Әлеуметтік серіктестік



бет56/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77
бәскеге (1)

ҚОРЫТЫНДЫ


Диссертациялық зерттеу жұмысы бойынша алынған нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:



  1. Қазіргі кездегі кәсіби білім берудің мақсаты студенттерді терең біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың болашақ мамандықтарына қажетті практикалық әрекеттерді жүзеге асыра алу біліктерін, шығармашылық белсенділіктерін, бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік маманның кәсібилігінің, мансаптық тұрғыда өсуінің, қоғамға қажет болуының басты көрсеткіші ретінде қабылданады. Кәсіби білім сондықтан, болашақ мамандар бойында нарық заманының талаптарына сай, бәсекеге төтеп беруге ықпал ететін, мамандықта өзін табуға, әрі қарай жетілуге негіз болатын қасиет сапаларын дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.

  2. Бәсекеге қабілеттілік адамның еңбекке деген әлеуеттік қабілетін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық категория. Оған: еңбекке қабілеттілікті сипаттайтын қасиеттер жинағы; жұмыс іздеу дағдыларын меңгеру, жұмыс берушіге өзінің артықшылықтарын көрсетіп көзін жеткізе білу; жұмыс күші сипатының жұмыс орны талаптарына сай орындай алуы жатады. Болашақ педагогтардың «бәсекеге қабілеттілігі» олардың педагогикалық жұмысқа деген оң көзқарасын, жетістікке жетуге деген тұрақты талпынысын, рухани адамгершілік қасиеттерін, инновациялық белсенділігін, кәсіби ұтқырлығы мен рефлексияға қабілеттілігі сияқты даралық және тұлғалық сапаларының интегративті сипаттамасы.

  3. Білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуға тиімді әсер ететін, жоғары педагогикалық оқу орындары мен білім беру ұйымдарының маман даярлауға қатысты ортақ қызығушылықтарын жүзеге асыратын ерекше әрекеттестік формасы. Әрекеттестіктің бұл түрі қазіргі экономика мен еңбек нарығының сұраныстарынан туындап отыр. Әлеуметтік серіктестік негізінде болашақ педагогтарды даярлаудың шет елдік тәжірибесін басшылыққа алу арқылы университет білімі, озық ғылым жетістіктері мен кәсіпкерлік ынтымақтастық дәстүрі процеске қатысушылардың барлығы үшін жоғары нәтижелі деңгейге жетуге мүмкіндік береді.

  4. Зерттеу барысында дайындалған «Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін әлеуметтік серіктестік негізінде дамытудың құрылымдық- мазмұндық моделі» бірлескен әрекеттің жүйесін көрсетеді. Теориялық негізін біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы, үздіксіз білім және кәсіби педагогикалық білім, тұлғаның шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы жайлы теориялар құрайтын модель: мотивациялық, іс әрекеттік, рефлексивтік компоненттен тұрып, олар болашақ педагогтың кәсіби қызметке қызығушылығы; рухани адамгершілік қасиеттері, инновациялық әрекетке дайын болуы, кәсіби ұтқырлық, рефлексияға қабілеттілігі сияқты әмбебап қасиеттерін дамытуды көздейді және болашақ педагогтардың әлеуметтік серіктестер яғни, жұмыс берушілердің талаптарына сай болуын нәтижелі етеді.

  5. Әлеуметтік серіктестіктердің болашақ педагогтарды практикалық жолмен даярлауға қатыстыру үшін ерікті студенттерден құрылған «Кемел» атты ресурстық орталығы жұмысы аясында таңдап алынған әдістер мен формалар студенттердің бәсекеге қабілеттілігіне негіз болатын басты сапаларын дамытуға мүмкіндік берді, олардың мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырып, педагогикалық еңбекті нәтижелі орындауға деген сенімдерін бекітті.

  6. Зерттеу нәтижелері бойынша жазылған практикалық құрал ЖОО практикасынде кеңінен пайдалануға болатындығымен құнды болып табылады.

Қорыта келгенде, болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін әлеуметтік серіктестік технологиясы негізінде дамыту мәселесіне жүргізілген зерттеу жұмысы өз мақсат міндеттерін толық атқарып, нәтижелер алынды деп есептей отырып, жоғары оқу орындарында кеңінен шығармашылықпен қолдануға болады деп санаймыз.
Жүргізілген зерттеу бойынша төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:

  1. Болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамытуда жоғары оқу орныдары мен әлеуметтік серіктестердің бірлескен жұмысының мүмкіндіктерін әрі қарай жетілдіре пайдаланудың теориясы мен практикасын баспасөз беттерінде және әлеуметтік желілерден жариялап отыру.

  2. Бұл бағыттағы отандық, шетелдік тәжірибенің насихатталуын жолға қою.

  3. Зерттеу барысында дайындалған еріктілерден құралған «Кемел» атты ресурстық орталығының жұмыс мазмұнын педагогикалық емес ЖОО практикасына ендірудің жолдарын қарастыру.

Қарастырылып отырған зерттеу проблемасы өте күрделі болғандықтан, толығымен шешімі табылды деп айтуға болмайды. Келешекте кәсіби білім алу барысында болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру, жетілдірудің басқа да инновациялық жолдары өз алдына жеке зерттеуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет