Еліктеу сөздер



бет4/5
Дата10.03.2024
өлшемі62.31 Kb.
#494859
1   2   3   4   5
Еліктеу сөздер

Сөзжасамы

  • Еліктеу сөздер морфологиялық құрамы жағынан жалаң және күрделі тұлғаларда келеді. Жалаң түбір еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен олардан синтетикалық тәсіл арқылы жасалынған туынды сөздер жатады.
  • Негізгі еліктеу сөздер айналадағы табиғат құбылыстарын құлақпен есту арқылы қабылдаған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін бір морфемадан тұратын түбір сөздер болып келеді.

Туынды еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа атаушы сөздерге жалғанғанда еліктеу мағынасын тудыратын сөз тудырушы жұрнақтардың қосылуынан жасалынған, морфемдік құрамы жағынан екі морфемадан (түбір морфема + қосымша морфема) тұратын туынды сөздер жатады.
Синтетикалық тәсіл арқылы туынды еліктеу жасайтын негізгі сөз тудырушы жұрнақтар: -аң, -ең, -ң, -ың, -ің, -алаң, -елең, -лаң, -лең. Мына «балпаң -балп-аң», «жылтың-жылт-ың», «томпаң-томп-аң», «елпең-елп-ең», «көлбең - көлб-ең», «сылаң - сыл-аң», «ирелең - ир-елең», «бұралаң - бұр-алаң», «шұбалаң – шұба-лаң» сөздері екі морфемадан құралған туынды түбір еліктеу сөздері. Мысалы: Арқа арбадан қорбаң етіп түсті. Ол жайнамаз үстінен түспей, шоқаң-шоқаң етті де отырды.

Күрделі еліктеу сөздер

  • Еліктеу сөздердің күрделі түрі негізінен қос сөзді түбірлер болып келеді. Күрделі түбір тұлғалы туынды еліктеу сөздер аналитикалық тәсіл арқылы негізгі не туынды түбір елікгеу сөздердің қайталанып немесе қосарланып келуінен жасалады. Мысалы, «күж-күж, быж-быж, шыр-шыр, шыж-шыж, пыс-пыс» еліктеу сөздері негізгі түбір еліктеу сөздің қайталануынан жасалынған қайталама түбірлі қос сөз тұлғалары. Ал бір сыңарының фонетикалық өзгеріске ұшырап қосарлануынан жасалынған «шыж-мыж, шарт-шұрт, арбаң-тарбаң, алақ-жұлақ» сияқты еліктеу сөздер қосарлама немесе қосарланған түбір еліктеу сөздеріне жатады.
  • Күрделі түбір еліктеу сөздердің сыңарлары арасында «да, де, та, те» шылаулары келетіндері де бар. Мысалы, «гүрс те гүрс, жалт та жұлт, елтең де селтең, тасыр да тұсыр» дегендер аналитикалық тәсіл арқылы жасалынып тұрған тіркесті күрделі еліктеу сөздер. Бұндай тіркесті түбірлер көбіне әр түрлі бейне, дыбыстауға байланысты аралас еліктеу ұғымын білдіретін сөздер болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет