107
одан туатын “жұрттың жынды болса, ақылды болма, қоса жынды бол!“ дейтін қорытындылар
бұл поэманың логикалық жағынан сәйкес емес сияқты.
Масғұт ақылды, байлықты да таңдамайды: көп наданның арасындағы жалғыз ақылды
адамның күйіне де байлық пен малқұмарлық аздырған байдың жайына да талғампаздықпен
қарайды. Ер мен әйел теңдігін жақтайды. Поэма ақынның осы идеясына әкелетін уақиғаны
баяндауға құралады. Оның жаңа үлгіде түрінде емс, шығыс дастандары түрінде жазылғанын
байқатады.
Абай екінші поэмасы.Біздің ең алдымен бұл поэманың негізінде жатқан тақырыптың
төркін-тегі туралы біраз деректер айтып өтелік. Абай пайдаланып отырған сюжет Низами жазған
“Ескендірнама“-дан алған.
Бірақ Абай өзінше өзгертіп, өсіріп алған. Ол аңызды өзінше, көп
жағынан өмір шындығына жақындатып, реалистік стильге бұрады. Ескендірдің әкесі Абайда
Филипп болып аталады. Оның тәрбиешісі болған философ Аристотель кіреді. Аңыздан бұрынан
тек кішкентай тас және сыры ғана сақталды. Низами тарауында Ескендірді даналық дәрежесіне
жеткізеді. Мұсылманшылық аңызы бойынша уахи келеді. Ол бар жиhанды кезіп,
адамзатқа
езгіліктің жолын танытпақ керек деген әмір болады.
Адамгершілік, ақтық, шындық, мінезділік жөнінде езі ұсынған жолдарын белгілі бір аңыз
арқылы тағы да көңілге қонымды етіп, таныта түсуге талап етеді.
Жалпы композициялық
құрылысын алғанда, Ескендір Абайдың ең жақсы поэмасы.
Поэмасының ең соңындағы бірнеше шумақтарда Абай дидактикалық, ойшыл-өсиеткшілік
қорытындыны Ескендірден бөлек бір жай етіп айтады. Бұнысы поэманың жоғарыда біз айтқан
идеясына байланысты. Абай бұнда да, Масғұт турасындағы аңызға барғандай, ескілік
материалына текке бармайды. Өзіндік өсиеттерін шартты түрдегі
аңыз-аспанға белей отыра,
қызықтыра ұсынбақ болады. Сол тиымсыз, тойымсыз әміршінің өз өмірінді жалғыз рет тылсым
қуаты бар, жасырын сыры бар және жол бермес тас қақпаға кездесуі Абайша үлкен мол
мағынамен келтіреді.
Адамгершілік, ақтық, шындық, мінезділік жөнінде езі ұсынған жолдарын белгілі бір аңыз
арқылы тағы да көңілге қонымды етіп, таныта түсуге талап етеді. Жалпы композициялық
құрылысын алғанда, Ескендір Абайдың ең жақсы поэмасы.
Поэмасының ең соңындағы бірнеше шумақтарда Абай дидактикалық, ойшыл-өсиеткшілік
қорытындыны Ескендірден бөлек бір жай етіп айтады. Бұнысы поэманың жоғарыда біз айтқан
идеясына байланысты. Абай бұнда да, Масғұт турасындағы аңызға барғандай, ескілік
материалына текке бармайды. Өзіндік өсиеттерін шартты түрдегі аңыз-аспанға белей отыра,
қызықтыра ұсынбақ болады. Сол тиымсыз, тойымсыз әміршінің өз өмірінді жалғыз рет тылсым
қуаты бар, жасырын сыры бар және жол бермес тас қақпаға кездесуі Абайша үлкен мол
мағынамен келтіреді.
Ескендір Абай поэмасында дәріптелмей, сыналады.
Сондықтан поэманың әңгімелі, оқиғалы желісін жетер өрісіне жеткізіп болған соң, жырдың
аяғын жаңағы айтқандай, моральдық, адамгершілік байлау мен толғауға, сентенцияға әкеліп
тіреуі заңды болып көрінеді. Поэманың шумағы,
өлең жолдары, буын өлшеуі, қолданатын
ақындық сөздігі-бәрі де шешендік, нақтылық жағынан қарағанда, Абайдың ақындық өнеріне сай
келген. Бұлар поэманың тұтас бітімді шығарма болуына нық жәрдем етеді. Абай