8
адамзатқа қажет.Абайдың ойларын барлық әлемдегі адамзат білуі керек.
Намық Кемал Зейбек
(Түркия)
Абайдың даңқы тек қазақстанмен шектелмей, басқа да
көптеген елдер сияқты
Қазақстанмен ортақ мәдени мирасқа ие Түркияда да танымал һәм сүйікті.
Танер Себен
Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі. Абай – 19 ғасырдың нағыз
белбаласы. Ал, 19 ғасыр - ұлттық сананың ояну ғасыры. Әлемнің түрлі түкпіріндегі, оның
ішінде менің Отаным Венгряиядғы тәуелсіздік үшін күрес ғасыры. Жеке адамның, тұтастай
халықтардың мәңгілік мәселелер жайлы қасіретті де қасиетті толғанысқа шомған ғасыры. Абай
заманы сондай заман.
Миклош Яцкович
Венгрияның Қазақстандағы Төтенше әне өкілетті елшісі Абай қараңғы қазақ даласындағы
жарық жұлдыз, Түркістан бірлігінің белгісі болды.
Мұстафа Шоқай. Абайды оқы, таңырқан,
басың шайқа
Сұлтанмахмұт Торайғыров. Ибраһим мырзаның тұрағы қазақ іші болғандықтан,
қадірі азырақ білінді.
Олай болмағанда данышпан, хакма философ кісі еді. Қор елде туды да,
қорлықпен өтті.
Шәкәрім Құдайбердиев
Біз Абайды анық өз заманындағы қазақтың заттық, әлеуметтік және рухани тіршілігінің
энциклопедиясын берген дана классик деп толық бағалай аламыз. Абайдың поэзиялық мұрсына
қоса қара сөздері беретін әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қазына бар. Ол – Абайдың
осы қара сөзді жазған тілі. Өлең сөзінде өзінің барлық шеберлігі , жаңалығы, көркемдік таланты
бойынша қазақ тілінің сапасын әдебиет тілінің дәредесіне көтерген ұлы тарихтық еңбегі қандай
болса, қара сөздерінің тілімен де Абай осындай еңбекті біздің мәдениет тарихымызға мол
сіңірді. Біздің осы күнгі сөйлеп, жазып жүрген әдебиет тіліміздің тарихын жалғыз ғана Абайдан
басталады деп кесіп айтпасақ та, сондай сапалы тілді қазақтың жазба әдебиетінде анық биік
белге өрлетіп шығарған Абай екені даусыз.
Мұхтар Әуезов
Абай кітаптары әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын
шындыққа, игілік іске, еркіндікке шақырған ұлы ақын.
Әлкей Марғұлан
Абай тек қана поэзия тілін түзіп берген жоқ,
жалпы тіліміздің орамдылығын, бейнелеу
шеберлігін, сөйлем құрылысындағы әр сөздің өз орнын , сөйлемдегі ой салмағын қайда, қалай
қалауын да үйретіп кетті.
Ғабит Мүсірепов
Абай - халқының, оның ұлттық өмірінің символы. Оның өлмес творчествосында халық
рухының жарқын күші, қайғысы мен қуанышы сақталған. Ол соның бәрін көркем сөздің
күшімен бейнелеп, бүкіл адамзат мәденгиетінің тарихына қосты.
Серік Қирабаев
Абай - әлемнің қай бұрышынан қарасаң да, көзге түспей қалмайтын рухани Алатауымыз.
Ол
- біздің ар-намысымызға, өмірлік өлшемімізге, ұлттық парасат-пайымымызға айналған
асқаралы абызымыз. Пікіріміздің пірі, рухымыздың туы. Абай - қазақ тарихындағы,
әсіресе
оның рухани тарихындағы аса айшықты, аса айбынды, шын мәніндегі ренессанстық тұлға.
Бүгінгі таңда абай мұраларын тек бір халықтың, тек бір мемлекеттің көлмінде ғана емес,
дүниежүзілік өркениет ауқымында ақарстыру қажеттігін айрықша атап айтар ем.
Абайды
тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынан аса алмаған кездеріміз болды. Енді заман өзгерген
шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Абайды тануға тиістіміз Әрбір
қазаққа, шама-шарқынша, абайды тану - мұрат, Абай шыққан биікке талпыну - парыз.
Достарыңызбен бөлісу: