Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


сүйене отырып ұсынатын ғәділетке (әділетке) ерекше мән беретін үшінші сүюді көреміз



Pdf көрінісі
бет51/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

сүйене отырып ұсынатын ғәділетке (әділетке) ерекше мән беретін үшінші сүюді көреміз. 
Абай танымындағы әділетті, яғни үшінші сүюді М.Әуезовтің мұсылмандық танымдағы әділеттен 
өзгешелеу жатады деп ескертуі көп нәрсені аңғартады.
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңіне дейін-ақ үш сүю мәселесі жанама әрі тікелей 
аталып сөз етілген болатын. Бірінші, екінші сүю 27-қара сөз бен «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде 
нақтырақ әрі жанама түрде таратылады. Бірінші сүю Абайға дейін көне дәуір ойшылдары мен 
сопылық поэзияда молынан қамтылып жырланған көпшілікке танымалы ұғым еді. Абай «Алла 
деген сөз жеңіл» (1896) өлеңінде нақтырақ, әрі тереңірек мән беріп махаббатпен жаратқан түп 
иеге жауап ретінде пенделері де махаббатпен сүю керектігін: Жүректің ақыл суаты,
Махаббат қылса тәңірі үшін, – деп бірінші сүю туралы ойларын осымен шегереді, одан ары 
бұл мәселе туралы тоқталмайды. Бірақ екінші, үшінші сүю туралы өз ой пікірлері туралы 
өлеңдері мен қара сөздерінде желілеп, үздіксіз насихаттаумен болады.
Осы үш сүю болады иманигүл,
Иманның асыл үш деп сен тақиқ біл.
Ойлан дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына малың түгіл, – деп Абай қазақ қауымының рухани жағынан іштей 
тазарып ұстанар рухани жолының сенімді бағыт-бағдарын нұсқайды. Өйткені абайтанудың 
бірегей білгірі М. Әуезов «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде ақынның ішкі нанымы
дүниетанымы, адамшылық жолындағы үгіті мен мораль философиясы жайлы танымы толық 
түрде айтылған деп біледі.
4. Толық адам ілімінің даму жолы  
Абай өзі негізін салып қалыптастырған толық адам ілімін осы мақсат тұрғысынан өзінің 
идеялық күрес құралына айналдырғаны оның шығармалар желісінде осы гуманистік идеяны 
молынан насихаттап, жүйелі түрде қызу таратып жатуында көп мәселенің астарлы сырлары 
жатыр. Өйткені Абай туындыларында жиі ұшырасатын «пенде, адам, жарым адам, толық 
адам, суық ақыл, нұрлы ақыл, хауас, үш сүю, пенделіктің кәмалаттығы, инсанияттың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет