Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет74/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Кредиттік оқу жүйесі бойынша жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын оқытушы-
профессордың атқаратын қызметтері- ассистент,доцент,профессор деп аталады. Жоғары 
және жоғары кәсіптік білім беру білімдік кәсіптік бағдарламаның негізгі мазмұны 
Мемлекеттік білім стандарты және оқу жоспарлары негізінде іске асады. Оқу жоспары үш 
түрлі формада қамтылады: типтік оқу жоспары; жұмыс оқу жоспары; жекелей оқу жоспары-
әрбір жеке студентің білім траекториясын анықтайды. Типтік оқу жоспарын Қазақстан 
республикасы Білім және Ғылым министрлігіне қарасты оқу-әдістемелік бірлестіктер 
жасайды. Жұмыс оқу жоспары - Қазақстан Республикасы Білім стандартты және типтік оқу 
жоспары негізінде жасалады.
Кредиттік оқу жоспары білім бағдарламасының мазмұнын меңгеруге байланысты 
пәндердің үш тобын қамтиды:
А тобына – міндетті және жүйелі түрде енетін пәндер жатады;
В тобына – міндетті түрде оқылатын пәндер кіреді, бірақ жүйелілік сақталмайды;
С тобына - кез-келген академиялық кезең барысында студенттің қалауы бойынша 
өтілетін пәндер кіреді. 
Жұмыс оқу жоспарына: жалпы білім беретін циклға кредиттің 25 пайызы беріледі. 
Жұмыс оқу жоспарына енетін міндетті негізгі пәндер: Қазақстан тарихы, философия, қазақ 
(орыс) тілі, шет тілі, математика (мәдениет және гуманитарлық мамандықтардан басқа), 
информатика, өмірқауіпсіздігі негіздері, экология, дене тәрбиесі. Дене тәрбиесі пәні 
оқытудың қосымша түрі негізінде іске асады, оған типтік оқу жоспарында кредит берілмейді.
Жалпы білім беретін цикл бойынша таңдау пәндерге әлеуметтану, саясаттану, 
мәдениеттану, құқық негіздері, экономикалық теорияның негіздері, психология, педагогика 
пәндері жатады. Базалық пәндерге жалпы кредиттің 50 пайызы, яғни, 64 кредит беріледі. 
Оның 50 пайызы студенттің таңдауы бойынша өтілетін пәндерге беріледі. Кәсіптік пәндерге 
– жалпы кредиттің 25 пайызы беріледі. Оның 30 пайызы студенттің таңдауы бойынша 
өтілетін пәндерге беріледі. Міндетті өтілетін пәндер типтік оқу жоспарында берілген пәндер 
негізінде жүргізеледі, ал, таңдау пәндерін институт ғылым кеңесі шеше алады. Кредиттік 
оқыту жүйесі бойынша кредиттер арнайы және кәсіби пәндерге толығымен беріледі. 
Кредиттік оқыту жүйесінің негізі – студенттің өз бетімен дамуына мүмкіндік туғызу. 
Студенттің іс-әрекетін ұйымдастыра алуы және білімін жетілдіруге қабілетін дамыту 
мақсатын іске асыру үшін оқытушы мен студент арасында типтік цикл іске асады. Ол: 
оқытушының студентпен жұмысы; студенттің оқытушы басшылығымен атқаратын өз 
бетінше жұмысы; студенттің өз бетінше жұмысы. 
Оқытушының студентпен жұмысының негізгі атқаратын функциялары: 
- тұрақты (тақырып, тақырыпқа кіріспе, мақсат пен міндет, практикалық маңыздылығы, 
материалдың негізгі бөлімдерімен өзара байланысы, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс 
істеуге ұсыныстар қамтылады); 
- бақылау (жекелей кеңес беру арқылы студенттің өз бетінше жұмыс істеудегі оқу іс-
әрекетін іске асыруды қамтамасыз ету); 
- бағалау (студенттің білімі мен біліктілігін бағалау, сабақ процесінде кездескен 
қиындықтан шығу жолдары, ақыл-кеңес беру). 
Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін өз бетімен жұмысы (СОӨЖ): 
материалды қосымша оқуға бағытталған; СОӨЖ оқу кестесіне және студенттің апталық 
жүктемесіне енеді; СОӨЖ студенттермен кеңес беру, интерактивті формадағы сабақтар 
өткізу, үй тапсырмасын, бақылау жұмыстарын тексеру, қосымша кеңес алу, рейтинг 
көрсеткіші төмен және берілген тапсырманы орындауға қиналатын студенттер үшін ақыл-
кеңес беру, курстық, бақылау жұмыстарын орындау кіреді. СОӨЖ оқытушының оқу 
жүктемесіне енеді. Жұмыс оқу жоспарында қамтылған пәндердің 70 пайызы студенттің өз 
бетінше жұмысына беріледі, оның 50 пайызы СОӨЖ-ге берілсе, ал, 20 пайызы студенттердің 
өз бетінше жұмысына беріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет