Әлеуметтік серіктестік



бет23/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77
бәскеге (1)

Синергетикалық тұғыр. Синергетика («синергейя» – бірлесіп әрекеттесу, ынтымақтасу) немесе өзін өзі дамыту теориясы педагогика үшін эвристикалық мәні бар тұлғаны дамытудың әмбебап үлгілерін іздеуге бағытталған күрделі жүйе болып табылады. Синергетикалық тұғыр немесе білімнің синергетикасы білім берудің байырғы үлгілерінен өзге, жаңа педагогикалық әлемді синергетикалық тұрғыдан қарастыратын білім алушыларға өзін-өзі танудың, өзін-өзі дамытудың әдістерін меңгеруге бағытталған жаңа әдіснамасын жасауды алға шығарды.
Синергетикалық ойлар мен пікірлер өткен ғасырдың 70- жылдарында басталып, ал «синергетика» термині Герман Хакеннің еңбектері арқылы ғылыми әдебиетке енген. Педагогика сияқты синергетиканың да негізгі мақсаты тұлғаның даму үрдісін басқару. Адамда тосыннан пайда болатын белсенділік, шығармашылық қабілеттер бар болғандықтан, қазіргі уақытта синергетика идеясы педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданылу үстінде.
Бұл саланың дамуына үлес қазақстандық ғалым З.Ж.Жаңабаев, Б.А.Мукушев [129] т.б. Олар күрделі, ашық жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі дамытумен байланысты болғандықтан, қазіргі философияның жаңа кезеңін ашуға серпін беретіндігін негіздейді.
Біздің зерттеуіміз үшін синергетиканың өзін-өзі ұйымдастыру теориясы ретіндегі маңызы зор. Себебі, қазіргі талаптарға білім алушылар білімді интерактивті түрде игере отырып, қойылған міндеттер мен талқыланатын өзекті мәселелерді түсінуге, өздігінен шешім іздеуге, қорытынды жасауға, жалпылауға ұмтылулары тиіс. Бұл кезде оларда жинақтаған ақпараттар, білімдер бейберекеттіліктен (хаостан) реттілікке өтеді. Осылайша болашақ педагогтарда жүйелі қызмет өрісі пайда болады, танымдық және шығармашылық белсенділіктері артады.
Жоғары оқу орындарындағы білім беру барысындағы ұжымдық таным үрдiсiн синергетикалық бағытта ұйымдастыру оның қатысушыларының ынтымақтаса жұмыс жасаудағы келiсiмдiлiк және ұжымның әр мүшесiнiң
жауапкершiлiктi өз мойындарына ала бiлуi; басқалардың құқықтарын аяқ асты етпеу, басқа индивидтердiң құндылықтарын мойындау арқылы бiрлесе бiлiм алуда демократиялық үрдiстi қалыптастыру болып табылады. Оны басшылыққа алу болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Біздің жағдайымызда да бәсекеге қабілетті маман болу студенттің «өзі» философиясына негізделіп, олардың бірлескен әрекетін тиімді ұйымдастырғанда нәтижелі болады деп есепетейміз.
Талданған әдіснамалық тұғырлардың жалпы идеялары мен көрнекті өкілдерін төмендегі 3-кестеде келтіріп отырмыз.

Кесте - 3. Болашақ педагогтардың даярлау мәселесіне қажетті әдіснамалық тұғырлар мен оларды зерттеушілер







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет