- - өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.
- Адамның тыныс мүшесі арқылы шығарылатын дыбыстау мағынасын білдіретін еліктеуіш сөздер тілімізде едәуір. Мәселен, бір ғана ұйықтауға байланысты еліктеу сөздер ішкі мағыналық реңіне қарай «қор-қор, пыс-пыс, быр-быр» сияқты сөздермен беріледі.
- Адамның көңіл-күйіне қатысты күлудің он бес түріне Ш.Сарыбаев мына еліктеу сөздерді атайды: «ду күлу, жырқ-жырқ күлу, кеңк-кеңк күлу, қарқ-қарқ күлу, мыңқ-мыңқ күлу, мырс етіп күлу, сақ-сақ күлу, солқ-солқ күлу, сық-сық күлу, сылқ-сылқ күлу, сыңғыр-сыңғыр күлу, таңқ-таңқ күлу, тарқ-тарқ күлу, шаңқ-шаңқ күлу, ырқ-ырқ күлу, т.б.» келтіреді.
Бейнелеуіш сөздер - -табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі - көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары. Бейнелеуіш сөздер адамның, нетүрлі заттардың қимыл-әрекетінің бейнелі еліктеу мағынасын білдіреді.
- Мысалы: «Саусақтары бұлың-бұлың етті де кетті»; «Аттар борт-борт желіді»; «Бұланбай мен Алшағырдың үй іштері кешіп келіп, абыр-сабыр болып қалды»- деген сөйлемдерде адам саусағының, аттың жүрісінің, адамдардың түрлі қимыл әрекетінің көрініс бейнелері «бұлың-бұлың, борт-борт, абыр-сабыр» бейнелеуіш (бейнелеме) сөздерінің мағынасы арқылы берілген.
- Бейнелеуіш сөздер адамның не заттың қимыл процесін ғана көрсетіп қоймай, олардың сыртқы көрінісінің бейне-сипатына байланысты қалыбын да білдіреді. Мысалы, «дал-дал, ойқаң-тойқаң, пара-пара, дода-дода, әлем-жәлем, опай-топай, алақ-жалақ, мылжа-мылжа» сөздері заттың сыртқы тұлғалық көрінісінің бейнесін білдіретін сөздер. Осылардың біразын сөйлем ішінде келтірейік: «Алға!» - деп, құшырланып тиіскенде, дал-дал боп қақ жарылған мидай тақыр» (Бекежанов). Үстіндегі ер тоқымы пара-пара (Ә.Көшімов). Скважина ауызы ойқан-тойқан болып қалды (Ғ.Мұстафин).
Достарыңызбен бөлісу: |