Емтихан билеті №1 Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Жауап: Саясаттану — саясат туралы, яғни мемлекеттік және



Pdf көрінісі
бет14/33
Дата28.12.2023
өлшемі1.78 Mb.
#488222
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
саясаттану Толық ответ♥️

2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті 
пайда болады, қоғамдық әрекет-қылық қалыптарын сындарлы ой 
қалыбына сала, қабылдайды).


3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті 
пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).
4Еңбеккерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені 
меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге 
ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге 
айналдырады).
5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта 
жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде үлкен де маңызды үлесімен 
танылатын адамның егде жасы).
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
 № 10 
1.Саясат түсінігі. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде.
Саясат (гр. politika — мемлекетті басқару өнері) - алғашында мемлекеттік 
және қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару шеберлігі деген мағынаны 
білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді және мынаны білдіреді: 
өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып 
алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты 
мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы 
қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, 
бірлестіктердің қызметі; 
мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, 
анықтау; 
адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған 
басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-
әрекеттерінің түрлерін білдіреді; 
әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа 
жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты; 
мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар 
жиынтығы. 
2.Қазақстандағы сайлау жүйесі. 
Атқарушылық органдардың қызметін Үкімет басқарды. Ал оның құрылуына 
Президент тікелей қатысады. Өз қызметінде Үкімет Елбасы алдында 
жауапты әрі Парламентке есеп беріп отырады. Тікелей және өздері сайлаған 
өкілдер арқылы халық ел басқару ісіне қатыса алады. Қазақстандағы сайлау 
республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқыктарын еркін жүзеге 
асыруга негізделген. Президентті, мәжіліс және мәслихат депутаттарын, 
жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің 
құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау құқығы негізінде 
өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті. 


Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан 
әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен 
оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық 
тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл 
анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын 
жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 
2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 
«Қазақстан азаматтық партиясы», «Қазақстан халықтық республикалық 
партиясы», «Отан» республикалық саяси партиясы, «Қазақстан аграрлық 
партиясы» жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды. 
3.Отбасы және қазіргі заман. 
Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз 
байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы 
қызметі де өзгеріп отырады. 
Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды 
ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға 
қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен 
міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды 
орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге 
мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске 
қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің 
конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді.отбасы мүшелерінің арасындағы барлық 
қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. 
қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет