- Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан жасалмайды. Керісінше басқа сөз таптарын жасауға негіз сөз болады.
- Сөз тудыратын еліктеу сөздердің өнімді басты жұрнақтары: -ыл, -іл; -да, -де; -ақ, -ек; -ыр, -ір; -ық, -ік. Мысалы, «гүрсіл естілді, жалтақ бала, жалтыр қағаз, бүлкек жүріс» деген тіркестердің ішінде не? сұрағына жауап беріп тұрған «гүрсіл» сөзі туынды зат есім, ал «жалтақ, жалтыр, бүлкек» сөздері қандай? сұрағына жауап беретін туынды сын есімдер, яғни еліктеу сөздерден жасалған есім сөздер.
- Бір буынды еліктеу сөздерінен -ыл, -іл жұрнақтары арқылы зат есім жасалатын (сыр-ыл) болса, оның үстіне -да, -де жұрнағы жалғану арқылы туынды зат есімнен жаңа сөз- туынды етістік (сыр-ылда) жасалады. Туынды зат есімнің де, туынды етістіктің де негіз сөзі еліктеу сөз болады. Еліктеу сөздерден жасалған етістіктер қазақ поэзиясында есімше, көсемше формаларға түрленіп келуі, әсіресе өлең ұйқасы көсемшенің «-ып» формасында қолданылуы жиі кездеседі.
Синтаксистік қызметі - Еліктеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сөйлем ішінде қолданылу орнына және олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жағдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, қандай? қай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздің анықтауышы сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Шаңқ-шұңқ айқай естілді.
- Еліктеу сөз атау тұлғада зат есім сөздің орнына қолданылғанда сөйлемнің бастауыш мүшесі де бола алады. Төңіректі шаңқ-шұнқ басты.
- Сөйлемде еліктеу сөздер көбіне жеке қолданылмайды, негізінен басқа сөздермен тіркесіп, күрделі сөздің құрамында келеді. Көбіне «ет» етістігімен тіркесте келіп күрделі сөйлем мүшенің қызметін атқарады. Мұндай тұлғада күрделі баяндауыш не күрделі пысықтауыш болды.
- Еліктеу сөздердің кейбіреуі «бер, қақ» сияқты етістіктермен тіркесіп келіп, құранды етістік тұлғасын жасайтындары бар. Мысалы, «лап берді, шап берді, сылаң қақты, бүрсең қақты» деген кұранды етістік құрамында қолдану кездеседі.
Еліктеуіш сөздерде заттану процесі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда олар зат есімдерше түрленеді. Мысалы. Осы абыр-сабыр, даң-дұңын тыста тұрып есітті. Еліктеу сөздерге әдетте жалғаулар бірден тікелей жалғанбайды, тек заттанған жағдайда ғана зат есімнің категориялық көрсеткіштері жалғанып сөйлемде бастауыш, толықтауыш мүшелерінің қызметін атқарады.
Әдебиеттер: - Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. Алматы, 1982.
- Катембаева Б. Еліктеуіш сөздерді оқыту. Алматы, 1973.
- Катембаева Б. Подражательные слова в казахском языке. АКД., Алма-Ата, 1965.
Достарыңызбен бөлісу: |