шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады,
ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және
мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 5 жылға
сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады.
Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады.
2. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы.
Қазақстандағы саяси модернизация
Қазақстан тәуелсіздік
алғаннан кейін зайырлы, демократиялық,
құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті.
Елімізде
саяси
партиялардың және партиялық жүйенің орнығуына, күшті заң
шығарушы органның, тәуелсіз
баспасөз және автономиялық
жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді.
Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, құдіретін, байлығын, бірлігін,
мақсат-мұратын білдіретін қастерлі рәміздерді құрмет тұту, сыйлау,
асқақтата дәріптеу қазақстандық
әрбір азаматтың ең қымбатты
борышы.
Рәміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге,
жанама
сипаттап
көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі.
Елтаңба,
Ту, Әнұран - әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4
маусым
Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген
ерекше
мәртебелі күн.
3. Этникалық бірегейлік. Ұлттық бірегейлік.
Этникалық топтар мен
олардың өзара тіршілік етуі.
Кез-келген халықтың рухани деңгейі арқылы ұлттық бірегейлік көрініп,
жүзеге асып отырады.Қысқа қайырғанда, ұлттық бірегейлік ұлттың
өркендеу мүмкіндігінің барометрі.Бұл ретте, әлемдегі жаңалықтың
адамзат қоғамына ықпалын тигізбей қоймайтыны анық. Заманның
ағысына қарай мәдениет, адамзат өзгеріп, түрлі топтар, секталар пайда
болуы мүмкін. Яғни, мемлекетті әлсірету арқылы ұлттық бірегейлікті
ыдыратуға болады.Дегенмен, өркениеттің игілігінен бас тартып, толық
тұмшаланып тірлік кешу – қиынның қиыны. Қадымнан қазірге дейін
қазақ руханиятындағы елдік, ар-намыс, қайырымдылық, төзім, қанағат,
мейірімділік сынды ізгі қасиеттер – ұлттық бірегейліктің негізгі тұтқасы.
Достарыңызбен бөлісу: