Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және осыған бағытталған саясат үстем болып келді


М. Дулатов шығармашылығының дүниетанымдық рухани бастаулары



бет6/10
Дата31.03.2024
өлшемі108.41 Kb.
#497098
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
курсовойжанельадеб

М. Дулатов шығармашылығының дүниетанымдық рухани бастаулары
Дәстүрлі қазақ қоғамында фольклор халық жадының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ғасырлар бойы жеке адам мен тұтас қоғамның дүниетанымы, құндылық ұстанымы мен адамгершілік нысандары халықтың бай ауыз әдебиетінен нәр алып, сусындап келеді. Көне ауыз-әңгімелер, эпостық жырлар қияли ойдың қарапайым ғана нәтижесі емес. Фольклорда халықтың қоршаған ортаны игеруінің, әлеуметтік қарым-қатынастарының, рухани ізденістерінің барысында тұрақтанған моральдік-әдептік қағидалары жинақталады. Фольклор аңыз айтушы-жеткізуші мен тыңдаушы-қабылдаушы арасындағы тікелей терең коммуникациялық ақпарат айналымын қамтамасыз етеді. Яғни бұл екеуінің арасында ашық рухани өріс пайда болады. Соның нәтижесінде өткен тарих, оқиғалар мен кейіпкерлер адам санасында жанданып, қайта жаңарады. Сонда тындаушы ауызша мәтінді жеткізуші жыршы-толғаушымен ғана емес, жыршы санасында қайта түлеген кейіпкерлермен де «үнсіз» сұхбаттасып, оларға өзінің жан-дүниесін ашады. Осындай сұхбатгасу, сырласу барысында адамда өз халқының тарихына, мәдениетіне, арман-мұратына деген ерекше ыстық, нәзік сезім, құрмет қалыптасады. Ана әлдиі мен ата шежіресін бойына дарытқан адам ешқашан ұлтынан, сал-дәстүрінен қол үзіп кете алмайды. Ендігі жерде оның тағдыры да, арман-мұраты да халқымен ажырамас бірлікте болады. Фольклорда көрініс тапқан халық даналығының өміршеңдігі мен сарқылмас қүдіреттілігі де осында. Міржақып дүниетанымының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің тигізген әсерінің, оның шығармашылығын оқи отырып байқаймыз. Оның алғашқы рухани нәр алған бастауы, білім қайнары — фольклор.
Әр халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан құнды қазынасы фольклор, сол халықтың рухани тіршілігін, болмысын, ой-санасының қалыптасуын, дүниені тануын бейнелейді. «Халық шығармасы — халық жанының айнасы» — дейді В.Г.Белинский. (6.25). Оның шығармашылығының өн бойын алып жатқан тақырып — ол елінің бірлігі мен тұтастығын сақтап, тәуелсіз мемлекет құру. Қоғамдағы адам құқығы, және оларды отаншылдыққа, елін, жерін қорғай, қолдай алатын азаматтыққа шақыру идеясын және ақындық өлең сөзбен жеткізуінде қазақ эпостық жырларының әсер еткен жері аз болмаса керек. Халықтық — жырдағы өмірге, болмысқа деген көзқарастан, адам бейнелерінің жасалуынан көрінеді. Эпостың ұнамды кейіпкерлері қашанда зор адамгершіліктің, таза сезімнің иесі, халық өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерді, отанды сүюді, патриотизмді күш-қүдіретті еңбекшілдікті, сезімнің тазалығы мен шынайылығын бір адамның — ел қорғаушы батырдың басына жинақтайды. Сол себепті шын халықтық жырдың бас кейіпкері — еліктеуге тұратын, жас ұрпақтар үлгі алатын, жұртты жақсы мінезге, патриотизмге тәрбиелейтіндей адам болады.(7.162 ).«Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» т.б. жырларындағы көркем ой образдары барынша шынайы. Философиялық ойларға, ұғымдарға мейірім мен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік, ерлік, махаббат, сұлулық, адамгершілік жөне т.б. философия тұрғысынан талдау жасалынады. Эпостық жырлардан оның мұң-шерін көксеген арманын және ел төуелсіздігін сақтау үшін сыртқы жауларымен күресі, ел мүддесін қорғаудан туындаған шынайы патриотизм мен гуманизмді көреміз. Міржақып қазақ эпостық жырымен өте жақын таныс болып қана қойған жоқ жоғарыда аталған категориялар оның саяси-қоғамдық еңбектерінде, әдеби шығармаларында көрініс тапты. Халқының тәуелсіз, дамыған қоғам болуын мұрат еткен Міржақыптың ойының дамып, дүниетанымының қалыптасуына халық даналығының тигізген ықпалы зор екені даусыз. «Қазақ арасында берілетін ас болсын, өткізілетін той болсын, эпостық жырлар оқылмай өтпейді» — дейді Ә.Бөкейханов (8. 319). Ендеше жастайынан үйренуге, білуге құштар болған Міржақыптың эпостық жырлардың әр қалтарысына мән беріп, оның туған елінің болмысын тануына көмектескені сөзсіз.Қандай болмасын халық даналығында, яғни фольклорда, сол халықтың қоршаған табиғаты, қоғамы, тіршілігінің болмысы, дүниеге көзқарасы, мәдениеті көрінеді. Қазақтық эпикалық жырларында көңіл аударуға тұрарлық ерекшелік — ол лирикалық сарын. Қазақ халқының психологиясына тән романтизм, оның жыр-толғауларында нақты анық көрініс береді. Жырдағы басты кейіпкерлердің елден атганарда қоштасуы, (туған жерімен, үй-ішімен, асыл жарымен) батырдың жауға шабар алдындағы келбеті, басына қандай бір іс түскенде толғануы, немесе елге қайта оралғанда халқымен амандасуы да т.б лирикалық сарын үлкен орын алады. Бұл қазақ халқының сезімі нәзік, сыршыл халық екенін көрсетеді. Ал ғалым Мүхтар Мағауин фольклорды зерттей келе «Қалмақ эпосы «Жоңғарда» лиризм атымен жоқ деуге болады. Бірді-екілі сәтті айтпасақ, «Игорь полкы туралы сөз» бен «Роланд туралы жыр» европалық эпостарда лиризмнің алатын орны шамалы-ақ» -дейді. (7. 192 ). Міржақып сыршыл жырлардың сырын ұғынып, жанына асыл қасиеттерін жинай білді. Адам болмысын түсінуде ақын ақылдан гөрі сезімге көп жүгінеді. Сезімде адам мен адамның, адам мен табиғаттың тікелей тілдесуі, ирроционалдық интуитивті қабылдау алдыңғы қатарға шығады. Біздің пайымдауымызша ақынға танымның осы тәсілі тән сияқты. Интуитивті қабылдау барысында суреткер-ақын заттар мен құбылыстардың өзіндік мәніне бойлай енеді. Сонда ақын жанына таным объектісі өзіне тән бар сұлулығы мен қадір-қасиетін ашады. Ақын жырлаған құбылыстың терең тылсымдық қабаттары үйлесімділікке келіп, нәзік материялар өрісінде ырғақты тербеліске түседі. Сезімнің ақылдан бір артық жері ол дүниедегі барлықтың бәрін тікелей, тұтастық қалпында қабылдайды. Міне, сондықтан болар сопылық бағыттағы ақындар Алла болмысын ақылмен емес сезіммен тануға ұмтылды. Махаббат, ғашықтық арқылы Алламен қауышуды армандайды. Ал бұл ұғымдардың мәнін таза рационалдық пайымдау арқылы ашу әрқашан сәтсіздікке ұшырайды. Олар И.Кант тілімен айтсақ «өзіндік ұғымдар» және оларға жалпыға бірдей тәжіребиеден шығару немесе соның негізінде қорытып, ортақ қосындыға келтіру мүмкін емес. Өйткені сезімдік мәндер адамның трансценденталдық мәнімен тікелей байланысты және содан туындайды.Қазақ фольклорының әлі де болса жеткілікті дәрежеде зерттелмей келе жатқан тың тақырыбы — әйел-ана тақырыбы. Қазақ жырларында әйелдің орны ерекше бағаланады. Әйелдің қоғамдағы, семьядағы орнын көтеріп, олардың ақыл-ойын, құқығын ерлермен теңдестіре жырлайды. Ә.Бөкейханов сөзімен айтсақ, «Қобланды жырын» зерттеу мақаласында батырдың шешесі Аналықтың алатын орны туралы мынадай пікір келтіреді: «Муж ее кроме уважения и послушания своего народа, пользовался благосклонностью господствовавшего над киргизами калмыцкого хана и был в почете при его дворе. Анальпс была любима мужем, исполнявшем ее желания и капризы и имела полную возможность хорошо жить и даже наслаждается жизнью, удовлетворяет своим прихотям и страстям к роскоши и безделушкам. Главное, Аналық была полновластной хозяйкой, имела право не только распоряжаться домашними делами, вмешиваться в дела мужа и через него в дело народа своими советами и даже распоряжениями». (8.320 ). Аналықтың ері Тоқтарбай өте бай, елге сыйлы адам. Жырдағы Аналықтың бейнесі — ол ерінің ақылшысы, сүйеніші. Баса көңіл аударатын түс Әлихан Бөкейханов көрсеткендей Аналықтың құқығы ерімен тең. Ол ел ішіндегі кейбір мәселелерді өзі шеше беретін ақылды адам. Аналық көпке дейін бала көрмей жүргенде де Тоқтарбай екінші әйел алудан бас тартады. Аналықпен бірге әулие-әмбиелерді кезіп бала сұрайды. Бұдан Тоқтарбайдың жарына деген адалдығын, сүйіспеншілігін, сыйластығын көреміз, Жырдағы әйелге деген құрмет адамға тәлім берерлік терең ойды көрсетеді. Жалпы жырларда батырдың өзіне жар тандауы, сүйгеніне жету үшін басын бәске тігіп, кездескен кедергілерде белді бекем буу, халық даналығындағы қиялының ұшқырлығынан болса керек.Міржақыптың шығармаларындағы оның әлеуметтік, азаматтық әуендерінде үлкен көрініс беретін тақырып әйелдер теңдігі, яғни әйелдің қоғамдағы, семьядағы құқығы, еркі, азаттығы Ол әйел теңдігі мәселесіне үлкен назар аударып, оны әлеуметтік тұрғыда шешуге тырысады. Аталмыш кезеңде әйелдің саяси құқығы сөз етілмек түгілі, оның бас еркі біреуге бағынышты еді. Әйелдің құқығын шектеу, оның дүниеге деген көзқарасымен санаспай, әйелдің еркінсіз іс-әрекеттер жасау надандықтың көрінісі деп есептеді. Ол халық санасын улаған, көмескелендірген жағдайды үстемдік құрып жатқан империалистік державаның отаршыл саясатының қорытындысынан көрді. Осыған орай Л.Н. Гумилев «…культура кочевников I тысячелетия до н.э была самобытна и более того, она было высока, гораздо выше, чем культура кочевников ХҮІІ-ХІХ в.в., изученная многими этнографами досконально» (9.6)  — деген пікір айтады. XVIII ғасыр айналасынан бастап қазақ қоғамындағы ой дамуы төмендеп, рухани мәдениетке нұқсан келе бастағанына ақын-жыраулардың әлеуметтік тақырыбындағы жырлары дәлел бола алар еді.Эпостық жырлар халық даналығының жемісі, онда философиялық ойлардың түйіні жатыр, Ғалым, философтар Ж.Алтаев пен А.Қасабеков фольклордағы философиялық ойды зерттей отырып «… қандай да бір фольклорлық шығарманы алсаңыз да, онда философиялық, дүниетанымдық қызметі таным процесіндегі білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге, абстрактылықтан нақтылы шындыққа ұмтылған құбылыстарды байқаймыз. Онда философиялық, диалектикалық әдістері толық жүзеге аспаса да, өмір сүрген қоғамға сай халықтық ой-сана қалыптасады».Эпикалық жырлардағы, әйелдің алатын орны, Міржақып дүниетанымының қалыптасуына айтарлықтай із қалдырды. Оның әйел мәселесі төңірегінде алғашқылардың бірі болып ой қозғауы, соның қортындысы деген ойға тірелеміз. Бұл тақырып туралы екінші тарауымызда кеңірек сөз етіледі.Фольклорда халық даналығының түйіні жатыр. Аңыз-ертегілерде, халықтың мұң-мұқтажы мен арман-қиялы жатса, қанатты, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерде этикалық, қоғамдық-әлеуметтік, құқықтық мәселелер жиі көрініс береді. Халық бір кезде оларды заң есебінде қолданып, ел ішіндегі дау-жанжалдарды реттеуден бастап, елшілік мәмлегерлік қызметтерде (11.3 )қолданған.Фольклорды жасаушы — халық. Ол бір тұлғаның жазылып қалған мұрасы емес. Ол ауыздан-ауызға өтіп, «айналасы жұп-жұмыр тегіс болып» халықтың мұрасы болып жетті. «Халық барлық заттық байлықты жасаушы күш қана емес, ол — рухани байлықтың да сарқылмайтын қайнар көзі, ол — барлық ұлы дастандар, жер жүзіндегі барлық трагедияларды және олардың ішіндегі ең ұлысы — бүкіл дүниежүзілік мәдениет тарихын жасаушы, шығарманың шығу уақыты, көркемдігі және даналығы жағынан алғанда да ол бірінші философ, бірінші ақын», (12.26) — дейді Максим Горький. Сондықтан кез-келген фольклордан, сол фольклорды туғызушы халықтың дүниетанымын, әлеуметтік болмысын, рухани мәдениетін танисың. Белгілі философтар Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов өзі өмір сүрген заманның, яғни қоғамның бүгінгі ойын тану үшін, халықтың өткенін тану қажет дегенге саяды. «Философия тарихы қазіргі философияның дамуы үшін аса қажет. Өйткені, ол қазіргі философияның өмір сүру формасы. Философия мен философияның тарихы іштей қабыса отырып, жалпы қоғамның, әсіресе жеке адамның, тұлғаның сана-сезімінің қалыптасуының бірден-бір жолы болып табылады. … Философияның тарихы жалпы адамзаттың тарихына өте ұқсас. Өйткені, оның міндеті материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан көрсету», (13. 9)  — деген нақтылы ғылыми талдау жасайды.Фольклор көшпелілердің ғұмыр, тіршілігін айқын көрсете білуі, Міржақыптың ой-танымының өсіп-өркендеуіне ықпалы зор екені сөзсіз. Оның «Қазақ-қырғыздың ата тегі туралы» зерттеуінде қазақ тарихын зерттеген ғалымдардың кейбір тұжырымдарына қарсы келгенде, көбіне-көп аңыз ертегілер шежіре, тіл деректеріне сүйеніп пікір айтқаны айқындайды. Қазіргі ғалымдардың пікірлері де көшпенділер тарихын, ой-танымын зерттеуде эпос, ертегі, этногенез, шежіре, тіл, поэзия деректерін пайдаланып зерделі тұжырымдар жасау керек дейді(14.71). Ойшыл ақынның дүниетанымының қалыптасуьша ықпал еткен, оның философиясының дүниетанымдық арқауы бола білген ІХ-ХҮ қазақтың ұлы даласынан шыққан философ ойшылдардың еңбектері. Халық ауыз әдебиетінің негізінде жатқан, ежелгі түріктің бір бұтағы болған қасиетгі қазақ даласында талай ұлы ғұламалар дүниеге келген. Олар бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгерген данышпандар, сондықтан да күні бүгінге дейін олардың қалдырған мұраларын арада бөліп тұрған нешеме ғасырлар көнерте алған жоқ.
Шығыстың Аристотелі атанған Әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның, Махмұт Қашқаридің, Ахмет Яссауидің асыл мұраларынан ақын шығармашылығы нәр татқан. Біздің қолымызда Міржақып бұл ғұламалардың еңбектерін талдаған немесе оқып-зерттеген деген нақты жазба дерек жоқ. Дегенмен бұл туралы оның шығармаларынан пікір сабақтастығын ескере отырып және ақынның берген кейбір мәліметтерінің ізін қуалай отырып, пайымдаймыз. Оның аудармаларының ішінде «Абу Фирастан» («Терме», 1915 жыл) аудармасы бар. Ал Абу Фирас Әл-Фарабидің замандасы, досы (15.16 ) болған ақын. «Қазақ-қырғыздың ата -тегі туралы» зерттеуінде түркі тарихына терең үңілгендігі байқалады.«Мұсылман Ренессансы» деген атауға ие болған заманның түлегі Әл-Фарабидің біздің заманымызға тек негізгі шығармалары жетіп отыр. Оның Аристотель мен Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық алалары бойынша еңбектер жазғанын қазіргі таңда ғалымдар ғылыми тұрғыда дәлелдеп берді. Оның көптеген философиялық еңбектерінде Әл-Фарабидің пайымдауынша әр адамның көздеген мақсаты үлкен игілік болса, бұл игілік — бақыт. Ол білім мен қайырымды іс жасау арқылы бақытқа және өркениетке жетуге болады деген пайымдауды бере отырьш, адам туа салысымен білімді болмайды, оған саналы еңбектің қажет екенін ескертеді(16.150). Міржақыптың «Адамға тіршілік не үшін керек?» мақаласында, «Не үшін бізге тіршілік керек деп білеміз? Бұл турада қазақтың бұрынғы замандағы қариялары, ойшыларының айтып кеткен сөздерінің ішінде жауап табыла ма деп ойлаймын», (15.236)- деп өткен ойшылдардың негізіне сүйеніп, тіршілік досыңа жақсылық жасау үшін керек дегенді айтады. Ойшыл досыңа жақсылық жасау дегеніміз, ол — еліңе, жеріңе, адамзатқа игілікті істер жасау деп түсіндіреді. Қандай да бір іс болмасын саналы түрде істелініп, адамға шапағаты тиер болса, содан ойшыл тіршіліктің бақытын көреді. Адам тек өзін қоршаған әлеуметтік ортада ғана адам болып қалыптасады. Ал бақыт ұғымы адамның әлеуметтік болмысымен тікелей байланысты. Бақыт ұғымының терең мәні тек адами ортада ғана толық ашылуы мүмкін. Неге? Өйткені барлық тірі жандардың ішінде адам ғана мақсатқа сай қарекет етеді және осы мақсаттың өз өміріндегі орны мен маңызын пайымдай алады. Міржақыптың пікіріне сай өз мақсатын басқалардың мақсатымен сабақтастыра білген адам бақытқа жете алады. Бақытты болу дегеніміз басқаларға жақсылық жасай білу, біліміңді де, қабілетіңді де, арман-мақсатыңды да басқалармен бөлісе білу.Міржақьш шығармаларын зер салып оқыған адам ғұлама мұраларынан рухани дүниесіне нәр алған сабақтастықтарын байқайды. Әл- Фараби қоғамның өсуі үшін, мемлекеттің дамуы, адам өмір сүре келе ақыл-ойының толысып, жетілуінде деп біледі.Міржақыптың бар мұрат-мүддесі де қазақ қоғамының дамуы үшін, елінің сана-сезімін өсіру. Ғұламаның ойлауынша, мемлекеттің дамымай, надандануын халықтың гуммандық деңгейге жетпеуіненкөреді, ал оның бірінші себебі өкіметтің, қолынан іс келмейтін саясаткерлердің халықты басып-жаншып, езуінен көреді. Міржақыптың қазақ елінің сол кездегі қараңғылығы мен надандығы Ресей патшалық өкіметінің отаршыл саясатынан көретінін «Оян, қазақ!» жинағында-ақ ашып айтгы. Сол қараңғылықтан шығудың бірден-бір жолы ағартушылық деп таниды.Ескере кететін бір жайт ақын сопылық әдебиет өкілдерімен жақсы таныс болды. «Адамға тіршілік не үшін қажет» атты мақаласында «… әр заманда әр түрлі халықтың данышпан адамдары өз ойларынша түрліше жауап береді. Құдайға құлшылық қылып, құдай жолын қуып, нәпсіні біржолата тыю керек, осыған басқаға ғұмырды өткізбесе, сонда адамның жаны тыныш тауып, тәні мұңлықтан құтылады», (18.236) — деп жазады. Тарихшылар зерттеп, дәлелдегендей Х-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда сауда-саттыққа кең жол ашылып, сәулет өнері өркен жайып, әр түрлі қол өнерлер дамиды. Түрік тайпаларының мәдениеті мен әдебиеті гүлденіп көркейеді. Осы бір кезеңде Ислам дінінің қанат жаюы, түркі халықтары біржола араб жазуына көшуі, көптеген ғылыми жаңалықтардың келуін қамтамасыз етті. Ескере кететін жағдай, араб мәдениеті Орта Азияға қаншалықты кірігіп, қанат жайғанымен қазақ халық ауыз әдебиетіне айтарлықтай ықпал етіп деформацияландыра алған жоқ. Оған бір себеп қазақ халқының  көшпелі тұрмысы, өйткені көшпелілердің дүниетанымына ислам дінінің орнығуының өзіндік ерекшеліктері бар еді. Әрине, елдің татулығы мен бірлігін көксеген адамгершілік пен имандылықты ақын көрсеткендей, Аллаға құлшылық қылып, адалдықты мұрат тұтқан ақын-шайырлардың тобы сопылық ілімнің өкілдері тарихтың белесі. Осы сопылық ағымының өкілдері ішінде ерекше танылып, аңыз болып ел санасында қалғандар Қожа Ахмет Хазірет Сұлтан Яссауи, оның сопылық ілімін жалғастырушы, шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Хорезмдік Ахмет Йүгінекей және т.б. Түркі халқының қасиетті әулиесі атанған түркі елін татулық пен тазалыққа үндеп, өмірін қайырымдылықты арқау еткен Ахмет Яссауидің орны ерекше бағаланар еді. «Хәзірет Сүлтан» ғылыми зерттеу мақаласында Міржақып Ахмет Яссауи мавзолейінің арғы-бергі тарихын ғылыми тұрғыда зер салып зерттегенін байқаймыз. Бұл зерттеулерінде біз М.Дулатовтың ойшыл еңбектерін танып қана қоймай, одан рухани сусындағанын және ойшыл шығармалары оның дүниетанымының қалыптасуына үлес қосқаны сөзсіз деп білеміз. В.Г.Белинский «Көркем шығарманың қандайының болса да мені — оның болмыс мүмкіншілігінен болмыс шындығы болып шығуының заңды процесінде суретшінің рухына пікір көзге көрінбес дөн секілденіп душар болады, сол дән қолайлы, құнарлы шымда молайып, дамып белгілі форма құрайды, шалқып, сұлуланып, жанданып, бейне иемденеді, ақырында атымен жаңарып, өз алдына тұлғаланып, кесек бір әлем болып шығады», — деген дәйекті пәлсапалық ой айтады.(6.13 ).
XIX ғасырдағы қазақ халқының қоғамдық ойы, ұлттық санасы, мәдени-ағарту ісі сөз етілгенде шоқтығы биік болып тұратын үш кемеңгер тілге тиек болады. Олар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев. Халқымыздың кемеңгері М.Әуезов: «Олар кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса да, үш бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар үшеуі үш мұнарадай болған. Бұл үшеуінің өмір, еңбек майданы үш алуан болуымен қатар, үшеуін бір туғандай ететін ұқсастық та аса айқын. Ол ұқсастық олардың нәр алған тамырынан, аналық топырағынан туған» (19.242). деген жоғары баға беріп, нысаналы ойды жазады. Бұл үшеуінің қоғамдық ойдың дамуына, қазақ халқының дүниетанымының қалыптасуына, рухани мәдениетінің өрістеуіне қосқан үлестері зор екенін әркім-ақ біледі.Ескере кететін бір жағдай, бұл үш ойшыл М.Әуезовтың тілімен айтсақ «олар өздерінен бұрынғы қазақ баласы бармаған ырыс өлкесіне жетті». (19.242) Яғни, олар орыс әдебиеті арқылы, еуропа ммәдениетімен, әдебиетімен жақсы таныс болды. XIX ғасырдың екінші жартысында түгелдей қозғалысқа түсіп жатқан қазақ қоғамы үшін жан-жақты терең білімді ұлы қайраткерлердің шығуы тарихи қажеттілік еді. Сол кезде әлеуметтік, саяси, экономикалық жаңару керек екенін санасымен түйсінген олар, жалпы ағартушылық бағытты ұстанды.Ғалым, философ Ғ.Есімов ағартушылық ұғымын былай түсіндіреді «ағартушылық қоғам болмысьшың зандылығы ретінде аңғарылатын мәдени қозғалыс, оның қозғаушы күші ұлттық идея. … мәдени дәстүрге заман талабына сай прогрессивті бағыттағы реформалар жасауға ұмтылу, сөйтіп халықтың сана-сезімін ояту деген құбылыстар». (20.45). Мәдениет тоқырауға ұшырап жатқан, өндіріс кәсібі жоқ, көпшілігі сауатсыз қалың кедей қазақ елін ағартушылық арқылы өркендетуді, қазақ ойшылдары қоғам өміріндегі дұрыс жол деп есептейді. Ғасыр басындағы зиялылар «алдыңғы толқын ағалардың» салған ізінен үлгі-өнеге алып халыққа түсінікті саяси-әлеуметгік, философиялық жүйені жасауға талпынды. Қазақ елінің тәуелсіздігін аңсаған қайраткерлердің мұраттары да халықты ағарту арқылы өркениетке жету. Олардың қалдырған мұралары ғасыр басында ғана емес, күні бүгін де білем дегенге берері, үйренем деген үйретері мол асыл мұра.Қазақстандағы ағартушылық идеологияның негізін салушы, әмбебап ғалым Шоқан Уәлихановтың қазақ ғылымында алатын орны ерекше. Шоқанның өмірі мен шығармашылығын қазақта алғаш зерттеп, жоғары бағалағандардың бірі Міржақып Дулатов. Шоқан Уәлихановтың тікелей философиялық мәселелер жөнінде жазған еңбегі жоқ. Алайда көптеген философ ғалымдар дәлелдегендей, оның шығармаларынан философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Оның көптеген еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының өзекті мәселелері зерттелінген. Бүгінгі күнге дейін ғылыми мәні сақталынған Шоқан шығыстану ғылымына зор үлес қоса отырып, бұл еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» еңбегінде шамандықтың шығуыньщ себебін және оның мұсылмандықпен араласып, қабысып кетуін түсіндіреді. Философияның негізгі мәселесі адамды және оның өзін қоршаған дүниеге қарым-қатынасын сөз етеді. Шамандықтың пайда болуын түсіндіргенде адамның болмысты тануы, яғни адам күнді көрді, күнге табынды, айды көрді айға табынды, жұлдызды көрді жұлдызға табынды «сыртқы дүние — күн, ай, жұлдыздар және жер — алғашқы құдірет болып табылады». (21.175 ). Шамандықтың пайда болу себебін адамның ғажайып әлемді тану, ұғуы қажеттілігінен, құпия сырлар өмір мен өлім мәселесі және табиғаттың құпиясына деген құштарлықтан деп есептейді. (21.171 ).  Ойшыл адамның өзін табиғаттың керемет жаратылысы дейді. Табиғат пен адамның қатынасын, адамның табиғатта алатын орнын жоғары қояды. «Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар?»(21.171).Қазақтардың екі дінге қатар табынуы, олардың мәдениетіне, ой-санасына, ұлттық әдет-ғұрпына еш кесірін тигізбейді. «Қазақтар әуелде Мұхаммедті білмей түрғанда да, Аллаға табынып мұсылман әулиелердің басына құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне де сенді, Пайғамбар ұрпақтары қожаларды да құрмет етті», — дейді. Яғни, қазақтар Тәңір мен Алланы біріктіріп, жалпылай немесе жекелей табиғатты қадірлеу — материализм болса, рухтың мәңгілігі түсінуге тұрғысынан — спиритуализм дегенді айта отырып, бұны «Тамаша ойлап табылған идея» деп бағалайды. Себебі адам қоғам заңдылықтарына барынша ерік беріп, мифологиялық жағынан алжаспайды деген пәлсапалық тұжырым айтады. (21.243). Сонымен ойымызды жинақтап, қорыта айтсақ, М. Дулатовтың дүниетанымының қалыптасуына ерекше ықпал еткен төмендегідей факторларды атап өтуге болады.Әрбір ұлт өкілі сол ұлттың дәстүрі мен салтын, әдептік нормалары мен құндылықтарын бойына дарыта отырып дара тұлға болып қалыптасатыны сияқты, МДулатовтың дүниетанымы ұлттық дүниетаным аясында тұрақтанды және оның қайнар көзі фольклор болып табылады.Ол өзін қоршаған әлемге жансыз, үнсіз нәрсе деп қарай алмайды.Дәстүрлі қоғамда адам мен ғарыш синкретті тұтастықта болады. Міржақыптың балалық шағы, атқа мініп, ел аралаған бозбалалық дәурені дәстүрлі мәдениет аясында өтті. Сондықтан ол да басқалар сияқты халықтың бай көне мәдениеті мен асыл қазынасы ауыз әдебиетімен сусындап өсті.
МДулатов дүниетанымының екінші арнасы — Шығыс философиясы мен поэзиясы. Шығыс деп отырғанымыз орта ғасырлық Араб — Парсы, Түркі мәдениеті. М. Дулатов Шығыс ойшылдарының еңбектерімен тікелей таныс болмаса да, аталмыш ойшылдардың рухани мұрасы Орталық Азия халықтарының, соның ішінде қазақ халқының да «ноосферасын» құрады. Міржақыптың адам өмірінің мұраты, игілік, бақыт, әділдік, бостандық, ерік сынды ойлары осы болмыстың айрықша «парасат қабатында» қалыптасты жөне соның құрамына еніп, өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
М. Дулатов дүниетанымының үшінші бастауы — прогрессивті ағартушылық идеялары. Қоғамдық қатынастарды өзгертудің, жетілдірудің басты қаруы — ғылым мен білімді тарату, халықты соған тарту деп санайды. Алайда, XX ғасыр басындағы қазақ ағартушыларына өздерінің ізашарларымен салыстырғанда мүлдем өзге міндеттерді шешіп, мақсаттарды жүзеге асыруға тура келді. Ең бастысы қазақ қоғамының алдында егеменді ел болудың тарихи мүмкіндігі ашылған еді. М. Дулатов алдыңғы буын ағаларының шығармаларынан сусындай отырып, ағартушылық идеяларын жаңа саяси жағдайлармен ұштастыра білді.
XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметгік оқиғалар М. Дулатовтың қоғам қайраткері ретінде сомдалуына, оның осы бағыттағы көзқарастарының түйінделуіне тікелей ықпал етті.Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта ғасыр басында Міржақып аңсаған нағыз демократиялық, өркендеген қоғам құру басты мақсатымыз. Қоғамдағы адамның бостандығы мен азаматтық еркін қорғау мақсатын жүзеге асырып, өзіне-өзі ие, белсенді де адал, жан-жақты дамыған ерікті азамат тәрбиелеу ең басты мақсаттардың бірі болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет