Әлеуметтік серіктестік



бет26/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77
бәскеге (1)

Практикаға бағыттылық ұстанымы болашақ педагогтардың қазіргі заманғы білім берудің негізгі идеяларын практикалық іске айналдыруда қажет болатын әдістемелік ептілік пен дағдылардың дамуына негіз болады.
Қорыта келгенде, аталған тарауда әдіснамалық тұғырларды жіктеу зерттеу мәселесін шешудің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, практикалық жұмыстың нәтижелерін болжауға мүмкіндік береді. Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың әдіснамалық негіздері:

  • қоғам сұранысы мен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық көріністер болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігін дамытудың бағыттарын белгілеуге мүмкіндік береді;

  • болашақ педагогтардың кәсіби тұлғалық дамуына әсерін тигізетін жағдайларды анықтауға, азамат әрі маман ретінде жетілудің жоғары деңгейіне қол жеткізу кезеңдерін жобалауға бағытталады;

  • бәсекеге қабілеттіліктің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуіне бағдарланады;

  • білім, білік және дағды арқылы мәселелерді өз бетінше шешетін, өзін-өзі реттей алатын тұлғалық қасиеттерді пайдалана алу мүмкіндігі жоғары бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасайды.

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетістігі тікелей педагогикалық мамандарды дайындауға байланысты. Сондықтан қоғам мен мемлекет кәсіби білімді бәсекеге қабілетті педагогтарды дайындауға тапсырыс береді. Бұл тапсырысты орындауда әлеуметтік серіктестік құру қоғам тапсырысына, заман талабына сай бәсекеге қабілетті педагог дайындауға жағдай жасайды. Жұмысымыздың келесі тарауы болашақ педагогтарды бәсекеге қабілетті етіп даярлауда әлеуметтік серіктестіктің мүмкіндіктерін пайдалану мәселесіне арналатын болады.

II ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК - БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ





    1. Білімдегі әлеуметтік серіктестік феномені

Әлеуметтік құбылыс ретінде танылатын білім – ең алдымен шынайы қоғамдық құндылық. Әрқандай қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, ғылыми – техникалық, рухани - мәдени және экономикалық мүмкіндіктер білім беру саласының даму деңгейіне тәуелді. Алайда білім қоғамдық - тарихи сипатта бола тұрып, өз кезегінде, әлеуметтің білімдену қызметін іске асырушы қоғамның тарихи типіне байланысты. Әр дәуір білімі сол кезеңдегі әлеуметтік даму міндеттерін, қоғамдағы экономика мен мәдениет деңгейі, саяси және идеологиялық талаптар сипатын аңдатады. Себебі, аталған факторлардың арасында қоғамдық қатынастар субьектісі болған педагогтар мен білім алушылар тұр.
Білім, әлеуметтік – қажеттілік болуымен бірге біршама қызметтер атқарады. Ғалымдардың пайымдауына (А.А. Реан, Н.В.Берковский) білім қызметтері төмендегідей:

  • адамның ғылым және мәдениет әлеміне енуінің ең оңтайлы да жедел жолы. Бүкіл дүние қазіргі таңда әлем және барша планета азаматын тәрбиелеуге ұмтылыс жасап, білім аймағында барлық күш – қуатын топтастыруда. Дүниежүзілік білім кеңістігі жедел дамуда. Сондықтан да әлем қауымдастығы адамның жасайтын орны не елі, білім игеру типі деңгейіне тәуелсіз жаһандық білім стратегиясын қалыптастыру талаптарын алға шығарып отыр;

-тұлғаның әлеуметтенуі мен ұрпақтар жалғастығын қамтамасыз ету тәсілі. Адамдардың идеологиялық көзқарасы мен талғамдарының, әлеуметтік танымдары, мұраттары мен тіршілік жағдайлары түбегейлі өзгеріске түсіп жатқан заманда білім қайта жаңғырту мен тарихи және әлеуметтік тәжірбиені әулеттен әулетке өткізу процесін қалыпты жүргізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге жаңа саяси және экономикалық жағдайларды, қоғам және мәдениет дамуының жаңа бағыттарын жас ұрпақ санасына ендіріп, бекітуге көмектеседі. Тек білімнің ғана үйлестіру, тұрақтандыру қызметі арқылы адам жаңа өмір салттары мен тіршілік шарттарына икемделіп, бейімделеді.

  • адамның қоғамдық және рухани өмірін, сонымен бірге жалпы халықтық рухани санасын қалыптастыру тетіктері. Білім беру және тәрбиелеу мекемелері белгілі дәуір адамының әлеуметтік – мәдени іс - әрекеттерінің ең жоғарғы өрнек – үлгілерін шоғырландырады. Осыдан білімнің әлеуметтік құндылығы білімді де ізгілікті қоғам адамының маңыздылығымен өлшенеді. Білімнің адамилық (гуманистік) құндылығы әрбір жеке тұлғаның танымдық және рухани қажеттерінің даму мүмкіндіктерінен көрінеді. Біртұтас білім жүйесінің барша түрлері мен деңгейлерінде елдің интеллектуалды және рухани

  • инабаттық мүмкіндіктері жинақталып, даму жолына түседі.

    • мәдени қалыпқа енген жеке мінез-құлық және қимыл - әрекет үлгілері мен қоғамдық өмірдің бекіген формаларының ауысып (трансляцияға) баруы. Оқу және тәрбие барысында адам өркениет дамуына қажет әрі мәдени – тарихи

маңызы бар әлеуметтік – мәдени нормаларды игереді, атап айтсақ, олар: адамның әлеуметтік топтар мен өндірістегі, отбасы мен қоғамдық орындардағы, сонымен бірге ортақтасу, жеке тұлғалық және іскерлік қатынастардағы моралдық және ізгілік талап өлшемдері.

    • аймақтық жүйелер мен ұлттық салт-дәстүрлердің даму әдісі. Кейбір аудан тұрғындарының ерекшелігі педагогикалық міндеттерге өзіндік өң береді. Жастардың қала не ауылдың рухани өміріне енуі осы білімнің арасында өтіп жатады. Аймақтық білім жүйесінде бұқара халық арасындағы әр қилы әлеуметтік топтардың сұраныстары ескеріледі.

    • тұғырлы мәдени құндылықтар мен қоғамның даму мақсаттарын бірден- бірге өткізіп тұрушы және іске асырушы әлеуметтік институт (ресми құрылым, мекеме). Әлеуметтік институттар жас ұрпақты бүгінгі қоғамда дербес өмір сүруге, мақсатты бағдарлы тіршілік етуге дайындау жұмыстарын іске асырады.

    • жеке адам мен қоғамдық өмірдегі мәдени ауысулар мен қайта түрленудің белсенді үдеткіш күші [130].

Осындай жағдайда білім беру ісіне жалпы қоғам болып араласу қажеттігі туындап, ондағы әлеуметтік серіктестіктің алатын орыны айшықталады. Білім беру саласында әлеуметтік серіктестікті қалыптастыру процесі Евроодақ мемлекеттерінде өткен ғасырдың 50 - жылдарының ортасы мен 90 - жылдардың басына дейін белсенді түрде дамыды. Бұл мәселеде жалпы танымалдылыққа ие көшбасшы мемлекет Германия болып саналып, олардағы практикалық бағыттылық арқылы маман даярлау жылдар бойы практикадан өткен, барлық мемлекеттер үшін үлгі аларлық жүйе ретінде танылды. Ерекшелігі - оқу орнында алған теориялық білімдерді өндірісте бекіту, кәсіби дайындық барысында еңбекке араласып, болашақ мамандығының қыр-сырын меңгеру [131]. Мұндай дайындық жүйесінен өткен болашақ маманның бәсекеге қабілетті болуы заңдылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет