Әож қолжазба құқығында



бет6/20
Дата16.11.2022
өлшемі440.5 Kb.
#464967
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
ұлттық киім үлгісін әзірлеу

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: объектісі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.
«Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу проблемасының теориялық-әдіснамалық негіздері анықталады, қазақ ұлттық киімдерінің шығу, даму тарихы, түрлері ерекшеліктері, атқаратын қызметі жүйеленеді және ұлттық киім үлгісін әзірлеудің құрылымы анықталады. Олардың еңбекке қызығушылықты қалыптастырудағы әлеуеті және оны жүзеге асырудағы пән мүмкіндіктері қарастырылады. Ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы студенттердің еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың моделі жасалады, оған сипаттама беріледі.
«Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі» атты екінші тарауда жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері, әдістемесі беріледі; эксперимент жұмысының анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдеріндегі білім деңгейлерінің кесіндісі, нәтижесі мазмұндалады.
Қорытынды бөлімде зерттеудің негізгі қағидалары, нәтижелері тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қызығушылық ұғымының көпқырлылығын, күрделілігі мен көкейкестілігін оның философия, әлеуметтану, психология, педагогика ғылымы саласынан жан-жақты зерттелгендігі байқатады. Философтар қызығушылықты «адамның табиғатынан туындайтын, әлеуметтік бәсекелестік жағдайында дами түсетін талпыныс» (И.Кант) тұрғысынан анықтай келе, әлемдік ақыл-парасатпен, ешбір шартқа тәуелсіз идеямен (Гельвеций, Гольбах, Дидро, Гегель және т.б.) байланыстырып, қызығушылықтан жасампаз күшті (А.Д.Макаров, М.В.Яковлев, А.Г.Спиркин, В.К.Скатерщиков және т.б.) қарастырса, бұл түсінікті әлеуметтанушылар «тұлғаның әлеуметтік әрекеттерге себеп болатын идеологиясын, көзқарасын, эмоционалдық реакцияларын көрсететін оның қоғамдық бағытының бір формасы» (А.Г.Здравомыслов, В.Г.Нестеров) деп, адамның бір құндылығы тұрғысынан зерделейді. Ал бұл болса, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде зерттелуге тиісті әр түрлі әлеуметтік және жас ерекшелігіне сәйкес топтардың қызығушылығын дамытудың қажеттілігін туындатады.


Психолог-педагог ғалымдардың бірқатары қызығушылықты (Л.А. Гордон, П.И.Иванов, В.А.Крутецкий, А.Н. Леонтьев, С.Е. Матушкин) тұлғаның бағыты; ал келесілері (А.В. Петровский, М.Г. Яролевский) түрткі; үшіншілері (С.Л. Рубинштейн) эмоционалдық тұрғыдағы әсерлі зейін; келесі топтағылар (С.Ф. Егоров, В.Г.Иванов, А.Г. Кавалев, С.Е. Матушкин, Н.Г. Морозева, В.Н. Мясищев және т.б.) тұлғаның белгілі бір пәнге қатынасы; (А.П.Сейтешев) кәсіпке қатынасы; тағы бірі (Б.И.Додонов, В.Н.Тугаринов) тұлғаның қажеттілігі тұрғысынан қарастырғанымен олардың әрбірі қызығушылықта қажеттілік пен түрткінің болатындығын және «қызығушылықтың әсерлі, мәнді, мазмұнды затқа, құбылысқа, іс-әрекетке зейін қою екендігін» жоққа шығармайды. Диссертацияда олардың берген анықтамаларын жан-жақты талдай отырып, біз С.Е.Матушкиннің «қызығушылық дегеніміз адамның объектті тануға немесе іс-әрекетті меңгеруге жағымды эмоционалдық әсерімен байланысты оның белгілі бір пәнге немесе шынайы құбылысқа белсенді танымдық бағыты» деген анықтамасын тірек етеміз.
Жоғарыда аталған ғалымдар қызығушылықты терең зерттеу нәтижесінде оны әр түрлі белгілеріне: мақсатына (В.А.Крутецкий, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн); кеңдігіне (А.В.Петровский, Г.И.Щукина); мазмұнына; әрекеттігіне; қоғамдық маңыздылығына (В.А.Крутецкий); тереңдігіне (В.А.Крутецкий, С.Л.Рубинштейн); тұрақтылығына (В.А.Крутецкий, Н.Г.Морозова); оқушылардың білім деңгейіне (Г.И.Щукина), ұзақтығына (В.Б.Бондаревский) қарай топтастырған. Зерттеу барысында осы топтамаларға аса мән бере отырып, тұрақтылығына қарай белгіленген жіктемеге (тұрақсыз, тұрақты, берік тұрақты) кеңінен тоқталамыз. Қызығушылықтың тұрақтылығы оның ұзақтылығымен және қарқындылығымен сипатталса, оның берік тұрақтылығы тұрақты жекелік бағыттылығымен айқындалады. Қызығушылықтың тұрақты болуы өздігінен қызығушылық тудырмайтын, бірақ қызықтырған іс-әрекетті жүзеге асырудың шарты болып табылатын әрекетті іске асырудағы қиындықтарды меңгеруден көрінеді. Қызығушылықтың тереңдігі оның тұлға үшін мазмұндылығымен және маңыздылығымен анықталады.
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау қызығушылық мәселесі қарастырылған зерттеулердің басым бөлігінде танымдық қызығушылықты қалыптастыруға аса мән берілгенін, бірқатарында эстетикалық қызығушылықты, кәсіпке қызығушылықты қалыптастырудың зерттелгендігін, ал еңбекке қызығушылықты қалыптастырудың өте аз қарастырылғандығын (А.Ф.Ахматов, А.Д.Саблин, 1974 ) көрсетті. Осыған орай әдебиеттерде айқын орын алған «танымдық қызығушылық», «кәсіпке қызығушылық», «кәсіби қызығушылық» ұғымдарының мәніне берген талдау нәтижесі «танымдық қызығушылық», «кәсіпке қызығушылықтың» еңбекке қызығушылықты қалыптастыруда негіз болатындығын көрсетті.
Олай дейтініміз Г.И.Шукина танымдық қызығушылықтың ерік, эмоция, интеллект салаларының бірлігінде жүзеге асатынын танымдық іс-әрекеттегі интеллектуалдық белсенділікпен, дербестілікпен, білім алуға деген құлшыныспен және алған білімнің қуанышы арқылы анықталатынын негіздесе, Н.Г.Морозова оның танымдық іс-әрекет пен танымдық белсенділік ерекшеліктерімен өлшенетінін көрсетеді. Еңбек процесінде танымдық іс-әрекет те, танымдық белсенділік те маңызды орынды иеленетіндігін ескерсек, еңбекке қызығушылықты таным үдерісі тұрғысынан, яғни шығармашылық үдеріс тұрғысынан қарастырудың қажеттілігі артады.
Оқу, танымдық, кәсіби қызығушылықтар ара қатынасын айқындау осы байланыстардың өзара тәуелділігін, бір-біріне бағыныңқылығын және орталықтандырылғанының жетекші рөлді иеленетіндігін байқатты. С.Л.Рубинштейннің тұжырымдауынша негізгі қызығушылықтың басыңқы болуының нәтижесінде қалғандары жоғалып кетпейді, керісінше тұлғаның жан-жақты дамуына жағымды жағдай жасайды. Еңбек іс-әрекетіне қызығушылық танымдық қызығушылық және кәсіпке қызығушылық арқылы дами отырып белсенділікке негізделген бағыттылыққа айналады.
Осы тұрғыдан «кәсіпке қызығушылықты» А.П.Сейтешев, А.А.Шадрин, «кәсіби іс-әрекет барысында анықталған еңбек түріне тұрақты қызығушылықтың болуы» деп анықтаса, В.Ф.Бессараб, А.В.Мордовская, С.Е.Матушкин «анықталған іс-әрекет түріне, яғни мамандығына жағымды эмоционалдық, танымдық қатынасының, бағыттылығының болуы», деп түсіндіреді.
Кәсіпке қызығушылық – бұл ең алдымен белгілі бір еңбек іс-әрекетіне қызығушылықты білдіреді. Еңбек адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қоғамдағы орнын қанағаттандыратын, яғни өмір сүру мақсаты мен мәнін анықтайтын бірден-бір дерек көзі болып табылады. Сондықтан да еңбек ету нәтижесінде қол жеткізетін материалдық қызығушылық оның еңбекке ынтасының негізгі себебі болып табылғанымен, тұлғаның еңбек процесінде, шеберлігінде, ой және дене еңбегінің бірлестігінде, қоғамға пайдалы нәтижеге қол жеткізуін сезінуі мен шығармашылық ізденісін қанағаттандыруында да маңызды саналады.
Қызығушылықтың даму кезеңдерін (Н.Г.Морозова, Г.А.Щукина, А.Е.Едігенова) жан-жақты талдау бізге ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру механизмін (Сурет-1) жасауға мүмкіндік берді (ұлттық киімге әуестік, мазмұнын білуге құмарлық, осы саладағы пәнге қызығушылық, кәсіпке қызығушылық, еңбекке тұрақты қызығушылық). Диссертацияда аталған даму кезеңдеріне мазмұндық сипаттама береміз және негізді дәлелдейміз. Және еңбекке қызығушылық ұғымына «тұлғаның еңбек түріне жағымды қатынасымен және осы саладан кәсіби білім, іскерлік, дағдыларын терең игеруімен байланысты еңбек іс-әрекетіне белсенді танымдық бағыттылығы» деп түсініктеме береміз.

1-сурет - Студенттердің ұлттық киім үлгісін әзірлеу арқылы еңбекке қызығушылығын қалыптастыру механизмі

Еңбекке қызығушылықтың даму кезеңдерін қалыптастыруда қазақ ұлттық киімдерінің мүмкіндіктері кең. Өйткені ол біріншіден, пішімі мен тігісі, формасы мен нақышы, жарасымдылығы мен көрнекілігі үйлесім тапқан эстетикалық-эмоционалдық жағымды әсерге толы рухани-материалдық мәдениет түрі, екіншіден этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлерге ие тарихи мұра, үшіншіден өзіндік тарихи даму сипаттамасы мен терең мазмұны бар, қоғамдық мәнге ие, тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері кең танымдық мұра, төртіншіден ой еңбегі мен дене еңбегі арқылы жасалатын практикалық қажетті бұйым.


Тарихи-ғылыми әдебиеттерге (Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, С.Қасиманов, С.Асанова және т.б.), альбомдар мен энциклопедияларға жасаған талдау қазақ ұлттық киімдері жіктемесінің бір жүйеге түсірілмегендігін, олардың әрбірінде әр түрлі белгілеріне қарай топтастырылғандығын көрсетті. Мәселен, С.Қасиманов еңбегінде «іштік, сырттық, сулық, бір киер киім», Ө.Жәнібеков – «салтанатты киім, күнделікті киім», С.Асанова – «ерлер, әйелдер, балалар киімі, бас киім, аяқ киім», Н.Әлімбай – «бас киім, сырт киім, бой киім, аяқ киім», Қазақстан ұлттық энциклопедиясында – «ішкі, сырттық, сулық, бір киер, сәндік, салтанат-ғұрып киімдер» түрлері берілген.
Зерттеу барысында біз осы еңбектердегі топтамаларды негізге ала отырып қазақ ұлттық киім түрлерінің жіктемесін жасап ұсынамыз және мазмұнды сипаттаймыз (Сурет 2).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет