Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


(13-дәріс). Жоғары оқу орнындағы оқытудың кредиттік технологиясы



Pdf көрінісі
бет73/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
Педагигика

 
2.8 (13-дәріс). Жоғары оқу орнындағы оқытудың кредиттік технологиясы 
Жоспары: 
1. Жоғары мектепте бақылауды ұйымдастырудың қағидалары.
2. Бақылаудың негізгі қызметтері. Бақылаудың әдістемелік қызметтері.
3. Білімді бақылау және тексеру жүйесі. Бақылаудың негізгі түрлері.
4. Бағалау өлшемдері және оларға сипаттама.
5. Педагогикалық өлшеу педагогикалық бақылау әдісі ретінде.
6. Отандық білім беру жүйесін реформалау және жетілдіру.
7. Қазақстандағы оқытудың кредиттік технологиясының ерекшеліктері.
8. 
Оқытудың 
кредиттік 
технологиясы 
жағдайындағы 
оқу 
үдерісінің 
ұйымдастырушылық құрылымы. Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыздандыру. Білім 
алушылардың білімін бақылауды ұйымдастыру.
8. Оқытудың кредиттік жүйесіндегі кәсіби практика. 
9. Кеңсе тіркеушісінің іс-әрекеті/қызметі. Оқытудың кредиттік жүйесі жағдайында 
оқытушының қызметтері.
 
Кредиттік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің президенті Чарльз Элиот 
енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары 
оқу орындарына дейін енгізілді. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері де кредиттік жүйеге ене 
бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердің білім министрлігінің 
бірлескен отырысында кредиттік оқытудың еуропалық жүйесін қабылдады.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойыншакредиттік оқытудың іргелі 4 
жүйесі бар:
1. Еуропалық жүйе –ESTS. 
2. Американдық жүйе – USCS. 
3. Британдық жүйе – CATS. 
4. Азия мемлекеттері және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – USTS.
Қазақстанның білім беру жүйесі негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге енуді көздеп 
отыр. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, 
Германия, Италия, т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі. 
Республика білім беру жүйесінің кредиттік технологияға көшудегі басты мақсат - 
Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен біріктіру. Қазақстан Республикасы Білім 
және Ғылым министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі министрлігі 
ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі Болон декларациясының негізгі 
ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынған. Біздің көздеп отырған мақсатымыз- кредиттік 
оқытудың Еуропалық жүйесіне ену. Әлемдегі 12000 университетте жоғары білім беру 
Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылуда. 
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі ұстанымдары: Бакалавриат (аяқталмаған жоғары 
кәсіптік білім) – 4 жыл, төмендегі сатысы – 2 жыл; жоғары сатысы – 2 жыл. Магистратура 
(жоғары кәсіптік білімнің екінші сатысы) екі траекторияда іске асады: кәсіптік магистартура, 
3 триместрді қамтиды – 1 жыл; ғылыми магистратура – 2 жыл. Докторлық бағдарлама – 
жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық бағдарлама екі траекторияда іске асады: кәсіптік 
магистратурадан кейін – 3 жыл; ғылыми магистратурадан кейін – 2 жыл. Халықаралық 
ұлттық білім беру жүйесінің бағдарламасына сәйкес жоғары және кәсіптік білімнен кейінгі 
білім берудің кредиттік технология негізінде үш деңгейлі академиялық дәрежелер енгізілді: 
“бакалавр”, “магистр”,”доктор”.
Кредиттік оқыту жүйесі бірізді емес оқыту жүйесіне жатады. Бірізді емес оқыту 
жүйесіне оқу процесін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі жатады. 
Кредиттік оқыту жүйесіне өтуге оқыту түрі бірізді оқыту жүйесі деп аталады. Бірізді 
оқыту жүйесі – оқытудың логикасына сәйкес білім алушы кәсіптік білім бағдарламасындағы 
пәндерді жүйелі түрде берілген сағаттық көлем негізінде белгілі уақытта оқытуды айтады. 
Кредиттік жүйе - қандай көлемде және қай салада жоғары білім алғанын көрсететін 
жүйе. Міндетті кредит саны, бөлінетін міндетті курстар бар екендігіне сөз жоқ, бұл ең 
біріншіден, мамандық саласындағы пәндер. Қай бір курстар мемлекеттік стандарт бойынша 
және кредиттің қандай да бір белгілі саны университеттің немесе институттың өзінің 
қарастыруына берілген. Сонымен, кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты: ұлттық білім 
бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету; білім сапасын әлемдік 
дәрежеге көтеру; студенттің өз іс-әрекетін ұйымдастыра лау және білімін жетілдіру қабілетін 
дамыту. Бірізді емес оқу жүйесінің бірізді жүйеден негізгі айырмашылықтары: студенттер 
оқу жоспарында қамтылған пәндерді еркін таңдай алады; студент жеке оқу жоспарын 
жасауға тікелей қатыса алады; бірізді емес оқу жүйесінде білім алушы кейбір қосымша 
кредитті өздерінің қалаған уақыттарында алуға құқығы бар. Білім алушы өзі қалаған 
ғалымдардан дәріс алады; кредиттік технология бойынша оқытуда әр оқытушының оқу 
жүктемесін есептеу өткізілген материалдар көлеміне, яғни кредитке байланысты болады. 
Кредиттік технологияның негізгі ерекшелігі- студенттің жекелей оқу жоспарын 
құруында болып табылады. Студенттің жекелей оқу жоспары дегеніміз эдвайзердің 
көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке оқушының білім 
траекториясын айқындауы. Студенттің жекелей оқу жоспары факультет деканының қолымен 
бекітіледі, біреуі оқу жоспарын орындауы туралы деканатта сақталады, ал, екіншісі 
студенттің қолында болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет