Емтихан сұРАҚтары ғылым философиясының пәні. Ғылым мен философияның өзара байланысы ашыңыз


Араб-мұсылмандық шығыстың орта ғасыр ғылымын талдаңыз



бет6/12
Дата09.05.2023
өлшемі45.79 Kb.
#473424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

18.Араб-мұсылмандық шығыстың орта ғасыр ғылымын талдаңыз.
Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фалсафа деп атау дəстүрі бар. Оларды орыс тіліндегі əдебиеттерде «араб тіліндегі философия» немесе «араб философтары» дейді. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фəлсафа өкілдері. фалсафа философия дегеннің арабшаланған түрі. Демек, араб тілі орта ғасырда философиялық мəдениеттің тіліне айналған. Философияның бір тілдік негізде өрбігені тарихта белгілі, айталық, антиктық философия грек тілі негізінде болса, Шығыс Азия мен Қытайда Тибет тілінде, Орта Азия мен Еуразиялық кеңістікте түркі тілінде, Батыс Еуропада орта ғасырлардан жаңа дəуірге дейін, латын тілінде, қазіргі заманда мұндай міндетті ағылшын тілі игеріп кетуі ықтимал.
19.IX-XI ғасырлар аралығында пайда болған шығыс аристотельшілдігі мазмұнын ашатын ойды білдіріңіз.
20.Ортағасырлық Еуропадағы діни көңіл-күйдің өсуі, діни билік институттарының қалыптасуы туралы талдау жасаңыз.
Орта ғасыр философиясы V-XV ғғ. арасындағы кезеңді қамтыды. Діни көңілкүйдің өсуі, діни билік институттарының қалыптасуы – орта ғасырдың өзіндік ерекшелігі. Бұл уақытта пұтқа табынушы көп құдайлықтың орнына нақтыбір құдайға табынған дін – христиандық өмірге келді. Христиан діні ортағасырлық Еуропада құдайдың өз мәнінде әлем орталығы болатынына назар аударған дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырды. Ол екі түрлі
негізге: а) христиан философиясының болмыс туралы ілімінің негізінде
жатқан жарату идеясына; б) осы философияның негізін қалыптастыратын таным туралы ілім – ашылу идеясына сүйенді. Бұл уақыттағы философияның барлық сұрақтары теоцентристік, креационистік және провиденциалистік бағытта шешімдерін тапты. Теоцентристік– барлық ғаламның бастауы мен себебі Құдайға таңылатын әлем түсінігі. Ол – ғаламның орталығы, оның белсенді, жасампаз негізі. Теоцентризм таным үдерісіне де әсерін тигізді, осыған байланысты ғылымның ең жоғарғы сатысына теология – Құдай туралы «ғылым» көтерілді; одан төмен теологияға қызметші болатын философия; одан да төменіректе әр түрлі жеке қолданбалы ғылымдар орналасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет