Әлеуметтік серіктестік



бет35/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77
бәскеге (1)

Финляндиядағы білім беру жүйесінде кәсіптік-техникалық білім беру жергілікті муниципалитеттер және жеке меншік компаниялар-әлеуметтік серіктес мекемелермен бірге шешім қабылдау арқылы ұйымдастырылады. Кәсіптік білім беру саласындағы консультативті кеңес, кәсіптік білім беру, сонымен қатар ересектердің білім алуы, жұмыс берушімен бірге кәсіптік білім беруді ұйымдастыру бойынша жауап береді.
Білім беру жүйесіне әлеуметтік серіктестіктер болашақ маманның кәсіпорында практикалық тағылымдаманы қамтамасыз етуге мемлекеттен тікелей субсидия алады. Ал, болашақ мамандарға білім беру зайымдары немесе грант түрінде тегін беріледі. Оқу материалдарын алу үшін қаржылық көмек көрсетіледі. Бастапқы кәсіптік - техникалық білім беру білім орындарында тәжірибе түрінде оқыту формасымен орындалды. Тәжірибе оқу мерзімінің шамамен 80% алады, оның ішінде 25% кәсіпорында өтеді.
Кәсіптік-техникалық оқу орындары ересектерді оқытуды да қамтамасыз етеді. Кәсіби білім беру үшін болашақ педагогтарды оқыту жүйесі қолданбалы ғылыми университеттерімен тығыз байланыста оқытушы кадрларды дайыңдайтын институттармен қамтамасыз етіледі. Болашақ педагог мамандардан магистр немесе академиялық бакалавр деңгейі, сонымен бірге, оқытушылық шеберлік бойынша тренингті өту туралы сертификаты және өндірісте 3 жыл жұмыс жасауы талап етіледі.
Тағлымгерлер үшін практикалық тренинг өткізетін теориядан сабақ беретін оқытушылар жұмыс берушінің қол астында 2 айлық практикадан өтеді. Осылайша, оқытушы өзінің іскерлігін дамытып, жұмыскер педагогикалық дағдысын жетілдіреді [188].
Австралиядағы білім беру жүйесі екі стандарт тобынан тұрады: біреуі - басқаруды аккредиттеу және штаттар мен аймақтарды тіркеу үшін, ал екіншісі кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу орындарына арналады.
Мемлекет қаржыландыратын білім беру пакетінің негізгі ерекшелігін, кәсіби-техникалық біліктілік мазмұнын мемлекет анықтайды. Үкіметтің негізгі рөлі – кәсіби білім беру секторын дамытуда, оқыту әдістерінің тиімді жолдарын пайдалану (мысалы жұмыс орнында оқыту), қажетті инфраструктураны дамыту және қаржыландыруды ұсыну сияқты өндірістің қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекет тарапынан грант түрінде қолдау көрсету бар. Шәкіртақы бөлінеді. Кейбір жағдайларда жекеленген бағдарламалар бойынша,
оқушыларға салықтык жеңілдік көрсетіледі. Кейбір студенттерге аванс төлеген жағдайда білім алуға 10% мемлекет тарапынан қаржылай көмек жеңілдік беріледі.
Кәсіптік білім беру орындарына оқытушы болу үшін, кем дегенде кәсіби- техникалық білім берудің IV дәрежелі Сертификаты немесе соның эквиваленті болуын қадағалайды. Нарықта жан-жақты болу үшін 50 практикалык сабақ, 150 сағат әлеуметтік серіктес мекемеде немесе өндірісте практикадан өту керек, сонымен қатар техникалық мамандықтар бойынша педагогикалық білімі болуы қажет. Сонымен, ТАҒЕ бойынша білімін аяқтағаннан кейін, болашақ мамандарға кәсіби біліктілігін растайтын диплом немесе кәсіби біліктілік берілгені туралы куәлік беріледі [189]. Бұл болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Білім мекемелері мен әлеуметтік серіктестер өзара әрекеттерінің халықаралық практикасының әдебиеттеріне талдаулар көрсеткендей: университет білімі; озық ғылым жетістіктері; кәсіпкерлік ынтымақтастық дәстүрі процеске қатысушылардың барлығы үшін жоғары нәтижелі деңгейге жетуге мүмкіндік беретінін байқатады. Өндіріс жағдайында жүргізілетін кәсіби қызмет жүйе құраушы кіріктіруші фактор болып табылады. Бұл білім қызметінің параметрлерін, оның мақсаттарын, құралдары мен формаларын анықтап, өндірістік-педагогикалық сипаттағы мәселелердің тұтас кешені болатын «өзек» қызметін атқарады, сондай-ақ, білім қызметі субъектілеріне өндірістік қызметтің өте маңызды параметрлеріне бейімделуге мүмкіндік береді. Ол кәсіби қызметтің құрылымдық-мазмұндық компоненттерін жетілдіру бойынша тікелей ұсыныстар енгізу арқылы да, білім қызметін құрайтындар арқылы жанама түрде де болады.
Кәсіби білім мен кәсіпорындардың өзара әрекетіне педагогикалық инновацияларды енгізу бойынша бірқатар елдердегі практиканы талдау негізінде, жекеменшік, зерттеу және білім секторлары арасында ынтымақтастықты реттеу және нығайту бойынша жүйелі жұмыс білімнің ұлттық жүйесінің табысты дамуына, сондай-ақ болашақ қызметкердің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуына ықпал етеді, деген тұжырым жасауға болады.
Қорыта келе, болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда ЖОО мен әлеуметтік серіктестік институттарының еріктілік, өзара тиімділік, қолдау, өзара келісім мен жауапкершілікпен сипатталатын, өркениетті қарым – қатынасының бірлесуі жүйесінің тиімділігі зор деген тұжырым жасалады. Бұл жағдайда білім алушылардың таңдаған мамандықтары бойынша алған теориялық білімдерін практикаға терең пайдалану мүмкіндіктері молаяды, кәсіби шешімдер қабылдауға машықтану, кәсіби тұлғалық сапаларының дамуы мәселелері тиімді шешіледі. Бұл айтылғандар болашақ педагогтың бәсекеге қабілеттілігінің жоғарыда келтірілген сипаттамасына орай аталмыш сапаны дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасауда басшылыққа алынды.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет