Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


Эпопея екі түрге бөлінеді: бірі – көне тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде



Pdf көрінісі
бет33/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

Эпопея екі түрге бөлінеді: бірі – көне тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде 
баяндайтын поэзиялық немесе прозалық шығармалар оларға «Шаһнама», «Манас» т.б. 
жатса, екінші - кейінгі дәуірдің еншісіндегі тарихи кезеңді жан-жақты суреттейтін роман 
жанрында кездесетін еңбектер. Оған қазақ әдебиеті тарихында М.Әуезовтың «Абай жолы» 
роман-эпопеясын атауға болады. Жазушы өзінің осы еңбегінде қазақ халқының тілі мен 
ділін, өнері мен мәдениетін, тарихи болмысы мен дүние танымы, әдеп-ғұрпы мен ұлттық 
дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен.  
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын 1942 жылы 1-кітабын, 1947 жылы 
2кітабын, 1952 жылы 3-кітабын, 1956 жылы 4-кітабын жарыққа шығарды. Алғашқы екі 
кітабы үшін авторға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төрт томдық роман-
эпопеясы үшін 1959 жылы кеңес кезіндегі ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлықпен 
марапатталады.  
Дегенмен де, «Абай жолы» еңбегіне теріс баға бергендер де табылғандығын айта кетуіміз 
керек. Құнанбайды И.Грозный мен І Петр патшалардың, Абайды коммунистердің көсемі 
В.И.Лениннің деңгейіне көтеріп жіберген деген пікірлер батыстық пиғылдың жетегінде екендігі 
өзінен өзі белгілі. Түбінде ту етіп ұстаған тұлғаларының қатарында орыстан басқа ұлт өкілдерінің 
болуын қаламайтын шовенистік мақсат тұрды.
«Абай жолы» 1-кітабының басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт 
пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден өтіп бара жатқан ұлы ақынның екі арадағы 
қырық бес жыл Абайдың адам, азамат, ақын ретінде жаңаруымен қоғам қайраткері ретінде 
де көрінеді. 1-кітапта Абай азамат ретінде қалыптасады. 2-кітаптан бастап Абай өнер 
адамы – шын мәніндегі азамат ақын болып көрінеді. Абай ақындығының арғы жағы өзінің 
туған топырағындағы төл халықтық әдебиеті ертегімен өсірген Зере, жырмен аузына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет