Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Шығыстың жеті жұлдызы, орыс достарымен қатар классиктері эпопеяда Абайға рухани



Pdf көрінісі
бет34/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

Шығыстың жеті жұлдызы, орыс достарымен қатар классиктері эпопеяда Абайға рухани 
серік болады. Абайдың өмір жолын, шығармашылық өнерінің өзгешелігін, қыр-
сырларын, сол дәуірді, сол ортаны қоғамдық қарым-қатынастарды терең түсініу үшін 
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының баға жетпес танымдық мәні бар, ұлт 
руханиятының көш басына шықты. 
Роман-эпопеяның тек қазақ әдебиетінің тарихында ғана орын алмай бүкіл дүние 
жүзінде бағаланғанын бүгінде көз көрді. Әлемдік деңгейде берілген баға шын мәнінде «ХХ 
ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі» (француз жазушысы Луи Арагон). «Бұл 


41 
тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты» (орыс жазушысы Н.Тихонов), «Өзім 
қалай қазақ болып кеткенімді білмей қалдым» (орыс жазушысы К.А.Федин), «Шынында, 
бұл қазақтар – неткен ғажайып халық!» деп тамсаныпты бір кемеңгер, «Абайдай 
шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес» (Ғ.Мүсірепов), «Өз басым өзге 
елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып
өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі – «Манас», бірі – Мұхтар 
Әуезов» (Қырғыз жазушысы Ш.Айтматов) 
Әлемнің 116 тіліне аударылған М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын 200 
томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясында 134-135 том болып тұр. Бір ғана мысал 
Мәскеу мен Санкт-Петербургтің өзінде «Абай жолы» роман-эпопеясы 17 рет басылып 
жарық көріпті.
«Абай жолы» қазақ өмірінің айнасы, ол төрт том арқылы бүкіл дүние жүзіне 
қазақтың кім екенін танытты. Заңғар жазушы әрбір қазақтың бойында ұлттық 
мақтаныш сезімін оятады, туған жерге, ана тілімізге деген құштарлықты, отансүйгіштік 
сезімін оятып, елдің ертеңгі күніне сенімімізді арттырады.
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында өнер адамдарын жаңа қырынан тану 
бүгінгі күннің талабы болса, кітапта көрсетілгендей Қашқынбай аты – Қамысбай, Шәкәрім аты 
– Шұбар, Сабырбай аты – Қадырбай, Жанақ аты – Садақ, Дулат аты – Барлас, Түбек аты – 
Шүмек болып кездесетін протиптерінің есімдері өзгеріп берілген. Өз есімімен елге белгілі 
тұлғалар ақын Шөже, Біржан сал, Байкөкше Балғынбайұлы сияқты ақын-жыршылардың қазақ 
әдебиеті тарихындағы орындарын біздің дәріс сабағымызда саралап өтеміз. Олардың да «Абай 
жолында» көркем бейнелерін суреттелуі шынайы өмірдегі бейнелерімен зерттелді деп айта 
алмаймыз. Өйткені, автордың дәуірі ұлт әдебиетінің екі бүйірінен қысып тұрған заман еді. 
Мәселен роман-эпопеяда кездесетін Шұбар бейнесінің өмірдегі сом тұлғасы данышпан ақын 
Шәкәрім екенін автор жақсы білді, бірақ империяның тезіне салған қазақтың біртуар ұлы 
Шәкәрімді Шұбар есімімен жұтаң бейнемен суреттеді, оның түпкі себебін дәйекті түрде 
айқындап түсіндіру біздің міндетіміз. Сонымен қатар Құнанбайдың жаңаша бейнесін яғни елге 
еткен еңбегін шынайы дерек көздері арқылы жан-жақты қарастыру бүгінгі күннің талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет