Әож қолжазба құқығында



бет2/20
Дата16.11.2022
өлшемі440.5 Kb.
#464967
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ұлттық киім үлгісін әзірлеу

Зерттеудің объектісі – жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні - қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің мақсаты - қазақ ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және оның мазмұны мен әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер, студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталса, ұлттық киім үлгісін әзірлеудегі еңбекке қызығушылықты қалыптастыру мүмкіндіктері айқындалса, студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың моделі және оны жүзеге асырудың әдістемесі жасалып, оқу-тәрбие үдерісіне жүйелі, бірізділікпен ендірілсе, онда студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеудегі танымдық, көркем шығармашылық, өндірістік процесінде білім, іскерлік, дағдысы артады. Ал бұл болса, студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастыруда негіз болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау.
2. Студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудағы ұлттық киім үлгісін әзірлеудің мүмкіндіктерін негіздеу.
3. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың моделін жасау және оның өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін айқындау.
4. Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың әдістемесін жасау және оны эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Жетекші идея: жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру олардың халықтың тарихи-мәдени, материалдық мұраларына жағымды қатынасын қалыптастырып, көркемөнер өндірістерін жетілдіруде халықтық сарынды, ұлттық озық үлгілерді дамытуға бағыттайды, қоғам талабына сай еңбек етуге дағдыландырады, еңбекке тұрақты қызығушылығы мен белсенділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет