Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты


М.Әуезов Абайдың исламиятқа қатысын анықтауда ұстанар екінші тезисі «Абайдың



Pdf көрінісі
бет50/97
Дата07.06.2024
өлшемі1.64 Mb.
#502407
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97
XQRGIIgQMXcAzguUTVHmcZcw4imDV4eA6ACpxaBY

М.Әуезов Абайдың исламиятқа қатысын анықтауда ұстанар екінші тезисі «Абайдың 
діні- ақылдың, адамгершіліктің діні» деген танымды ұстанады. Осы тұрғыдан келіп өзекті 
ой желісін 1902 жылы жазылған «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деген өлеңін талдау үстінде 
аша түскен. Өз ой танымын тарату үстінде 27, 38 қара сөзде ерекше мән бере қараған Абай 
исламияттың кейбір түбірлі ұғымдарын сыншыл ақыл тезіне салып, олардың өзіндік сыншылдық 
таным тұрғысынан келіп оны адамгершіліктің дініне айналдырады. Бұл әрекетіне Абай 
танымындағы иманигүл немесе үш сүю мәселесі айғақ бола алады.
Абайда желілі түрде таратып сөз ететін иманигүл (үш сүю), жәуанмәртлік, толық адам 
сияқты аса күрделі ой желілері тәңірге, оның сипаттары мен өзі таратуды мақсат тұтқан 


56 
адамгершіліктің негіздері туралы ой толғаныстары М. Әуезов тұжырымының ең өзекті де елулі 
желілерін қамтитын басты ұғымдарға жатады. М. Әуезов Абайдың «Алланың өзі де рас, сөзі де 
рас» өлеңіндегі мораль философиясына соғатын үш сүю (иманигүл) деп аталатын ақын 
танымының мағынасы терең өзекті желілеріне айрықша назар аударады. Абай айтқан үш сүю 
жайлы ой байламдарын анықтау арқылы ішкі нанымы мен адамшылық жолындағы насихаты мен
мораль философиясы жөніндегі танымы түгелге жуық ашылып, өз көрінісін бере алған деп 
қарайды. Себебі осы өлеңдегі үш сүюде алға қойылған бастапқы пікір:  
Махаббат пен жаратқан адамзатты,  
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті, – деп жаратушы түп иесін, жаралған пендесінің 
махаббатпен сүюі қажет дейтін бірінші сүюді көреміз. Екінші сүю -ақын шығармаларында 
желілі түрде таратылатынбасты ой желісі
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» айдар тағып, ерекше бөліп көрсетуінде жатыр. 
Үшінші сүю - «Және сүй хақ жолы деп әділетті» деп 38 сөзінде Алланың бойындағы 8 сипаттан 
құдірет пен ғылымды біріктіріп алатын ғақылға (ақылға) Абай нақылия, ғақлия дәлелдерге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет