Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет75/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
 
3-Модуль. Жоғары мектепте тәрбиені ұйымдастыру 
 
3.1 (14-дәріс). Жоғары мектепте тәрбиені ұйымдастырудың теориялық негіздері 
Жоспары: 
1. Жоғары мектептің тәрбие жүйесінің ерекшеліктері.
2. ЖОО-дағы тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі өлшемдері.
3. Қоршаған табиғатқа іс-әрекеттік қарым-қатынас жолымен жастардың рухани 
санасын тәрбиелеу.
4. 
XXI ғасырдағы ұлттық сана жайлы көзқарастар.
5. Заманауи жоо-дағы тәрбие жұмысының негізгі формалары. 
 
Тәрбие үрдісінің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі 
балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және 
патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына, әлеуметтенуіне, болашақ 
мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне 
оңтайлы жағдай жасау. 
Тәрбие үрдісінің міндеттері: 
• білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, 
тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту; 
• балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары 
мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу; 
• өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени 
ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік 
дүниетанымды қалыптастыру; 
• мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем 
және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін 
зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау; 
• жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім 
беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың 
шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім 
алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру; 
• қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және 
әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби 
сапаларды қалыптастыру; 
• қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни 
толеранттылықты тәрбиелеу; 
• балалар мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен 
түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
• отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің 
тәрбие жүйесіне араластыру.
Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысының міндеттері білім беру үдерісінде, сабақтан 
тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады. 
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол 
қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие мазмұны 
адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде қалыптасуын, оның 
барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге жұмылдырады. Сонымен бірге, 
тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің 
компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан
тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, білім 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет