Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
«оқушылар мен мұғалімдердің алда тұрған іс-әрекетінің негізгі детальдарын алдын ала
жасау» [6] ретінде қарастырады. Бұл анықтама мұғалімнің педагогикалық процесті
жоспарлауының жалпы алгоритмін көрсетеді. В.В. Краевскийдің айтуынша, «педагогикалық
жобалау әлеуметтік мақсат қоюдың өзіндік формасы болып табылады».
Дегенмен, бұл анықтама бойынша, «жобалау» және «жоспарлау» іс-әрекеттері бір-
бірімен сәйкестендіріледі, ал олардың әрқайсысының өзінің жеке мағынасы бар іс-әрекет
екендігі көрсетілмейді. Себебі педагогикалық жобалау – тек мұғалімнің сабақты жоспарлауы
ғана емес, ең алдымен оқу-тәрбие процесінің логикалық құрылымын жасау. Ғылыми
әдебиетте «жобалау» ұғымына бірқатар өзіндік анықтамалар берілген. Мәселен,
В.А.Болотов, Е.И.Исаев, В.И.Слободчиков, Н.А.Шайденко педагогикалық жобалауды
«педагогтар, оқушылар қауымдастығының жаңа формаларын, білім берудің жаңа мазмұны
мен технологияларын, педагогикалық іс-әрекет пен ойлаудың жаңа әдістері мен
технологияларын жасау» контексінде анықтайды.
Н.В. Борисова жобалаудың білім беру жобаларын жасауға және іске асыруға
бағытталған іс- әрекет екендігін көрсетеді. А.Н.Дахин болса, жобалауды «қандай да бір
жүйені, объектіні немесе модельді құру (жасау,жоспарлау, құрастыру) жөніндегі іс-әрекет»
деп біледі. Т.К.Смыковская «педагогикалық жобалау – жүйелердің қызмет етуінің,
дамуының, жетілдірудің міндеттерін шешуге бағытталған педагогиканың және
ұйымдастырылатын практикалық іс-әрекеттің қолданбалы бағыты» деп есептейді. Бұл
анықтамада жобалаудың міндеттерінің әрқилылығы бірден көзге түседі.
Е.А.Крюкованың айтуынша, педагогикалық жобалау дегеніміз – білімдер жиынтығы
ретінде қарастырылатын, нақты педагогикалық объектіні, құбылысты немесе процесті
көрсететін белгілі бір педагогикалық жүйені іске асырудың шарттарын анықтау жөніндегі іс-
әрекет болып табылады. Ендігі кезекте «педагогикалық жобалау қандай принциптерге
сүйенеді?» деген сұраққа жауап беру керек. Бұл жерде Н.Г.Алексеева, Е.А.Крюкова және
Т.К.Смыковскаялардың пікірлерін негізге алуға болады. Олардың айтуынша, педагогикалық
жобалау принциптері: ғылыми ұсыныстарға сүйену; жаңа жүйенің жобасы идеяларының
көздерінің толықтығы; жобалау идеяларының еркін генерациясы (жобалаудың
шығармашылық сипатын қамтамасыз етуге бағыттайды); жобалаудың бірлігі мен
сабақтастығы. Г.П.Щедровицкий педагогикалық жобалауды көптеген «практикалық іс-
әрекеттер» актілерінен тұратын, кейін талдау объектісіне айналатын іс-әрекет ретінде
анықтай отырып, келесі принциптерді бөліп көрсетеді: қосымшалығы (жүйені жетілдіруге
мүмкіндік беретін қосымша шарттарды енгізу және жүйенің дамуына кедергі келтіретін
жағдайларды шығару мүмкіндігі); іс-әрекет пен қарым- қатынастар бірлігі (кез келген емес,
тек тұлғаның жетілуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттерді меңгеру). Ендігі кезекте
инновациялық процесті жобалау іс-әрекетінің логикасына тоқталу керек. Себебі
педагогикалық жобалаудың нәтижесі белгілі бір деңгейдегі инновация болып табылады.
С.Д.Ильенкованың пікірінше, инновациялық процесті жобалау инновациялық өзгерістерді
даярлауда кешенді тұтастықты құрайтын өзара байланысты фазалардан тұрады және ғылыми
білімдерді инновацияға айналдырушы процесс болып табылады. Оның басты белгісі –
инновацияларды аяқтау, іске асыруға жарамды нәтиже алу.
В.А.Сластенин, Л.С.Подымованың айтуынша, білім беру жүйесіндегі инновациялық
процестердің ерекшелігі оның жүзеге асырылу барысында өзі жүргізіліп отырған
инновациялық әлеуметтік-педагогикалық ортасына деструктивті өзгерістер енгізуінде. Яғни,
бұл өзгерістер әлеуметтік-педагогикалық ортаны қайта қалпына келмейтіндей етіп өзгеріске
ұшыратады. Жобалау жаңашылдықтың эволюциясының және жаңа енгізуді іске асырудың
картасы болып табылады. Оның да өз шекаралары бар. Бірақ оларды нақты белгілеу мүмкін
емес, дегенмен әр нақты жоба үшін олар жеке анықталады. Жобалауды қарастырылып
отырған жүйенің бір жағдайдан екіншісіне көшуін жоспарлау, яғни өзгеруі процесі ретінде
қарастырсақ, онда бұл процестің ерекшеліктері мен заңдылықтарын, принциптерін анықтау
|