Әлеуметтік серіктестік



бет32/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77
бәскеге (1)

Швейцарияда 1950-ж. бастап мемлекеттің индустриялық экономикадан білімдерге негізделген экономикаға ауысуына бағытталған бағдарламалары жүзеге асырылуда. 1990 жылдан білімге, инновациялық экономикаға негізделген және қазіргі уақытқа дейін қызмет етіп отырған экономиканың қалыптасуына басшылық жасайтын мемлекеттік ведомстволар құрылымы құрыла бастады. 2007 жылдан бастап үкімет елді дамыту басымдықтарын анықтап, негізгі мемлекеттік ресурстар бөлінетін өнеркәсіптік енгізулер жетістігі көрсетілген басты инновациялық салалар белгіленген. Бұдан басқа, үкімет ғылыми
зерттеулер саласындағы құзыреттіліктердің ұлттық орталықтары жұмыстарының бағыттарын түзетті (National Centres of Compretencein Research, NCCR): 2004 ж. шығарылған NCCR гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға көбірек бағыттала бастады. Үкімет сондай-ақ, NCCR басқа, ғылым мен экономиканы дамытудың: қолданбалы ғылымдар университеттерінің құрамындағы құзыреттіліктер жетілдіру; білім құндылықтарын көтеру; ғылым мен қоғам арасындағы сұхбат сияқты және т.б бірнеше басымды бағыттарын бөліп көрсетті.
Кәсіби - техникалық білім швейцариялық жастар арасында ең танымал оқу формасы болып табылады. Шамамен, 120 колледж жұмыс істейді. Швейцария колледжінің түлектері жоғары оқу орындарының түлектеріне қарағанда, жұмысқа сәтті орналасатыны байқалады. Соның ішінде, қонақ үй бизнес саласында білікті жұмыскерлерді дайындауда Швейцария әлемдік көшбасшы болып табылады.
Швейцариядағы техникалық және кәсіби білім беру (ТжКББ) жүйесі үш жақ арасының ынтымақтастығына негізделген. Олар:

  • конфедерация (кәсіби білім федералды офисі, Швейцариялық кәсіби федералды институты);

  • кәсіби ұйымдармен (сауда ассоциациялары, компаниялар және әлеуметтік серіктестер);

  • кантондар (Швейцариялық білім беру министрлігі контональды конференциясы, кәсіби контональды офистары, кәсіби мектептері және басқалар).

Жұмыс берушілердің қатысуымен Швейцарияның 30% компаниясы білім беру бағдарламасына жұмылдырылған. Студенттер үшін, компания тәжірибе бағдарламаларын жалпы модульдерге біріктірген. Онда компания білім беру жүйесіне тартылған басқару салалық бірлестіктерімен, тренинг орталығы базасында студенттерге салалық курстар ұсынады.
Оқыту формасы бойынша білім беруде көптеген бағдарлама екі жақты тәсілге негізделген: оқыту процесінің бір бөлігі білім беру мектептерінде өтеді, қалған жартысы болашақ мамандарды тағлымгер ретінде қабылдайтын компанияларда өтеді. Жүйенің қосымша құрамдас бөлігі салалық курстар болып табылады. Бұл курстарды әдетте болашақ мамандарға білім беру жүйесіне енгізілген салалық бірлестіктер басқаратын тренинг орталықтары береді.
Швейцарияның инновациялық даму табысының негізгі факторы білімге ұзақ мерзімді көлемді салымдар болып табылады, ол ғылымның дамуына ықпал етеді [181]. Бұл елдің өндіріс пен оқу орыны ынтымақтастығы арқылы сапалы маман даярлау практикасынан де басшылыққа алар мәселелер бар деп санаймыз. Австрия жоғары кәсіби білім училищелері мен кіші және орта кәсіпорын- серіктестер арасында инновациялық дайындамаларды құру және енгізу саласында ынтымақтастық жақсы дамыған. Кіші және орта бизнес кәсіпорындарының, соның ішінде инновациялық кәсіпорындардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасайтын технобақтар желісі табысты дамып жатыр [182].
Бұның да өз кезегінде болашақ маманды сапалы дайындауға өз әсері бар екендігі түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет