Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


келеді, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес екінші, өйткені ол барлық басқа мүшелерді



Pdf көрінісі
бет49/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

келеді, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес екінші, өйткені ол барлық басқа мүшелерді
билейтін болса, оның өзін жүрек билейді», – деген сөзі айғақтап тұр.
Өз шығармаларында Абай жан сыры, оны танып білу жөнінде өзіне дейінгі көне деректер 
мен өз тұсындағы ой танымдарды сыншыл ой елегінен өткізеді. Осы арқылы өзіндік қайталанбас 
ой танымдарын уақыт талабына байланысты соны таным тұрғысынан қалыптастырады. Абайда 
іргелі түрде сөз болатын жантану ілімі туралы көзқарасы Шәкәрім шығармаларында жалғасын 
тауып, ұстаз дәстүрін дамыта білді.
Әл Фарабиден бастау алатын адамның өзін өзі тануы туралы көзқарастың жүйелеуінше 
«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп сараланады. Осылардың ішінде адам жанының 
сырын танып білу жолында айтылатын ішкі, сыртқы сезім мүшелері арнайы сөз болып, кеңінен 
таратылады. Бірақ сол сезімдердің ішінде мешаюн мектебіндегілердің бәрі де адам денесінің 
патшасы жүрекке шешуші орын береді, поэзияда жүрек культі мадақталып жырланады. Бұлар 
ақыл-сананың пайда болар орнын да жүрекке байланысты құбылыс ретінде таныса, осыны Абай 
17-қара сөзінде «қан менен тарайды, жан менде мекен қылады... әділет, нысап, ұят, рақым, 
мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады», – деп аңғартады. Абай жүрек 
атынан айттырып отырған жан сыры туралы ұғымын ақынның философиялық лирикаларында 
жиі айта беретін «ақыл мен жан – мен өзім» хауас – түйсік пен сезім,жәуанмәртлік- 
жомарттылықжәне қара сөздерінде молырақ таратылатын «жан қуаты, жан құмары, жанның 
тамағы, жанның жибили қуаты» деп аталатын терминдік танымы терең аталы ұғымдармен 
сабақтастыра қарауды талап етеді.
Қорыта айтқанда, толық адам ілімінің өзекті желісіне орай Абайда жүрек культін көтере 
жыр етуі әділет пен рахыммен тікелей байланыста жатқан рухани құбылыс ретінде танып білу – 
міндетімізге айналды.
3. Абайдағы иманигүл (үш сүю) – толық адам ілімінің темірқазығы  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет