлдiк ақшалай жарнаны Заңда көзделмеген мақсатқа пайдалануына жол берiлмейдi.
      165. Тапсырыс берушi енгiзiлген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi шартта көрсетiлген мерзiмде немесе өнiм берушi шарт бойынша өз мiндеттемелерiн толық және тиiсiнше орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өнiм берушiге қайтарады.
      166. Егер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi өнiм берушiнiң шарттық мiндеттемелердi орындамауына байланысты бұзылса, тапсырыс берушi шарттың орындалуын қамтамасыз етудi қайтармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет