Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет4/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

2. Абайдың Ұлылығы.
3. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы 
Қазақстан» атты мақаласы. 2020 жылғы 08 қаңтар 
 
1. Қысқаша өмірбаянына шолу. (10.08.1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. - 05.07.1904) 
Ұлы ақын, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің 
негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан 
басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы 
кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, 
Топай, Торғай, деген 4 ұл туады. Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр 
мінезді әйел болған.  
Сол Айпара балаларына: 
Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым, 
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым, 
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым, 
Сірә да оңбас торғайым, -
Анасы айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел 
басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға 
жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға 
бар” деген мәтел сөз қалған.
Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады. Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның 
бәйбішесі Күңкеден - Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір 
қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан - Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, 
Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл, Кәмшат туады. Қартайған шағында 
үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдың «Атадан алтау, анадан төртеу…» 
едім дейтіні осыдан.



Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған «кәрі әжесі» Зеренің 
таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, әзіл-қалжыңга 
шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан 
молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде 
оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. 
Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. 
Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген 
шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған 
ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди’, Хафиз, Физули 
сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады.
Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да 
қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 
жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан 
алғырлығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік 
жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады.Абай әке 



қасында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшыларын жан - жақты тани 
түседі. Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-
болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиіркеніш сезімі оянып, соларға 
қарсы күресуге бел буды, «Елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы 
адам боламын» деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады 
да, 1875-78 ж. Қоңыр-Көкше еліне болыс болады.Абаймен Семейге саяси жер аударылып 
келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті 
кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. 
Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі 
Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері 
ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.Жақын туыстары мен балаларының 
бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның 
денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 
1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы 
Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен 
кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс болды.Ақын өзінің талантты шәкірттерін 
тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және 
Мағауия болды. 
Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани 
қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, 
Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және 
балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер 
орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған 
халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы 
ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті. 
2. Абайдың Ұлылығы.  
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашанда біздің ұлттық 
ұранымыз болуға тиіс.Н.Назарбаев. Абай қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған… бүгінгі 
түсінігіміздегі шын ақын дәрежесіне көтерілген тарихи адам.Луи Арагон 
Абай тілінің кеңдігін, өткірлігін қазақ тілінің кеңдігі , өткірлігі деп аңлау керек. Бұл тілдің 
байлығы , әдемілігі, Абай өлеңдері арқылы ашық көрінеді. Әбдірахман Сағди. 
«… Біз орыстар Абайды ұлы ақын және туысқан қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп 
қана емес, орыс халқының ұлы осы деп те қастерлейміз. Және оның жарқын бейнесі, алып 
тұлғасы алдында зор құрметпен тағзым етеміз. Л.Леонов. 
… Мен Абайды Ломоносовпен тең қояр едім. Себебі Абай өзінің қажырлы еңбегінің 
арқасында білімнің биік шыңына шықты, ағарту мен мәдениеттің негізін қалады. Абай қазақ 
қоғамының арасына жалпы адамзаттық өркениеттің, мәдениеттің ұрығын шашты. Бәрімізге 
мәлім Абай ғана қазақ халқын орыс әдебиетімен таныстырудың алғашқы бақытына ие болды. 
Ол бірінші болып Пушкинді Лермонтовты, Крыловты қазақ тілінде сөйлетті. Феликс Кузнецов 
Башқұрттар үшін қазақ жазба поэзиясының алғашқы хабаршысы, алғашқы дауысы Абай 
Құнанбаев болды. Ол біз үшін қазақтың ішкі жан-дүниесін бірінші болып ашты. Оның өлеңдері 
біздің рухани тұрмысымыздың бір бөлшегіне айналды. Ол сіздің Абай. Ол біздің Абай. Ол 
адамзаттың Абайы. Абай тек қана ұлттық әдебиеттің ғана емес, бүкіл әлемдік әдебиеттің 
шыңынан көрінген адам. Ал шыңдар алыстан көрінеді және өзіне тартып тұрады. Абай 
интеллектісінің қуаттылығына, жан-дүниесінің кеңдігі және поэтикалық қиялының шексіздігі 



мен тереңдігіне еріксіз таң қаласың. Ол Шығыс, батыс және орыс мәдениетімен тығыз 
байланыста болды. Мұстай Кәрім 
Абай қазақ халқы үшін теңдесі жоқ ұлы құбылыс. Ол қуатты ақылдың адамы, құдіретті 
талант иесі, поэзия баһадүрі. Қайсын Құлиев 
Қазақ ағартушыларының қатарында Абай несімен ерекше? Ең алдымен – адамгершілік, 
рухани тазару және тәрбие міндеттерін маңдай орынға қойғандығымен. Оны «қазақтың бас 
ақыны» (А.Байтұрсыновтың сөзі) еткен ақындық дарынның бар күші, ағартушылығының бар 
қуаты тікелей һәм жанама осы міндетті орындауға бағышталды. Абай өз айналасынан 
надандықты, рухани мешелдікті, адам табиғатына тән жиіркенішті қылықтарды көп көрді. 
Рухани азғындықты ауыздықтаудың жолын, жақсылық пен ақыл-сезімнің салтанатын Абай 
еңбек пен оқудан көрді. Сергей Кляшторный 
Абай Құнанбаев - өз талантының тереңдігі мен үлкендігіне қарай әр дәуірдің адамы. 
Ақын, философ, музыкант, ағартушы-ғалым, басқа да көптеген қырларымен ол бізге 
тұтастықтың қажеттілігін айтады. Өнер мен өмірдің жасанды бөлінуі ол үшін жат. Оның жалпы 
тақырыбы - махаббат, бақыт, үміт, қайғы. Ұлттың бітім-болмысын Абай Құнанбаевтан артық 
қорғаушы да, қамқоршы да табылмайды. Абай ұлттың тіл ерекшеліктерін, басқа да көптеген 
мәдениеттің тілдерімен бір ырғаққа келтірді. Рабиндранат Тагормен бірге ол «даралықтың 
қымбатталығы – сол арқылы біздің жалпы көпшілікті тани білуімізде» екендігін түсінді. 
Пушкин сияқты Абай да ұлттың әдеби дәстүрді тудырушы ретінде әдебиеттің тек өткенді еске 
сақтау ғана емес, жаңаны тудырушы екендігін айтады. Абай оқу-білімінің адамды 
басыбайлықтан босату үшін үлкен маңызы бар екенін түсінді. Федерико Майор 
Ұлы ақын бізбен мәңгі қоштасқанына бір ғасыр болыпты. Алайда оның бізге қалдырып 
кеткен асыл мұрасы барған сайын нұр шашуда. Ұлы адам ұлағаты қазақ халқы арасында емес, 
өзге ұлттарға шапағатын тигізді. Әрине, Абай феномені көрші қытай халқына да белгілі 
дәрежеде ықпал етті. Хуан Жунсян. 
Абай қазақ қоғамының түрлі әлеуметтік топтарының өмірін шебер суреттей отырып, ел 
басшыларының зұлымдық, екіжүзділік, имансыздық қасиетін әшкерелейді. Сондай-ақ, ақын 
өлеңдерінде қазақтың кедей тұрмысы алдыңғы қатарлы елдердің ауыл шаруашылығндағы, 
саудадағы, өнеркәсіптегі озық тәжірибесінен өнеге алғанда өсетінін, дұрысталатынын айтады. 
Мұны біз оның өлеңдерінен қарасөздерінен көреміз. Осы шығармаларында ол еңбек адамын 
асқақтата жырлайды. Абайдың лирикалық шығармаларынан біз оның қайталанбас қолтаңбасын 
аңғарамыз. Ол қазақ поэзиясының тақырып ауқымын кеңейтті , әдебиетте жаңа формалар 
тапты. Ауызекі тіл мен халық ауызәдебиетінің құнарлы байлығын пайдалан отырып, ол қазақ 
поэзиясының көркемдегіш құралдарын биік дәрежеде жетілдірді, шығарманың ішкі жүйелік 
құрылымына сәйкес жаңа өлең пішіндерін өмірге әкелді. Рам Ратан Шарман (Үндістан) 
Отарлау дәуірінде Абай жай ғана қазақ ақыны ретінде қаралды, бірақ оның жан-жақты 
ойлары бүкіл Түркістанның ақын, ойшылы екенін , тіпті барлық Шығыс мұсылмандарының 
ақыны екенін дәлелдеді. Оның философиясы патшалық дәуірде емес, большевиктік кезеңде де 
бүкіл түріктің жан-дүниесінің бөлігі бола алмады. Тек қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет 
болғаннан кейін оның өсиеттері әлемдік мәдениеттің бөлігіне кірді. Баймырза Хайт 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет