23
Нәзипа Сағызбайқызы Құлжанованың (1887-1934) - қазақ қыздарынан алғашқы
журналист, педагог, әдебиетші жазушы, аудармашы. Өзінің «Әдебиетке көз салу» деген
мақаласы «Қазақ» газетінің 1916 жылы 164-санында жарияланған.
Қазақ қыздарынан шыққан
алғашқы әдебиет зерттеушісі ғалым Н.Құлжанованың Осы мақаласының түйіні Абайды қазақ
жазба әдебиетінің көшбасшысы деп атады. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» мен «Жазғытұры»
атты өлеңдерін алғаш орыс тіліне аударып, «Сибирский студент» (1915)
газетіне жариялаған
Н.Құлжанова еді. 1920-1924 жылдар арасында қазақ халқының әндерін жинаушылар -
А.Э.Бимбоэс (1878-1924) пен А.В.Затаевичке (1869-1936) Абай әндерін өзі орындап нотаға
түсірткен де Н. Құлжанова болатын.
Альвин
Эрнестович Бимбоэс - музикант, этнограф. Қазақтың 100 халық әндерін жинап
алған, олардың ішінде Абайдың «Сегіз аяқ», «Татьянаның хаты» әндері бар.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) 1912 жылы Қазан қаласында (Татарстан) шыққан
«Шолпан» атты жинағына «Алтын хакім Абайға» атты өлеңі
өз орнын тауып ұлы ақынды
танытуды өлең өрнегімен бастаған Мағжан ақын болатын.
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.
Қарадан хакім болған сендей жанның,
Әлемнің құлағынан әні кетпес. - деген болатын.
Тайыр Жомартбаевтің (1884-1937) Абайға арнаған «Замандасқа жауап» мақаласын 1913
жылы «Айқап» журналының 9-санында жариялайды.
1918 жылы
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) М.Әуезовпен бірлесіп «Абай» журналын
шығарды. Журналдың 1-санына Ж.Аймауытов өзінің бас мақаласына Абайдың «Лай суға май
бітпес қой өткенге» деп басталатын өлеңінің бір шумағын эпиграф етіп алған. «Қазақтың
әдебиетіне жан берген, сөздің сыртын сырлап, ішін түрлеген, өлеңнен өрнек шығарған, ақындық,
сыншылдық бірдей дарыған Абай еді» деп жазады. Ж.Аймауытов пен М.Әуезов «Екеу» деген
бүркеншік атпен журналдың 2-санында «Абайдың өмірі мен қызметі», 3-санында «Абайдан
кейінгі ақындар» деген мақалалары жарияланды.
Ал, мемлекет және қоғам қайраткер
Iлияс Қабылов (1904-1938), болса Абай
шығармаларының мазмұнын тап ретiнде жойылуға бет алған байлардың идеологиясы деп
танығандықтан: «…в кратчайший срок необходимо мобилизовать все культурные силы
партийно- советской общественности Казахстана против учения Абая», деп ұлы ақын мұрасын
тұтастай мұра ретiнде терiстеу жолына түстi. Бұл тұрпайы социологиялық бағытқа орталықтағы
Мәскеулiк идеологтар
да дем берiп, олардан да асыра сiлтеп жатты. Мысалы, әдебиет әлемiндегi
ой танымды қорыта отырып байлам жасайтын Мәскеудегi «Әдебиет энциклопедиясында»
(Москва, 1931. 5 Т.,19 бет) жарияланған ғалым Аршуринидiң мақаласында: «Абай ведет борьбу
против возникающих новых обшественных отношений, идеализируя прошлое казахского народа.
Скоро, однако, приспособился к новым экономичесим условиям и стал идеологом рождающихся
казахской буржуазий», – деп Абайды және оның жолындаға ақын жазушылардың
шығармаларындағы негiзгi сарындары индивидувалистiк,
ұлтшылдық, панисламистiк бағытта
жатты деген байламға келдi.