§ 4 Электрондық хат
4.1 Электрондық хаттар келесі түрде қабылданады:
1) ауызша нысанда;
2) қағаз бетінде;
3) электрондық түрде (дискета).
Электрондық хаттар жіберілуі мүмкін:
1) алушының дербес компьютеріне;
2) заңды және жеке тұлғалардың мекен-жайына;
3) абонементтік жәшіктерге;
4) талап етілгенге дейін.
Электрондық хаттар алынғандығы туралы хабарламасымен және «Өз қолына табыс етілсін» белгісімен қабылдануы мүмкін.
4.2 Электрондық хаттарды қабылдау тәртібі
Электрондық хаттар компьютері мен электрондық адресі Қоғамның ТКЖ қосылған Қоғамның кез-келген құрылымдық бөлімшелерінде қабылдана береді.
Электрондық хаттарды қабылдау пунктерін ұйымдастыру үшін қажет:
1) электрондық хаттың қызметін көрсету бойынша міндеттерін жүктейтін жұмыскерді Пошта Ережелердің қағидаларымен таныстыру керек;
2) жұмыскерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
3) электрондық хаттарды байқап көру үшін жіберулерін жүргізу.
Электрондық хаттарды қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:
1) мәтінді хабарлар мен құттықтауларды қағаз бетінде немесе ауызша түрде қабылдап, сөз санын есептеуге;
2) алдын ала дискетті вирусқа тексеріп, файл түрінде жазылған дискеттегі ақпараттарды компьютерге көшіріп жазуға және файл көлемін – Кбайт санын есептеуге;
3) жіберушіден электрондық хаттардың қайда жеткізілу керектігін нақтылауға;
4) электрондық хаттың бланкісін толтыруға;
5) жіберушіден барлық қажетті деректерді нақтылауға, сонымен қоса бланкіде көрсетуге:
▪ электрондық хат нөмірі мен жеткізу типі;
▪ электрондық хатты қабылдап алған құрылымдық бөлімше;
▪ қабылдау датасы мен уақыты;
▪ қосымша ақпараттарды;
▪ жөнелтім құттықтау түрінде болған жағдайда открытка сериясы;
▪ электрондық хаттың алушының электрондық адресіне қайта жіберген жағдайда электрондық адресі;
▪ хат мәтіні немесе жіберілетін файлдың атауы;
▪ жіберушінің аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі, алушының аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмірі. Жіберушінің нөмірі міндетті түрде емес, файлды ақпаратты жіберу барысында қабылдап алынғандығы туралы хабарлау телефон арқылы жүргізілетін алушының телефон нөмірі міндетті түрде. Басқа жағдайларда қабылдап алынғандығы туралы хабар 22н. хабарлауы арқылы жүзеге асырылады;
электрондық хаттың толтырылған бланкісін жіберушімен бірлесе отырып тексеруге;
жеткізу әдісі және сөздер саны немесе файл көлеміне байланысты электрондық хаттар қызметтерін көрсету тарифтеріне сәйкес көрсетілген қызмет ақысының сомасын анықтауға;
жіберушіден ақысын әр түрдегі жинақтар үшін 47н. дәптерінен түбіртегін беруімен алынады;
толтырылған электрондық хат бланкісін және файлдық ақпаратты электрондық почта арқылы жақын жердегі жөнелтімнің тиісті пунктіне электрондық хатты қабылдау пунктінің жұмыскеріне немесе адресаттың дербес компьютеріне жіберуге;
түскендігін растау және жеткізуге жіберу туралы хабар алуға.
Достарыңызбен бөлісу: |