Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


түкірген Барлас, Байкөкше, ақын Шөже, медет берген Шығыстың жеті жұлдызы, орыс



Pdf көрінісі
бет34/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

түкірген Барлас, Байкөкше, ақын Шөже, медет берген Шығыстың жеті жұлдызы, орыс 
достарымен қатар классиктері эпопеяда Абайға рухани серік болады. Абайдың өмір жолын, 
шығармашылық өнерінің өзгешелігін, қырсырларын, сол дәуірді, сол ортаны қоғамдық 
қарым-қатынастарды терең түсініу үшін М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының 
баға жетпес танымдық мәні бар, ұлт руханиятының көш басына шықты.  
Роман-эпопеяның тек қазақ әдебиетінің тарихында ғана орын алмай бүкіл дүние 
жүзінде бағаланғанын бүгінде көз көрді. Әлемдік деңгейде берілген баға шын мәнінде «ХХ 
ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі» (француз жазушысы Луи Арагон). «Бұл тамаша 
эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты» (орыс жазушысы Н.Тихонов), «Өзім қалай 
қазақ болып кеткенімді білмей қалдым» (орыс жазушысы К.А.Федин), «Шынында, бұл 
қазақтар – неткен ғажайып халық!» деп тамсаныпты бір кемеңгер, «Абайдай шығарма бұл 
тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес» (Ғ.Мүсірепов), «Өз басым өзге елге сапарға 
шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге 


45 
қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі – «Манас», бірі – Мұхтар Әуезов» (Қырғыз 
жазушысы Ш.Айтматов)  
Әлемнің 116 тіліне аударылған М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын 200 
томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясында 134-135 том болып тұр. Бір ғана мысал 
Мәскеу мен Санкт-Петербургтің өзінде «Абай жолы» роман-эпопеясы 17 рет басылып 
жарық көріпті.  
«Абай жолы» қазақ өмірінің айнасы, ол төрт том арқылы бүкіл дүние жүзіне қазақтың 
кім екенін танытты. Заңғар жазушы әрбір қазақтың бойында ұлттық мақтаныш сезімін 
оятады, туған жерге, ана тілімізге деген құштарлықты, отансүйгіштік сезімін оятып, елдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет