Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
қажеттігі туады. Бұл жаңалықтарды енгізуде үнемі туындайтын проблемалардың көзін ашуға
мүмкіндік береді. Қазіргі жағдайда педагогикалық жобалаудың қарқынды дамуы оны
қолдану мүмкіндіктеріне көзқарасты түбірімен өзгертуді талап етеді, себебі жобалау мәселесі
ғылыми тұрғыда негізделмесе, оның нәтижесі айта қаларлықтай болмайды. Инновациялық
процестер білім беруді дамытудың жетекші және қажетті тенденциясы ретінде
көрінеді.Оларды заңдылық ретінде қарастыра отырып, Н.Р.Юсуфбекова көрсеткен
инновациялық процестердің заңдылықтарына сүйене отырып, педагогикалық жобалауға
деген қажеттілікті төмендегі тенденциялар арқылы көрсетуге болады: ескі мен жаңа
арасындағы қарама-қайшылық жүйе мен оның бөліктерінің өзгерісіне әлеуметтік және
педагогикалық қажеттіліктерден туындайды; білімдерді саралау, олардың үнемі ұлғаюы мен
оқу-тәрбие процесінің шегі арасындағы қайшылық дидактиканың орталық проблемаларының
бірі – білімнің базалық ядросын – білімдер минимумын анықтау проблемасын тудырады;
шығармашыл тұлға қалыптастыратын жаңа оқыту әдістеріне қажеттілік сабақ уақытының
шектелуіне байланысты қайшылықтар туғызады (мәселен, проблемалық оқыту оқу
материалдарын шығармашылықпен меңгеруді қамтамасыз етеді, білімдерді дайын күйінде
берудің дәстүрлі әдістеріне қарағанда көп уақыт алады); педагогикалық ойлаудың
парадигмасының өзгеруінің өзі өзгерісті талап етеді; білім берудің үздіксіздігі оны
құрылымды әрі мазмұндық өзгертуді талап етеді; мұғалімдер мен басқа педагогикалық
қызметкерлер арасында артып келе жатқан жаңа педагогикалық білімге қажеттілік шығады.
В.М.Монахов пікірінше, оқу үрдісінің тиімділігі оқу үрдісінің алынған нәтижесі
мемлекеттік
білім
стандарты
белгілеген,
яғни,
жоспарланғаннан
қаншалықты
ерекшеленетінін көрсететіні оның негізгі сипаты болып табылады. Оның технологиясы өзі
ұсынған параметрлік модель негізіндегі оқу үрдісін жобалау технологиясы оқу үрдісін
тұтастай және жүйелі жобалау технологиясында жаңа бағыттардың бірі ретінде алға шығады
және тәжірибеге мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізудің нақты құралы болып
табылады. Сонымен, жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға
болады: педагогикалық жобалау дегініміз – белгілі бір жағдайларда педагогикалық процесті
жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-әрекет.
Достарыңызбен бөлісу: |