Әлеуметтік серіктестік



бет69/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77
бәскеге (1)

Белсенділік ұстанымы: өзін-өзі ұйымдастыруы, үздіксіз өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін арттыруы, еңбексүйгіш шығармашылыққа, тәуекелшілдікке ұмтылысын жетілдіру.

  • Зерттеушілік ұстанымы: кәсіби іс-әрекеті барысында әртүрлі жас аралығындағы балалардың әрекеті, қарым-қатынасы дамуын диагностикалау мен сапалы нәтижеге жетуіне ықпал ету.

  • Мінез құлықты насаналау (түсіну, ұғыну) ұстанымы: күйгелектікке жол бермей, күйзелістерді жеңіп, өзіндік жеке азаматтық ұстанымы мен құндылық бағдары бар, психологиялық және психофизиологиялық дамуының жалпы, арнайы (әртүрлі ауытқушылық типтері) заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы адам әрекеті мен мінез-құлқын реттеу өзгешеліктерін есепке алу құралдарын қолдана алуы.

  • Әріптестік қатынас ұстанымы (субъек-субекті): өз кәсіби мамандығының жоғары әлеуметтік маңызын түсіне отырып кәсіби этикалық ұстанымдарды сақтай алуы мен қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, көпмәдениетті ортада кәсіби әрекетті ұйымдастыру тәсілдерін, сондай-ақ, ұлттық тәрбиенің заңдылықтары мен принциптерін меңгеруі;

    «КЕМЕЛ» ресурстық орталығының бағыттары:
    Ағартушылық-білімдік: кездесулер, шебер сыныптар, коучингтер, видео-роликтер, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, озат педагогикалық тәжірибелер, онлайн конференция және тағы басқа.
    Процессуалдық іс-әрекеттік: бәсекеге қабілеттілікке түрткі болатын орта ұйымдастыруда әлеуметтік серіктестердің талаптарына сай болу үшін теориялық білімдерін өз кәсіби іс-әрекеттерін атқара алу құзыреттіліктері мен өзіндік бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, білік, сапалар жиынтығы; мүмкіндіктер кеңістігін талдау; үлгілік жағдаяттарды талдау; іс-әрекет нәтижелерін мойындау.
    Рефлексивтік-нәтижелік: іс-әрекет мазмұнын, оларды жүзеге асыру технологияларын анықтау дағдысының болуы; әлеуметтік ортада қызығушылығын қорғау біліктілігі; мәселені стандартты емес шешуге даярлығы; осы бағытта білім алу әрекетінің әлеуметтік ақпараттық-көздерін жинау және өңдеу біліктілігінің көрінісі.
    VІІ «КЕМЕЛ» ресурстық орталығын ұйымдастыру:
     Орталық жұмысы педагогика психология институты басшылығы және диссертацияның практикалық-экспериментін жүзеге асыру негізінде құрылып, арнайы жоспарланып бекітілген бағдарламалық жүйе бойынша ортақ жиналыс жоспарымен жүзеге асырылады.
     Орталықтың жалпы жұмысы 3-4 отырысқа негізделіп жасалады, көлемді іс-шаралар – бір жылға құрылады.
     Орталық отырыстары қыркүйектен маусымға дейінгі аралықта өтеді.
    VІІІ «КЕМЕЛ» ресурстық орталығы жұмысының түрлері:

    • Баяндамалар тыңдап, пікірталастар жүргізу.

    • Алдын ала жоспарланған тақырып бойынша диспут.

    • Психологиялық жаттығулар, психогимнастика.

    • Көркем және деректі фильмдерді бірлесе көріп, талқылау.

    • Көрме, жарнама.

    • Орталық мүшелерінің шығармашылық жетілуі (рөлдік, театрланған қойылымдар, әдеби оқулар және т.б.)

    • Сайт жүргізу (http://www.kemelpedagog.kz/sait_SD/)

    • Басқа да жастар ұйымдарымен байланысып, бірлесіп жұмыс жасау.

    ІХ «КЕМЕЛ» ресурстық орталығын құрылымы:

    • «Кемел» ресурстық орталығы белсенділерінің отырыс мәжілісі жоғары басқару органы болып табылады.

    • «Кемел» ресурстық орталығы өз қызметін ұйымдастырушылардың басшылығымен жүзеге асырады.

    Х «КЕМЕЛ» ресурстық орталығына мүшелікке қабылдау тәртібі:

    • Мәжіліс отырысына жаңадан келген әр болашақ педагог орталықтың тұрақты мүшесі болып қалыптасады.

    • Орталық қызметі мен жарғысына қызығушылық танытушы тұлға ресурстық орталыққа бірден қабылданады.

    ХІ «КЕМЕЛ» ресурстық орталығын ресми құжаттары:

    • Жарғы кемінде төрт данадан тұрады: орталықтың ұйымдастырушыларында, институт басшылығында, институттың ғылыми ісі жөніндегі орынбасарларында.

    1. Ресурстық орталық жұмысының жоспары.

    2. Әлеуметтік серіктестермен практикадан өтетін болашақ педагогтардың келісім шарттары.

    3. Ресурстық орталық жұмысының күнделігі (отырыс мәжілісінен мағлұматтар, сөйлеушілердің тақырыптары мен аты-жөндері, орталықтың жүргізген мерекелік іс-шаралар құжаттары хроникалық түрде қадағаланады).


    «КЕМЕЛ» ресурстық орталығының 2016-2018 оқу жылына араналған жұмыс бағдарламасы









    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   77




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет