Тәжірибелік-экспериментке қатысушы болашақ педагог-психологтың мектеп жұмысына байланысты атқаратын міндеттері:
Мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау, ішкі тәртіпті сақтау, мектеп әкімшілігінің жарлығын орындау, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының тәртіптерін қатаң сақтау, үлгілі, сыпайы, ұйымшыл, еңбексүйгіш болу;
Мектепте оқытуға байланысты балалардың психологиялық дайындықтарын анықтау, мұғаліммен біріге оларды мектепке бейімдеу бағдарламасын жоспарлау, жүзеге асыру ісіне араласу;
Балалардың даралық ерекшеліктерін-қызығушылықтарын, қабілеттерін, сезімдерін, өмірдегі мақсаттарын т.с.с., - сонымен бірге жаскезеңіндегі даму ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдермен және ата-аналармен бірге дамытатын бағдарламалар құрастыруға қатысу;
Мектеп психологымен бірге балалар өміріндегі жасерекшелігіне байланысты әр өтпелі, ауыспалы жайтттарды ерекше бақылауға алу;
Сынып жетекшілерімен бірге үлгерімі, тәртібі төмен балаларды анықтап, түзету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысу;
Оқушылардың оқыту және тәрбиелеу үрдісінде қиындықтар тудыратын интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік және тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, оларды түзетуге көмек беру;
Қолайлы психологиялық шырай (климат) жасауды қолдау, оқушылардың мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен, сыныптастарымен, ата-аналарымен және басқа адамдармен ара қатынастарындағы келеңсіздіктің бұзылу себептерін анықтап, оларды жоюға әрекеттер жасау;
Мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық мәселелерге, зейінді,есті, ойлауды, мінездерін, қабілеттерін дамытуға кеңестер беру;
Оқушылардың сұрақтарына оқу іс-әрекетіне, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін анықтауға, ересектермен және құрбы-құрдастарымен қатынастарындағы мәселелерге жеке және топтық кеңестер өткізу;
Мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге мерекелік іс-шаралармен кәсіпке бағдарлау жұмыстарына белсенді қатынасып, ұйымдастырып, өткізуге көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |