В.И.Андреев бойынша, Бәсекеге қабілеттілігіңіздің деңгейі қандай?
(бейімдей жасалынды)
№
|
Сауалнама Анкета
|
Ия,
|
жоқ
|
Жауап беруге
қиналамын
|
1
|
Мен екі-үш жылда неге жететінімді, нені бағындыратынымды
нақты білемін
|
|
|
|
2
|
Мен қай салада жақсы жалақы табатынымды нақты білемін
|
|
|
|
3
|
Менің бастаған істі аяғына дейін жеткізуге үнемі күшім жетеді
|
|
|
|
4
|
Мен өте сирек шаршаймын
|
|
|
|
5
|
Менде шешімі жоқ болып көрінетін мәселенің өзі кейде күтпеген
жерден шешімі табыла кететін кездер жиі кездеседі
|
|
|
|
6
|
Біздің ұжымда (топта) мен қандайда бір жаңалықты жиі
бастаушымын
|
|
|
|
7
|
Мен тәуекелге қабілеттімін, одан мүмкіндік аз болсада
|
|
|
|
8
|
Мені достарым шешім қабылдағыш адам деп есептейді
|
|
|
|
9
|
Кей өзгелерге ұнамаса да, өз пікірімді білдіремін, айтамын
|
|
|
|
10
|
Дауласқанда, пікірталастарда, мен өз ұстанымым тиімді екені жиі
дәлелдеймін
|
|
|
|
11
|
Достарымның арасында маған компанияның жаны (жүрегі) болған
ұнайды
|
|
|
|
12
|
Біреулерлерге бағынғанан гөрі, жетекшіден өзіме жауапкершілікті
алғанды дұрыс деп есептеймін,
|
|
|
|
13
|
Мен өздігімнен білім алумен, жеке тұлғалық сапаларымды
дамытумен жүйелі түрде шұғылданамын
|
|
|
|
14
|
Менің осыған дейінгі жеткенімнің барлығы, өздігімнен білім
алуымнан, өздігімнен дамуымнан
|
|
|
|
15
|
Егер маған біреу дөрекілік жасаса, ол туралы тез ұмытамын
|
|
|
|
16
|
Болмашыға бола жанжалға араласпауға тырысамын және ол менің
қолымнан келеді
|
|
|
|
17
|
Сізді достарыңыз, жұмыста «перспективті» адам деп есептейді ме
(кәсібилікте)
|
|
|
|
18
|
Мен ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға жиі
қатысамын
|
|
|
|
19
|
Мен не істесең де сапалы жасау керек, не мүлдем жасамау керек деп
есептеймін.
|
|
|
|
20
|
Сіздің жасаған жұмысыңызды бастығыңыз (мұғалім) қайта
жасатқан кезі болған ба еді?
|
|
|
|
Қосымша Б
Н.П.Фeтискиннің «Кәсiби-пeдaгогикaлық мотивaцияны өзiндiк бaғaлaу»
әдістемесі.
Сіздерге 41 сұрақ беріледі, әр сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет.
Сұрақтар:
Егер алдыңызда екі нұсқаның біреуін қалап тұрса, оны белгілі уақытқа қалдырғанша, жылдам орындау дұрыс болар.
Егер мен тапсырманы 100пайызға орындай алмасам мен жеңіл түрде тітіркенемін.
Мен жұмыс істегенде өмірімдегі барлық құндылығымды сол әрекетке қойған сияқты байқалады.
Егер шешілмейтін жағдай туса, шешімді мен ең соңында қабылдаймын.
Егер екі күн қатарымен қолым бос болса, мен тынышсыз боламын.
Кейбір күндері менің жетістіктерім ортадан төмен болады.
Басқаларға қарағанда менің өзіме көзқарасым қаталдау болады.
Басқалардан мен мейірімділеумін.
Мен қиын тапсырманы орындағым келмей бет бұрғанда, кейін өзімді қатаң жазалаймын, өйткені одан мен жетістікке жетуім мүмкін еді.
Жұмыс барысында демалу үшін кішкене үзілісті қажетсінемін.
Менің негізгі нышаным – талпыныс емес.
Еңбектегі жеңістерім бір қалыпты емес.
Мен шұғылданып жүрген жұмыстың басқасы мені қызықтырады.
Мадақтаудан көрі маған жазалау түрткі болады.
Менің әріптестерім мені іскер деп санайды.
Кездескен кедергілер менің шешімдерімді одан да қатайтады.
Мен атаққұмарлықты жақсы көремін.
Егер мен шабыттанбай істесем, ол білініп қояды.
Жұмысты орындағанда басқалардың көмегіне сенбеймін.
Қазір істейтінді кейде кейінге қалтырамын.
Өзіңе қана сену керек.
Өмірде ақшадан да басқа маңыздылар бар.
Егер мен маңызды тапсырманы орындасам, мен басқа ештеңе ойламаймын.
Басқалардан көрі менің өзімшілділігім аздау.
Демалыс аяқталып келе жатқанда, оқуға шығуды ойлағанда әдетте қуанамын.
Егер мен жұмысымды ынтамен жасасам, басқалардан гөрі мен оны одан да жақсы орындай аламын.
Мен жұмысты өте жақсы істейтін адамдармен жұмыс істеуді жақсы көремін.
Менде бос уақыт болған кезде, мен бір орында отыра алмаймын.
Басқаларға қарағанда мен жауапкершілігі жоғары жұмысты өте жий жасаймын.
Маған шешім қабылдау қажет болған жағдайда, мен шешімді тиімді етіп қабылдауға тырысамын.
Менің жолдастары мені жалқау деп санайды.
Менің жетістіктерім менің шәкірттеріне байланысты болады.
Қолбасшы ерігіне қарсы шығу мүмкін емес.
Кей кездерде білмейсін, қандай жұмысты жасайсын.
Бірдеңе шықпаған кезде, мен шыдай алмаймын.
Мен өзімнің жетістіктеріне көп назар аударамаймын.
Мен басқа адамдармен жұмыс істеген кезде, менің жұмысын басқалардың жұмысына қарағанда, жоғары нәтижелерін береді.
Мен нені істесем де, аяғына дейін бітіре алмаймын.
Мен жұмыспен айналыспаған адамдарға қызғанышпен қараймын.
Мен билікке ұмтылған адамдарға қызғанышпен қарамаймын.
Егер менікі дұрыс болса, өзінің аққиқаттылығын дәлелдеу үшін көп күш саламын.
Әдістеменің кілті: Сіз 1 баллдан 2, 3, 4, 5, 7, 8, 9, 10, 14, 15, 16, 17, 21, 22, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 32, 37,
41 сұрақтарына «иә» жауабы үшін ие болдыңыз, және 1 баллдан келесі сұрақтарына «жоқ» жауабы үшін ие болдыңыз: 6, 19, 18, 20, 24, 31, 36, 38, 39. 1,11, 12,19, 28, 33, 34, 35,40 сұрақтарына берген жауаптары саналмайды. Баллдардың жалпы соммасын есептеңіз.
Нәтиже. 1-ден 10-ға дейін: кәсіптік жетістікке жетудің төмен мотивациясы; 11-ден 16-ға дейін: кәсіптік жетістікке жетудің орта деңгейі; 17-ден 20-ға дейін: кәсіптік жетістікке жетудің жоғары деңгейі; 21-ден жоғары бал: кәсіптік жетістікке жетудің өте жоғары деңгейі.
Қосымша В
В.И.Андреев ұсынған студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиелілігі деңгейін
анықтау сауалнамасы
Сауалнама: Анықтаңыз, Сіз өзіңізді қандай адамгершілік бағыттағы тұлғаға жатқызасыз? Сіздің алдыңызға 12 түрлі тұлғалық тип берілген. Сіз өзіңізді осы берілген 12 типтің қайсысына жатқызасыз және әр типті 10 балл бойынша бағалап шығыңыз. Өзіңізді бағалаудың қорытындысы, сіздің қандай тұлғалық ерекшелігіңіздің бар екенін және қандай қасиетіңізді жетілдіруді анықтайды
Альтруист Бұл типке өзінің тұлғалық қызығушылығынан гөрі әрқашанда басқаларға көмекке даяр адамдар жатқызылады. Альтруист адам өзін және өзінің қажеттілігін соңғы орынға қояды. Альтурист үнемі қорлық көрген, әлсіз адамдарды жақтаушы болып саналады. Кез келген жағдайда көмек қолын созу, көмекке келу ондай адамдарды үлкен қуанышқа бөлейді.
Эгоист (Өзімшіл) Мұндай тұлғалық типке – өз пайдасын ғана ойлайтын, өзін ғана жақсы көретін адамдар қатары жатады. Эгоист адам тек өзіне пайда әкелуді ғана ойлайды, басқалары оны аз қызықтырады. Эгоист өзін қызықтыратын әрекеттерде қайтпас, бірбеткей, қырсық болады.
Оптимист Ол тек жақсылыққа сенеді. Оптимист әрқашанда жақсылықты күтеді, оған адамдарға және олардың ізгі әрекеттеріне сену, әзілқойлық, тапқырлық қасиеттері тән. Ол күйзеліс пен жанжалдан тез шыға біледі. Өзінің көңіл-күйімен басқаларға рух береді.
Пессимист(Торығушы, түңеруші) Бұл типтегі адамдар бар жағдайды көңілсіз қабылдайды. Ол жарқын болашаққа, жетістікке күмәнмен қарайды. Ол өзінің де, өзгенің де мүмкіншілігіне сенбейді.
Реформаторшы Бұл типтегі адамдар үшін өзінің айналасындаларға өзгеріс енгізу аса маңызды. Ол әрқашан өзінің кәсіби әрекетін сапалық жағынан жақсартуға бағытталады. Ұжымда жаңалықты бастаушы адам. 6.Консерваторшы Бұл типтегі адамдар ұжымда белгілі бір дәстүрдің сақталуын қалайды. Бәрін еш өзгеріссіз, бұрынғы қалпынша қалдыру – консерваторшылардың ең негізгі ұраны. 155
Либералды Бұл типтегі адамдардың қарым-қатынас жасауында, мінезінде әдептілік, сыпайылық, мейірімділік көрінеді. Сонымен қатар, талапшыл емес, өз бетімен мәселелерді шешуші. Бұл адамдар кей кезде жауапкершіліксіз болып келеді.
Авторитарлы(Өктемшіл) Авторитарлық типке өз қалауын бұйырушы, өзінің жеке тапсырмаларын өзгелердің есебінен шешуші, өзінің эгоисттік мақсатына жетуде адамгершілік қағидаларды бұзушы адамдар жатады. Сонымен қатар бұл адамдарға сын айтылғанда шыдамсыздық таныту басым, қарым-қатынас жасауда қаталдық пен дөрекілік тән.
Тәуелсіз Бұл типтегі адамдар кейбір жағдайларға қарамастан, тәуелсіз пікірлер мен әрекеттерге қабілетті болып келеді. Олар аса қиын жағдайдың өзінде рухани-адамгершілік таңдауларға жауапты шешімдер қабылдай алады. 10.Конформист(Бейімделгіш) Бұл типтегі адамдар ыңғайшыл болып келеді. Олар әрқашан басқалардың қалауы бойынша өздерін өзгерте алады. Конформист адамда қызығушылық басым болса, келісімге дайын, ал кейде өзінен мықты адамдарға қосылып та кетеді.
Толерантты Толерант адамды шыдамдылық пен өзгеше ойды ұстану ерекшелейді. Толерант адам өзгенің сеніміне, көзқарасына, дүниетанымына сабырмен қарайды. Ол бір мәселені шешпестен бұрын түсінуге немесе қабылдауға тырысады.
Даушыл Даушыл адамдарға өзіндік жоғары бағалаушылық қасиеті тән. Өз тарапынан басқаруға талпынады. Ол көбінесе дау-жанжалға толы жағдайлар тудырып, өзінің және айналасындағылардың өмірін қиындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |