Колледж міндеттері:
Тәжірибелік экспериментке қатысушы студенттің осы келісім-шартта көрсетілген міндеттер мен жоспарға сай оқу-тәрбие жұмыстарына қатысып, кәсіби біліктіліктерінің қалыптасуына жағдай жасау;
Студенттердің колледж құжаттарымен танысуға, колледжішілік іс-шаралардың өтуіне атсалысуға мүмкіндік беру;
Колледж оқушыларына психологиялық қолдау көрсету, олардың даму үрдісін диагностикалау, түзету іс-шарасына мектеп психологымен бірлесіп жүргізуіне жағдай жасау; 2.9.Студенттің колледждегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушы және топ кураторларымен бірлесе сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын жоспалауға, ұйымдастыруға, жүргізуге қолайлылық
туғызу;
Студенттің тренингтер жүргізуіне қажет болған жағдайда, тиісті әдебиетпен, ТОҚ, интерактивті тақта және т.б. құралдармен қамтамасыз ету.
Мекеменің ішкі тәртібін сақтау ережелерін студенттерге түсіндіріп, орындалуын қадағалап отыру;
Тәжірибелік-экспериментке қатысушы болашақ педагог-психологтың колледж жұмысына байланысты атқаратын міндеттері:
Мінез-құлықтың этикалық нормаларын сақтау, ішкі тәртіпті сақтау, колледж әкімшілігінің жарлығын орындау, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасының тәртіптерін қатаң сақтау, үлгілі, сыпайы, ұйымшыл, еңбексүйгіш болу;
Колледжде оқытуға байланысты білім алушылардың психологиялық дайындықтарын анықтау, мұғаліммен біріге оларды мектепке бейімдеу бағдарламасын жоспарлау, жүзеге асыру ісіне араласу;
Білім алушылардың даралық ерекшеліктерін-қызығушылықтарын, қабілеттерін, сезімдерін, өмірдегі мақсаттарын т.с.с., - сонымен бірге жас кезеңіндегі даму ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалімдермен және ата-аналармен бірге дамытатын бағдарламалар құрастыруға қатысу;
Колледж психологымен бірге балалар өміріндегі жасерекшелігіне байланысты әр өтпелі, ауыспалы жайтттарды ерекше бақылауға алу;
Оқушылардың оқыту және тәрбиелеу үрдісінде қиындықтар тудыратын интеллектуалдық, эмоционалдық, еріктік және тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, оларды түзетуге көмек беру;
Қолайлы психологиялық шырай (климат) жасауды қолдау, оқушылардың мұғалімдермен, құрбы-құрдастарымен, ата-аналарымен және басқа адамдармен ара қатынастарындағы келеңсіздіктің бұзылу себептерін анықтап, оларды жоюға әрекеттер жасау;
Колледж әкімшілігіне, мұғалімдерге, ата-аналарға балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі психологиялық мәселелерге, зейінді, есті, ойлауды, мінездерін, қабілеттерін дамытуға кеңестер беру;
Оқушылардың сұрақтарына оқу іс-әрекетіне, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін анықтауға, ересектермен және құрбы-құрдастарымен қатынастарындағы мәселелерге жеке және топтық кеңестер өткізу;
Колледж әкімшілігіне, мұғалімдерге мерекелік іс-шаралармен кәсіпке бағдарлау жұмыстарына белсенді қатынасып, ұйымдастырып, өткізуге көмектесу.
Психологиялық және педагогикалық зерттеулерде сапалық және сандық әдістерді қолдану;
Достарыңызбен бөлісу: |