Әлеуметтік серіктестік



бет34/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77
бәскеге (1)

Сингапурдағы білім беру жүйесі Техникалық білім беру Институты бүтіндей кәсіптік-техникалық білім беруге жауап беретін ұлттық орган және үкіметтік агент болып табылады (ІТЕ, 1992 ж ). Сингапурде техникалық білім беретін Институтының он колледжі бар. Институт орта мектеп түлектеріне техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз етіп жәрдемдеседі.
Сингапурдың Білім Министрлігі білім беру орындарында оқи алатын мамандықтар тізімін анықтап, мемлекеттік тапсырысты қаржыландырады.
Әлеуметтік серіктестіктер, жұмыс берушілерінің қатысуымен келесі қызмет түрлерін ұсынады:сингапурлық біліктілікті дамыту қаржылық қоры жұмыс берушілердің аударылымы есебінен қаржыландырылады (The Singapore Skills Development Fund);оқыту бағдарламаларын жүргізеді; шағын және орта бизнес кәсіпорын жұмыскерлерін оқыту ваучерлік оқытуды қолдайды; компанияның оқыту жоспары; ересек жұмыскерлер үшін оқу демалыс кестесімен реттеліп, жұмыс орнында оқыту бойынша кеңес беруді қамтиды.
Білім беруге кететін шығын ұлттық бюджеттің шамамен 20% құрап, мемлекет және үкімет қолдайтын жекеменшік оқу орындары көмек көрсетеді. Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер мен нәтижесі 95% құрайтын студенттерге шәкіртақы алуға кепілдік береді.
Сингапурда болашақ педагог мамандарды таңдау және дайындау қиын және ұзақ процес. Мұнда оқытушыларды дайындау шеңберіне жауапты Монополист 1991 жылы кұрылған Ұлттық білім беру институты болып табылады және Наньян технологиялық университеті базасында жұмыс жасайды [186]. Тек, сол ғана болашақ педагог мамандығын дайындауға құқылы Министрлік рұқсаты бойынша, оларды Сингапур мектептеріне жұмыс істеу үшін бағыттай алады.
Түркия елінде де әлеуметтік серіктестіктің қызметі мен білім беру мазмұнында, кәсіби маман дайындау барысында ірі компаниялар болашақ маманның келісім шарт негізінде білім алу қаражатын төлеп береді. Маман дайындауға қаржы бөлетін серіктестіктерге салықтан босатылу жеңілдігі
беріледі. Бұл өз кезегінде, маманның бәсекеге қабілеттілігініне ықпал етеді. Ал жұмысқа орналасу - мемлекеттік бағдарламалық жүйе бойынша тесттік емтихан нәтижесінде жүзеге асады. Тесттен жоғары көрсеткішке жеткен жағдайда, болашақ маманның өз мамандық саласына байланысты: педагогика, медицина, зерттеу орталықтарына жұмысқа жолдама алады. Сондай-ақ, орта деңгейде тест тапсырғандар әкімшілік атқару мекемелеріне орналасуларына болады. Егер төмен деңгейде, нәтиже көрсетсе келер жылы тестті қайта тапсыру мүмкіндігі бар [187]. Осылайша, Түркия елінде болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігі білім беру саласында басты назарда екенін байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет