Әлеуметтік серіктестік



бет68/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77
бәскеге (1)

Қосымша Е



БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ЕРІКТІЛЕРДІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН «КЕМЕЛ» РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
І Жалпы мәліметтер.
Болашақ педагог маман-еріктілерден құралған ресурстық орталық – бакалавр деңгейінде орындай алуға тиіс кәсіби құзыреттіліктері әлеуметтік серіктестердің талабына сай болуын қамтамасыз ететін ұйым.
Ресурстық орталық – өз іс-әрекетінде ҚР Конституциясы, ҚР «Білім Заңы», ҚР «Қазақстандағы жастар мемлекеттік саясаты» заңы, ҚР Президентінің жарлықтары, бұйрықтары, жолдаулары мен мақалаларын, ҚР эксперименттік алаңдар туралы ережелерін басшылыққа ала отырып, диссертацияның практикалық-экспериментін жүзеге асыру негізінде құрылған.
ІІ «КЕМЕЛ» ресурстық орталығының негізгі мақсаты: болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестер талабына сай, өзіндік азаматтық ұстанымы мен құндылық бағдары бар, еңбексүйгіш және шығармашыл, тәуекелшілдікке, лидерлікке, тәуелсіздікке, үздіксіз өзін-өзі дамытуға қабілетті, күйгелек болмай, күйзеліске қарсы тұрып, өз кәсіби іс-әрекетінің сапалы нәтижесіне ұмтылысын дамыту.
ІІІ «КЕМЕЛ» ресурстық орталығының міндеттері:

  • оқу-тәрбие үдерісін модельдей алу және оқыту практикасынде оны жүзеге асыру мен қатар әртүрлі жастағы балалардың әрекеті, қарым-қатынасы, дамуының диагностикалық әдістерін пайдалануға дайын болу;

  • балалардың әр алуан әрекет түрлерін ұйымдастыруға, кәсіби қызметінде бала құқығы мен мүгедектер құқығы туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды қолдануға, инклюзивті білім беру құндылықтары мен сенімдерін бөлісуге дайындығы;

  • психологиялық және психофизиологиялық дамуының жалпы, арнайы (әртүрлі ауытқушылық типтері) заңдылықтары мен жеке ерекшеліктерін, әртүрлі жастағы адам әрекеті мен мінез-құлқын реттеу өзгешеліктерін есепке алу құралдарын қолдана алып, мамандықтың жоғары әлеуметтік маңызын түсінуде кәсіби этикалық ұстанымдарды сақтай алуы;

  • қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, көпмәдениетті ортада кәсіби әрекетті ұйымдастыру тәсілдерін, сондай-ақ, ұлттық тәрбиенің заңдылықтары мен принциптерін меңгеру;

  • психологиялық және педагогикалық зерттеулерде сапалық және сандық әдістерді істей алу мен білім берудің түрлі деңгейіндегі білім алушыларға арналған бағдарламалардан, оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әртүрлі теорияларынан алған білімдерін қолдану;

  • білімдік ортада субьектілердің бірлескен қызметі мен тұлғааралық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру әдістерін меңгеру және кәсіби міндеттерді шешуде мамандардың пәнаралық, салааралық өзара әрекеттестіктеріне қатысу;

  • сыни ойлау әдістемесін меңгеру мен өзгермелі еңбек нарығына бейімделуі және белсенді де жауапты азамат болып қалыптасуы үшін нәтижеге және мобильділікке бағытталған білім алуға қабілеттілігін жетілдіру.

ІV «КЕМЕЛ» ресурстық орталығының ұстанымдары:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет